Техногенді сипатты төтенше жағдайлар,олардың түрлері табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Ғылым жіне Білім министірлігі
Шәкәрім атындагы Семей мемлекеттік университеті.
СӨЖ
Тақырыбы: Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы.
Орындаған: Токенов А. С
Тексерген: Нуржуманова Ж. М
Семей 2015ж
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару, өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады.
Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т. б. апаттар жатады
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді.
Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.
Өрттер
Өрт деп
адамдардың денсаулығына және өмірі үшін қауіп төндіретін
материальды шығындар әкелетін жанудың басқарылмайтын процесі.
Әрбір 5 секунд сайын біздің ғаламшарда өрт тіркеледі, оларда жылына 5, 5 млн жуыққа өрттер тіркеледі. Жыл сайын әлемде өрттің себебінен орта есеппен 85 мың адам қайтыс болады. Олардың әсерінен туындайтын өрттердің және шығындардың саны жыл сайын көбею үстінде .
Ресейде жылына 300 мыңға жуық өрт тіркеледі, онда 20 мың адам қайтыс болады, соның ішінде ресейліктер (2005 жылы 18194 адам қайтыс болды) . Біздің елде өрттен туындаған материальды шығындар жылына миллиард рубль құрайды. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда өрт бойынша шығындар Ресейде ең жоғары орында болып табылады - олар АҚШ қа қарағанда 3 есе көп, Жапониямен салыстырғанда 3, 5 есе көп және Ұлыбританияда көрсеткішінен 4, 5 есе көп болады.
Өрттердің, материальды шығындардың, адамдардың қайтыс болу санының артуы техниканың және технологияның қарқынды дамуы, өнеркәсіптің концентрациясы, жаңа өртке қауіпті материалдарды жасау, өртті өшірудің бірінші құралдарының жеткілікті мөлшерде болмауы, өрттер туралы профилактика және ескерту бойынша халықты әрекеттерге дайындаудың төмендігі, өрттерді ескерту, өрт кезінде өртті сөндіру дағдылардың және қауіпсіз әрекеттердің болмауы.
Өрттер келесідей түрлерге : күнделікті заттар (үй, бөлім, гараж, қосалқы үй) ;
өнеркәсіптік
(цех, қойма, мекеме, транспорттық құралдар ) Жанғыш материалдардың саны және сапасы, алып жатқан алқабы, жану уақыты, келтірілген шығындар және салдары бойынша барлық өрттер бес балдық шкала бойынша бағаланады. Ең күшті өрттерге жоғарғы 5-ші категория беріледі. Жану үшін келесілер болуы тиіс: жанғыш заттар, тотықтырғыштар, тұтандыру көзі .
Жанғыш деп
тұтандыру көзін өшірген соң да жана беретін мынадай заттарды
және материалдарды айтамыз .
Тотықтырғыш
көп жағдайда ауаның оттегісі, бірақ оның орнына хлор, фтор, бром, йод, азот оксидтері және басқалар қолданылуы мүмкін . Көптеген заттардың жануы ауаның оттегісі 21 ден 14 - 18% ге төмендеген кезде тоқтайды.
Тұтандыру көзіне
кездейсоқ жалындарды, қыздырылған денелерді, ашық жалынды, жандыруды жатқызамыз .
Өрттің құраушы факторларына мыналар жатады : от (жалын), түтін, шоқ, қара күйе .
Өрттердің туындауының
себептері
:
Отты ұқыпсыз қолдану ;
Газдық және электрлік құрылғылармен, пешпен жылытумен жұмыс істеген кезде техникалық қауіпсіздік талаптарын бұзу;
электрлік газбен пісіру және жалындық жұмыстар жүргізу ережелерін бұзу:
кездейсоқ немесе қасақана өртеу;
найзағайдың соғысы ;
өздігінен жану .
Өртті туындататын факторлар :
таралушы жалындар ;
жылулық шағылыстыру, қоршаған ортаның және заттардың жоғары температурасы ;
түтін ;
өрт аймағында ауа құрамындағы оттегінің төмендігі;
жанудың уландырғыш өнімдері (көгеретін қышқыл, көміртек тотығы, фосген) ;
жарылудың потенциальды мүмкіндігі ;
адамдардың үрейі, психологиялық жүктеме, қатты ширығу .
; табиғи (орман, алқап, шөп, қоға, шым тезек) болып бөлінеді.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
ҚР «Табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының негізгі ұғымдарына сәйкес
табиги сипаттағы төтенше жағдайларды
жер сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны және басқа да зілзалалар табиғи өрттер, індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін.
Басқаша айтқанда,
мұндай жағдай табиғи сипаттағы
төтенше жағдайлардың ошақтарының
белгілі бір аймақта пайда болуына әкеліп соғатын үрдістер немесе қауіпті табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады.
Табиғи
сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының
зақымдаушы факторлар
- бұл физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерімен немесе байқалуларымен сипатталатын, табиғи төтенше жағдайлар ошақтарынан пайда болған сәйкес шамалармен көрінетін немесе анықталатын қауіпті табиғи құбылыстар немесе үрдістер құрамасы.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының
зақымдаушы әсері
- бұл адамдардың өміріне және денсаулығына, ауыл шаруашылық малдары мен өсімдіктеріне, экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи ортаға төтенше жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері.
Қауіпті табиғи құбылыстарға өзінің қарқындылығымен, таралу ауқымымен және ұзақтығымен адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін табиғи үрдістердің әрекеттерінің нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.
Дүлей зілзала -
бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы -
төтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:
- геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер (эндогенді:жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы; экзогенді:үгінділер, сырғымалар, сел) ;
- гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
- метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
- табиғи өрттер;
- эпидемиялар және эпизоотиялар;
- ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы мензиянкестермен зақымдануы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz