Киімнің түрлі құрамдас пакетіне гигеналық талаптар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Киімнің түрлі құрамдас пакетіне гигеналық талаптар
Орындаған: Бейсембекова А.
ТК-321
Тексерген: Нұрымхан Г. Н
2015 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімМаталардың физикалық-гигиеналық қарай киім түрлері. Эстетикалық-гигеналық талаптар
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0, 006-0, 097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді.
Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды. [1]
2. 1. 2. 1. Маталардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштері
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т. с. с. ), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.
Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады. [2]
Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0, 1мм, драп-5мм, табиғи жүн-30-50мм) .
Матаның массасы - матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-25г/м2, драп-77г/м2, табиғи жүн-1000, 0г/м2) сақталған және массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.
Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар, қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады, яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн трикотаж-0, 07г/см3, брезент-0, 6-0, 7г/см3) .
Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның жылылық қасиетін анықтайды (мыс. драп-50%, жүн трикотаж-93-95%, жартылай жүннен жасалған ватин-97%, мақта мата-99%, мақта матадан жасалған ватилин-99%) .
Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм 3 ) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3/м2, табиғи жібек секундына-341дм3/м2, капрон секундына-125дм3/м2) .
Бу өткізгішітік - 1м 2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды. Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына-16, 2г/м2, табиғи жібек сағатына-4, 62г/м2, капрон сағатына-1, 09г/м2 бу өткізедіт. с. с. ) .
Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс және күз киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен болғаны дұрыс (мыс. бәтес, шыт->90%, мақта матадан жасалған мадополам->18%, жеңілдетілген драп->17, 2%, табиғи жібек->16, 5%, репс->7-8%, су өткізбейтін заттармен қанықтырылған репс->1, 2%, капрон->5, 7%, лавсан->0, 5% т. с. с. ) .
Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.
Гидрофильділік - матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Дененің тері қабатына тиіп тұратын және тері бетіне пайда болатын су буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны дұрыс . [3]
Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет. Сыртқы киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің гидрофобтығы жоғары болуы керек.
Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып табылады. Жылуөткізгіштік - матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.
Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.
2. 2. Қолдануына қарай киім түрлері.
Адам өзін жайлы, сенімді сезіну үшін киім ыңғайлы, әдемі болу керек. Қолдануына қарай киім түрлерінің бөлінуі:
ϖ Сырт киім
ϖ Жеңіл киім
ϖ Іш киім
ϖ Жағажай киімі
ϖ Бас киімі
Киімдер ассортиментіне қарай үшке бөлінеді
- Сырт киім,
- Жеңіл киім,
- Іш киім. [7]
Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған басты талап - таза болуы, ылғалды жақсы сіңіруі және еркін жіберуі керек. Күндіз киген іш киіммен түнде ұйықтауға болмайды. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.
Іш киім тігуге келесі мата түрлері қолданады:
- Тығыздап тоқылған,
- Біркелкі боялған,
- Қандай мата болмасын (мақта-мата, зығыр, жібек), барлығы да ағартылуы керек.
Жеңіл киім - іш киімнің сыртынан киілетін барлық киімдер (блузкалар, юбкалар, көйлектер, халаттар, көкірекшелер, қамзолдар) .
Сырт киім - жеңіл киімнің сыртынан киетін барлық киімдер (пальто, плащ, куртка, тондар) .
Қандай да болмасын бұйымға бірқатар талаптар қойылады. [6]
2. 3. Эстетикалық-гигеналық талаптар
Эстетикалық талаптар: киім әдемі болуы керек; қазіргі заманғы сән бағытына сәйкес болуы керек; адамның жеке дене құрылысы мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек.
Гигиеналық талаптар: киім жайлы микроклимат жасауы керек; жеңіл, жұмсақ, мықты, қыртысталмауы керек; қозғалыс, дем алу, қан айналымы еркіндігін қамтамасыз етуі керек; жеңіл жуылуы, тазалануы, үтіктелуі керек.
Эксплуатациялық (пайдалану талаптары) : киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге, суға, жуу құралдарына, тазалауға және де оның матасының тігуге төзімділігі. Киімнің пайдалану ұзақтылығы оны кию шарттарына байланысты болады.
Киімнің адамға ұзақ қызмет етуі оны кию шарттарына және күтіп баптауына байланысты. [5]
Қорытынды:
Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек. Қыс кезінде ауа температурасы 200С жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз киімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді. Егер бөлме температурасы 190С төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн талшықтарынан жасалған, жылусақтау қасиеттері жоғары маталар алынады. Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін киінуге болады. Киімнің жылу қорғағыш қасиетіне физиологиялық-гигиеналық баға берілуі қажет. Киімнің жылу сақтау қасиеті туралы толығырақ мәліметті энергия шығынын, тері температурасының көлемін, жылу ағынының тығыздығын - радиация және конвекция арқылы, дененің белгілі аумағынан белгілі уақытта жоғалатын жылу санын анықтау арқылы алуға болады. Киімнің жылу қорғағыш қасиеті дегеніміз, оның жылу ағынының тығыздығын төмендету қасиеті. Жылу ағыны қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне және киімнің жылу қоғағыш қасиетіне байланысты болады. Жылу беру көлеміне, терінің орташа алынған температурасына, метеорологиялық (микроклиматтық) жағдайға байланысты киімнің организмінің жылу беруіне “қарсыласуына”, яғни, киімнің жылулық қасиетіне сандық баға беруге болады. [4]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz