Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі



Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын, "коммуникация" немесе "коммуникативтік" терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылатындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде "коммуникатив" деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
1959 жылы шыққан казақ тілі сөздігінің бірінші томында "коммуиикация" сөзі берілмеген. Бұл сөздікте "коммуникациялық" деген сын есім көрсетіліп, оған қысқаша түсініктеме айтылған. Мысалы, "Коммуникациялық" — сын. Қатынастық, қарым-қатынастық.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме сөздіктерінің арасында байланыс бар. Әсіресе ертеректе шыққан сөздіктерде "коммуникация" сөзінің мағыналары бірдей болып келеді.
С.И.Ожеговтың сөздігінде де екі сөзге түсініктеме беріліен. Мұнда "коммуникация"' сөзінің екі мағынасы көрсетілген. Соның екіншісі бұл терминнің тілге қатысты қолданылу ерекшелігін атап өтеді:
"Коммуникабельный, -ая, -ое, -такой, с которым легко общаться, иметь дсло".
Коммуникация - и, ж, (сиец). I. Путь сообщения. Перерезать коммуникацию врага. 2. Сообщение. Речь, как средство коммуникации прил. коммуникативный, -ая, -ос), к 2 знач. (и коммуникаЦИОННЫЙ, -ая, -ое) к I знач.
Мұның өзі "коммуникация" сөзінің алғаш жолдық қатынас, байланыс деген мағынаны білдіргенін көрсетеді. Оның бұл мағынасы қазіргі кезде толығымен сақталған.
"Коммуникация" термині бұдан басқа да бірнеше мағынаны білдіреді.
Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас дегсн ұғымдыІ білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы әлдеқайда кеңейеді. Сонымен қатар "коммуиикация", "коммуникативтік" термині соңғы-жылдары лингвистикада ғана смес, одан басқа да барлық ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Бұл соөздің тілге, сөйлеуге қатысты алғашқы мағынасы "қарым-қатынас", тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын Болса, кейінгі
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ф. Оразбаева «Тілдік қатынас»
«Сөздік –словарь -2005 ж»

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер
жүйесі.

Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын,
"коммуникация" немесе "коммуникативтік" терминдері қандай мағынаны
білдіріп, қалай қолданылатындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде "коммуникатив" деген сөз
алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді
тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-
мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
1959 жылы шыққан казақ тілі сөздігінің бірінші томында "коммуиикация"
сөзі берілмеген. Бұл сөздікте "коммуникациялық" деген сын есім көрсетіліп,
оған қысқаша түсініктеме айтылған. Мысалы, "Коммуникациялық" — сын.
Қатынастық, қарым-қатынастық.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме
сөздіктерінің арасында байланыс бар. Әсіресе ертеректе шыққан сөздіктерде
"коммуникация" сөзінің мағыналары бірдей болып келеді.
С.И.Ожеговтың сөздігінде де екі сөзге түсініктеме беріліен. Мұнда
"коммуникация"' сөзінің екі мағынасы көрсетілген. Соның екіншісі бұл
терминнің тілге қатысты қолданылу ерекшелігін атап өтеді:
"Коммуникабельный, -ая, -ое, -такой, с которым легко общаться, иметь
дсло".
Коммуникация - и, ж, (сиец). I. Путь сообщения. Перерезать
коммуникацию врага. 2. Сообщение. Речь, как средство коммуникации прил.
коммуникативный, -ая, -ос), к 2 знач. (и коммуникационный, -ая, -ое) к I
знач.
Мұның өзі "коммуникация" сөзінің алғаш жолдық қатынас, байланыс деген
мағынаны білдіргенін көрсетеді. Оның бұл мағынасы қазіргі кезде толығымен
сақталған.
"Коммуникация" термині бұдан басқа да бірнеше мағынаны білдіреді.
Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас дегсн ұғымдыі білдіру арқылы
бұл сөздің мағынасы әлдеқайда кеңейеді. Сонымен қатар "коммуиикация",
"коммуникативтік" термині соңғы-жылдары лингвистикада ғана смес, одан басқа
да барлық ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Бұл соөздің тілге,
сөйлеуге қатысты алғашқы мағынасы "қарым-қатынас", тіл арқылы түсінісу,
пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан әлдеқайда
тереңдей түсті, Мәселен, тілдік коммуникация — тіл арқылы сөйлесу, ұғынысу
дегенді білдірсе, қоғамдық коммуиикация — қоғамдық байланыс, қоғамдағы
қарым-қатынас дегенді аңғартады, ал саяси коммуникация — саяси өмірдегі
байланыс, саясатқа қатысты қарым-қатынас дегенді байқатады.
"Коммуникативтік' терминіне қатысты зерттеу еңбектердің қай-қайсысында
да оның қарым-қатынас құралы, сөйлесуге байланысты қасиеті баса айтылады.
Мұның өзі сөздің ең алдымен тілдік қарым-қатынасқа, екіншіден, адамдардың
өзара ұғынысуына, бірін-бірі түсінуге негізделетінін дәлелдейді.
Коммуникация арқылы адамдар бір-біріне ойын жеткізіп, белгілі бір нәрсені
хабарлап қана қоймайды, сонымен қатар олар өзара түсініседі, пікір
алмасады, бірінің ойын екіншісі ұғады. Екі адамның бірінің жанын бірі ұғуы
бір топтың түсінісуіне, ал топтың пікір алмасуы қоғамның жетілуіне әкеледі.
Осыдан барып, адамзат тілінің әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік функциясы
көрінеді, "коммуникативтік" терминінің әлеуметтік сипаты осыдан келіп
шығады.
Коммуникативная функция языка — тілдің коммуникативтік функциясы.
Тілдің қатынас қызметі. Тіл — адамдардың бір-бірімен сөйлесіп, пікір
алысатын қатынас кұралды.
Коммуникативтік термині қоғамдық-әлеуметтік мәні бар тілдік қатынас
деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам болмайтыны сияқты, адамнан тыс
тіл де болмайды. Бірақ ол тіл — жеке адамның тілі емес, белгілі бір қоғамда
өмір сүруші адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу құралы. Сондықтан тіл әрі
қоғамдық, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады.
"Коммуникация" сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу,
хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл
арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен
қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-катынасты, өзара түсінушілікті
көрсетеді.
Осыдан барып коммуникабельді — тез тіл табысатын, түсінісуге,
сөйлесуге бейім, '"коммуникабельдік" — түсінушілік т.б. деген сияқты сөздер
пайда бола бастады.
Сонымен, "коммуникация"— қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды
білдіреді.
Қарым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас — тіл арқылы байлаиыс,
сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық,
ұлттық тіл арқылы ұғыну, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім
әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Бұд жерде сөйлесу тілі деген тіркесті ерекше бөліп йтуға тура келеді.
Тілдік қатынас — тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі және бөлек.
Сондықтан да тіл білімі - адамдардың қарым-қатынас құралы тіл туралы және
сол қарым-қатынасқа негіз болатын тілдік қатынас туралы ғылым.
Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты қарастырын, белгілі
бір тұжырымға келген автордың бірі — Э. П. Шубин.
Э. П. Шубин шет тілдерін оқытудың қағидалары мен әдістемелерін сөз ете
отырып, жалпы тілдік қатынастың құрамын, олардың атқаратын қызметін,
оқытудың мақсаты мен мазмұнын, тілдік құралдарды анықтауға тырысады. Оның
бұл проблемаға қатысты өзіндік пікірлері бар. Ол көзқарастардың ұтымды
жактары да, субъективтік жақтары да кездеседі.
Тілдік қатынастың осындай ерекшеліктерін атап өте келіп,
Э. П. Шубин оның (тілдік қатынастың) тілсіз қатынастан екі түрлі
айырмашылығы бар деп есептейді.
Біріншіден, тілдік қатынас әмбебап, яғни жан-жақты, өйткені ол
адамдардың барлық саналық және физикалық әрекеттеріне қызмет етеді.
Екіншіден, тілдік қатынас бірінші пайда болады, яғни алғашқы кезеңде
тұрады, өйткені оған адамның ойлау қабілеті негіз болады.
Тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырушы хабарға қатысты барлық құрамды
бөліктер жеке-жеке жіктеле келіп, олардың әрқайсысының өзіндік қызметі
анықталуы тиіс.
Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны,
мәні, мағынасы болып табылатын — хабарды іс жүзіне асырушылар, хабарға
тікелей қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады:
1. Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын — Баяншы.
2. Ақпаратты жеткізетін — Тұлғалар.
3. Ақпаратты не деректі — Қабылдаушы.
Баяншы — сыртқы объективтік әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан
туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың, тұлғалардың көмегімен
екінші біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа
қатысушы, тілдік қарым-қатынасқа түсуші.
Тұлғалар — хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында
ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар
арасындағы қарым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық
бірліктер.
Қабылдаушы — белгілі бір хабарды қабылдап алып, оның мәнін тілдік
тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасына өткізіп
ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.
Баяншыға да, қабылдаушыға да — бәріне ортақ әрскет — байланыс,
қатынас. Ал байланыс, тілдік қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Адамдар
арасындағы өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды.
Байланыс — тілдік қатынастың негізін жасайтын, оны іске асырушы өзек,
адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастын қажетті шарты.
Баяндау мен қабылдау үрдістері тілдік қатынасының барлығына тән. Бірақ
лингвист-ғалымлар оларды қарапайым күнделікті сөздермен атаудан гөр,.
лингвистикалык терминдермен атауды жөн көреді. Дегенмен, бұл терминдердің
өзі тіл ғылымында біркелкі емес.
Зерттеуші ғалымдар тілдік қарым-қатынастағы хабарлауды, яғни хабар
беруді –трансмиссия, ал қабылдаушы-ренценция деп атайды. Осыған орай хабар
берушіні-транемиссор, хабар қабылдаушыны – рецептив. Сонымен қоса, алғашқы
–хабарлауға қатысты құбылыстарды –тарнсмиссивті немесе продуктивті; ал
қабылдауға қатысты құбылыстарды –рецептивті деп көрсетеді. Олардың айтуынша
хабар(Р) трансмиссордан (Т) шығады да, реципиетке (R) жетеді.
Қазақ тіл білімінде тілдік қатынасқа қатысты терминдер қалыптаспағанын
ескеріп, бұл ұғымдарды беру үшін төмендегі терминдерді қолданған дұрыс деп
таптық. Олар: баяншы, хабар, тұлға, қабылдаушы. Сонда тілдік қатынас жүзеге
асу үшін Баяншыдан (Б) шыққан Хабар (X) Тұлғалар (Г) арқылы Қабылдаушыға
(Қ) келіп, одан ары қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда адамдардың
бір-бірімен түсіністігін іс жүзіне асырады.
Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына байланысты
үшкезеңді атап өтеді, олар мыналар:
1. Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік заңдылықтар,
грамматикалық единицалардың тізбегі, дыбысталуы ерекше рол атқарады.
2. Айтылуға тиісті мазмұнының дұрыс жеткізілуі, айтылар ой мен
жеткізетін тілдік құралдың сәйкестігі. Мұнда семантикалық, заңдылықтарға
назар аударылады.
3. Әңгімелесуші — екінші адамның хабарды дұрыс қабылдауы. Е.
И. Пассов осы үю кезеңді баяндай келіп, тілдік қатынастың толық жүзеге асуы
үшін ең бастысы — үшінші кезең, алдыңғы екі кезең тілдік қарым-қатынасты
іске асырмайды, бірақ өкінішке орай тілдік қатынаста біз осы үшінші кезеңге
жете бермейміз, яғни қарым-қатынаста бірінші және екінші кезеңдерде тоқтап
қалып коямыз деп көрсетеді .
Біздің пікірімізше, тілдік қатынас — жалпы адамзаттың ойына, ойлау
жүйесіне тікелей байланысты құбылыс. Ол ең алдымен, сыртқы объективті
шындықты қабылдаудан, жеткізейін деген хабарды пайымдаудан туады.
Сондықтан тілдік қатынас жоғарыдағы тілші ғалымдардың атап өткенінен
басқа да бірнеше кезеңнен тұрады. Олар мыналар:
1. Хабардың пайда болуы.
Тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу әрекетіне қажетті ең бірінші
фактор — сыртқы дүниенің адам санасына әсер етуі, сол әсердің нәтижесінде
мида ойдың қорытылуы, хабардың пайда болуы.
2. Хабардың сыртқа шығуы.
Санадағы тұжырымдалған пайымдаудың, ойдың, ұғымның, хабардың тіл
арқылы, тілдік тұлғалар арқылы айтылуы, яғни сыртқа шығуы. Хабардың сыртқа
шығуына айрықша қызмет ететін — адамның сөйлеу мүшелері. Дыбыстау мүшелері
немесе сөйлеу аппараты тек адамзатқа ғана тән ерекше құбылыс екені осы
процестен де көрінеді.
3. Хабардың жеткізілуі.
Айтылуға тиісті хабардың (сөйлем, диалог, монолог) сыртқа шығумен,
дыбысталумен ғана шектеліп қоймай, келесі адамға, субъектіге жеткізілуі. Ол
ауызша да, жазбаша да болуы мүмкін. Хабар жеткізілмей қалып қойса, қарым-
қатынас, яғни түсінісу, ұғынысу болмайды. Демек, бұл әрекеттің де өзіндік
алатын орны мен маңызы зор.
4. Хабардың қабылдануы.
Сөйлеу әрекетіндегі келесі саты — жеткізілген хабардың қабылдануы.
Қабылдау әрекетінде қосымша жұмыс атқаратын бірнеше фактор бар (мәселен,
есту, көру, оқу, ойлау), бірақ, ең бастысы — келген хабарды түсіну, яғни
қабылдап алу.
5 Хабардың жауабы.
Тілдік карым-қатынас болу үшін, хабарды қабылдап алумен қана шектелу
біржақты процесс болып қалады, енді тілдік қатынас жүзеге асу үшін,
қабылданған хабарға көңіл аудару, яғни оны сарапқа салу, бағалау, түсіну,
сосын жауап қату шарт. Яғни түсіну арқылы оған жауап қайтару кажеттігі
туады. Сөйтіп, хабар жаңарып, келесі сатыға өтеді, яғни жаңа хабар шығады.
Сонымен, хабар жауапқа ие болып, жаға қарым-қатынасқа жол ашылады.
Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы
лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынастар дп те айтылады. Осы
тұрғыдан келгенде, тілдік қатынасты дыбыстық және графикалық таңбалардың
әмбебап жүйесі деп танысақ, онда тілдің таңбалар жүйесі тілдік қатынастың
жазбаша түрі болады да, тілдің дыбысталу жүйесі тілдік қатынастың ауызша
түрі болып табылады. Тілдік таңбалар жазылу арқылы көзге көрінеді, ал
дыбысталу (немесе айтылуы) арқылы естіледі. Бұл
екеуі де тілдік қатынастың жүзеге асуы үшін қызмет етеді.
Ауызша қатынас адамлардың бір-бірімем тікелей қарым-қатынасы
нәтижесінде іске аса келіп, белгілі бір хабардың дыбысталуы (естілуі)
арқылы сыртқа шығады. Адамдардың арасындағы ауызша тілдік қатынас —
өте ертелеп пайда болып, қоғаммен бірге өмір сүрір келе жатқан құбылыс.
Ауызша қатынас — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби терминдерді қазақшалау
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Термин ұғымы
Көркем шығармаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Қазақ терминологиясы қалыптасуының кезеңдік сипаты
Газет тілінің ерекшелігі
Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері
Пәндер