Эстетикалық, әдеби ой- пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат



1. Эстетикалық, әдеби ой. пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері
2. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
3. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар
4. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
1.Эстетикалық әдеби ой-пікірлердің туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, ежелгі Мысырдағы “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі”, байырғы Вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 — 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның “сәбилик” филос-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 — 322 ж.) “Поэтикасына” келіп ұласады. Ал “Поэтика” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философия-эстетика трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айырықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында — ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср Әл-Фарабиәл-Фарабидің (870 — 950)
Рымғали Нұрғали «Әдебиет теориясы» (5 том)
Google.kz

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1. Эстетикалық, әдеби ой- пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері
2. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
3. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар
4. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері

Орындаған:Қажыбекова Н
Тексерген:Құрмамбаева Қ

2015жыл
1. Эстетикалық, әдеби ой- пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері
2. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
3. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар
4. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
1.Эстетикалық әдеби ой-пікірлердің туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың "Ән кітабы", "Құбылу кітабы", ежелгі Мысырдағы "Ағалы-інілі екеу туралы ертегі", байырғы Вавилон жұртының "Көрмегені жоқ кісі туралы" дастаны немесе көне үнді халқының "Ригведа", "Махабхарата", "Рамаяна" жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 -- 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның "сәбилик" филос-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 -- 322 ж.) "Поэтикасына" келіп ұласады. Ал "Поэтика" -- күллі көркемөнер туралы тұңғыш философия-эстетика трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айырықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында -- ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср Әл-Фарабиәл-Фарабидің (870 -- 950)
әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі -- адам таң қалғандай ғажайып құбылыс. әл-Фараби -- дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның "Музыканың ұлы кітабы", "Поэзия канондары" т.б. зерттеулері -- бүкіл дүние жүзінде эстетикаға қосылған айтулы үлес. әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында Аристотельдің "Поэтикасын" талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра оны егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды; поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б. осылар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді. Мәселен, "[[Комедия -- деп түсіндіреді ол, -- арнаулы өлшемі бар поэтикалық жанр. Комедияда әр алуан әрсіз әрекеттер баяндалады, келеңсіз кісілер, олардың кесірлі қылықтары мен кеспірсіз мінездері сықақ етіледі]]" (әл-Фараби, "Логикалық трактаттар", А., 1975, 535 бет). Бұл кәдімгідей қалыптасқан, көп ретте дәл және тұрлаулы теор. тұжырым. Батыс Еуропадағы әдеби-эстетикалық ілімнің әбден жетіліп, ғылым мен өнердің дүр сілкінген, дүрілдей дамыған тұсы -- қайта өркендеу (ренессанс) дәуірі екенін Италия суретшісі Леонардо да Винчи, француз философы Рене Декарт, эстетигі Никола Буало, ағартушысы Дени Дидро еңбектерінен көріп-білуге болады. Бұлардың қай-қайсысы болсын, шын ғылым, шыншыл өнер жолында ортағасырлық схоластикаға қарсы нағыз алыптарша алысқан өнерлілер мен білімділер. Осыдан былай қарай неміс ағартушылары Готхолд Лессинг пен Иоганн Гердер әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең алаңға -- қалың бұқара арасына алып шықты. Әдебиеттанудың ендігі дамуы Иммануил Канттың эстетикасына, одан әрі дүниенің түп діңгегі -- абс. идея, абс. рух деп білген Гегельдің атышулы тридасына барып тіреледі. Ресейдегі эстетикалық байыптаулардың басын сөз өнерін зерттеушілер сонау 10 ғасырдағы библиографиялық жазбалардан іздеп, кейінгі риторикалар мен пинтикаларға көшіп жүр. Бірақ біз бұл жерде бұл мәселені мұншалық егжей-тегжейлі тексеріп жатпай-ақ, әдебиет пен өнерді шын мәніндегі сипаты тұрғысынан уағыздап, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теор. жағынан айта қалғандай жарқырата ашқан орыс демократтары В.Г. Белинскийдің, А.И. Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, Д.Н.Писаревтің есімдерін атап өтеміз. Өйткені олардың эстет. ой-пікірлері тек орыс қоғамында ғана емес, бүкіл дүн. жүз. парасат әлеміндегі бір биік болып табылады. Қазақ топырағындағы төлтума қоғамдық ой, оның ішінде эстет. пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Ш. Уәлихановтың, атақты ағартушысы Ы. Алтынсариннің, ұлы ақыны А. Құнанбаевтың алатын орындары айырықша. "Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан" (Веселовский) Ш. Уәлихановтың сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектерін ауыз әдебиетін жинау және жинаған нұсқаларын өзінше парықтау деп екі салаға бөлуге болады. Бұл ретте, Шоқанның өзі "дала Илиадасы" деп бағалаған әйгілі қырғыз эпосы "Манастың" бір тарауын тұңғыш жазып алуы, өз халқының ұлаңғайыр өлең-жырларын ел аузынан іздеп-тауып, талдап-тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келе қазақ поэзиясы -- саф таза сұлу поэзия екенін, қазақ тілі араб тіліндей бояма, күлді-балам емес, татаусыз төгілген тұнық, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі -- соншалық байсалды, парасатты, ғылым тұрғысынан әбден піскен, кәмелетті пікір. Нәтижесінде оның поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың көркем тарихы, халық тағдырының сырлы шежіресі ретінде пайымдап, сол арқылы сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгілеуі, сондай-ақ қазақ өлеңін бес түрге бөліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме әрі сипаттама беруі -- әдебиет теориясына қатысты толғамдар. Қазақтың болашақ Ә-ының алғашқы кірпішін Ш.Уәлиханов осылай қалаған еді. Ал Ы.Алтынсаринның әдебиет туралы ғылымға қосқан үлесі жұртқа мәлім ағартушылық еңбектерімен сабақтас. Осы бағытта ол қазақтың әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ақындардың ақыны А.Құнанбаев өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін ғыл. трактат жазып қалдырған зерттеуші де, сыншы да емес. Десе де нағыз реалистік поэзияның үлгісін көркеткен шыншыл ақынның, ғасырлар бойғы қазақ өлеңінің игі дәстүрін тың өріске, соны сатыға көтерген жаңашыл ақынның тамаша шығармашылық принциптері, сөз өнері хақындағы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларының өнбойында желі тартып жатыр. Сонымен, сайып келгенде, қазақ топырағындағы әр түста әр сипатта көрініс тапқан қоғамдық-эстетик. ой-пікірлердің шын мәніндегі жүйелі әдеби ғылымға айналуы -- Абайға дейін емес, Абайдан кейін болған процесс. 1905 жылы Ә. Бөкейханов жазып, жариялаған "Абай (Ибрагим) Құнанбаев" деген азанама -- Абайтанудың басы. Байтұрсыновтың 1913 жылғы "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы -- соның жалғасы. Осыдан былай қарай Абай туралы (дұрысы бар, бұрысы бар) пікір айтпаған, еңбек жазбаған, шығармашылық айтыс-тартысқа араласпаған әдебиетшілер кем де кем. Солардың дәл ортасында талмай еңбектеніп, жан-жақты зерттеп, ақыр-аяғында атақты монографиясы -- "Абай (Ибраһим) Құнанбаев" арқылы Абайтану мектебін қалыптастырып тынған Мұхтар Омарханұлы Әуезов болды. Осылай туып, дамыған қазақтың әдебиет туралы ғылымының бүгінде барлық саласы түгел, тұтас: А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқышынан" бастау алып, Қ. Жұмалиевтің "Әдебиет теориясына" жалғасқан, одан З. Қабдоловтың "Сөз өнеріне" (әдебиет теориясының негіздеріне) келіп ұласқан қисын саласы; Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің "Әдебиет тарихынан" басталып, Сәкен Сейфуллиннің "Қазақ әдебиетінен", Сәбит Мұқанұлы Мұқановтың "XX ғасырдағы қазақ әдебиетінен" әрі қарай өрбіп, Ә. Марғұланның, Б. Кенжебаевтің, Қоңыратбаевтың, Т. Нұртазиннің, Мәлік Ғабдуллиннің, Х. Сүйіншәлиевтің, М. Сильченконың, Р. Бердібаевтің, М. Базарбаевтың, З. Ахметовтің, С. Қирабаевтың, Х. Әдібаевтің, Ш. Сәтбаеваның, Н. Ғабдуллиннің, Р. Нұрғалиевтің т.б. оқулықтары мен монографиялары -- әдебиет тарихы; Жүсіпбек Аймауытовтың "Мағжанның ақындығы" секілді үздік үлгісі бар әдеби сын Е. Ысмайыловтың, Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаевтың, А. Нұрқатовтың, Т. Кәкішевтің, Ш. Елеукеновтың, З. Серікқалиевтің т.б. сын-зерттеулеріне дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік әдеби сынның эстетикасы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің тууы, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Эстетикалық әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Әдеби сын жанрындағы сыншылдық көзқарастар мен сынның жанрлық формасы
Пәндер