Қазақстан Республикасының табиғаты, облыстарының жалпы экологиялық жағдайы



Негізгі бөлім
1.Қазақстан туралы жалпы мәлімет.
2.Қазақстан Республикасының табиғаты. ОҚО, ШҚО,БҚО, СҚ облыстарының жалпы экологиялық жағдайы.
3. Қоршаған табиғи ортаның ғалымдық, аймақтың және локальді мәселелері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан.
Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым.(1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2.
Халық саны - 16, 036 млн. адам. Халықтың тығыздығы: 1 шаршы метрге. 5,9 адам.
Астанасы- Астана (1997 жылғы 10 желтоқсаннан). Халық саны 684,0 мың адам.
Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, оның 41-і – республикалық және облыстық бағыныстағы, 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.
Мемлекеттік тілі - қазақ тілі, мемлекеттік мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен тең қолданылады.
Ақша бірлігі – теңге, 1 теңге = 100 тиын. 1993 жылғы 15 қарашада енгізілген.
Мемлекеттiк құрылысы. Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс республиканың әкiмшілік-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бiр мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жетi депутаттан және партиялық тiзiм бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Президент Үкiметтi Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестiң төрағасын республика Президентi тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемл. басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат) және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.
Табиғи-ресурстық әлеует
Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделееев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70 бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.
Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кенорны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.
Қазақстан пайдалы қазбалар қорларының көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында хром кендері және қорғасын бойынша бірінші, мұнай, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфорлы шикізат қорлары бойынша екінші, газ, көмір, алтын және қалайы бойынша үшінші орында тұр.
Республика күмісті, хромитті, қорғасынды және мыршты өндіру бойынша бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфатты шикізатты өндіру бойынша екінші орында, алтын өндіру бойынша үшінші орында тұр. Қазақстан республиканы әлемнің ірі мұнай өндіретін мемлекеттерінің қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін батыс өңірінде шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай қорларына ие. Онтүстік Торғай ойпатының шегінде жаңа мұнайы бар ауданның ашылуы Республиканың мұнай өндіруді одан әрі дамыту перспективасын кеңейтеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл.
бшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.
Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001
О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003
Журнал «Арай» 1988 жыл № 10
Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ

Тақырыбы: 1 Қазақстан туралы жалпы мәлімет. 2 Қазақстан Республикасының табиғаты. ОҚО, ШҚО,БҚО, СҚ облыстарының жалпы экологиялық жағдайы. 3 Қоршаған табиғи ортаның ғалымдық, аймақтың және локальді мәселелері.

.
Орындаған: Әсімғазы Ә.Б.

Семей 2015 жыл

Жоспар
Негізгі бөлім
1.Қазақстан туралы жалпы мәлімет.
2.Қазақстан Республикасының табиғаты. ОҚО, ШҚО,БҚО, СҚ облыстарының жалпы экологиялық жағдайы.
3. Қоршаған табиғи ортаның ғалымдық, аймақтың және локальді мәселелері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазакстан Республикасы туралы жалпы мәлімет.
Қазақстан Республикасы -- Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан.
Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым.(1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2.
Халық саны - 16, 036 млн. адам. Халықтың тығыздығы: 1 шаршы метрге. 5,9 адам.
Астанасы- Астана (1997 жылғы 10 желтоқсаннан). Халық саны 684,0 мың адам.
Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, оның 41-і - республикалық және облыстық бағыныстағы, 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.
Мемлекеттік тілі - қазақ тілі, мемлекеттік мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен тең қолданылады.
Ақша бірлігі - теңге, 1 теңге = 100 тиын. 1993 жылғы 15 қарашада енгізілген.
Мемлекеттiк құрылысы. Қазақстан -- 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша -- өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы -- президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы -- Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс республиканың әкiмшілік-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бiр мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жетi депутаттан және партиялық тiзiм бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Президент Үкiметтi Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестiң төрағасын республика Президентi тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемл. басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат) және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.
Табиғи-ресурстық әлеует
Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделееев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70 бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.
Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кенорны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.
Қазақстан пайдалы қазбалар қорларының көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында хром кендері және қорғасын бойынша бірінші, мұнай, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфорлы шикізат қорлары бойынша екінші, газ, көмір, алтын және қалайы бойынша үшінші орында тұр.
Республика күмісті, хромитті, қорғасынды және мыршты өндіру бойынша бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфатты шикізатты өндіру бойынша екінші орында, алтын өндіру бойынша үшінші орында тұр. Қазақстан республиканы әлемнің ірі мұнай өндіретін мемлекеттерінің қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін батыс өңірінде шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай қорларына ие. Онтүстік Торғай ойпатының шегінде жаңа мұнайы бар ауданның ашылуы Республиканың мұнай өндіруді одан әрі дамыту перспективасын кеңейтеді.

Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Орталық
Қазақстанның экологиялық мәселелері
Оңтүстік-Қазақстан облысы (ОҚО) Қазақстанның оңтүстігінде, Тұран етегінің шығысы мен Тянь-Шань тауының батыс бөлігінде орналасқан. Территорияның үлкен бөлігі - Қызылқұм (Оңтүстік-батыста, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы) және Мойынқұм (Солтүстігінде, Шу өзенінің сол жақ жағалауы) төмпешік-қатарлы құмдармен, төменгі қыратты тегістік (биіктігі 200-300 м.). Оңтүстік шетінде - жапан дала, Солтүстігінде - Бетпақ-Дала шөлі. Облыстың орталық бөлігінде Қаратау тау тармағы созылып жатыр (Бессаз қ. - 2176 м.), Оңтүстік-шығысында - Талас Алатауының батыс шеті, Қаржантау (биіктігі 2824 м. дейін) және Ұғам (биіктігі 4238 м. дейін) тау тізбегі.
Ірі өзендері - Сырдария (Келес, Күріккелес, Арыс, Бөген және т.б құйылымдарымен) облыстың территориясының оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай ағып жатыр, Шу өзені (төменгі ағыс) солтүстікке қарай ағып Мойынқұм құмдарында жоғалады. Оңтүстік-Қазақстан облысы шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, батысында Қызыл Орда облысымен, ал оңтүстігінде Өзбекстанмен шегараласқан.
Облыс орталығы - Шымкент қаласы, республиканың ежелгі қалаларының бірі, оның жасы 800 жылдан астам. Ең солтүстік және оңтүстік бөліктерінің арасы тікелей 600 км құрайды
Облыс ауданы 117,3 мың шаршы км немесе республика территориясының 4,3% құрайды. Облыс тұрғындары - 2331,5 мың адам немесе Республика тұрғындары санының 15,1% құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысы, өзінің ерекше бәсекелік артықшығын құрайтын, мол ресурстарға ие. Бұл еңбекке қабілетті тұрғындардың көп саны, ол қазіргі жағдаймен тұрғындардың жалпы санының 15,1% құрайды. Табиғи қазбалардың қорлары барит, көмір, темір және полиметаллдық рудалар, уран, форфор, бентониттік лай, вермикулит, тальк, әк, гранит, мрамор, гипс, кварцтық құмдардың бай кен орындарымен көрінеді. Облыста 156 жер қойнауын пайдаланушылар өз қызметтерін атқарады, олардың 13-і уран, алтын, мұнай, гипс және жер асты суларын өндіруде қызмет ететін, шет елдің қатысуындағы кәсіпорындар. Осыған қарамастан, тұрғындардың өмір сапасы, адамдық даму индексі, облыстың аймақтық жалпы өнімі, жол және коммуникация инфра құрылымдарының дамуы сияқты, бірқатар көрсеткіштер динамикасында абсолютті және салыстырмалы мәні бойынша, ОҚО инвестицияларын қаржыландыру көздерінде өзіндік қаражаттардың үлесі республика бойынша ең соңғы қатарды алады. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық алты қолайсыз аймақтарының бірі болып табылады, ал Шымкент қаласы автомобиль көліктерінің газдарымен ластанған үш қаланың бірі. Ластаушы заттардың атмосфераға шығу көлемінің артуы, негізінен құрылыстың дамуымен, автокөліктердің санының артуымен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жойылу мәселелерінің шешілмеуімен байланысты.
Табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асыру нәтижесінде жеткізген оң өзгерістерге қарамастан, бүгінгі күнге дейін тұрғындар денсаулығына қоршаған ортаның ластануының теріс әсерін айтарлықтай төмендету мүмкіндігі туған жоқ.
Облыс көлеміндегі көптеген экологиялық проблемалар шешімін таппай отыр. Сондықтан, Оңтүстік Қазастан өңірі экологиялық тараптан осал тұстары бар. 2008 жылғы мәліметтер бойынша атмосфералық ауаға тұрақты көздерден 40,4 мың тонна ластағыш заттар шығарылған. Автокөлік санының өсуіне байланысты жылдан жылға ауаның автокөлік шығарындыларымен ластану үлесі ұлғаюда. Бұл проблема Қазақстанның ірі қалалары үшін көкейтесті. Себебі автокөлік шығарындыларымен ауаны ластау үлесі 60 пайызға жетеді. Қазіргі кезде өндірістік қалдықтардың қоршаған ортадағы жағдайы қанағаттанарлықсыз. Республика кәсіпорындарында 16 млрд.тоннаға дейін қалдықтар жинақталған, жыл сайын олардың көлемі 650 млн.тоннаға көбеюде. Оның 15 пайызы ғана өңделуде. Дамыған елдермен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30 пайызға ғана жетеді. Облыс бойынша 2008 жылы 25,0 мың тонна улы қалдықтар түзілген.
Аймақтың экологиялық мәселелері
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының көлемінің өсуі экономиканың өнеркәсіп саласының дамуымен, құрылыс өнеркәсібінің дамуымен, автокөліктердің сандық құрамының артуымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелерінің шешілмеуімен байланысты. Ластаушы заттардың шығарындыларының көлемінің артуына 2007 жылы негізгі үлесті өңдеуші кәсіпорындар қосқан, олардың үлес салмағы ластанудың жалпы көлемінде 76,9% құраған, электроэнергия, газ және су тарату кәсіпорындарында - 8,3%, өзге салалар - 14,8%. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында атмосфераға ластаушы заттардың шығуы көлемі 2006 жылмен салыстырмалы 1,4% артқан, құрылыста 40,2%, мұнайхимия өнеркәсібі кәсіпорындарында 6,8%.
Атмосфераны ірі ластаушылар Шымкент қаласына шоғырланған, онда ластаушы заттардың қозғалмалы және стационарлы көзідерінің үлкен саны қызмет етеді: автокөліктерден, олардың ластауы (жылына орта шамамен 98 мың тонна) қорғасын және формальдегид бойынша жол берілетін шекті концентрацияның артуына әкелді. Созақ ауданындағы Қызылкөл көлінің су мөлшері өткен ғасырдың 80-ші жылдарында 120-130 млн.м[3 ]құраған болса, қазіргі кезде 50-55 млн.м[3 ]көлемдегі суды құрайды, ал көл айнасы 25км[2]-тан 16 км[2 ]дейін кішірейген. Өкінішке орай, бұл көлдің экологиялық қауіпті жағдайда екенін көрсетіп отыр. Соңғы онжылдықтың ішінде Қызылкөл көлінің айдыны екі жарым еседен қысқарып, 30-40 км қашықтықта жел тұру салдарынан іргелес жатқан егіншілік пен жайылымдық жерлерді тұздандыруда. Өндірістің қарқынды дамуы, халық санының өсуі, тұрмыстық және өнідірістік тауарларды тұтынудың артуы салдарынан қалдықтарды жою проблемасы туындап отыр. Тұрмыстық қалдықтарды ең арзан жою әдісі бұл-қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жинақтау. Алайда, бұл полигондар жер асты суларының, топырақтың және атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылады. Шымкент қаласы үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі көкейтесті болып отыр. Өйткені қалдықтарды жинақтау, қайта өңдеу зауыты жоқ. Аудандар бойынша полигондар ашық алаң түрде ұйымдастырылған, ауа, топырақ және жер асты суларын ластауда, сонымен қатар, жинақталған қалдықтардан таралған жағымсыз иіс айналадағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бұзып отыр. Осыған байланысты, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай келетін қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын полигондарды қалпына келтіру, құрылысын салу қажет.
Сонымен қатар өңірдің экологиялық проблемасының бірі - Кентау қаласындағы Байылдыр техногенді минералды қалдықтар қоймасы. 2008-2009 жылдары ЮжполиметаллӨК АҚ-ның және Шалқияцинк ЛТД ЖШС-нің өндірістері тоқтауына байланысты, 106,7га бөлігіндегі қалдықтар бетін суландыру тоқтатылған. Желдің соғуынан аталған техногенді-минералды қалдықтар түйіршіктері Кентау қаласы аумағы мен іргелес аумағын ластап, тұрғындар денсаулығына зиянды әсерін тигізуде.
Солтүстік Қазақстан облысы -- республиканың солтүстік қақпасы.
Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы - Петропавлқаласы, 1752 жылы негізі қаланды.
Облыста 13 әкімшілік аудан бар; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Каспийдің қазіргі экологиялық жағдайы
Жайық өзенінің мәселесі
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу
Қазақстан туралы жалпы мәлімет
Апатты аймақтар
Экологиялық қауіпті аудандардағы халықтың денсаулық жағдайы
Қазіргі экологиялық проблемалар
Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
Каспий теңізінің проблемалары
Каспий теңізінің экологиялық құқықтық мәселелері
Пәндер