Кәсіпкерлік жайында


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тексерген: Есенбекова З. Ж

Орындаған :Дикенова Д. Б

Тобы : ТК-421

СЕМЕЙ 2015

ЖОСПАР:

Кіріспе

КӘСІПКЕРЛІК МӘНІ

Негізгі бөлім

КӘСІПКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ

Қорытынды:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кәсіпкерлік мәні

Кәсіпкерлік - азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.

Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Кәсіпкерлік - кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен - кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Кәсіпкерліктің түрлері

  1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.
  2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
  3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
  4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық - құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.
  5. Территориялық орналасуы бойынша: жергілікті, аймақтық, халықаралық кәсіпкерлік.
  6. Көлемі бойынша : шағын, орта, ірі.
  7. Салалық бағытына қарай: аграрлық, құрылыс, сауда кәсіпкерлігі.

Кәсіпкерлік - тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

  1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
  2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.
  3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
  4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей -тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді) . Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:

1) . Бюджеттік (ведомстволық) ;

2) . Қоғамдық (корпорациялар) ;

3) . Аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер) .

Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар жатады:

1) . Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т. б. )

2) . Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және т. б. ) .

Ұжымдық - құқықтық кәсіпкерліктер . Серіктектер - адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.

Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.

Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.

Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олрадың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық - экономикалық формалары.

  1. Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
  2. Картель (французша cartel, итальянша cartelо - құжат) - бір тұрпатты өнім өндіруші кәсіпкерлер тобының өнім өндіру, өткізу рыноктарын монополиялау, бәсекені шектеу, шикізат көздерін, рыноктарды бөлісу, бағаға бақылау орнату мақсатымен келісуі негізінде құрылатын ерікті қауымдастығы (бірлестігі) .
  3. Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми -техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
  4. Консорциум - бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
  5. Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
  6. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандардын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
  7. Финанс - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
  8. Холдинг (ағылш. holdіng - иеленуші) - тәуелді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания‚ заңды тұлға.

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын (фирма) дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.

Кәсіпорындардың негізгі формалары

Формалар
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Формалар: Жеке шаруашылық -бизнес, иесі бір адам.
Артықшылықтары:

-Іс әрекеттің еркінділігі,

-тәуелсіздік,

-барлық пайдаға ие болу

Кемшіліктері:

-Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі,

-несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.

Формалар:

Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма:

- жауапкершілігі шектеулі,

- толық жауапкершіліктегі,

- жауапкершілігі аралас серіктестік.

Артықшылықтары:

- Ұйымдастырудың қарапайымдылығы, - қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл, - мамандандырылу-дың деңгейі жоғары,

- өндіріс көлемін кеңейту мүмкін-шілігі мол.

Кемшіліктері:

- әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі,

- серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі,

- құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы,

- бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.

Формалар: Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық.
Артықшылықтары:

- Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі,

- фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қаймайды. )

Кемшіліктері:

- Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі,

- акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі,

- кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындар түрде болуы мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында формалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес жоспарды жасау - жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.

Кәсіпкерлік атқаратын қызметіне қарай:

- өндірістік;

- коммерциялық;

- қаржылық;

- кеңестер беру болып бөлінеді.

Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар

Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:

- өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

- ақпараттарды өңдеу және жинау;

- рухани құндылықтарды игеру;

- тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.

Бұлардың негізгі қолдану өрістері:

-өндірістік кәсіпорын және мекемелер;

- коммерциялық сауда мекемелері;

- тауар-қор биржалары;

- банктер мен халықтар.

Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.

Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.

Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын.

Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.

Мұндағы ең басты мәселер:

- "нені сатып алу керек";

- "нені сату керек";

- "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу. "

Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.

Міне, осылардың қорытындысында:

- сатып алу

- сату мәмілесін жүргізу;

- тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есепайырысулар;

- шығын мен ақырғы нәтижелер;

- жұмысшылардың саны;

- көлік жұмысының ауқымы;

- жарнама;

- коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.

Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:

- тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;

- ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға төлем жасау;

- тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары;

- тауарларды өткізу нысандары;

- несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;

мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.

Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:

- коммерциялық банктер;

- қор биржалары;

- кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;

- кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.

Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен марке-тингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны - меншіктік акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, век-сель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.

Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны:

- құнды қағазды кәсіпкердің өзінің сатып алуы (Да) ;

- оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы (Дв) ;

- Дв мен Да арасындағы айырма оған табыс әкеледі.

Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып алатын ақшасы жоқ болса, онда ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасасады (Дк) . Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақьптан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.

Кеңес беру қызметіне:

- жалпы басқару;

- әкімшіліктік басқару;

- қаржылық қолдау;

- маркетинг;

- ақпаратты технология; - арнайы қызметтер жатады.

Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның кәсіпкерлік тәуекелділігі мен потенциялды банкроттылығын талдау
«алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» туралы жалпы сипаттамасы
Кәсіпкерлердің құқыққа қарсы бейім мінез-құлықтарының алдын алу мәселелері
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары
Кәсіпорынның кәсіпкерлік тәуекелділігін талдау
Халықаралық салық салудың теориялық негіздері
Адам ресурстарының ағымы
«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктері
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz