В.фон гумбольдтың және ф.де соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ : В. фон Гумбольдтың және Ф. де Соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы
Орындаған: Аймуханова Т. Ғ.
Тексерген: Самекбаева Э. М.
Топ: Қ- 211
Семей 2015ж
Вильгельм фон Гу́мбольдт (нем. Friedrich Wilhelm Christian Karl Ferdinand Freiherr von Humboldt; ) - неміс филологы, философ, тілтанушы, мемлеткеттік қайраткер, дипломат, өнер теоретигі, немістің классикалық гуманизмінің көрнекті өкілі. Гумбольдт шығармаларының биігіне оның тілтану саласына арналған еңбектері жатады. Тіл тек дайын қарым-қатынас құралы емес, ол өз бойына "халық рухын" жинақтаған. Гумбольдт мәдениетті "тарихта әрекет етіп отырған халықтардын рухын" білдіретін органикалық тұтастық деп есептеді. Гумбольдт дербес пән ретіндегі тіл философиясының негізін қалады. В. фон Гумбольдттің пікірінше, ұлттың өзіне тəн, іштей дами- тын рухы бар. Сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш - тіл. Демек, бұл парадигмаға сай зерттеу нысаны болатын тіл - объективті дүниенің субъективті бейнесі. Соған сай тіл - ұлттырухтандырып, оның ішкі, сыртқыкелбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттарының бірі. Ал осындай руха- ни дүниесі, сонымен сабақтас қалыптасқан материалдық өндіріс пен тұрмыс күйі - əркімнің жеке басының жағдайына, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасатын жалпы- халықтық құбылыс. Оның бір негізгі сипаты - оңайлықпен өзгере салмайтын тұрақтылығы. Мазмұнында ұлт болмысы бейнелен- ген лексикалық қор арқылы ұлт өмірінің желісі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі. Осы бағыттың Ресейдегі көрнекті өкілі - А. А. Потебня. Ол В. фон Гумбольдттің пікіріне сүйеніп, тілді ойды туғызушы тетік, халықтың мəдениетімен біртұтас байланыста болатын шығарма- шылық құбылыс деп санайды. XXI ғасыр тілді зерттеудегі құрылымдық, жүйелік- парадигмамен сабақтастық, жалғастықпен, бірақ тілді тек қарым- қатынас пен ойды білдірудің құралы деп емес, ұлттың рухани- мəдени коды ретінде қарастыратын антропоцентристік бағытпен сипатталады. Оның іргесі В. Гумбольдт, И. Гердер, Г. Штейнталь, А. Потебня сияқты ғалымдардың теориялық еңбектерімен қа- ланғаны белгілі. Олардың еңбектеріне сəйкес, адам өзінің пара- саттық, рухани, əлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғым- дар (концепт) əлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арна арқы- лы алады. Сондықтан кез келген ұлт тілінің табиғатында сол ұлттың неше ғасырлық терең сырға толы қазынасы, ділі жатады. Бірақ тіл жалпы шындықты емес, адамдардың белгілі бір ұжымы өмір сүретін ортаның шындығын жай көрсетіп емес, бейнелеп береді. Жəне бұл арада тіл дүниені тікелей, тура бейнелемейтінін атап өткен маңызды. Тілде адамның дүниені қалай қабылдайтыны, түсінетіні көрініс береді. Сондықтан да В. фон Гумбольдт: «Раз- ные языки - это отнюдь не различные обозначения одной и той же вещи, а различные видения ее», - деп тұжырымдайды. В. Гумбольдт, А. А. Потебня, М. Хайдеггер, т. б. тілді рухпен, шығармашылық қызметпен байланыстырады. Яғни тіл - ойды туғызушы тетік, сондықтан сөз заттың тура таңбасы емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нəтижесінде туған бейнесі. XIX ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік объектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт /1767-1835/ болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, мәселелері шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, т. б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы тұжырымдары толық та, айқын баяндайтын ең-бектері - "Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы" /1827/, "Ява аралығындағы Кави тілі туралы" /1836/ деп аталатын туындылары. Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды. Сонымен, XIX ғасырдың алғашқы жартысы - компаративистиканың өз алдына дербес ғылым болып қалыптасып, өзінің зерттеу тәсілі мен әдістемесін жетілдірген, объектісін айқындай түскен кезең болды. Бұл кезеңде тіл ғылымының жалпы тілдік мәселесі ретінде тіл философиясы, жеке тілдер жөніндегі тарауы, салыстырмалы грамматика салалары қалыптасып, дами түсті. Тілдік материалдар жинау, тіл білімін теориялық жақтан дамыту да қызу жүріп жатты. Бәрінен де гөрі кеңірек етек алған мәселе - үнді-еуропа тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың шыққан төркін, ата тілді айқындау болды. Тілді, тілдік элементтерді тарихи тұрғыдан зерттеу ғана ғылыми деп жарияланды. Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық қоры - тіл философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері - тілді адамдар әрекеті деп тану, оны халықтың ұлттық санасы де есептеу. Гумбольдтың ойынша, тіл - әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың әрекеті. Тіл үздіксіз даму үстінде, даму - тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл - ойлау әрекетінің шығармашылық синтезі, бірақ сонымен бірге ол - актив форма, ойлау әрекетінің құралы. Тіл мен ойлаудың бірлігі - ажырамас бірлік. "Халық тілі - оның рухы, халық рухы - оның тілі". Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол - жеке адамның табысы емес, халықтың табысы, жалпыхалықтық туынды. Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысты. Ф. де Соссюр. 1976 жылы профессор Александр Александрович Холодовичтің редакциясымен де Соссюр еңбектері “Труды по языкознанию” деген атпен орыс тілінде жарияланды. Бұл басылымға де Соссюрдің орыс тілінде 1933 жылы жарық көрген “Жалпы лингвистикалық курсы” қайта жөнделіп енгізілумен қатар, орыс тіліне бұрын-соңды аударылмаған бірсыпыра негізгі еңбектері де қосылған. Де Соссюрдің атын бүкіл дүние жүзіне жайған, лингвистика әлемінде оны даңққа бөлеген бұл еңбегі бірнеше тарауға бөлінетін кіріспеден, бес бөлімнен құралған. Оның 1-бөлімі “Жалпы принциптер”, 2-бөлімі “Синхрондық лингвистика”, 3-бөлімі - “Диахрондық лингвистика”, 4-бөлімі “Географиялық лингвистика”, 5-бөлімі “Ритроспективтік лингвистика мәселелері” деп аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше тарауларға бөлінеді. Женева мектебі- Ф. де Соссюр идеяларына сүйенетін және Женева университетінің дәстүрін дамытатын тіл біліміндегі әлеуметтік бағыттағы мектептердін бірі. Ж. м. оқымыстыларының алғашқы ұрпағы - Соссюрдің шәкірттері Ш. Балли, А. Сеше, С. О. Карцевский, екінші ұрпағы - А. Фрей, Р. Гёдель т. б. Женева мектебінің негізгі зерттеу нысаны әр түрлі тілдердің, әсіресе француз тілінің, материалдары негізінде қарастыратын жалпы тіл білімі проблемалары, индивидуалдық және әлеуметтік құбылыстардың тіл мен сөйлеудегі өзара қатынасы, тіл мен ойлаудың байланысы, семитология, семантика және синтаксис мәселелері. Соссюрдің "Мемуар о перво¬начальной системе гласных в индоевропейских языках" (1879) енбегі, оны бүкіл әлем алдында танытты, себебі бүл еңбекте морфологиялық деректерге сүйеніп, ғылымға фонология жүйесін кайта жаңартудың жана принципі енгізілді. 1916 ж. Балли мен Сеше Соссюрдін "Курс общей лингвистики" атты енбегін шығарды. Онда 20 ғ. тіл біліміне, сол сияқты құрылымдық лингвистиканың дамуына зор ықпалын тигізген Соссюря 14көзкарастары баяндалған. Соссюр сөйлеу қызметінің әр түрлі көріністерінен тіл мен сөйлеуді (сөз) бөліп көрсетті. Тіл - таңбалар жүйесі, әлеуметтік және психологиялык күбылыс ретінде тіл лингвистикасында, ал сөйлеу (сөз) - индивидуалдық, „сихофизиологиялык күбылыс ретінде сөйлеу (сөз) лингвисти¬касында зерттелуге тиіс. Сөйлеушілер алдыңғысына салғырттық білдірсе, соңғысын белсенді түрде қабылдайды. Соссюр лингвистиканы коғамдық таңбалардың өмір сүруін зерттейтін жана ғылымның бір бөлімі деп қарап, оны әлеуметтік психологиямен бірге семитология деп атады. Оның концепциясы бойынша лингвистикалық таңбаның бірінші ерекшелігі - екі жақты мәндегі құбылыс ретінде белгіленуші (ұғым) мен белгілеушінің (дыбысталуы) бірлігі екендігінде. Лингвистикалық таңбаның екінші ерекшелігі -тіл бірліктерінің сөйлеу үстінде қатаң жүйемен бір қатарда орналасуы арқылы өрістеп отыратындығында. Тіл - синхрондық (статикалық), ал сөз - диахрондық (эволюциялық) лингвистиканың нысаны. Тіл сонымен бірге ішкі лингвистиканың нысаны болғандықтан, "өз ішінде, өзі үшін" қарастырылады. Тіл тарихының халық тарихымен байланысы, әдеби тіл мен диалектілерді зерттеу, тілдің географиялық орналасуы т. б. сыртқы лингвистикаға жатады. Соссюр концепциясының тілдік жағы И. А. Бодуэн де Куртенэ, Н. В. Крушевский, У. Д. Уитни идеяларымен ұштасып жатыр. Структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағы В. Гумбольдт, Ф де Соссюр И. А. Бодуэиде Куртэне еңбектерінде салынды.Структуралистер өз зерттеулерінде осы ғалымдардың әсіресе де Соссюрдің еңбектеріне сүйенеміз. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz