Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар



Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар. Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр әралуандылығының өзгеруі
Егер организмдер бір трофикалық деңгейде орналасса,олардың арасында қорек үшін (кейде тіршілік аумағы үшін)түраралық бәсекелестік жиі болып тұрады.Уақыт өте келе идиоадаптацияның (грекше idios-өзіндік,ерекше және адаптация)жүйелі кезектесуі нәтижесінде бір трофикалық деңгейдегі әрбір түр өзінің экологиялық қуысын тауып,бәсекелестік азаюы (жойылуы) мүмкін.
“Экологиялық қуыс”ұғымын экологияға зоолог Дж.Гринелл биоценоздағы түрдің рөлін анықтау үшін енгізді.Экологиялық қуыс-абстракты ұғым,бұл табиғатта түрдің тіршілік тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы.Ю.Одумның айтуы бойынша “’экологиялық қуыс”ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады,яғни тіршілік ету ортасы түрдің “мекенжайы”,ал қуыс-түрдің “ мамандығы”.Мысалы,өсімдікқоректі антилопа мен кенуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен,бір экологиялық қуысты иеленеді.Керісінше,орман тиіні мен бұғысы да өсімдікқоректі болғанымен,әртүрлі экологиялық қуысты иеленеді.Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады.
Африка саваннасында жайылып жүрген тұяқты жануарлар жайылымның шөптерімен әртүрлі қоректенеді:зебралар негізінен өсімдіктердің бас жақтарымен,антилопа гну зебралардан қалған өсімдіктердің тек кейбір түрлерімен,газель аласа өсімдіктермен,ал топи антилопалары басқа жануарлардан қалған,қураған биік шөптермен қоректенеді
Экологиялық қуыс (орыс. Экологическая ниша) — организмнің тіршілік ету жағдайларына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы, соның ішіне ол орналасқан кеңістік, қоғамдастықта атқаратын функциялық рөлі (мысалы, трофикалық статусы) және оның қоршаған орта факторларына — температураға, ылғалдылыққа, қышқылдылыққа, топырақ құрамына және т.б. жағдайларға төзімділігі кіреді. Экологиялық қуыс дегеніміз — түрдің экожүйедегі энергия тасымалдауында атқаратын рөлі. Экологиялық қуыс үш түрге — кеңістіктік, қоректік және гиперкеңістіктікке (көп өлшемді) бөлінеді. Кеңістікгік қуыс — организмдердің тұрақты мекені, қоректену ерекшеліктеріне байланысты куыс, көп өлшемді қуыс дегеніміз — гиперкеңістіктегі аумақ, оның өлшемі экологиялық факторларға байланысты. Бір Экологиялық қуысты екі түр қатар иелене алмайды. Экологиялық қуыс бәсекелестік жолмен бөлінеді. Әр түрдің бәсекелестік күрестегі табысы абиоталық факторлардың әсерімен байланысты. Егер ресурстардың мөлшері жеткіліксіз болса, қуыстар қабаттасқан кезде бәсекелестік туады. Бәсекелестік нәтижесінде түрлердің бірі жойылады немесе басым түскен түр өз бәсекелесін бейімделушілік аймағының шетіне ығыстырады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар. Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр әралуандылығының өзгеруі.

Орындаған:Ұлан.Л
Тексерген:Жексенаева.А.Б
Тобы:ХН-501

Семей 2015
Егер организмдер бір трофикалық деңгейде орналасса,олардың арасында қорек үшін (кейде тіршілік аумағы үшін)түраралық бәсекелестік жиі болып тұрады.Уақыт өте келе идиоадаптацияның (грекше idios-өзіндік,ерекше және адаптация)жүйелі кезектесуі нәтижесінде бір трофикалық деңгейдегі әрбір түр өзінің экологиялық қуысын тауып,бәсекелестік азаюы (жойылуы) мүмкін.
"Экологиялық қуыс"ұғымын экологияға зоолог Дж.Гринелл биоценоздағы түрдің рөлін анықтау үшін енгізді.Экологиялық қуыс-абстракты ұғым,бұл табиғатта түрдің тіршілік тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы.Ю.Одумның айтуы бойынша "'экологиялық қуыс"ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады,яғни тіршілік ету ортасы түрдің "мекенжайы",ал қуыс-түрдің " мамандығы".Мысалы,өсімдікқоректі антилопа мен кенуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен,бір экологиялық қуысты иеленеді.Керісінше,орман тиіні мен бұғысы да өсімдікқоректі болғанымен,әртүрлі экологиялық қуысты иеленеді.Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады.
Африка саваннасында жайылып жүрген тұяқты жануарлар жайылымның шөптерімен әртүрлі қоректенеді:зебралар негізінен өсімдіктердің бас жақтарымен,антилопа гну зебралардан қалған өсімдіктердің тек кейбір түрлерімен,газель аласа өсімдіктермен,ал топи антилопалары басқа жануарлардан қалған,қураған биік шөптермен қоректенеді
Экологиялық қуыс (орыс. Экологическая ниша) -- организмнің тіршілік ету жағдайларына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы, соның ішіне ол орналасқан кеңістік, қоғамдастықта атқаратын функциялық рөлі (мысалы, трофикалық статусы) және оның қоршаған орта факторларына -- температураға, ылғалдылыққа, қышқылдылыққа, топырақ құрамына және т.б. жағдайларға төзімділігі кіреді. Экологиялық қуыс дегеніміз -- түрдің экожүйедегі энергия тасымалдауында атқаратын рөлі. Экологиялық қуыс үш түрге -- кеңістіктік, қоректік және гиперкеңістіктікке (көп өлшемді) бөлінеді. Кеңістікгік қуыс -- организмдердің тұрақты мекені, қоректену ерекшеліктеріне байланысты куыс, көп өлшемді қуыс дегеніміз -- гиперкеңістіктегі аумақ, оның өлшемі экологиялық факторларға байланысты. Бір Экологиялық қуысты екі түр қатар иелене алмайды. Экологиялық қуыс бәсекелестік жолмен бөлінеді. Әр түрдің бәсекелестік күрестегі табысы абиоталық факторлардың әсерімен байланысты. Егер ресурстардың мөлшері жеткіліксіз болса, қуыстар қабаттасқан кезде бәсекелестік туады. Бәсекелестік нәтижесінде түрлердің бірі жойылады немесе басым түскен түр өз бәсекелесін бейімделушілік аймағының шетіне ығыстырады
Жануарлар әртүрлі азықты қорек ететіндіктен олардың экологиялық қуыстары ажыратылған. Өсімдіктердің экологиялық қуыстары айқын ажыратылмаған (барлық өсімдіктердің қорегі бірдей -олар тамырымен топырақтан минералдық тұздардың ерітіндісін, күн жарығы мен көмірқышқыл газын сіңіреді). 22. Вернадскийдің биосфера және носфера туралы ілімі.Биосфера - ерекше биос - өмір және тіршілік, Sphaira (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадцкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50 %-ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Экологияның не екенін түсіну үшін В.И. Вернадскийдің ғылыми жетістіктерінің шыңы-биосфера туралы ілімді еске түсіру қажет болады. Биосфера - жердің жұқа қабығы, оның құрамы, құрылымы және энергетикасы негізінен бұрынғы және қазіргі тірі организмдер қызметінен болған. Биосфера шектерінің ішінде олардың биохимиялық қызметінің іздері кездеседі. Атмосфера, су, мұнай, көмір, әк, саз және олардың туындылары (сланцстар, мәрмәр және гранит) планетаның тірі затымен жасалған. Биосферада жүріп жатқан бар өмірлік үрдістердің барлығы экологияның зерттеу нысаны болады. Биосфера тіршілік тірі зат дамуының сферасын қамтиды, В.И. Вернадский сөзімен, тірі зат геологиялық күш ретінде әрекет жасайтын, жер бетін қалыптастыратын жер айналасындағы кеңістік осымен биосфера шекаралары анықталады. Олар бүкіл биосфераны яғни, сулы қабатты (12 км тереңдікке дейін) және 15 км биікткке дейін атмосфераның төменгі қабатын қамтиды.
Гаузе принципі бойынша экологиялық қажеттіліктері бірдей екі түр бір территорияда ұзақ уақыт бәсекелеспей тура алмайды, яғни олар бір экологиялық қуысты иемденеді.
Түр аралық бәсекелестік кеңістік, қорек, биогендік заттар және т.б үшін болуы мүмкін. Түр аралық бәсекелестік нәтижесінде бір популяция екінші популяцияны ығыстырып орнын басады. Егер түрлер әр түрлі жерде тіршілік етсе олардың экологиялық қуыстары әр түрлі, ар бір жерде тіршілік етіп, қорегі әр түрлі болатын болса олардың экологиялық қуыстарында бір шама айырмашылық болады. Табиғатта бәсекеге түсетін түрлердің бірлесіп тіршілік етуі (экологиялық қажеттіліктерінде айырмашылық болса) мүмкін. Популяциялардың кеңістік пен ресурстарды бөлісу процесі экологиялық қуыстардың дифференциясы деп аталады. Экологиялық қуыстар дифференциясының басты нәтижесі - бәсекелестіктің азаюы. Көптеген жағдайларга байланысты антагонистік түрлер бірлесіп тіршілік етеді, алайда бұл кері әсерін тигізеді, себебі түрлердің бір - біріне әсері қалып, оларға өз қасиеттері мен мүмкіншіліктерін толық ашуға мүмкіндік бермейді.
Экожүйе-зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.
Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ,бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады.Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға,бірінші к,езекте климатқа,геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты.Егер негізгі рөлді автотрофты организмдер-продуценттер атқарса,жүйені автотрофты деп атайды.Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың рөлі мардымсыз болс(мысалы,мұхит тереңдіктері,биік тау мұздықтары),мұндай жүйелерді гетеротрофты деп атайды.Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін,мысалы,ауылшаруашылық,қала,ө неркәсіптік экожүйелер.Жер бетіндегі маңызды экожүйелер:тайга,тундра және полярлық белдеулер,мұхиттар,жағалаулар,батпа қтар,мангралық тоғайлар,қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар,саванналар,таулар,аралдар және т.б
Вернадскийдің тірі зат тұжырымдамасы. Биосфера - жердің жұқа қабығы, оның құрамы, құрылымы және энергетикасы негізінен бұрынғы және қазіргі тірі организмдер қызметінен болған. Биосфера шектерінің ішінде олардың биохимиялық қызметінің іздері кездеседі. Атмосфера, су, мұнай, көмір, әк, саз және олардың туындылары (сланцстар, мәрмәр және гранит) планетаның тірі затымен жасалған. Биосферада жүріп жатқан бар өмірлік үрдістердің барлығы экологияның зерттеу нысаны болады. Биосфера тіршілік тірі зат дамуының сферасын қамтиды, В.И. Вернадский сөзімен, тірі зат геологиялық күш ретінде әрекет жасайтын, жер бетін қалыптастыратын жер айналасындағы кеңістік осымен биосфера шекаралары анықталады. Олар бүкіл биосфераны яғни, сулы қабатты (12 км тереңдікке дейін) және 15 км биікткке дейін атмосфераның төменгі қабатын қамтиды. Биосфераның литосферадағы төменгі қабаты 5 км тереңдікте өтуі деп саналады. В.И.Вернадскийдің айтуынша биосфера ноосфераға, яғни адамзаттың ақыл-ой санасы мен қоғам заңдылықтарының әсер ету аймағына орын береді деп санаған. Бірақ, адамның қазіргі кезде ғаламдық биосфеарлық процестерге араласуы ғаламдық экологиялық проблемалардың туындауына себеп болып отыр, яғни болашақта олар биосфераның өзінің ары қарай дамуына шек келтіруі мүмкін. Биосфераның қызметтік заңдылықтарын, оның бүтіндігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін механизмдерін, биосфераның тірі заттарының қызметтерін және олардың табиғи ортаның физикалық-химиялық параметрлерін өзгертудегі маңызын білу адам мен табиғат арасындағы байланыстарды реттеу үшін қажет.Жер бетіндегі барлық геологиялық ұзақ көз жетерлік уақыт аралықтарында, алуан-түрлі физикалық-химиялық жерлердің эволюциялық процестері барысында органикалық заттарды қосып алуы барысында, Жер планетасында тіршілік пайда болды. Тірі организмдер немесе В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша тірі заттар өздерінің тіршілік барысында мекен орындарына алуан түрлі әсер-ықпалдарын тигізе отырып Жердің барлық геологиялық қабаттарының физикалық-химиялық қасиеттерін өзгерістерге ұшыратып отырды. Тірі зат жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілік құбылыстарының жиынтығы - осы аталған құбылыстардың тіршілік процестеріндегі әсерлеті планетамыздағы сулардың құрамын, атмосфераның құрамын түбегейлі өзгерістерге ұшыратып соңында құрамы жағынан тіршілікке өте маңызды бірегей биокостық зат - топырақ қабатын жасады, Сонымен тірі зат өздерінің бірлескен қызмет барысында өздеріне қажетті тіршілік қабаты биосфераның пайда болуына үлкен ықпалын тигізді. Тірі зат өлі және тірі материяның аралығындағы байланыстарының жоғарғы деңгейін айқындады. Бұл жерде адамзатың да өз үлесі бар, яғни олардың геохимиялық процестерге деген әсері басқа тіршілік иелерінің әсерінен оқшау тұр; біріншіден ол екпінділігі жағынан яғни геологиялық уақыт өткен сайын ұлғая береді, екіншіден адамның қызмет барысындағы ықпалдардың басқа тірі заттарға әсер ету ерекшеліктері. Жалпы өткен 20 ғасыр адамзат қоғамының даму тарихына ғылыми техникалық прогресстің жағымды жетістіктерімен ғана емес, сонымен қатар Адамзаттың түр ретінде боуына, сақталуына үлкен қауіп туғызатын ғаламдық экологиялық проблемалардың туындауы мен де қоса енеді. Бұл жағдай табиғи байлықтарды пайдалануда бір жақтылықты ғана көрсетіп отыр, яғни адамның тіршілік ортасына деген әсері биосфераның табиғи түріндегі қызметтің бұзылуына, яғни ондағы бір-бірімен тығыз байланысқан әртүрлі процестердің аралық тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғады. Аталған проблеманың зеректікпен көрсете білген В.И. Вернадский оның ноосфераға өтуінің сөзсіз болатындығын, табиғаттың байлықтарын жан-жақты пайдалану жоспарлы, ғылыми түрінде негізделген бағытпен жүргізілді, бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру мүмкіншіліктері т.б. жақтарын ақыл-ой саналы түрінде жүретіндігін атап көрсеткен. Осы аталған жайларға байланысты көптеген биосфералық проблемаларды шешуге міндетті түрде жоғары білім деңгейінің қажет екендігі сөзсіз.
Әлемдегі биогеохимиялық циклдар. Биогеохимиялық цикл ( -- химиялық элементтердің айналымы: бейорганикалық табиғаттан өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы қайтадан бейорганикалыққа оралу.Күн энергиясы және химиялық реакциялар энергиялары арқылы жүзеге асады.
Биосферадағы заттар айналымдары.Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады. Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады. Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді: газдардың айналымы және шөгінді заттар айналымы. Біріншісінде элементтердің негізгі көзі атмосфера (Көміртегі, азот, оттегі), екіншісінде - таулы шөгінді жыныстар (фосфор, күкірт және т.б) болып табылады. Көміртегінің айналымы.Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп, тыныс алу, ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады. Көміртегі циклының ұзақтығы 3-4 жүзжылдыққа тең. Азот айналымы.Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады. Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізіледі. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды. Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып, топыраққа өткізеді. Көптеген өсімдіктер олардың тамырларында түйнектер түзетін азот-фиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді.
Тұрақты даудың стратегиясы мен принципі. Тұрақты даму термині ең алғаш рет табиғат пайдалануда, соның ішінде балық және орман шаруашылығында пайда болды. Тұрақты даму терминімен алғашында таусылмайтын және табиғи ұдайы өндірілуге мүмкіндігі бар табиғат ресурстарын пайдалану жүйесі деп түсіндірілген. Адамның экономикалық және т.б. қызметтерінің негізі болып табылатын табиғат ресурстарының шектеулілігі, қоршаған ортаның ластануы секілді мәселелерге арналған ғылыми жұмыстар 1960-шы жылдан кейін жылдардан бастап пайда бола бастады.
. Экологиялық теңдіктің бұзылуының салдарынан жердегі тіршіліктің жойылу қаупі де бар. Екінші сала - әлеуметтік минимум саласы, мұның шеңберінде кедейшілік пен жоқтық билік етеді. Экологиялық максимум тұрғысынан адам табиғатқа зиян келтіріп жоятын болса, әлеуметтік минимум шегінде адамзат баласы тамақ, су және т.б. жетіспеушілігінен өзін-өзі жояды. Үшінші сала - Тұрақты даму саласы, оның шеңберінде адам мен табиғаттың үйлесімді өзара байланысы қарастырылады. Мұнда кедейшілік пен тұтыну арасындағы шек қойылып, адамзаттың ұзақ әрі қолайлы өмір сүруіне негіз қалайды.
Тұрақты даму принциптері
Тұрақты даму принциптері Д. Медоуздың Өсу шегінде атты еңбегінде ұсынылған. Онда тұрақты даму принциптері алты топқа бөлініп қарастырылған.
1.Сигналды жетілдіру. Адамның материалдық игілігінің деңгейін бақылап, тереңнен зерттеу қажет. Үкімет пен қоғамға қоршаған ортаның жағдайы және экономикалық өсу туралы жедел әрі тұрақты ақпараттандыру.
2.Пікір айту уақытын қысқарту. Қоршаған ортаға артық жүктеме туралы сигналдарды белсенді іздеу керек. Мәселе пайда болған жағдайда, оны шешу жолдарын алдын-ала жоспарлау керек. Оны тиімді шешудің институциональдық және техникалық құралдары дайын болуы керек.
3.Жаңартылмайтын ресурстарды пайдалануды төменгі деңгейге жеткізу. Пайдалы қазбалар, грунтты сулар және минералдар жоғары тиімділікпен пайдалануы керек, екінші рет қайта өңдеп, ал ерікті түрде жаңартылатын ресурстарға өту жағдайында оларды тұтынуды қысқарту керек.
4. Жаңартылатын ресурстардың бұзылуының алдын-алу. Топырақ құнарлылығы, жер үсті және жер асты сулары, орман, балық, жабайы жануарлар секілді барлық тірі ағзалар қорғалып, мүмкіндігінше қайта қалпына келуі керек.
5. Барлық ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану.
6. Физикалық капитал мен халық санының артуын баяулату және қысқарту. Жоғарыда аталған көрсеткіштерге жетудің ұтымды шектері бар. Сондықтан бұл критерийдің маңызы жоғары. Онда институциональдық және философиялық өзгерістер, әлеуметтік жаңалықтарды қарастырады. Ол өнеркәсіптік өндірістің көлемі мен халық санының тұрақты көрсеткіштерін анықтауды талап етеді. Мұнда өсу идеясына емес, анықталған даму идеясы мақсатына шақыру керек.
Тұрақты дамуға өту үшін жоғарыда аталған принциптерді өмірде кеңінен қолдану керек. Тұрақты дамуға жету және экологиялық дағдарыстан шығудың жолдарын іздейтін, жаңа идеялары бар мектеп оқушыларынан бастап, саясаткерлер, экономистер, экологтар, дәрігерлер, заңгерлер ат салысу керек.
Тұрақты даму тұжырымдамасы үш негізгі кеңістіктің бірігуінің нәтижесінде пайда болды: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық
Тұжырымдаманың маңызды кезеңі тұтыну құрылымын өзгерту, яғни мұнда басты рөлді тұтынушылар атқарады. Экологиялық таза өнім және экологиялық таза ортада мекен етуде тұтынушылар құқығын қолдау әлемдік қауымдастықтағы стандарттарға сәйкес болуы керек. Тұрақты даму идеясы адам құқығын нығайтуды, қазіргі және болашақ ұрпақтың табиғатпен үйлесімді байланысқа түсуіне негіз қалайды.
Қоршаған ортаны оңтайландыру-табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған қуыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық, жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар жайлы
Организмдердің индикаторлық мәні. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар жайлы ақпарат
Дара организмдер экологиясы
Организмдердің индикаторлық мәні. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар туралы ақпарат
Жер қойнауының температурасы
Экология ғылымының пайда болуы, дамуы
Нанотехналогия и Наноматериалы
Пәндер