Вирустардың жіктелуі. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары



Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан –кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.
У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Ғылым және Білім Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Вирустардың жіктелуі . Олардың номенклатурасы.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары.

Орындаған: Дулатов К.Д.
Тексерген: Омарбеков.Е.О

2015ж.
Вирус (лат. vīrus - у) - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.
У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі - басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал құйрығының ұзындығы 20-22 нм-ге тең. Құйрығының ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д'Эрелль (Ф. д'Эрелль) байқаған.
2. Вирустар туралы ғылым - вирусология деп аталады. Ол вирустардың қасиеттерін, ерекшеліктерін, пайда болуы мен дамуын, көбеюін, физикалық құрылысы мен химиялық құрамын және т.б. егжей-тегжейлі оқытады. Вирусология тарихын 3 кезеңге бөлуге болады:
І - кезең - бүкіл өткен өмірден 1892 жылға дейін;
ІІ - кезең - вирусология ғылымының 1892 жылдан 1950 жылға дейінгі қалыптасу кезеңі;
ІІІ - кезең - 1950 жылдан басталады. Бұл кезеңде вирусологияда электрондық микроскоп, клеткаларды өсіру, ультрацентрифуга, рентген - құрылымдық анализ, т.б. қолданыла бастады.
Вирустар жануарлардың, өсімдіктердің, жәндіктердің, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың, қарапайымдылардың және басқа да тірі организмдердің олигатты клетка ішіндік паразиті. Бұлар өмірдің клеткасыз, бірақ өзіндік геномы арқылы тек тірі клеткаларда көбею қасиеті бар түрі.
Вирустарды ең алғашқы рет 1892 жылы орыс ғалымы Д.И.Ивановский ашты. Ол өзінің студент кезінде Украина мен Белоруссия жерінде темекі өсімдіктерінің ауруын зерттеумен шұғылданды. Себебі ол аурудың зардабы өте үлкен шығын әкелетін. Темекі өсімдігін зерттеуге сол кезде көп ғалымдар атсалысқан. Оған Мейердің 1886 жылғы еңбектері мысал бола алады. Ивановский досы Половцев екеуі ауруға ұшыраған темекі өсімдігінің жапырақтарын ұнтақтап, оның сөлін сау жапырақтарға жаққан кезде, сау жапырақтар да ауруға ұшыраған. Осы ауру жапырақтардың сқлін сүзгіден өткізіп, ауру қоздыратын нәрсенің бактериядан ұсақ екенін дәлелдеді. Ең негізгісі - осы сөлдің ауру қоздыратын қасиеті анықталды.
Вирустардың тұқымдастығы: Вирустар тұқымдастығының аты viridae деп аяқталады. Тұқымдастықтың өзі туыстан тұрады және оның мүшелерінің антигендің қасиеті, морфологиясы, сондай - ақ нуклеин қышқылының түрі бірдей болып келеді. Вирустардың тұқымдастықтар тармағы: Вирустардың тұқымдастықтар тармағының аттары virinaeдеген жалғаумен аяқталады.
Вирустардың туыстықтары. Вирустар туыстықтарының аты virus деп аяқталады.
Туыстық - дегеніміз физикалық, химиялық және серологиялық қасиеттері бірдей бір топ вирустар.
Вирустардың түрлері. Қазіргі кезде барлық дерлік вирустардың түрлері белгілі емес. Тек қана аденовирустартұқымдастығының түрлері белгілі және түрлер вирустардың иммунологиялық қасиетіне негізделген. Ал вирустардың иммунологиялық қасиеті бейтараптандырушы антиденелер арқылы анықталады, иммунды қан сарысуы ғана анықтайды.
Қазіргі кезде вирус тұқымдастығының саны 55 - тен артық. Вирустардың көпшілігі әлі бір жүйеге келіп реттелген жоқ.адамдар мен жануарлар вирустары 19 топшаға бөлінеді. Олардың жетеуі ДНК - ды, ол екісі РНК - ды вирустар.
ДНҚ-ы бар 7 тұқымдастығы белгілі;Олар:
1. Рохvігіdае тұқымдасы (ағылшынның рох- жара деген сөзінен алынған) поксвирустар.
2. Негрesviridае тұқымдасы (гректің hегро еңбектеу, таралу деген сөзінен)герпесвирустар.
3. Нераdnaviridae тұқымдасы. Бұл топқа жататын вирустар: адамның бауыр ауруының В вирусы орман суырының вирусы жерде жүретін тиынның, үйректің бауыр ауруының вирустары.
4. Ігіdoviridае тұқымдасына иридовирустар жатады.
5. Аdепoviridае тұқымдасына (гректің adeno- без деген сөзінен шыққан)аденовирустары жатады.
6. Рароvaviridае тұқымдасы- паповавирустар.
7. Раrvoviridае тұқымдасы (латынның рагvиs- кішкене деген сөзінен алынған).
РНҚ- ды вирустар- бұл бір үлкен топтан тұратын вирустар.
1. Пикорнавирустар- Рісогпаvігіdае (латынның рісо- өте кішкене, гnа- РНҚ
2. Калицивирустар- Саliciviridае (латынның- саlіх- чаша- ойықша деген сөзінен алынған)
3. Тогавирустар- Тоgavirіdае (латынның togа- плащ деген- сөзінен алынған)
4. Бирнавирустар- Вігпаviridae тұқымдасына жаңадан белгілі болған РНҚ бар вирустар жатады.
5. Коронавирустар- Согопaviridае (лат. согопа- тәж деген сөзінен алынған)
6. Парамиксовирустар- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат
Вирустар туралы мәлімет
Вирустардың жіктелу принциптері және олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және кқбею сатылары
Вирустар туралы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері
Вирустардың жіктелі принциптері.Олардың номенклатурасы.Вирустардың көбеюінін биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері,олардың наменклатурасы
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы мәлімет
Вирустардың жіктелуі принциптері. Олардың номенклатурасы
Пәндер