Темір жолдар мен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық -санитарлық бақылау



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Жануарларды тасымалдауға дайындау
1.1.Жануарларды теміржолмен тасымалдау
1.2. Темір жолдармен тасмалдау кезіндегі ветеринариялық.санитариялық бақылау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезеңде ет өнімін өндіру өндірістерінде технологиялық қайта жабдықталу шаралары, өндірістік процесстерді түгелдей механикаландыру және автоматтандыру, әртүрлі өнімдерді қайталап өңдеуде үздіксіз-тұрақты линиялар құру, миницехтарды көптеп ашу жоғары деңгейде жүргізілуде. Адамзаттың тамақтануында ет өнімдерінің сапалылығы өз бетімен өзекті мәселе бола тұра, оның өндірістегі техникалық санитарлық-гигиеналық ережесімен тығыз байланысты екенін естен шығармау керек.
Өндіріс процессі, тәртібі, жағдайы, тағамдық өнімдер сапасы технологиялық нүсқаулар, мемлекеттік стандарт (МЕСТ) және техникалық шарттармен (ТШ) анықталынады. Ет өнеркәсіп өндірістерінде әртүрлі ассортиментті құнды және бағалы келген ет өнімдерін, тері шикізаттарын, техникалық өнімдер және емдеу препараттарын жасап шығарады. Технологияны, санитарлық талаптарды, жабдықтарды, саймандарды және жүмыс атқару орындарын дамыту әдістерін, жүмысшылардың жеке гигиенасын, технологиялық нүсқау талаптарын сақтауды терең білу-өндіріс жұмыскерлерінің міндеті және сапалы өнім шығару қағидасы.
1. Қ. Ж. Әмірханов «Мал шаруашылық өнімдерін өңдеу технологиясы» Семей 2009 жыл
2.Е.Ш. Шекенов «Мал шаруашылық өнімдері мен шикі заттын өңдеу технологиясы» Астана 2007 жыл
3. Макаров В. А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». Москва 1991
4. Дүйсембаев С.Т, А.Т.Серикова « Ветеринариялық-санитариялық сараптау практикумы» Алматы 2014 жыл
5.А.Б. Бегенова, А.Н.Жұмақаева, Б.С.Майқанов «Шекара және көліктердегі ветеринариялық –санитариялық бақылау» Алматы 2014 жыл
6. Дүйсембаев С.Т «Ветеринариялық-санитариялық сараптау» Алматы 2013 жыл
7. Бутко М.П. Ветеринарная санитария на транспорте. -М.: Агропромиздат, 1988.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Бөж-1

Тақырыбы: Темір жолдар мен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық -санитарлық бақылау

Орындаған:Даулет Н
Тексерген:Сүйелменов Ш.Қ.
Топ:ВС-203

Семей 2015

Жоспар.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Жануарларды тасымалдауға дайындау
1.1.Жануарларды теміржолмен тасымалдау
1.2. Темір жолдармен тасмалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Қазіргі кезеңде ет өнімін өндіру өндірістерінде технологиялық қайта жабдықталу шаралары, өндірістік процесстерді түгелдей механикаландыру және автоматтандыру, әртүрлі өнімдерді қайталап өңдеуде үздіксіз-тұрақты линиялар құру, миницехтарды көптеп ашу жоғары деңгейде жүргізілуде. Адамзаттың тамақтануында ет өнімдерінің сапалылығы өз бетімен өзекті мәселе бола тұра, оның өндірістегі техникалық санитарлық-гигиеналық ережесімен тығыз байланысты екенін естен шығармау керек.
Өндіріс процессі, тәртібі, жағдайы, тағамдық өнімдер сапасы технологиялық нүсқаулар, мемлекеттік стандарт (МЕСТ) және техникалық шарттармен (ТШ) анықталынады. Ет өнеркәсіп өндірістерінде әртүрлі ассортиментті құнды және бағалы келген ет өнімдерін, тері шикізаттарын, техникалық өнімдер және емдеу препараттарын жасап шығарады. Технологияны, санитарлық талаптарды, жабдықтарды, саймандарды және жүмыс атқару орындарын дамыту әдістерін, жүмысшылардың жеке гигиенасын, технологиялық нүсқау талаптарын сақтауды терең білу-өндіріс жұмыскерлерінің міндеті және сапалы өнім шығару қағидасы.

Негізгі бөлім.
1.Жануарларды тасымалдауға дайындау.
Малдарды тасымалдау әр мал тобына арналған тиісті ресми құжаттар дайын болғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Ветеринариялық куәлікті белгіленген тәртіп пен нұсқа бойынша жергілікті малдәрігерлік орын береді. Ауданның бас мал дәрігері бұл құжатты беруге құқы бар адамдарды анықтайды. Олардың аты - жөндері бар ауылшаруашылығы департаменті бекіткен бұйрық транспорттық малдәрігерлік-санитариялық бөлімдерде және ет өңдейтін кәсіпорындарында болуға тиісті. Малдәрігерлік куәлік берілген күннен бастап 3 тәулік бойы және жөнелту орнынан құжатта көрсетілген ет өңдеу кәсіпорындарына дейінгі аралықта ғана күшін сақтайды
Өнім-көлік жолдамасы 3 дана жасалады. Құжаттың бірі- шаруашылықта, ал қалған екеуі жолбасшыға беріледі. Оның біреуі жабық конвертке салынып сыртынан мөр соғылады да, ет өңдейтін кәсіпорнына тапсырылады. Өнім-көлік жолдамасының ірі қара, жылқы, түйе туралы деректерін белгілейтін тұсына әр малдың жеке номері (белгісі), тірідей салмағы, жасы, жынысы, қоңдылығы көрсетіліп, толтырылады. Шошқа, қой және үй қояндарының өнімдері жеке-жеке жазылмай өнім-көлік жолдамасына бір партиядағы, қоңдылық категориялары бірдей жануарлар топтап жазылады.
Тасымалдайтын малдарды өлшеу, оларды азықтандырылып, суарылғаннан соң 3 сағат өткен соң ғана жүргізіледі.Құжатқа малды қабылдап алған жолбасшының, шаруашылық басшысының және бас бухгалтердің қолдары қойылып, елтаңбасы бар мөр соғылады.
Ет кәсіпорындарына малдарды тасымалдау үшін, оларды шаруашылықта алдын - ала арнайы дайындықтан өткізу қажет. Әр топты тасымалдау көлігіне тиелуге тиісті мал басының санына қарай топтайды және оларды кемінде 10-14 күн бойы бөлек күтеді. Азықтандырылуы көлікте берілетін рационға сәйкес болуы керек. Егер шаруашылықта малдарды топқа бөлер алдында олардың жай-күйін, ерекшеліктерін есепке ала отырып, жолдағы, тасымалдау кезіндегі ережелерді сақтаса, малдарды тасымалдау тиімді өтеді. Тасымалданатын малдарды күтетін адамдардың тәжірибесі, біліктілігі мол жұмысшылардан іріктелгені дұрыс.

1.2.Жануарларды теміржолмен тасымалдау.
Малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т.б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жылқы) екі және үш ярусты (ұсақ мал және құстар) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды және ыстық (60-70 градус) сумен жуады. Стансаға әкелінген малдарды темір жол қызметкерлерінің малдәрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдәрігерлік куәлікте көрсетілген мал басын әкелінгең малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса және ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді.
Малды түсіріп - артатын жерге, оларды күннің жарығында, артуға 2 сағат қалғанда әкелінеді. Малдарды қоршауға жайғастырып дем алдырады, 2 сағаттан кейін мал дәрігері қарайды. Ауру, ауруға бейімделген және арық малды вагонға артуға рұқсат берілмейді. Тасу құжаттары болмаса, онда малдар артуға жалпы жіберілмейді.
Малды 2- бөлікті вагонға мынадай есеп бойынша артады: ірі қара мал; ересек-8-12, жас мал 12-14, тірілей салмағы 120 кг бұзаулар 18-20, қой және ешкі 40-50 бас. Салмағы 30-60 кг шошқа 30-40, 60-80 кг 25-30, 80-100кг-22-25, 100-150кг 14-24, 150 кг жоғары 10-14 бас. Жылқылар саны 8 ден аспауы керек. Төрт білікті вагонға артылғанда, жоғары көрсетілген сандар 2 есе көбейеді.Ірі қараны вагондарға екі тәсілмен жайғастырады.
* Ұзыннан
* Көлденеңінен
Ұзындығынан жайғастырғанда - малды екі қатарға қойып, бастарын екі есік арасындағы алаңшаға қаратады. Алаңша жүретін жол болып есептелінеді. Ұзындығынан жайғастыру -малдың шайқалысын азайтып, олардың жараланбауын қамтамасыз етеді және де азықтандыру, суару, қарау жұмыстарын жеңілдетеді. Малдар жаңа жағдайға тез үйреніп жерсінеді, азықты жақсы жеп, олардың қоңдылығы төмендемеуіне әсерін тигізеді. Алайда, бұлай жайғаетырғанда бір вагонға 2 мал кем сияды. Бір вагонға әртүрлі малды артуға болмайды. Сонымен қатар, бір вагонға бір қатарға бұқа мен сиырды, қошқар мен аналық қойды қоюға рұқсат берілмейді. Егерде оларды бір вагонда тасу жағдайы болып қалса, онда бірінен - бірін тақтаймен арасын бөледі.
Көлденең жайғастырғанда малдың басы ұзын қабырғаға қарап тұрады. Қай тәсілмен жайғастырылса да, малдар біртіндеп жатып дем алуын ескерген жөн. Малды азықтандыру үшін жолсеріктер азықты мына есеппен алады: ірі қараның 1кг тірілдей салмағына 4,5 кг пішен, қой және ешкіге 5,5 кг пішен, шошқаға 2,5 кг құрама жем.Орташа алғанда бір рет суару үшін, бір басқа шаққанда ірі қараға 10-15 л, жас малға 8-12 л шошқа, қой және ешкіге 1,5-2 л су керек.
1.2.Темір жолдармен тасмалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау.
Темір жол көлігімен ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың барлық түрлерін (бағалы аңдарды, зертханалық, хайуанаттар бағының жануарларын, теңіз аңдардың, аралады,балықтарды қоса, бұдан әрі құстар) тасымалдауға ұсыну Жөнелтушінің қоса берілген құжаттар деген бағанында көрсете отырып, жүк құжатқа қосымшасымен және ветеринариялық қадағалау саласындағы тиісті уәкелетті органдар берген ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.Вагондап жөнелтілімдермен жануарларды тиеу, түсіру кірме жолдарда жүргізіледі.
Жануарларды тасымалдау алдында ветеринариялық беккеттің вет.инспекторы 2-3 күн бұрын жүк жөңелтуші шаруашылығына барып, келесі шараларды өткізіледі.
* Аймақтақ саулығын
* Құжаттардың дұрыс рәсімделулерін тексереді
* Жануарларды клиникалық қарап,термометрия өткізеді
* Азықтар,төсеніш, суару,жабдықтарын, сапалы болуын тексереді.
* Жолсеріктер мен әңгіме кенес өткізеді
Осы зерттеу нәтижелері бойынша акт толтырылып,жануарларды арту стансанына жөтелтуге рұқсат беріледі.
Жөтелтуші 3-5 күн бұрын жануарларды көліктік азық режиміне көшіреді.Жануарларды экспортқа әзірлеу 3- ай бұрын экспортқа жөнетілетін жануарлар мен құстарды таңдау, ветеринариялық өңделмеу ережелеріне сәйкес өткізіледі.ТМД және алыс шетелдерден келетін жануарлар ҚР жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды импорттау кезіндегі ветеринариялық- санитариялық шаралар туралы нұқсаулыққы сәйкес жүргізіледі, және індеттік аурулармен ауырған, не күдікті жануарларды шет елдерден енгізу, шығару және біздің ел арқылы транзиттеуге қатаң тиым салынады.Жөнетілетін жануарларға №1 ветеринариялық сертификат беріледі.
Қорытынды.
Қорыта айтсам, малдарды теміржолмен тасымалдайды. Яғни малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т.б. саймандар болуы қажет.Малды тасымалдар кезде міндетті түрде акт толтырылуы қажет. Сонымен қатар малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады. Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200 кг-14-22 бас ірі қара мал және жылқыдан 4-5 бас сыйады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Жексенбиев Д.Б. Ветеринарно-санитарный контроль на государственной границе и тарнспорте. Алматы, 2006.
2.Е.Ш. Шекенов Мал шаруашылық өнімдері мен шикі заттын өңдеу технологиясы Астана 2007 жыл
3. Қ. Ж. Әмірханов Мал шаруашылық өнімдерін өңдеу технологиясы Семей 2009 жыл
4. Дүйсембаев С.Т, А.Т.Серикова Ветеринариялық-санитариялық сараптау практикумы Алматы 2014 жыл
5.А.Б. Бегенова, А.Н.Жұмақаева, Б.С.Майқанов Шекара және көліктердегі ветеринариялық - санитариялық бақылау Алматы 2014 жыл
6.Майканов Б.С., Жумакаева А.Н. Ветеринарно-санитарный контроль на государственной границе и транспорте. Астана, 2004, 253 с.
7. Дүйсембаев С.Т Ветеринариялық-санитариялық сараптау Алматы 2013 жыл
8.Увалиев А.И., Аймагамбетова Г.Б., Алибекова С.М. Таможенное оформление товаров и транспортных средств в РК. Алматы, 2001

Бөж-2

Тақырыбы: Басқа көліктермен тасымалдаудың ветеринариялық - санитариялық ерекшеліктері

Жоспар.

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Жануарларды автокөлікпен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
1.1. Әуе көлігімен жабайы жануарларды, құс және бауырымен жорғалаушыларды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық бақылау
1.2. Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі ветеринариялық -санитариялық бақылау
III.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Қазіргі таңда көліктегі қызмет атқаратын мал дәрігер мамандарының міндеті-жануарларды ауырудан сәтсіз шаруашылықтардан шығаруға рұқсат етпеу (ерекше жағдайлардан басқа), тасымалдау кезінде жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескерту, сонымен бірге ет, ет өнімдері және жануар тектес шикізаттарының жолшыбай бұзылыуын болдыртпау, тұрғындарды адамдармен жануарларға ортақ жұқпалы ауырулардан қорғау,тасымалдау кезінде Ветеринария туралы заңының талаптарының әрбір бұзу әрекеттерінің алдын алу, мал шаруашылығы жүктерін тасымалдау үшін пайдалынатын вагон, кеме, автокөлік және ұшақтарды дизенфекциялау жұмыстарын қадағалауды қамтамасыз қажет.
Республиканың көлік жүйесінде халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың сақталуы
Жануарларды тасымалдау шарттары
Жануарлар ауруларының қоздырғыштары
Көліктерді ветеринарлық - санитарлық өңдеу
Автокөлікке ветеринариялық-санитариялық бақылау
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Теміржол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Пәндер