Орхон-енисей жазуының зерттелуі



1. Орхон.Енисей жазуы
2. Орхон.Енисей жазуының зерттелуі
3. Күлтегін ескерткіші
Ғылыми әдебиеттерде Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды. Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.
Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,
Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
1. Ғ.Айдаров. «Күлтегiн ескерткiшi». Алматы. 1996, 13-б., 177-б.
2. «Қазақ СССР тарихы» I том 450-458 бет.
3. Аманжолов. «Түркi халықтарының тарихы». I том, 177-б
4. М. Кемел. «Даналық дәрiстерi», «Күлтегiн-тоныкөк». 55-б
5. Тiлеген Садықов «Күлтегiн кұдiретi»// Егемен Қазақстан. 2004, 18 наурыз. 5-б
6. С. Бақытжанов. «Күлтегiнмен келген кие»// Егемен Қазақстан. 2001, жыл 19 мамыр. 4-б
7. Ислам Қабышұґлы «Халқымыздың өркениетке қосқан асыл мурасы»// Егемен Қазақстан. 2004, 20 наурыз. 4-б

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Орхон-Енисей жазуының зерттелуі

Орындаған: Тоқсанова А.Қ.
Тобы: КЯ-409 с
Тексерген: Жундибаева А.Қ.

Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:
1. Орхон-Енисей жазуы
2. Орхон-Енисей жазуының зерттелуі
3. Күлтегін ескерткіші
Ғылыми әдебиеттерде Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды. Орхон-Енисей жазбалары -- көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.
Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,
Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері тәңірі және түрік деген сөздер екен.Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін Көк түріктердің өздері туралы жазған шежіресі деп біледі.Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. Күлтегін және Тоныкөк жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. Күлтегін жырының басты идеясы - Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. Күлтегін жырының авторы - Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде Тоныкөк жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі - руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды. Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі - Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде Күлтегін және Тоныкөк жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.

2 Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде рунь, яғни руна деген сөз казақша аударғанда сыры ашылмаған, құпия деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті.
Орыс География қоғамының Шығыс Сібір бөлімі 1889 жылы Монголия арнайы экспедиция ұйымдастырды.
Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.
Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.
Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.
Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері тәңірі және түрік деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты.
Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзені бойынан Н. М. Ядринцев тапқан ескерткіштер Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған (алғашқы аты Могилянь) мен қағанның інісі, даңқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді.Сөйтіп, руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе Орхон -Енисей жазуы деп атап кетті. Бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді.Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н. М. Ядринцев көне түркі ескерткіштерін іздестіруді осымен шектеп қойған жоқ. Тағы да іздене түсті. Ақыры 1891 жылы Монғолияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлпытасқа бедерлеп жазылған ескерткіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда Онгин ескерткіші деп аталып кетті. Көп ұзамай-ақ түрколог ғалымдар Онгин жәдігерлігін де оқып шықты. Сөйтсе, әлгі тастағы жазу түрік елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қатынннғна қойылған ескерткіштер екен.Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзеңі аңғарынан түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған, данышпан қарт Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы-інілі Клеменцтер еді. Іле-шала түркологтар Тоныкөк ескерткішін жан-жакты зерттей бастады.Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма іс жасау және ғылыми мәтінін дайындау ісіне В. В. Радлов, В. В. Томсен, Ю. Немет, X. Н. Оркун, т. б. орыс және еуропа ғалымдары қыруар молл үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С. Е. Маловтың бұл саладағы еңбегі ерекше зор болды. Ол көне түркі жазуындағы мәтіндердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударады. С. Е. Малов бірқатар аудармаларға едәуір түзетулер еңгізді.Орхон - Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон - Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам - Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен.1697 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезовтың Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте талас бойындағы Орхон тасы жер атап көрсетілді. Көне түркі жазба нұсқауларын зертеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді Ал Орхон - енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі сібірде 13 жыл айдада болған швед офицері Ф.И. Табберт - Страленбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 Европа мен азияның солтүстік және шығыс бөлімдері атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты аралаған Д.Е.Мессершмидтің күнделік жазбаларында да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы деректер келтірілген.Қазіргі орта Азия, Қазақстан, сібір жерлерін аралаған жиһангер Совет заманында өзгерген өңірдің салтанатты, әсем қалаларын, зәулім заводтарын, алып фабрикаларын қызықтап - тамашалары сөзсіз. Сонымен бірге өлкелереден қол қусырып мүлгіген жансыз, меңіреу балбал тастарға да, опат соғыстардан қирап жер астына түскен ескі қалалардың жал-жал көмескі қорғандарына да, сол бір жойқын бүліншіліктерге төтеп берген сәулет өнерінің не бір ғажап ескерткіштеріне де кз тоқтатып, тарих түбіне ой жіеріп өтері де ақиқат. Бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас - орхон ескерткіштері (VIIIғ.) жайында, Білге қағанға, Күлтегінге, тоныкөкке арналған құлпытастағы жазулар жайында.
Онда VIIIғасырдың іргелі мемелкеті - Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суретеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері хандар, бектер, болғанмен, біз олардан неше түрлі қанау-тонауды көрген, азап-мехнат шеккен бұқара халықтың аянышты өмірін суретеу талабын да анық көреміз.
Орхон жазбаларын кейбір зертеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біразы оларды тарихи ерлік жыры деп тануда.
Енисей, Орхон және Талас жазба ескерткіштерінің тілі туралы сөз қоздырудан бұрын, онда қолданылған әліпби жайында айта кеткен орынды. Түркі тілдері тарихындағы ең алғашқы әліпби осы жазулар әліпбиі болып есептеленідеі. Енисей, Орхон және Талас жазуларының тарихи тамыры мен оның таралу жолдары жөнінде күні бүгінгіге дейін бірізділік жоқ. Орхон - Енисей әліпбиінің шығуы, түп - төркіні жөнінде түрколог ғалымдар арасында бірталай талас пікірлер бар. В.Томсон, В.Радлов., С.П.Толстов., П.Мелиоронский, С.Доннер, Е.Блоше Орхон-Енисей жазуының әріптерін арамей жазуынан тараған деп қарайды. Онда ол араб жазуымен негіздес болып шығады. Ғалымдардың айтуынша, арамей әріптері көне еврей, сирия әліпбиімен бірге финикия жазуының негізінде пайда болған. Осыған орай, В.Радлов, С.В.Киселев және И.А.Батманов жазуды шығыстан емес, батыстан келген болуы керек деп топшыласа; тарихшы С.Г.Кляшторный бұл әліпбидің Орта Азияға арамей әліпбиін қолданған иран тілді батыс көршілердің ауысуы ықтималдығын айтады.
П.М.Мелиорионский енисей және талас жазулары таңбалар негізінде пайда болды деген пікірді сынай отырса да, көне түркі таңбалары осы жазу үлгілерінің негізі болуы мүмкіндігін мүлде теріске шығармайды.
Г.Вамбери Орхон- енисей әліпбиінің ерекшеліктреі жөнінде айта келіп: Бұл әліпби ықшамды емес, сондықтан VI-VIII ғасырлардағы түркі тайпалары емес, -- деп қарады.
П.Мелиоранский болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері
Орхон - Енисей ескерткіштері
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Көне түркі жазуы туралы
Көне Түркі жазулары
Түркілердің руна жазуы. Көнетүркі жазба ескерткіштерінің таралуы мен зерттелуі
Көнетүркі жазба ескерткіштерінің таралуы мен зерттелуі
Пәндер