Альфред Адлер



Альфред Адлер 1870 жылы 7 ақпанда Вена қаласында дүниеге келген. Зигмунд Фрейд секілді оның да әкесі орта топтағы сатушы еврей болған. Оның тұрған жерінде еврей балалар өте аз болған, сол себептен оның сөйлеуі, оның ойлауы еврейден гөрі вендіктерге ұқсас.
Адлер өзінің балалық шағын өте қиын бақытсыз деп сипаттаған. Өзінің кіші інісінің туылысымен, ана махаббатын ол тек 2 жасына дейін ғана сезініп үлгірген. Ерте жасында-ақ оны үнемі аурулар мен өлім қоршап жүрген. 3 жасында оның іргелес жаткан төсектегі інісі қайтыс болады. Оған қоса, ол екі рет көше төбелестерінің кесірінен өлім ауызынан қалған. 5 жасында Адлер өкпе ауруының (пневмония) ауыр түрімен ауырып қалады. Кейін сол ауруды емдейтін дәрігер болам деген арман, тілегі пайда болады.
Бастауыш сыныптарда Адлер өте нашар оқыды, математикадан улгірімі баяу болғандықтан 2 жылға қалдырған. Оның мұғалімі әкесіне баланы мектептен алып кетіп, етікші жұмысына берсін деп кеңес берген екен, бәлкім ол баланың басқа еш нәрсеге жарамы жоқ болғандықтан болар. Бірақ әкесі Адлерді сабақ оқуға құштарлығын ашып, талпыныс пен көптеген жаттығулар арқасында, ол сыныбында ең үздік математик атанады. 18 жасында Адлер сол кездегі мықты еуропалық медициналық орталықтардың бірі—Вендік университетке түседі. Студенттік өмірінде ол саясатпен қызығып кетеді. Ол социолизммен айналысып, көптеген саяси жиындарға қатысады. Сондай жиындардың бірінде ол өзінің болашақ әйелі, Вена университетінің студенті, Ресейлік қыз Раиса Эпштейнмен танысады. 1897 жылы некеге тұрады.
20-жылдардың ортасынан бастап Адлер Еуропа мен АҚШқа сапарларын жиілетеді. Басшылыққа Гитлер келгенде, Еуропада тоталитаризм орын алды, бірақ ол алдын ойлап, психология тек Америкада ғана тірі қалады деген оймен көшіп кетеді. 1935 жылы Адлер өзінің әйелімен Нью-Йоркте тұрақтайды. Көп ұзамай-ақ ол
Пайдаланылған әдебиеттер.


Л.Хьелл және Д.Зиглер «Теории личности», 3-халықаралық басылым. Питер 2003

сериясы: Мастера психологии

4-ші тарау, психодинамикалық бағыттың қайта қарастырудағы нәтижесі, 162 бет

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Альфред Адлер
( 1870-1937)

Альфред Адлер 1870 жылы 7 ақпанда Вена қаласында дүниеге келген. Зигмунд
Фрейд секілді оның да әкесі орта топтағы сатушы еврей болған. Оның тұрған
жерінде еврей балалар өте аз болған, сол себептен оның сөйлеуі, оның ойлауы
еврейден гөрі вендіктерге ұқсас.
Адлер өзінің балалық шағын өте қиын бақытсыз деп сипаттаған. Өзінің кіші
інісінің туылысымен, ана махаббатын ол тек 2 жасына дейін ғана сезініп
үлгірген. Ерте жасында-ақ оны үнемі аурулар мен өлім қоршап жүрген. 3
жасында оның іргелес жаткан төсектегі інісі қайтыс болады. Оған қоса, ол
екі рет көше төбелестерінің кесірінен өлім ауызынан қалған. 5 жасында Адлер
өкпе ауруының (пневмония) ауыр түрімен ауырып қалады. Кейін сол ауруды
емдейтін дәрігер болам деген арман, тілегі пайда болады.
Бастауыш сыныптарда Адлер өте нашар оқыды, математикадан улгірімі баяу
болғандықтан 2 жылға қалдырған. Оның мұғалімі әкесіне баланы мектептен алып
кетіп, етікші жұмысына берсін деп кеңес берген екен, бәлкім ол баланың
басқа еш нәрсеге жарамы жоқ болғандықтан болар. Бірақ әкесі Адлерді сабақ
оқуға құштарлығын ашып, талпыныс пен көптеген жаттығулар арқасында, ол
сыныбында ең үздік математик атанады. 18 жасында Адлер сол кездегі мықты
еуропалық медициналық орталықтардың бірі—Вендік университетке түседі.
Студенттік өмірінде ол саясатпен қызығып кетеді. Ол социолизммен айналысып,
көптеген саяси жиындарға қатысады. Сондай жиындардың бірінде ол өзінің
болашақ әйелі, Вена университетінің студенті, Ресейлік қыз Раиса Эпштейнмен
танысады. 1897 жылы некеге тұрады.
20-жылдардың ортасынан бастап Адлер Еуропа мен АҚШқа сапарларын
жиілетеді. Басшылыққа Гитлер келгенде, Еуропада тоталитаризм орын алды,
бірақ ол алдын ойлап, психология тек Америкада ғана тірі қалады деген оймен
көшіп кетеді. 1935 жылы Адлер өзінің әйелімен Нью-Йоркте тұрақтайды. Көп
ұзамай-ақ ол медициналық психологияның практикалық аға оұытушысы атағын
алып, Лонг Айленд колледжінде өзінің жеке психиатриялық практикасын
жалғастырады.
Адлер өте тынымсыз дәріс оқытушы болған. Ол дәрістерін еріксіз оқып, өте
танымал болған. 1937 жылы 28 мамырда қаладан қалаға дәріс оқып жүрген
кезінде, Шотландияның Абердин қаласында қайтыс болады.
Адлер өте белсенді, табысты жазушы болған. Өзінің бүкіл өмір бойына 300-
ге жуық кітап пен мақалар жазды. Бәлкім, оның тұлға теориясына ең үздік
кіріспе деп Практика и теория индивидуальной психологии (1927а) атты
еңбегін жатқызуға болады.

Жеке психологияның басты тезистері.
Адлерді Фрейдке қарсы шығып, өзінің жеке пікірлерін ұсынған шәкірт
ретінде таниды. Бірақ, оның өмірі мен шығармашылығымен толығырақ
танысқаннан кейін оны неофрейдист деп қараудың мүлдем қажеті жоқ.
Өкінішке орай, Адлер мен Фрейд сол 1911 жылдағы жағдайдан кейін еш қайта
достасқан жоқ, және Фрейд та Адлерге өмірінің соңына дейін қас, жау ретінде
қарады. Адлердің жеке психологиясының көбісі Фрейдтің теориясына антитезис
ретінде дамыды.
1. Жеке адам дара және өздігінен келісетін бүтін ретінде.
Адамды жеке дара, өздігінен келісетін организм ретінде қарау адлерлік
психологияның басты өзегі болды. Адлер өзінің теориясын жеке психология
деп атауы, латынша individuum бөлінбейді деген мағынаны береді, яғни
Адлер өмірлік белсенділіктердің көрінісін жеке тұлғадан тыс қарастыруға
болмайды дейді.
2. Адамның өмірі кемелге белсенді талпыну ретінде.
Адамды органикалық бүтін ретінде қарастыру психодинамикалық принциптерді
талап етеді. Адлер оны шындық өмірден қорытындылайды, яғни өмірді үздіксіз
өсу мен даму қозғалыстарысыз елестету мүмкін емес дейді. Тек өзінің
тұлғалық мақсаттарына бағытталып қозғалатын болса, жеке адам (индивидуум)
дара және өздігінен келісетін бүтін ретінде қарастырыла алады.

3. Жеке адам шығармашылық және өзін-өзі анықтайтын бүтін ретінде.
Тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның әсері тұлғаның қалыптасуында үлкен
роль атқаратынына қарамастан, Адлер жеке адамды бұл екі әсердің
қосындысынан да үлкен нәрсе деп таниды. Дәлірек айтсақ, Адлер адамдардың
шығармашылық күші бар екендігін, және сол күш оларға өзінің өмірін
басқаруға көмектеседі деп есептейді. Адамды анықтаушы белгі ретінде
бостандық пен белсенділік болып табылады. Осы шығармашылық қасиеттер
адамның тәжірибесінің әрбір шегіне әсер етеді: қабылдауына, есте сақтауына,
елестетуіне, қиялы мен арманына. Ол әрбір адамды өзін-өзі анықтаушы жеке
тұлға, өз өмірінің сәулетшісі етеді.
4. Жеке адамның әлеуметтік бұйымдары.
Адлердің адам табиғатын қабылдауы жалпыкөлемді болды. Ол адамды бір-
бірімен байланысқан бүтін жүйе ретінде ғана емес, сонымен қатар үлкен
жүйелердің интегралды құрама бөлігі—жанұя, бірлестік ретінде түсінеді:
Жеке психология адамды қоғаммен бірлескен күйінде ғана қарастырып,
зерттейді. Біз адамды қоғамнан тыс зерттеп, қарастырудан бас тартамыз.
5. Жеке субъективтілік.
Феноменалды дәстүрді мықты ұстанып, Адлер адамның жүріс-тұрысын әрдайым
оның өзі туралы ойы мен оны қоршаған орта туралы ойына тәуелді деп
есептейді. Адамдар өздері құрастырған дүниеде өмір сүріп, соған сәйкес
қабылдаудың жеке дара тәжірибеге тәуелділік жүйесімен қоса өмір сүреді.
Әрі қарай Адлер адамдар өздері ойларынан құрастырған мақсаттарға, жүріс-
тұрысын реттейтін қазіргі кез бен болашақ туралы ойларға бағытталғандығын
дәлелдейді.
Жеке психология: басты пікірлер мен принциптер.
Адлер тұлға теориясының басты мақсаты терапевтерге үнемді және пайдалы
бағытта қызмет ету, ал күрделі есеппен кез келген өзінің ойын психология
жағынан жақсартам деген адамдарға қызмет ету екендігіне сенімді болды. Ол
Фрейдке қарағанда өте үнемді тұлға теориясын қалыптастырды, дәлірек
айтқанда тек шектеулі пікірлер мен принциптарды ұсынады, соның соңғыларын 7
топқа бөледі:
1. Кемтарлық сезімі мен оның орнын толтыру
2. Ең жақсысына талпыну
3. Өмір талғамы
4. Әлеуметтік қызығушылық
5. Шығармашылық Мен
6. Туылу реті
7. Ойлап табылған нәтиже
Кемтарлық сезімі мен оның орнын толтыру.
Жұмысының алғашқы кезінде-ақ Адлер өзінің Мүшенің кемтарлығы мен оның
орнын толтыруды зерттеу (Исследование неполноценности органа и ее
психической компенсации) атты монографиясын жариялайды [Adler,
19071917b]. Бұл еңбегінде ол неге бір ауру адамда басқа ауруларға
қарағанда ауыр өтеді, және неге дененің кейбір мүшелері басқаларға
қарағанда ауруға берілгіштігі басым болады деген сұрақтарды талқылайды.
Адлер, әрбір жеке адамда кейбір мүшесі басқа мүшелерге қарағанда әлсіз
болып келеді дейді, және сонысы ол мүшелерді ауруға берілгіш етеді. Онымен
қоса, Адлер адамда ауру өте аз жетілген, сәтсіз қызмет еткен, жалпы,
кемтарлықпен туылған мүшеде орын алатындығы жайлы айтады. Мысалы, кейбір
адамдар өте ауыр аллергиямен туылып жатады, бұны өкпенің зақымдануына
әкеледі делік. Бұл адамдар түрлі жұқпалы аурулармен, тыныс жолдарының
қабынуымен ауруы мүмкін. Осыған байланысты Адлер ауру, кемтар болып туылған
адамдар үнемі ауруларын жасырып, орнын түрлі жаттығулармен толтырып отырады
деген пікір айтады.
Тарих пен әдебиет осындай аурулардың орнын толтырам деген мақсатпен небір
жетістікке жеткен ұлы тұлғалардың есімдерін сақтайды. Мәселен,
кішкентайынан кекеш болған Демосфен әлемдегі ең мықты ораторлардың бірі
болып шығады.
Вильма Рудольф бала кезіндегі денесінің аурына қарамастан, 3 мәрте жеңіл
атлетикадан олимпиялық алтын медальдар ұтып алған.
Теодор Рузвельт кішкентайынан әлсіз, ауруға берілгіш бала, мықты күш-
жігер жинап, АҚШ-тың президенті болып, жалпы адамзатқа үлгі болатындай
тұлға болып шығады.

Ең жақсысына талпыну.
Адлер өмірінің соңғы кездерінде мынадай қорытындыға келді: Жақсыға
талпыну адам өмірінің ең негізгі заңы сияқты. Яғни, кез-келген адам
көтерілуді, алға қарай жылжуды өзінің өмірлік мақсыты етеді. Минустан
плюсқа, кемшіліктен артықшылыққа, өмірде кездесетін түрлі сынақтарға төтеп
беруші секілді барлық қозғаушы күштерді Адлер өзінің теориясына басты бағыт
деп алады.
Адлер жақсыға, алға қарай талпынуды туыла берілетін қасиет дейді, біз
одан ешқашан қашып кете алмаймыз, себебі бұл қозғалыс өмірдің өзі болып
табылады. Дегенмен, егерде біз адами қасиетімізді дамытамыз десек, онда
біріншіден сол қасиетті тәрбиелеп, дамытуымыз қажет. Бұл, алға қарай
талпыну әрқайсымыздың бойымызға дарыған қасиет, тек әр адам оны әр қалай
жүзеге асырады. Адлер оны адамның өмірі енді құралып жатқанда, 5 жасында-ақ
пайда болады дейді. Бала кездегі әлі түсініксіз құбылыс бола тұра, өсе келе
ол бізді алға жетелейтін, өмірлік мағына беретін басты мәселе болады.
Адлер алға талпынудың табиғатына байланысты қосымша мысалдар айтты.
Біріншіден, ол оны бір бүтін бағыт ретінде қарастырды. Бұл бала санасында
оның әлсіз және басқалармен салыстырғанда аз бағалануынан көрініс алады.
Екіншіден, бұл ұлы қозғалыс, алға, жоғарыға, жалпы бәріне ортақ. Үшіншіден,
жақсыға талпыныс мақсат секілді негативті және позитивті болады. Негативті
бағытпен талпыну белсенділігі өте баяу, ортамен сіңісуі қиын жүретін
адамдарда болады. Ол бұндай жағдайда эгоисттік, біреуді пайдалану арқылы
жетістікке жету амалдарын қолданады. Ал, позитивті талпыныс ол өзінің
жағдайына ғана емес, барлық, яғни қоғамның қамына қимылдайтын адамдар.
Төртіншіден, Адлер алға қарай талпыну өте көп энергия мен күш-жігерді қажет
етеді дейді. Бірақ, соның арқасында адамның ішкі дүниесінің күйі
төмендемейді, керісінше өседі дейді. Бесіншіден, талпыну тек жеке адам
деңгейінде ғана емес, сонымен қатар қоғамның деңгейінде де өседі дейді. Біз
өзімізше күшті, немесе бір қоғамның ішіндегі күшті болуға емес, сол қоғамды
алға жетелеп, соны дамытуда еңбек етеміз, сол арқылы біз ең жақсыға
жетеміз.

Өмір стилі.
Өмір стилі алғашқы вариантында өмірлік жоспар немесе жолкөрсеткіш
бейне ретінде Адлердің динамикалық тұлға теориясында маңызды орын алады.
Адлер бойынша, өмір стилі жеке адамның әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға теориялары
Тұлға психологиясы. Тұлға ұғымы
Жеке адам психологиясы туралы теориялар. З.Фрейдтің теориясы
Психология пәні және оның психологиялық білімдер жүйесінде алатын орны
Дәрігерлік қызметінің басталуы. Психоанализдің туындауы
Зигмунд Фрейдтің әлеуметтік көзқарасы
Тұлға проблемасы
Психотерапия пәні бойынша дәрістер
Қазақ ертегілерінің тұлғаның өмірлік сценариінде алатын орны
Фрейдтің фрейдизм теориясының дамуы
Пәндер