Мысық тұқымдастар



Мысық тұқымдастар етқоректі жыртқыштар тобына жатады. Бұл топқа үй мысықтары, жабайы мысықтар, арыстан, жолбарыс, сілеусін, қабылан, теңбілше, ілбісін және тағы басқалар жатады. Олар жемтігіне білдірмей жақындап, бас салады. Мысық тұқымдастар сопақша келген ұзарған денесімен және өткір де қатты тырнақтарымен ерекшеленеді.
Мысықтар тұқымдасының барлығы суда тамаша жүзеді, бірақ суға түспейді. Қабыландар ағашқа жақсы өрмелейді. Мысықтардың терісінің әдемілігі адамдардың қызығушылығын тудыруда. Олардың ноқаттары немесе жолақтары болады. Терісі үшін заңсыз аулау мысықтардың сиреуіне әкелді. Олар мұз басқан таулардан ылғал тропиктік джунглилерге, қапырық шөлдерге дейінгі аралықтағы түрлі орталарда мекендей алады. Үй мысықтары бүкіл дүниежүзінде бар. Ал жабайы мысықтар тек таңдаулы жерлерде ғана өмір сүреді. Мына қызықты дерекке қараңыздар, мысықтың құлақтары бір-біріне тәуелсіз: біреуі алға қарай, ал екіншісі артқа қарай қозғала береді. Мысықтар ультрадыбыстарды да ести алады.
Мысық тұқымдастарының 8 түрі Қазақстанда таралған. Қабылан, қамыс және шағыл мысықтары, сабаншы, қарақұлақ шөлейтті, шөлді, далалы-аймақтарды мекендейді. Сілеусін таулы алқаптардағы орман ішінде, ілбіс (қар барыс) биік таулы алқапта кездеседі. Орманды аймақта кездесетін мысық тұқымдас барыс (леопард) ертеде тіршілік етіп, жойылып кеткен. Барыс мүшелдік жыл санауда 3-жыл. Барыстың аналығы – «таутан» , күшігі – «алан» деп аталады. Қар барыс (ілбіс), сілеусін Қазақстанның таулы алқаптарының қорықтарында (Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Батыс Алтай) қорғауға алынған. Ертеде Қазақстанда жолбарыс кеңінен таралған, қазір жойылып кеткен)
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
2. Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 228б., ISBN 5-625-03599-7
3. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған:Тұрлыбекова Т.С.
Тексерген: Тугамбаева С.М.

Семей 2015ж

Мысықтар тұқымдасы
Мысық тұқымдастар етқоректі жыртқыштар тобына жатады. Бұл топқа үй мысықтары, жабайы мысықтар, арыстан, жолбарыс, сілеусін, қабылан, теңбілше, ілбісін және тағы басқалар жатады. Олар жемтігіне білдірмей жақындап, бас салады. Мысық тұқымдастар сопақша келген ұзарған денесімен және өткір де қатты тырнақтарымен ерекшеленеді.
Мысықтар тұқымдасының барлығы суда тамаша жүзеді, бірақ суға түспейді. Қабыландар ағашқа жақсы өрмелейді. Мысықтардың терісінің әдемілігі адамдардың қызығушылығын тудыруда. Олардың ноқаттары немесе жолақтары болады. Терісі үшін заңсыз аулау мысықтардың сиреуіне әкелді. Олар мұз басқан таулардан ылғал тропиктік джунглилерге, қапырық шөлдерге дейінгі аралықтағы түрлі орталарда мекендей алады. Үй мысықтары бүкіл дүниежүзінде бар. Ал жабайы мысықтар тек таңдаулы жерлерде ғана өмір сүреді. Мына қызықты дерекке қараңыздар, мысықтың құлақтары бір-біріне тәуелсіз: біреуі алға қарай, ал екіншісі артқа қарай қозғала береді. Мысықтар ультрадыбыстарды да ести алады.
Мысық тұқымдастарының 8 түрі Қазақстанда таралған. Қабылан, қамыс және шағыл мысықтары, сабаншы, қарақұлақ шөлейтті, шөлді, далалы-аймақтарды мекендейді. Сілеусін таулы алқаптардағы орман ішінде, ілбіс (қар барыс) биік таулы алқапта кездеседі. Орманды аймақта кездесетін мысық тұқымдас барыс (леопард) ертеде тіршілік етіп, жойылып кеткен. Барыс мүшелдік жыл санауда 3-жыл. Барыстың аналығы - таутан , күшігі - алан деп аталады. Қар барыс (ілбіс), сілеусін Қазақстанның таулы алқаптарының қорықтарында (Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Батыс Алтай) қорғауға алынған. Ертеде Қазақстанда жолбарыс кеңінен таралған, қазір жойылып кеткен)
Сүтқоректілер (лат. Mammalia) - жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын маммалогия (лат. маммалис - емшек+гр. логос - ғылым), кейде териология (грекше терион - аң, + логос - ғылым) деп те атайды. Алайда олар әр түрлі ортада - құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын - кез келген жағдайда, кез келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары - мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады.[1]
Жалпы сипаттамасы

Омыртқалылар эволюциясында Сүтқоректілердің
* бас сүйегінің құрылысы жеңілдей түскен және ол ауыз омыртқамен берік жалғасқан;
* тістері мен аяқтары жетіле түскен;
* дене температурасы біркелкі тұрақты;
* жүрегі 4 камералы;
* қан қызыл түйіршіктерінің жетілгендері ядросыз;
* есіту аппараты ішкі, ортаңғы, сыртқы құлақтан тұрады, көбінің құлақ қалқаншасы жақсы дамыған.
* Күрек тіс, ит тіс, азу алды және азу тістері болады, азу тістерінен басқасы бір рет (кейде бірнеше рет) алмасады.
Сүтқоректілердің пайда болуы

Цинодонт Oligokyphus (реконструкцияcы)
Сүтқоректілер Жер бетінде бұдан 200 млн. жыл бұрын пайда болған. Сүтқоректілердің арғы тегі пермде тіршілік еткен аңтісті қарапайым ұсақ бауырымен жорғалаушылар (Therіodontіa). Алғашқы Сүтқоректілердің қалдықтары жоғарғы триас жыныстарынан табылған. Олар бор кезеңінің аяқ шенінде жойылып кеткен. Көпбұдыртістілер (Multіtuberculata) мен біртесіктілер осы кезде тіршілік еткен. Юра кезеңінде пантотерийлер пайда болып, бұлардан нағыз аңдар (Therіa) шыққан, олар қалталылар мен ұрықжолдасты жануарлардың негізі болды.
Денесінің құрылысы
Олардың тұрқы 4 см, салмағы 1,2 грамдық, сондай-ақ тұрқы 33 м, салмағы 150 тонна тартатындары да бар. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған.
Тері жабыны

Сүтқоректілер терісінің құрылысы:1-түк; 2-эпидермис; 3-май шығаратын без; 4-тері астындағы бұлшық ет; 5-дерма; 6-түк қалтасы; 7-тер безі
Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар - терінің қосалқы бөлімдеріне жатады. Тері бездері мен тер бездері зат алмасуын, дене температурасын реттейді және тері бездерінің иісті затының жауынан қорғануда, үйірге түскенде бірін-бірі табуда, еліктетуде маңызы үлкен.
Қаңқасы

Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасымен [кеуде қуысы], иық белдеуі мен алдыңғы аяқтардан және жамбас белдеуі мен артқы аяқтардан тұрады. Сүтқоректілердің мойын омыртқасы - 7. Бассүйекке астыңғы жақсүйек қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Бассүйектегі басқа сүйектер бірімен-бірі жіктесіп, тұтасып кеткен.
Омыртқаларының беті жалпақ (платицельді). Мойын омыртқасы 7 (6 болуы сирек, тек кейбір теңіз сиырларда) не 8-9 (жалқау аңның кейбір түрі). Көбінің аяғы бес саусақты, бірақ көбіне қатты өзгерген, мысалы, тақ тұяқты (жылқы), ескек тәрізді (итбалық, кит), қанат тәрізді (жарқанат). Кейбір түрінің артқы аяқтары жойылып кеткен (рудимент түрінде ғана сақталған). Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын көк ет (диафрагма) бөліп тұрады.
Бұлшық еттері
Сүтқоректілердің бұлшықеттері жақсы дамыған. Әсіресе алдыңғы, артқы аяқтарындағы бұлшықеттер түрлі бағытта орналасқан. Бассүйектегі шайнау бұлшықеттерінің бәрі астыңғы жақсүйекпен байланысады. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкет (диафрагма) пайда болған. Көкет тыныс-тық қозғалыстарға (тынысалу, тынысшығару) қатысады.
Асқорыту жүйесі
Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделілене түсіп, етті еріндер пайда болған. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет дат деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің ұяшықтарында тістер орналасқан. Олар құрылысына, атқаратын қызметіне сәйкес күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді. Алдымен сүт тістері өсіп, кейін түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. Ауыз қуысына 3-4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Күйіс қайыратын жануарлардың (әсіресе сиырда) қарны көп қуысты. Оны үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі.
Тыныс алу жүйесі
Ауа өтетін мүшелер мен өкпеден тыныс жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамырлар жатады. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері (альвеолдар) деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар торлайды да, сол жерде газ алмасу жүреді. Кеуде қуысының кейде кеңейіп, кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады.
Қанайналым жүйесі
Қанайналым жүйесі - құстарға ұқсас, жүрегі толық төрт қуысты. Артерия қаны мен вена қаны араласпайды. Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы - сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды. Құстарда оң жақ қолқа доғасы болады. Қан денеде газ бен қоректік заттарды тасымалдайды.
Зәршығару жүйесі
Екі бүйрек, 2 несепағар түтігі, сыңар қуық және зәршығару өзегінен зәршығару жүйесі түзіледі.
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі - күрделі құрылыста. Әсіресе мидың көлемі үлкен. Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Ми сыңарларының сыртындағы көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сүтқоректілердің күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген. Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп.
Миының үлкен жартышарлары жақсы дамыған.
Сезім мүшелері
Сүтқоректілердің иіс сезуі өте жақсы дамыған. Олар иіс сезуі арқылы қорегін іздеп табады, жауынан қорғанады, жұп құрады. Тек суда тіршілік ететін киттерде иіс сезуі өте нашар дамыған. Көпшілік сүтқоректілерде есту мүшесі жақсы жетілген. Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда болған. Дыбыс толқындарын сол арқылы қабылдайды. Тек суда, жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерде құлақ қалқаны болмайды. Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы дабыл жарғағымен бөлінген. Сүтқоректілердің ортаңғы құлақ қуысында балва, төс, үзеңгі сүйектері болады. Қосмекенділерде, жорғалаушыларда және құстарда бір ғана үзеңгі сүйегі болатынын еске түсіріңдер. Жарқанаттар, түлендер, дельфиндер өздерінен шығарған өте әлсіз дыбыс жаңғырықтарын қайта қабылдай алады.
Көбею мүшелері
Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі - жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше ұрық молдасы (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді ұрықжолдастылар деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір ай. Жабайы қоян - 45-51 күн, бұғылар - 8-9 ай, жылқы - 10 ай, түйе 12-13 айда төлдейді. Халық ұғымында 12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 5 ешкі, 1,5 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бұл күлкі! деген жұмбақта әрбір жануардың буаз болу мерзімі нақты айтылған.
Мінез-қылығы
Алдыңғы ми сыңарларында иірімдер мидың көлемін арттырып, сүтқоректілердің шартты рефлекстерінің түзілуіне жеңілдік жасайды. Сыртқы ортадан келген сансыз хабарларға орай алуан түрлі шартты рефлекстер қалыптасады, тіршілік ортасының өзгерісіне бейімделу арқылы жануарларда жаңа байланыстар пайда болады. Мысалы, сүтқоректілердің баласы дүниеге келісімен анасының сүтін қорек етеді, ата-енесінің бауырында жүріп, ата-енесі пайдаланатын азыпен қоректенуге бейімделеді. Егер жытрқыштың баласы болса-етпен, ал өсімдікқоректі жануардың баласы- өсімдікпен қоректенудің әдісіне үйренеді. [2]
Экологиялық топтары
Сүтқоректілер басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларын жақсы бейімделген. Жер шарында кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:

Гепард.

Жарқанат.
* Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді, Тұяқты сүтқоректілер: құлан, жолат, ақбө, қарақұйрық, арқарлар да құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге болады.
* Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер - көртышқандар, соқыр-тышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері жақсы жетілген. Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді.
* Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар, түлендер, киттер жатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа (су бетіндегі қатқан мұзға) шығады. Қалған уақытта суда тіршілік етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді.
* Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.
Түрлері

Піл
Сүтқоректілер Жер шарында кең тараған. Сүтқоректілерге гоминидтер де жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілер класы 2 класс тармағынан: құрамында жұмыртқа салушылар отряды бар алғашқы аңдар класс тармағынан және құрамында қалталы жануарлар мен ұрықжолдастылар инфракласы бар нағыз аңдар класс тармағынан тұрады. Сүтқоректілердің 4,5 мыңнан астам түрі белгілі. Жылы қандылығы, ұрпағына қамқорлық жасауы, жоғарғы жүйке жүйесінің болуы сүтқоректілерге жер шарының Солтүстік полюсінен бастап, Антарктида жағалауларына дейінгі барлық жерді мекендеуге мүмкіндік берді. Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отряды (жәндік жегіштер, қолқанаттылар, кеміргіштер, қоянтәрізділер, жыртқыштар, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар және ескекаяқтылар), 31 тұқымдасы және 180-нен астам түрі кездеседі. Әсіресе, қосаяқ, аламантәрізділер, қуысмүйізділер, жертесерлер, т.б. тұқымдастарының түрлері өте көп. Жеке жүріп (кірпі, жертесер, сусар, аю, т.б.), топталып (шақылдақ, сарышұнақ, суыр), табын, үйір болып (арқар, таутеке, ақ бөкен) тіршілік етеді. Сүтқоректілердің кейбіреулері (суыр, үлкен құмтышқан, т.б.) қорегін күндіз, басқа түрлері (тоқалтіс, кейбір жыртқыштар, т.б.) іңірде не түнде, ал үшінші біреулері күндіз-түні аулайды. Аю, жанат, жанаттәрізді ит, борсық, т.б. қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Көптеген сүтқоректілер (қарақұйрық, ақ бөкен, түлкі, қасқыр, қолқанаттылар, т.б.) маусым сайын қоныс аударып отырады. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 1 рет, кейбір түрлері (кемірушілер, жәндікқоректілер, т.б.) 2 - 3 рет балалайды. Буаздық мерзімі де әр түрлі, мысалы, тышқантәрізділерде - 12 күн, борсық пен жылқыда - бір жылдай. Кейбіреулері 1 айда (сары тоқалтіс), ал кейбіреулері (құлан, марал, бұлан) жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Тіршілік ету ұзақтығы 14 - 18 айдан (тоқалтіс) 20 - 30 жылға (бұлан, марал, жылқы) дейін созылады.
Шаруашылықтағы маңызы

Мал шаруашылығы
Сүтқоректілердің шаруашылық маңызы зор. Жабайы аңдардан мамық тері, былғары, ет, май, панта (дәрілік мүйіз), мускус, т.б. өнімдер алынады. Бұлардың бірқатар түрлері (суыр, тиін, ондатр, түлкі, бөкен, т.б.) кәсіптік және әуесқойлық мақсатта ауланады. Кейбір сүтқоректілер (кемірушілер, жыртқыштар) адам мен мал арасына түрлі аурулар (оба, аусыл, құтыру, туляремия, сарып) таратады. Тышқан, тоқалтіс, егеуқұйрық, т.б. - аңдар және орман ш-тарының зиянкестері. Республикадағы аса бай сүтқоректілердің фаунасы мал шаруашылығының аса бағалы генофондысына айналды. Биязы жүнді қой мен арқарды будандастыру нәтижесінде жаңа қой тұқымы - қазақтың арқар-мериносы, үй шошқасын жабайы шошқамен будандастыру арқылы - жетісу шошқасы шығарылды.
Класс тармақтары
Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер 2 класс тармағына жіктеледі. Олар: ілкіаңдар және қазіргі аңдар.
* Ілкіаңдар (алғашқы аңдар) немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер - жұмыртқа салады. Құстарға ұқсас клоакасы болады. Оған Австралия және сол аймақтағы аралдарда кездесетін үйректұмсық, түрпі (ехидна), түрпітек (проехидна) жатады.
* Қазіргі сүтқоректілер немесе аңдар екі топқа (төменгі және жоғары сатыдағы аңдар) бөлінеді. Төменгі сатыдағы аңдарды қалталы сүтқоректілер деп те атайды. Олардың басым көпшілігі Австралияда, аздаған түрлері Оңтүстік Америкада таралған. Ұрпақтары өте кіші әрі әлжуаз. Ұрпағын аналықтары құрсағындағы қалтасына салып, оның ішкі жағындағы сүт бездерінен бөлінетін сүтімен асырайды. Қалталы сүтқоректілер бұдан 140 млн жыл бұрын пайда болған.
Қазіргі кездегі сүтқоректілердің көпшілігінің ұрығы аналықтарының жатырында дамып жетіледі.
Сүтқоректілердің қорғау
Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үлбір ішкі заттарын консервілеу әдістері
Аң терісінің түрлері. Каракульдық мех шикізаты
Былғары шикі затының стандарты
Гепардтардың биологиялық ерекшелігі
Аңдар биологиясы жайлы мәлімет
Аңдар биологиясы туралы ақпарат
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Тері шикізатын өндіру жайында
Токсоплазмоздардың анықтамасы
Токсоплазмоз қоздырғышы
Пәндер