Технологиялық процестерді автоматты басқару жүйесінің құрамы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Автоматтандыру және электротехника кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: ТП АБЖ жүйесінің құрамы
Орындаған: Төлеубаева Ж. Т
Тобы: АУ-209
Тексерген: Қожахметова Д. О.
СЕМЕЙ 2015
ТП АБЖ құрылғыларын пайдалануға енгізер алдын мамандандырылған ұйым реттеу жұмыстарын орындау кезінде жұмыстарды өндіруші кестелерді, графиктерді және ТП АБЖ құрылғыларын реттеу және іске қосу бойынша орнатылған және нақты алынған деректерді көрсететін басқа материалдарды, реттеу кезінде енгізілген өзгерістердің сипаттамасы мен сызбаларын, сондай-ақ мынадай құжаттарды қамтитын, реттеу жұмыстары туралы техникалық есепті ұсынуға тиіс:
- реттеу нәтижелері бойынша түзетілген атқарушы құжаттама;
- зауыт құжаттамасы, пайдалану нұсқаулықтары және жабдық пен аппаратура паспорттары;
- реттеу және сынау хаттамалары;
- ТП АБЖ пайдалану бойынша қызмет көрсетуші персонал үшін өндірістік нұсқаулықтар.
Орындалған реттеу жұмыстарын қабылдау және пайдалануға енгізу үшін рұқсат орнатылған тәртіппен ресімделеді.
Кәсіпорында ТП АБЖ құрылғыларына қызмет көрсету бойынша арнайы оқытылған персонал болмаған жағдайда (оны даярлағанша), реттеу жұмыстарын қабылдауға ТП АБЖ құрылғыларына қызмет көрсететін ұйымның маманы қатысуға тиіс.
Реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және жеке сыналғаннан кейін кемінде 72 сағат бойы технологиялық жабдықпен бірге ТП АБЖ кешенді сынау жүргізілуі тиіс.
ТП АБЖ құрылғылары орнатылған кәсіпорын өкілінің талабы бойынша ТП АБЖ құрылғыларын монтаждауды және іске қосуды жүзеге асыратын ұйымдар технологиялық жабдықтың жұмысымен бірге ТП АБЖ кешенді сынауға қатысады.
ТП АБЖ құрылғыларына қызмет көрсету мен жөндеуді іске асыратын персонал ТП АБЖ тікелей әрекеттесетін технологиялық жабдықтың құрылғысын білуге тиіс.
Пайдаланудағы ТП АБЖ құрылғылары, функционалдық тағайындалуы бойынша жұмыс істемейтін технологиялық жабдық кезінде ажыратылуы мүмкін құрылғыларын қоспағанда, үнемі жұмысқа қосылуы тиіс.
ТП АБЖ құрылғыларын пайдалану кезінде жұмыс істеп тұрған объектілердегі апаттық және ескертуші сигнал беру жүйесінің құрылғыларын электрмен қоректендіруді үнемі бақылау керек.
Пайдалану ұйымының АДҚ қарамағындағы ТП АБЖ құрылғыларын қосу және ажырату эксплуатациялық журналға міндетті жазумен, тек оның рұқсатымен ғана жүргізіледі.
ТП АБЖ құрылғыларына бөтен адамдардың қол жеткізу мүмкіндігіне жол бермеу үшін олар нық жабылып, пломба салынуы тиіс, бұл жөнінде эксплуатациялық журналда тиісті жазу жазылған болу керек (пломбалардың сақталуын кезекшілікті қабылдау және тапсыру кезінде жедел персонал тексереді) .
Құрылғыны ашуды қызмет көрсететін персонал не эксплуатациялық журналда міндетті жазумен жедел-диспетчерлік персонал жүргізуі тиіс.
ТП АБЖ қалқандарының, панельдері мен пульттерінің оларға қол жеткізу жағынан бірыңғай диспетчерлік атауларға сәйкес олардың тағайындалуын көрсететін, жақсы көрінетін жазбалары, ал оларда орнатылған аппаратураның - кестелерге сәйкес жазулары не таңбалары болуы тиіс.
Қысқыш қатарларына, сондай-ақ құрылғылар мен аспаптардың қысқыштарына қосылған өткізгіштердің кестелерге сәйкес таңбалануы болуға тиіс.
Бақылау кабельдерінің ұштарында, кабельдер ағымының таралуы мен қиылысуы орындарында, қабырғалар мен төбе арқылы өту кезінде, сондай-ақ 50 - 70 м арқылы трасса бойынша таңбалануы болу керек. Кабельдердің бос тарамының ұштары оқшауланған болу керек.
ТП АБЖ құрылғылары орнатылған объектілерде:
- клеммниктердің таңбалары, электр желісінің енгізбелері, кабельдік өткізгіштер, байланыс желі мен жерге қосылғыштар белгіленумен құрылғылардың түбегейлі бірлескен және монтаждық кестелері;
- технологиялық құбыр жолдарына енгізу, тығын арматурасының орналасу және басқару органдарынан бастап құрылғылардың сыртқы жалғаулары мен импульстік өткізгіштер белгіленумен объектілерде жабдықты орналастырудың монтаждық кестесі (кестеде технологиялық жабдық жұмысының түрлі режимдеріне сәйкес келетін, олардың күйлері көрсетілуі тиіс) .
Пайдаланушы ұйымның АДҚ ТП АБЖ құралдарымен жабдықталған диспетчерлік пунктінде:
- ТП АБЖ құрылғылары орналастырылған объектілерді көрсетумен ТП АБЖ құрылғыларының құрылымдық кестесі және байланыс желілерін ұйымдастыру кестесі;
- клеммниктерді, электр желісінің енгізбелерін, байланыс желілері мен жерге қосылғыштарды белгіленуімен диспетчерлік пунктте орнатылған ТП АБЖ құралдарының түбегейлі кестесі;
- сыртқы жалғауларды, кабель таралымдарын, электр өткізгіштерін, клеммниктерді, енгізу-коммутациялық аппаратураны, жұмыстың түрлі режимдері кезінде олардың жағдайларының белгіленуімен диспетчерлік пунктте құрылғыларды орналастырудың монтаждық кестесі;
- ТП АБЖ бүкіл кешенінің техникалық құжаттамасының жиынтығы;
- пайдалану құжаттамасының жиынтығы (эксплуатациялық журнал, кемшіліктер мен ақаулықтар журналы, техникалық қызмет көрсету кестесі, реттеу және жөндеу жұмыстарының кестесі, кабельдік журнал, жабдық пен аспаптардың паспорттары) болуға тиіс.
ТП АБЖ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету жоспарлы тексерулерді жүргізу арқылы іске асырылады.
Толық жоспарлы тексерулер 3 жылда кемінде 1 рет мынадай көлемде жүргізілуі тиіс (егер ТП АБЖ жабдығы мен құрылғыларын өндіруші зауыттардың нұсқаулықтары одан әрі жиі тексеруді талап етпесе) :
- оқшаулауды сынау;
- аппаратураның жай-күйін және коммутациялық бөліктерді қарау;
- негізгі жұмыс көрсеткіштерін тексеру;
- құрылғыларды іске қосып сынау.
Ішінара тексерулер жергілікті жағдай мен пайдаланушы ұйымның техникалық мүмкіндіктері ескеріле отырып, құрастырылған және ГТҰ техникалық басшылығы орнатылған тәртіппен бекітілетін кесте бойынша 3 айда кемінде 1 рет мынадай көлемде жүргізілуі тиіс:
- оқшаулау кедергісін өлшеу;
- аппаратураның жай-күйін және қайталама тізбекті қарау;
- құрылғыларды іске қосып сынау.
Ішінара жоспарлы тексерулердің мерзімділігі ТП АБЖ құралдарын пайдалану тәжірибесіне негізделіп, ұйымның техникалық басшылығының шешімі бойынша тексеру арасындағы арақашықтықты арттыру жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Жоспардан тыс тексерулер жөндеудің барлық түрлерінен кейін, сондай-ақ жеке құрылғылардың ақаулықтары не
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz