Құрылыс және тегістеу жұмыстары



Өндіріс алаңында салынатын құрылымдарды, ғимараттарды және көлік, байланыс, энергия, сумен қамтамасыз ету коммуникацияларын орналастыру мәселелерін өте тиімді шешу үшін табиғи рельефті тегістеу жұмыстары, өндіріс алаңын тегістеу жұмыстарына жатады. Негізінде, өндірістің техникалық жобасында, өндіріс алаңын горизонталь жазықта тегістеудің жобасы дайындалады, ал тегістеу көлбеу жазықтықта жобаланған болса, онда көлбеу жазықтықтың шамасы (көлбеулік бұрышы δ, көлбеуліктің бағыты α) беріледі.
Өндіріс алаңын тегістеу жұмыстары:
1) өндіріс алаңын шектеу және бұрыштық нүктелерін бекіту;
2) құрылыс торын бөлу, тор төбелерінің орындарын белгілеу және бекіту;
3) геометриялық нивелирлеудің нәтижесінде құрылыс торының төбелеріндегі нүктелердің биіктіктерін Н анықтау;
4) өндіріс алаңында жобаланған жазықтықтың биіктігін Н0 анықтау;
5) құрылыс торы төбелерінің жұмыс биіктіктерін анықтау;
6) тегістеу жұмыстарының нөлдік контурын анықтау;
7) жер жұмыстарының көлемін анықтау;
8) дайындалған өндіріс алаңының планын дайындауға арналған түсірістер жүргізу.
Техникалық жобаға сәйкес өндіріс алаңының контурын жер бетіндегі орнына көшіру, бөлу жұмыстары орындалады. Контурдың бұрыштық нүктелерін белгілеп, оларды тұрақты нүктелермен бекітеді және құрылыс торы құрылады. Құрылыс торының мөлшері, жербеті рельефінің ерекшелігіне, құрылыстың күрделілігіне байланысты. Көп жағдайда құрылыс торы, қабырғалары 10-30 м төртбұрыштар немесе квадраттардан құрылады.
Тегістеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, жойылған құрылыс торының нүктелерін қайта қалпына келтіру үшін, тордың шеткі нүктелерін алаң контурынан тыс жерде орналастырады.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Құрылыс және тегістеу жұмыстары

Тексерген: Аубакирова С.М.

Орындаған: Искаков Айбек
Тобы: ГК-213

Семей
2015

Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары

Өндіріс алаңында салынатын құрылымдарды, ғимараттарды және көлік,
байланыс, энергия, сумен қамтамасыз ету коммуникацияларын орналастыру
мәселелерін өте тиімді шешу үшін табиғи рельефті тегістеу жұмыстары,
өндіріс алаңын тегістеу жұмыстарына жатады. Негізінде, өндірістің
техникалық жобасында, өндіріс алаңын горизонталь жазықта тегістеудің жобасы
дайындалады, ал тегістеу көлбеу жазықтықта жобаланған болса, онда көлбеу
жазықтықтың шамасы (көлбеулік бұрышы δ, көлбеуліктің бағыты α) беріледі.

Өндіріс алаңын тегістеу жұмыстары:

1) өндіріс алаңын шектеу және бұрыштық нүктелерін бекіту;

2) құрылыс торын бөлу, тор төбелерінің орындарын белгілеу және бекіту;

3) геометриялық нивелирлеудің нәтижесінде құрылыс торының төбелеріндегі
нүктелердің биіктіктерін Н анықтау;

4) өндіріс алаңында жобаланған жазықтықтың биіктігін Н0 анықтау;

5) құрылыс торы төбелерінің жұмыс биіктіктерін анықтау;

6) тегістеу жұмыстарының нөлдік контурын анықтау;

7) жер жұмыстарының көлемін анықтау;

8) дайындалған өндіріс алаңының планын дайындауға арналған түсірістер
жүргізу.

Техникалық жобаға сәйкес өндіріс алаңының контурын жер бетіндегі орнына
көшіру, бөлу жұмыстары орындалады. Контурдың бұрыштық нүктелерін белгілеп,
оларды тұрақты нүктелермен бекітеді және құрылыс торы құрылады. Құрылыс
торының мөлшері, жербеті рельефінің ерекшелігіне, құрылыстың күрделілігіне
байланысты. Көп жағдайда құрылыс торы, қабырғалары 10-30 м төртбұрыштар
немесе квадраттардан құрылады.

Тегістеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, жойылған құрылыс торының
нүктелерін қайта қалпына келтіру үшін, тордың шеткі нүктелерін алаң
контурынан тыс жерде орналастырады.

Өндіріс алаңын горизонталь жазықтықта тегістеу кезінде, жер
жұмыстарының көлемін есептеудегі қателіктер, тор нүктелерінің
арақашықтарына және рельефтің ерекшеліктеріне байланысты.

Құрылыс торы төбелерінің биіктіктерін нивелирлеу арқылы, немесе жобалау
құжаттары бойынша 1:1000 - 1:2000 масштабта рельеф қимасы 0,5 м аралықта
анықталады.

Тегістеу жұмыстары келесі ретпен орындалады:

1. Техникалық жобаға сәйкес өндіріс алаңының контурын бөлу. Контурдың
бұрыштық нүктелері жерге орнатылған пункттермен (қазықтармен) бекітіледі
де, координаталары есептеледі. 2. Алдын ала жербетінің топографиялық
сызбасында құрылыс торының жобасы дайындалады. Тегістелетін контурлардың
рельефтеріне байланысты құрылыс торлары квадрат, төртбұрышты, ал өндіріс
алаңы созылыңқы болса, нүктелері бір, немесе бірнеше сызықтың бойына
орналасқан бойлық құрылыс торы құрылады. Рельефтің күрделілігіне байланысты
құрылыс торы қабырғаларының ұзындығы 10-30 м шамасында белгіленеді.
Жергілікті жерде құрылыс торын теодолиттің көмегімен бөледі. Құрылыс торы
қабырғаларының ұзындығын белгілеген кезде міндетті түрде көлбеулігіне
түзетулер енгізіледі. Құрылыс торының шеткі нүктелерін жобалау нұсқасынан
тыс жерде орналастырады. Құрылыс торының төбелері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сылақ жұмыстарына арналған машиналар
Құрылыс алаңында тірек торын жобалау
Ауыспалы егіс тізбектерінің топырақ құрылымына және құнарлығына қарқындылық әсері
Жер жұмыстарын жобалау
Сылау жұмыстарына арналған құралдар
Жер жұмыстары және құрылыста қолданылатын машиналар
Геодезиялық жұмыстар
Дөңгелекті ІІ типті эксковаторлардың өндірістік жұмыс кезіндегі технологиясы және ұйымдастырылуы. Еңбек және қауіпсіздік шаралары
Ақырғы тегістеудің орташа белгілерін анықтау
Жобалық орташа белгіні анықтау
Пәндер