Құс етінің классификацисы. жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау.

Орындаған: Кайратов М. К.

Тексерген: Серикова А. Т.

Тобы: ВС-203

Семей қ. - 2015ж.

ЖОСПАР:

I КІРІСПЕ

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Құс етінің класификациясы.
  2. Жұмыртқа шаруашылығына сипаттама.
  3. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

I КІРІСПЕ

Құс шаруашылығы - мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.

Осы заманғы құс фабрикасы деп - орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын - инкубаторлардан шығады.

Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар:

  • Тауық;
  • Үйрек;
  • Күркетауық ;
  • Қаз;
  • Мысыр тауығы.

Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Жасына байланысты олар балапан және ірі құс болып бөлінеді.

ХХ ғ 2-жартысынан бастап көптеген елдерде құс жұмыртқасының өндірісті қолдану кең етек алуда. Тауық жұмыртқасы - табиғи құнды азық. Соңғы 20-25 жылдарда жұмыртқа шаруашылығы кең алып келеді. Жұмыртқа (тауық жұмыртқасы) - дәмді де нәрлі тағам. Қабығы аршылған жұмыртқаның орташа химиялық құрамы: 73, 6% судан, 12, 8% ақуыздан, майлардан, көмірсулардан, минералдық заттардан (кальций, фосфор, т. б. ) тұрады. Сонымен бірге жұмыртқаның құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы да бар. Жұмыртқаның неғұрлым құнды бөлігі - сарыуызы.

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Құс етінің класификациясы

http://i.kapital.kz/c/4d39654502b41e4c99cca2a547a22afe/n/1024/768/e/9/1/b/6/35da76e2257116ae1664cc93ba2.jpg Құс еті - әрі жұмсақ, әрі дәмді ет; Құс еті әрқашан бағалы жеңсік ал саналып келді. Құс шаруашылығы мықтап дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де халықтың көбі тұтынатын болды. Құс етінің тағамдық неғұрлым бағалы заты - белок; бройлер етінде ол санатына қарай 17, 6 - 19, 7%, тауық етінде 18, 2 - 20, 8%, бөдене етінде 18, 0 %. Құс етіндегі амин қышқылының құрамы өте сіңімді.

Құстың тез жетілуі одан аса сапалы етті тез арада өндіруге мүмкіндік береді. Мал етімен салыстырғанда құс етінде дәнекер ұлпалар аз. Сондықтан құс еті жұмсақ, дәмді, әрі адамға сіңімді. Ал майы, химиялық құрамына байланысты балқу температурасы төмен, ол адам организміне жұғымды. Етті тауықтың тірілей салмағы 3, 5-4, 5 кг, ал балапан етінің шығымдылығы ішек қарынын жартылай ақтарғанда 80%, ал толық ақтарғанда 59-60%, ересек тауықта тиісінше 80 және 62 %. Қазіргі кезде тауықтан ет өндірісінде негізінен бройлер балапандарын өсіру аса пайдалы. Олар 7 апталығында 1, 6-1, 7 кг жетеді және еті дәмді.

Үйректің етті түқымдарына Пекин, Украин сүры, Москваның ақ және сұрлары жатады. Үйректің тірілей салмағы 3-3, 5 кг, ал қораздары 3, 5-4 кг. Етінің шығымы ішек-қарынын жартылай өңдегенде 81%, толық ақтарғанда 59-60%.

Қаздың етті тұқымдарына холмогор, арзамасс, үлкен сұр, т. б. жатады. Тұқымдарына қарай тірілей салмағы 4-5 кг-нан 11-12 кг дейін. Етінің шығымдьшығы ішек - қарнын толық ақтарғанда 60%, жартылай - 79%.

Түйе тауықтың Солтүстік кавказ, Москваның ақ, Тихорецкий т. б. тұқымдары өсіріледі. Тірілей салмағы 4-15 кг дейін. Орташа есеппен ұрғашысының салмағы 6-8, қораздары 12-18 кг. Етінің шығымдылығы ішек - қарнын жартылай ақтарғанда 86%, ал толық ақтарса 64%.

Етке тапсырылатын құс жасына байланысты - балапан және ірі құс болып бөлінеді. Тапсырылатын құстын массасы төмендегі көрсеткіштерден кем болмауы керек :

  • Тауық балапандары - 600г;
  • Бройлер балапандары - 900г;
  • Күрке тауық балапаны - 2200г;
  • Үйрек балапаны - 1400г;
  • Қаз балапаны - 2300г.

Кесте - 1. Құс етінің химиялық құрамы және тағамдық құндылығы (100г өнімде) .

Құс түрі:
Балапан
Қаз
Түйеқұс
Тауық
Үйрек
Құс түрі:: Санаты:
Балапан: 1-ші
Қаз: 2-ші
Түйеқұс: 1-ші
Тауық: 2-ші
Үйрек: 1-ші
2-ші
1-ші
2-ші
1-ші
2-ші
Құс түрі:: Су, мл
Балапан: 63, 8
Қаз: 67, 7
Түйеқұс: 45, 0
Тауық: 54, 4
Үйрек: 57, 3
64, 5
61, 9
68, 1
45, 6
56, 7
Құс түрі:: Ақуыз, г
Балапан: 18, 7
Қаз: 19, 7
Түйеқұс: 15, 2
Тауық: 17, 0
Үйрек: 19, 5
21, 6
18, 2
21, 2
15, 8
17, 2
Құс түрі:: Май, г
Балапан: 16, 1
Қаз: 11, 2
Түйеқұс: 39, 0
Тауық: 27, 7
Үйрек: 22, 0
12, 0
18, 4
8, 2
38, 0
24, 2
Құс түрі:: Күл, г
Балапан: 0, 9
Қаз: 0, 9
Түйеқұс: 0, 8
Тауық: 0, 9
Үйрек: 0, 9
1, 1
0, 8
0, 9
0, 6
0, 9
Құс түрі:: Минералды заттар, мг
Құс түрі:: Na
Балапан: 70
Қаз: 88
Түйеқұс: 91
Тауық: 99
Үйрек: 90
100
70
79
58
90
Құс түрі:: K
Балапан: 236
Қаз: 242
Түйеқұс: 240
Тауық: 274
Үйрек: 210
257
194
240
156
160
Құс түрі:: Ca
Балапан: 14
Қаз: 12
Түйеқұс: 12
Тауық: 14
Үйрек: 12
18
16
18
10
12
Құс түрі:: Mg
Балапан: 19
Қаз: 22
Түйеқұс: 30
Тауық: 34
Үйрек: 19
25
18
21
15
13
Құс түрі:: P
Балапан: 160
Қаз: 175
Түйеқұс: 165
Тауық: 179
Үйрек: 200
227
165
190
136
156
Құс түрі:: Fe
Балапан: 1, 3
Қаз: 1, 7
Түйеқұс: 2, 4
Тауық: 2, 4
Үйрек: 1, 4
1, 8
1, 6
1, 5
1, 9
1, 9
Құс түрі:: Энергетикалық құндылығы, ккал/100 г
Құс түрі::
Балапан: 183
Қаз: 127
Түйеқұс: 412
Тауық: 317
Үйрек: 276
197
241
161
405
287
  1. Жұмыртқа шаруашылығына сипаттама

http://oao-volganin.ru/assets/images/about/production/prod_pt07.jpg Жұмыртқа шаруашылығы өзінің тез айналымына байланысты өзін-өзі тезөтейді және өндіріс дамуына тез үйреніседі. Жұмырьқаны көптеп шығару өнеркәсібі көп жер көлемін өажет етпейді және агроөнеркәсіптік сұранысқа жауап береді.

Жұмыртқа өнеркәсібі ХХ ғ ІІ- жартысынан бастап жеке сала болып бөлінген. 2003 ж жұмыртқа шаруашылығындағы 5 алдыңғы қатарлы мемлекет:

  • Қытай;
  • АҚШ;
  • Жапония;
  • Үндістан;
  • Ресей.

Жұмыртқа шаруашылығына әсер ететін факторлар:

  1. Жоғарғы өнімді кросс тауықтары
  2. Толық аралас жем рационы
  3. Жаңа және технологиялар арнайы құрал жабдықтар.
  1. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау.

http://sdelanounas.ru/i/d/3/d3d3LnNkZWxhbm91bmFzLnJ1L3VwbG9hZHMvOC8wLzgwNDEzNzU4MDA4NzYuanBlZz9fX2lkPTM4MjAw.jpg Құрамында толыққанды, әртүрлі құнды заттардың көп болуына байланысты құс жұмыртқасы тағамдық және дәмдік қасиеттері жоғары өнім ретінде саналады.

Жұмыртқаны жинау фабрикаларда арнайы құрал жабдықтар мен арнайы мамандырылған қызметкерлердің көмегі арқылы іске асырылады.

http://www.ua.all.biz/img/ua/catalog/1696453.png Сақтау мерзімімен сапалылығына байланысты диеталық және асханалық болып бөлінеді. Диеталық жұмыртқаға сақтану мерзімі, жұмыртқаламаған күнінен есептемегенде жеті тәуліктен аспаған жұмыртқа жатады. (МЕМСТ 27583-88)

Кесте 2. Құс жұмыртқасының сипаттамасы

Жұмыртқа

түрлері

Сипаттамасы
Ауа кеңістігі және оның биіктігі
Сарысы
Белогы (ақ заты)
Жұмыртқатүрлері: Диеталық
Сипаттамасы: Қозғалмайды, биіктігі 4 мм-ден көп болмауы керек
Берік, көмескілеу көрінеді, ортасына орналаскан, жылжымаған
Тығыз. ашық, мөлдір
Жұмыртқатүрлері: Асханалық
Сипаттамасы: Қозғалмайды. (аздап кана қозғалуы мүмкін)
Биіктігі 7 мм- ден аспайды, тоңазытқыштағы жұмыртка үшін - 9 мм.
Берік, көп байқалмайды ортасынан ауыткып, жылжуы мүмкін; тоңазытқышта сақталған жұмыртқаның сарысы жылжымалы болады.

http://www.infotaganrog.ru/images/stories/catalog/0397/0397013.jpg Жұмыртқа салғыштағы жұмыртқалар қолмен немесе арнайы құрылғымен арнайы құрылғымен 30 данаға арналған вакуумды резинкалы емізіктермен тиегіш столға салынады да, одан әрі олар транспортер арқылы овоскопқа жеткізіледі. Жұмыртқалар овоскоптан өтк ен кезде оператор жұмыртқа қабығының тұтастығын, ауа камерасының биіктігін, белок пен сары уыздың жағдайын, жарылған, шытынаған, қан немесе ет жабысқан дақтары бар жұмыртқаларды қарап, ластанғанын іріктеп, әрқайсысын жеке ыдысқа салады. Овоскоптау процесінде жарамсыз жұмыртқаларды, сондай-ақ бөгде иісі барларын, қабыршақтары зақымдалып, ағып жатқандарын және тағы сондайларын іріктейді.

Овоскоптан өткен соң арнайы механизм жұмыртқаларды өлшеу үшін арнайы таразы құрылғысына жеткізіледі. Жұмыртқа әуелі бірінші өлшеуіш механизмінің тостағанына түседі. Егер жұмыртқа салмағы таразы құрылған эталоннан төмен болса, онда тостаған қотарылады да, жұмыртқа тұтқалы науаға түседі, содан соң ол категориясына сәйкес таңбаланады. Ал егер жұмыртқа салмағы талап етілген мәннен жоғары болса, онда алмасу механизмі оны таразы тостағанынан алып, неғұрлым салмақтырақ салмаққа құрылған екінші таразыға көшіреді.

http://bloknot-krasnodar.ru/thumb/600x0xcut/upload/iblock/3c9/foto.jpg Салмағы бойынша жұмыртқаларды сұрыптау алдында жұмыртқа сұрыптағыш машинаның немесе жүйенің өлшеуіш механизмін тексеріп, реттеу қажет.

Өлшеуден кейін барлық жұмыртқа таңбалау механизмінен өтіп, әр жұмыртқаға күні, категориясы мен кәсіпорынның аты көрсетілген тағам бояу мөрі көрсетіледі.

Таңбаланған жұмыртқалар науа үстінен домалап, таратқыш ленталы транспортерге түседі де, бағыттағыш планкалар оларды жинағыш столдың сәйкес секцияларына жеткізеді, сөйтіп мұнда оларды 30 данадан бұдырлы жұмыртқа ыдысына 10 немесе 12 данадан аз-аздап орауға арналған қораптарға қолмен салады. Бірінші категориядағы жұмыртқалар өлшемі 310х310 мм бұ дырлы прокладкаларға салынады да, бүйір жақтауына 17 цифрының белгісін қояды, ал екінші категориядағы жұмыртқаларды салу үшін бүйір жақтауына 15 ½ цифрының белгісі қойлыған 290х290 мм өлшемі жұмыртқа жинау ыдыстары пайдаланылады.

Жұмыртқалар түрлері мен категорияларына бойынша картон немесе ағаш жәшіктерге немесе контейнерлерге, сондай-ақ ұсақ-түйектерді салуға арналған қораптарға жекелей орап салады. Жұмыртқаларға арналған ыдыс берік, таза, құрғақ болуы және зең мен бөгде иісі болмауы тиіс.

Жұмыртқа салынған ыдыстар қос табанды картонды жәшіктер әрқайсысына алты жұмыртқа ыдысынан орап салады, табандардың аралығына көлденең қоршау қойылады.

Әрбір оралған бұйымға жөнелтушінің аты, сұрыптаушының нөмірі мен жұмыртқаның сұрыпталған күні көрсетілген бирка салынады.

Қоймалық үй-жайлар жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтармен жабдықталуы тиіс.

  • Мұздатқыш жабдықта, төбелерінде, қабырғаларында, еденінде, есіктерінде, өнімі бар орамдарда қардың және мұздың түзілуіне жол берілмейді.
  • Жұмыртқаны, дайын жұмыртқа өнімдерін өткір иісті заттармен және материалдармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.
  • Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерін сақтау өнімнің қауіпсіздік және сапа көрсеткіштерін сақтауды қамтамасыз ететін температуралық-ылғалдылық режимдерде жүзеге асырылады.
  • 0°С -тан 20°С-қа дейінгі температурада және ауаның 85 % - 88% салыстырмалы ылғалдылығы кезінде сақтау:диеталық жұмыртқа - 7 тәуліктен аспайды; асханалық жұмыртқа - 8 тәуліктен 25 тәулікке дейін; жуылған жұмыртқа - 12 тәуліктен аспайды.

Тасымалдау кезінде температуралық режим жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін тасымалдаудың барлық жолы бойында бақыланып отыруы тиіс.

Еріген немесе қар немесе мұз массасы басқан орамадағы жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін кәсіпорыннан тиеуге тыйым салынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау туралы ақпарат
Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау жайлы
Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау,сорттау,жуу,сақтау және тасымалдау
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау,сорттау,буу,сақтау және тасымалдау
Құс еті классификациясы. Жұмыртқаны сорттау,буу,сақтау және тасымалдау
Құс шаруашылығы
Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдері
Құс етінің классификациясы
Құстардың қора микроклиматы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz