Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау туралы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Топырақ өңдеу жүйесі
2. Топырақ өңдеудің мәселесі
3.Негізгі агротехникалық талаптар
3.1 Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері
3.1.1Топырақты өңдеудің мақсаты
3.1.2Топырақты өңдеудің міндеттері
3.2ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
3.2.1 Топырақты қопсыту және майдалау.
3.2.2 Топырақты аудару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Топырақ өңдеу – ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа мех. әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының, шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді. Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты: негізгі – жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту, т.б.; беткі қабатты сыдыра жырту, қопсыту, тырмалау, т.б.; арнайы – тереңнен қопара жырту, т.б. болып ажыратылады. Топырақ өңдеудің қопсыту, үгіту, аудару, тығыздау, егістік бетін тегістеу, топырақты араластыру, арамшөптерді кесу, топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру, микрорельеф қалыптастыру, т.б. түрлері бар. Қопсыту – топырақ бөліктерінің өзара орналасуын соқа, қопсытқыш, көп пышақты топырақ өңдегіштің көмегімен топырақта ірі кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Қопсыту, аудару, араластыру жұмыстырмен бір мезгілде жүргізіледі. Аудару – құрамындағы суы, қарашіріндісі, қоректік заттары мен микроорганизмдеріне қарай ерекшеленетін топырақ қабаттарын тік бағытта орнын ауыстыру. Тығыздау – топырақ бөліктерінің өзара орналасуын топырақта азғантай кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Егістік бетін тегістеу – топырақтағы тегіс емес жерлерді жөндеу; сүйреткі, ысырма, тырма, таптауыштардың көмегімен атқарылады. Топырақты араластыру – органик. заттар, тыңайтқыштар, әктің ыдырау өнімдері біркелкі таралып өңделетін біртектес қабат жасау. Арамшөптерді кесу қопсыту, аудару, топырақты араластыру жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру кескіш-қопсытқыштың, тереңнен қопсытқыштың, аударғыштардың, тісті тырманың көмегімен орындалады. Микрорельеф қалыптастыру (атыз, жүйек, жал, саңылау, ұя) топырақтың ауа және су режимін реттеу үшін жасалынады. Жыртуға арналған қуатты қабат қалыптастыруда табиғи құнарлылығы төмен тұзды және шымтезекті топырақтарды құнарландыру үшін арнайы Топырақ өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін топырақтың бетіне немесе біршама тереңдігіне әр түрлі тыңайтқыштар енгізіледі.
Мухин А.А. Машина-трактор паркін пайдалануда ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы: селолық орта кәсіптік-техникалық училищелерге арналған оқу құралы.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау

Орындаған: Төлетаева А.С
Тексерген: Сағандықов С.Н

Семей-2015ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Топырақ өңдеу жүйесі
2. Топырақ өңдеудің мәселесі
3.Негізгі агротехникалық талаптар
3.1 Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері
3.1.1Топырақты өңдеудің мақсаты
3.1.2Топырақты өңдеудің міндеттері
3.2ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
3.2.1 Топырақты қопсыту және майдалау.
3.2.2 Топырақты аудару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Топырақ өңдеу
Топырақ өңдеу - ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа мех. әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының, шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді. Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты: негізгі - жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту, т.б.; беткі қабатты сыдыра жырту, қопсыту, тырмалау, т.б.; арнайы - тереңнен қопара жырту, т.б. болып ажыратылады. Топырақ өңдеудің қопсыту, үгіту, аудару, тығыздау, егістік бетін тегістеу, топырақты араластыру, арамшөптерді кесу, топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру, микрорельеф қалыптастыру, т.б. түрлері бар. Қопсыту - топырақ бөліктерінің өзара орналасуын соқа, қопсытқыш, көп пышақты топырақ өңдегіштің көмегімен топырақта ірі кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Қопсыту, аудару, араластыру жұмыстырмен бір мезгілде жүргізіледі. Аудару - құрамындағы суы, қарашіріндісі, қоректік заттары мен микроорганизмдеріне қарай ерекшеленетін топырақ қабаттарын тік бағытта орнын ауыстыру. Тығыздау - топырақ бөліктерінің өзара орналасуын топырақта азғантай кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Егістік бетін тегістеу - топырақтағы тегіс емес жерлерді жөндеу; сүйреткі, ысырма, тырма, таптауыштардың көмегімен атқарылады. Топырақты араластыру - органик. заттар, тыңайтқыштар, әктің ыдырау өнімдері біркелкі таралып өңделетін біртектес қабат жасау. Арамшөптерді кесу қопсыту, аудару, топырақты араластыру жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру кескіш-қопсытқыштың, тереңнен қопсытқыштың, аударғыштардың, тісті тырманың көмегімен орындалады. Микрорельеф қалыптастыру (атыз, жүйек, жал, саңылау, ұя) топырақтың ауа және су режимін реттеу үшін жасалынады. Жыртуға арналған қуатты қабат қалыптастыруда табиғи құнарлылығы төмен тұзды және шымтезекті топырақтарды құнарландыру үшін арнайы Топырақ өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін топырақтың бетіне немесе біршама тереңдігіне әр түрлі тыңайтқыштар енгізіледі.

Топырақ өңдеу жүйесі
Өңдеу үшін атқарылған жұмыстардың жиынтығын Топырақ өңдеу жүйесі деп атайды. Жаздық, күздік, т.б. дақылдардың Топырақ өңдеу жүйесі әр түрлі болады. Суармалы, қайтадан тыңайтылған жерлердің, эрозияға қарсы, т.б. Топырақ өңдеу жүйелері де бар. Топырақтың жыртылған қабатының борпылдақ жағдайда болуы барлық отамалы дақылдар үшін (қант қызылшасы, картоп, жүгері, т.б.) қажет болса, басқа көпшілік дақылдарға топырақтың беткі қабатының құрылымы уақ түйіртпекті болғаны қолайлы. Міне, сондықтан да отамалы дақылдар аралығын жиі өңдегенде, топырақ беті борпылдақ күйінде сақталады. Кейде топырақ қабатындағы ылғал тез буланып, ауаға ұшқанда оның бетін тырмалап, борпылдақ етеді, сонда оның бетінен ылғалдың булану мөлшері төмендейді. Ал керісінше топырақ бетінен ылғал тез буланып кету үшін оның бетін ауырырақ техникамен өңдеп (малалау) тығыздайды. Сонда топырақ қабатындағы капиллярлар (қылтүтіктер) бір-біріне тез жалғасып, оның құрамындағы ылғал ауаға тез ұшады. Әдетте топырақты мұндай өңдеулер топырақ беті бос, егіс егілмей тұрған кезде немесе арнайы егіс егілмейтін сүрі жер танабында жүргізіледі.

Топырақ өңдеудің мәселесі
Топырақ өңдеудің басты мәселесі - жерді жырту сол егістік орналасқан аймақтардың табиғи жағдайларына тікелей байланысты. Мыс., Қазақстанның солт. аймақтарындағы дәнді дақылдар өсірілетін негізгі егістіктер жел эрозиясына қатты ұшырайтындықтан, негізінен қайырмалы соқамен жыртылмай, жай қопсытылады. Ал оңт. аудандардағы еңіс тау беткейлерінде су эрозиясы болмас үшін, жерді жыртқан кезде жырту бағытын беткей еңісіне көлденең етіп жырту немесе жемісті ағаштарды қолдан жасалған сатылы белдеулерге (терраса) орналастыру тәжірибесі қолданылады. Кейбір жағдайларда топырақ құнарлылығын топырақ ортасының жағымсыз реакциялары да кемітеді. Мыс., солт. аймақтарда топырақ ортасының қышқылды реакциясы басым болса, оңт. құрғақ шөлді аймақтарда керісінше сілтілі реакция басым түсіп, топырақ құнарына теріс әсер етеді. Бұл жағдаймен күресу үшін қышқылды топырақтардың сол қабатына қажетті мөлшерде әк енгізілсе, сілтілі топырақтардың қабатына тиісті мөлшерде гипс енгізіледі. Бұл шаралар топырақты хим. жақсарту деп аталады. Ал егістік жерлердегі көбейіп кететін арамшөптермен күресу үшін ауыспалы егіс жүйесінде арнайы сүрі жер танабы енгізіліп, жыл бойы әр түрлі өңдеулерден өтіп, арамшөптерден тазартылады. Топырақ өңдеудің біршама күрделі шаралары суармалы егістік жерлерде жүзеге асырылады. Көктемде және тұқым себер алдында Топырақ өңдеу үшін тырмалау, тырмалап қопсыту, тегістеп қопсыту жұмыстары жүргізіледі. Тұқым себілгеннен кейін топырақты нығыздап, жер бетіне өскіні шыққанға дейін және шыққаннан кейін де тырмалайды. Қайтадан тыңайтылған жерлердегі Топырақ өңдеу жұмыстарына шымтезекті-батпақты және жайылма, орманды және тыңайған жерлердегі өнімділігі аз топырақтарды өңдеу жатады.

Негізгі агротехникалық талаптар
Топырақты өңдеуді, оның майда қопсытылып, арамшөптерден барынша арылуын қамтамасыз ететін неғұрлым ұтымды агротехникалық мерзімде өткізген абзал. Өңдеудің белгіленген тереңдігінен ауытқу плюс-минус 1 сантиметрден аспауы тиіс.Топырақтың 8 сантиметрге дейінгі жоғары қабаты қопсытылғаннан кейін майда кесектеліп, 5 сантиметрге дейінгі қабатта оңай үрленетін 1 миллиметрден майда фракциялар болмауға тиіс. Орташа жал-жал болып жатуы, 5-7 сантиметр шегінде. Сабақтардың барынша сақталғаны жөн.

Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері
Егістік танаптарының топырақтарың ойдағыдай өңдеу- егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартының бірі болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді. Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау
Егіншілік жүйесінің дамуы
Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштар
Қазіргі егіншілік жүйесінің ерекшеліктері
Танаптарда табиғат қорғау жүйесі
Егіншілік жүйесінің даму тарихы
Ағынды, эрозияны және су сапасын басқару
Ақмола облысы астрахан ауданы «Приишимское» жшс-нің жыртылған жерін реттестіру жобасы
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық, жалпы әдістемелік негіздері
Топырақ эрозиясы туралы ақпарат
Пәндер