Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша)


Қазақстан Республикасы білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы : № 1-4 өздік жұмыстары №1- Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) /конспект/ № 2 - "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" /таныстырылым/ №3 -4 "Алып Ер Тоңға" дастаны.
Орындаған: Берікболова А. Б
Тексерген: Жүндибаева А. Қ.
2015 жыл
Жоспары:
- Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша)
- "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері"
- "Алып Ер Тоңға" дастаны.
1.
8 - сынып.
Ұлаң байтақ қазақ жері- ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы тегі - біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсіндер. Заманымыздың v ғасырынан былай «түрік», «түркілер» атанған.
Сақтар біздің заманымыздан бұрын Моңғолия мен Дунай арасын мекендеген. «Сақ» сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ), және тағы басқа. Көшпелі сақтар жайындағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған. Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: «Аға, саған бұл ошақ!Ошағынан безгендер, тізеңді бүк!Халықта азық-түлік мал болғай!» - деген жазу бар. Сақ, ғұн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып Ер Тоңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.
Жалпы ежелгі дәуір әдебиеті туындыларына: «Алып Ер Тоңға», «Орхон ескерткіштері», « Қорқыт ата кітабы», Әбунасыр әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Рабғузи, Сәйф Сараи.
9 - сынып.
. . . Жақсы сөз - аққан су,
Қайда ақса, сонда гүл өсер
(Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік».
Әдебиетіміздің ежелгі дәуіріне қатысты мұраларды зерттеген ғалымдар М. Жолдасбеков, Х. Сүйіншәлиев, А. Қыраубаева, Н. Келімбетов, т. б. оны іштей «Тәңірлік дәуір әдебиеті» (б. з. д. VIIғ. - б. з. Ixғ. : «Алып ер Тоңға» дастаны, «Атилла» дастаны, «Оғыз қаған», «Қорқыт ата» кітабы т. б. ), Ислам дәуіріндегі әдебиет (X-XIIғ. : Әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, т. б. ), Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (Сараи «Гүлстан бит - Түрки», Хорезми «Махаббатнама», «Дүрбен», «Жүсіп пен Зылиха» дастандары, т. б. ) деп бірнеше кезеңдерге бөліп қарағанмен, бәрі де Б. Кенжебаевтың «Ежелгі әдебиет, бұл дәуір VI-XV ғасырлар аралығын қамтыды» деген пікірін негізге алады. Ежелгі әдебиетімізді бұлайша топтап көрсету «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» оқу құралында да танылып, қабылданған.
Қазақ халқының арғы тегі көне түркі тайпаларынан шығады. Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ерте замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік-шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен.
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеьи ескерткіштер көне түркі, шағатай (шағатай тілі-араб және парсы сөздері араласқан түркі тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегібарлық түркі тілдес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанымен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз.
Сонымен бірге ежелгі әдебиет дегенде, қыпшақ тілінде жазылған «Кодекс куманикус», «Махаббатнама», «Жүсіп пен Зылиха», «Гүлстан», «Домбауыл», т. б. қиссалар, дастандар, шежірелерді есте ұстаймыз.
Міне, ежелгі әдебиеттің басты-басты мұралары, үлгілері осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына негіз болған.
2.
«Күлтегін» жыры
(үлкен жазу) жер мен көктің және адам баласының жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында адам баласы жаралған) . Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен») . Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары - құл болды, Пәк қыздары - күң болды», - дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т. б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны - еңкейтті, Тізеліні - бүктірді», - дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», - деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы - түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар - елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т. б. келгені айтылады.
«Күлтегін» жыры - елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.
ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ
(“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) - қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғ-да бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен акад. В. В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М. -Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә. Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 ж. тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этник. мұра ретіндегі “Қорқыт Атаның кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этник. тегі, этнографиясысы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т. б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр.
Диуани хикмет, «Ақыл кітабы»
- Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.
Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәфсирлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» - көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887-1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902-11) баспаларынан жарық көрген.
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М. Ф. Көпрүлузаде, Н. С. Банарлы, Е. Э. Бертельс, А. К. Боровков, Э. Р. Рустамов, В. И. Зохидов, т. б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі - шариғат. «Шариғат» - ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» - дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы - күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») - Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі - мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады. [1]
Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.
«Құтадғу білік»
(Құтты білік) - Жүсіп Баласағұни (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма.
Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.
Жүсіп Баласағұни «Құтты білікті» 1069-1070 жж. Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен. [1]
Құтадғу Біліг [2] - Жүсіп Баласағұнидың еңбегі. Түркия ғалымдары 1942-43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р. Р. Арат, М. Ф. Кепрюлд және А. Дильгар, т. б. көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Біліг» дастаны орта ғ-ларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.
Диуану лұғат-ит-түрк
- Қашғарлы Махмұд 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.
Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды. [1]
Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын. ) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.
Саиф Сараи
(1321, Сарайшық қаласы - 1396 ж. ш., Мысыр) - қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі. Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сарайды Ә. Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі - бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі “Гүлстан бит-түрки” (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің “Гүлстан” шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған. Саиф қолжазбасы 1915 ж. белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды.
3.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz