Шабындықтар мен жайылымдарда әр түрлі шөптер қоспасын пайдалану


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Шабындықтар мен жайылымдарда әр түрлі шөптер қоспасын пайдалану

Орындаған:Мусанова Арай

Тексерген: Сагандыков С. Н.

Тобы: АГ-313

Семей 2015жыл

Жоспар:

Жақсартқыш дақылдарды таңдау және оларды шабындықтар мен жайылымдарда пайдалануКөпжылдық шөптер мен шөп қоспаларын егу

Жақсартқыш дақылдарды таңдау және оларды шабындықтар мен жайылымдарда пайдалануДалалық аймақтардағы сай - салаларда екпе шабындықтар мен жайылымдар жасау үшін қажетті негізгі көпжылдық шөптер: көкгүлді және сарыбас жоңышқа, құм эспарцеті ақбас және сарыбас түйежоңышқа, тарақша және құм еркекшөбі және оларды аралас егу болып есептеледі. Далалық аймақтың солтүстік бөлігінде қоспа шөп өсіру үшін, астықтұқымдастардан қылтықсыз арпабас пен көгентамырсыз бидайықты қосуға болады.

Оның сыртында, екпе жайылымдар жасау үшін, АҚШ пен канаданың ұлан - байтақ далаларында кең тараған және Қазақстанның оңтүстік - шығысындағы шөлейт жерлерде жақсы нәтижелер берген майман тарлауды, сондай - ақ изен мен күздік қой жайылымдары үшін малазығы тұрғысынан құнды есептелетін жусандарды тездетіп сынақтан өткізу және дақылдар қатарына енгізу қажет.

Далалық аймақтардың түрлі аудандарында жоғарыда аталған шөптер мен олардың қоспаларының өнімділігі бірдей емес. Әрбір нақты алқап пен аудан үшін оларды дұрыс таңдай және басқа да бірдей агротехникалық тәсілдер қолдана отырып, өнім деңгейін айтарлықтай көтеруге болады. Көпжылдық шөптер мен шөп қоспаларының салыстырмалы өнімділігі6. 1 кестедеберілген.

6. 1 кесте. Далалық аймақтардағы көпжылдық шөптер мен шөптер қоспалары пішенінің 3 - 12 жылдағы салыстырмалы орташа өнімі, ц/га.

Шөптер мен шөп қоспалары

Шортаңды тәжірибе станциясы

Қостанай облысындағы Львов тәжірибе егістігі

Қостанай облысындағы Қарабалық тәжірибе станциясы

Қарағанды облысындағы Оскаров тәжірибе егістігі

Орал тәжірибе станциясы

Шымкент облысындағы

Красноводопад ГСС

Алматы облысындағы Жамбыл тірек пункт

Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Жамбыл атындағы колхоз

Шөптер мен шөп қоспалары: Көкбас жоңышқа
Шортаңды тәжірибе станциясы: 21, 9
Қостанай облысындағы Львов тәжірибе егістігі: 10, 9
Қостанай облысындағы Қарабалық тәжірибе станциясы: 30, 0
Қарағанды облысындағы Оскаров тәжірибе егістігі: 32, 0
Орал тәжірибе станциясы: 11, 8
Шымкент облысындағыКрасноводопад ГСС: 32, 0
Алматы облысындағы Жамбыл тірек пункт: 21, 3
Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Жамбыл атындағы колхоз: 7, 9
Шөптер мен шөп қоспалары: Құм эспарцеті
Шортаңды тәжірибе станциясы: 32, 5
Қостанай облысындағы Львов тәжірибе егістігі: 15, 0
Қостанай облысындағы Қарабалық тәжірибе станциясы: 26, 0
Қарағанды облысындағы Оскаров тәжірибе егістігі: 36, 0
Орал тәжірибе станциясы: -
Шымкент облысындағыКрасноводопад ГСС: 20, 0
Алматы облысындағы Жамбыл тірек пункт: -
Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Жамбыл атындағы колхоз: 21, 6
Шөптер мен шөп қоспалары: Еркек шөп
Шортаңды тәжірибе станциясы: 22, 7
Қостанай облысындағы Львов тәжірибе егістігі: 24, 9
Қостанай облысындағы Қарабалық тәжірибе станциясы: 28, 8
Қарағанды облысындағы Оскаров тәжірибе егістігі: 27, 0
Орал тәжірибе станциясы: 16, 0
Шымкент облысындағыКрасноводопад ГСС: 21, 0
Алматы облысындағы Жамбыл тірек пункт: 12, 5
Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Жамбыл атындағы колхоз: 17, 8
Шөптер мен шөп қоспалары: Көгентамырсыз бидайық
Шортаңды тәжірибе станциясы: 22, 4
Қостанай облысындағы Львов тәжірибе егістігі: -
Қостанай облысындағы Қарабалық тәжірибе станциясы: 24, 2
Қарағанды облысындағы Оскаров тәжірибе егістігі: 35, 0
Орал тәжірибе станциясы: 7, 6
Шымкент облысындағыКрасноводопад ГСС: -
Алматы облысындағы Жамбыл тірек пункт: -
Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Жамбыл атындағы колхоз: -
Шөптер мен шөп қоспалары: Қылтықсыз арпабас
Шортаңды тәжірибе станциясы: 22, 5
Қостанай облысындағы Львов тәжірибе егістігі: 21, 0
Қостанай облысындағы Қарабалық тәжірибе станциясы: 27, 7
Қарағанды облысындағы Оскаров тәжірибе егістігі: 26, 0
Орал тәжірибе станциясы: -
Шымкент облысындағыКрасноводопад ГСС: -
Алматы облысындағы Жамбыл тірек пункт: -
Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Жамбыл атындағы колхоз: -
Шөптер мен шөп қоспалары: Бұршақ - астықтұқымдасты шөптер қоспасы
Шортаңды тәжірибе станциясы: 23, 1 - 39, 7
Қостанай облысындағы Львов тәжірибе егістігі: 22, 8 - 24, 1
Қостанай облысындағы Қарабалық тәжірибе станциясы: 23, 3
Қарағанды облысындағы Оскаров тәжірибе егістігі: 33, 4
Орал тәжірибе станциясы: 20, 0
Шымкент облысындағыКрасноводопад ГСС: -
Алматы облысындағы Жамбыл тірек пункт: 25, 5 - 3, 0
Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Жамбыл атындағы колхоз: 16, 9 - 19, 4

Берілген мәліметтерден бұршақтұқымдас шөптердің де, астықтұқымдас шөптердің де жоғары өнім беретіні көрініп тұр. Барлық жерлерде дерлік, бұршақ - астықтұқымдасты шөп қоспаларының өнімі таза өздері егілген алқаптардыкінен кем түспейді, ал мұның өзі шөп шүйгіндерінің ұзақ мерзімділігін одан әрі ұзарту, топырақтың сулық - физикалық қасиеттерін жақсарту, мейлінше жоғары сапалы пішен мен жайылымдық азық алу үшін маңызды.

Бұршақтұқымдас шөптер шөп қоспаларында бес жыл және одан да астам уақыт бойы өсіп тұрады. Жоңышқа мен эспарцеттің әртүрлі аймақтардағы өнімділігінің бірдей болмайтынын ескерген жөн. Далалық аймақтың орталық аудандарында, Ақмола, Жамбыл облыстарындағы тау етектерінің далалық аудандардағы сай - салаларда таза өзін еккенде де, пішенге пайдаланылатын шөп қоспаларында да, эспарцет өнімділігі жағынан жоңышқадан айтарлықтай асып түседі.

Жайылымдық ретінде пайдаланылатын егіс алқаптарында жоңышқа өнімдірек, өйткені ол мал жаю мен тапталуға төзімді.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жоңышқа мен ол араласқан шөп қоспаларына артықшылық берілуі тиіс. Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының далалық аудандарында да өнімділігі жағынан эспарцет басым түседі.

Ғылыми және іс жүзіндегі тәжірибелер бір - екі бұршақтұқымдастан тұратын қарапайым екі және үш түрлі шөптер қоспасының өнімділігі күрделі қоспалар шөп шүйгінінікінен кем түспейтінін көрсетіп берді, сондықтан да мал азығы өндірісінде соларды қолдану керек. Өнімі жағынан эспарцет жоңышқадан басым түсетін аудандарда эспарцет, жоңышқа және еркек шөп үшеуінің қоспасы өте жақсы нәтиже береді. Тұтастай алғанда, бірқатар жағдайларда, алғашқы екі жылдағы өнімді арттыру үшін, шөп қоспасына аздаған түйежоңышқа араластырып ексе мақсатқа сай келеді.

Қуаң далалы шағын аймақта, бірінші кезекте, қой шаруашылығы дамыған аудандарда, малдарды жазғы - күзгі кезеңдерде жоғары сапалы азықпен жабдықтау мақсатында, жақын жылдары көпжылдық өсімдіктер жиынтығы майман тарлау, төселме изен, т. с. с. көпжылдық өсімдіктер есебінен толықтырылуы тиіс. Ол үшін, осы шөптердің жергілікті жағдайларға жақсы бейімделген түрлерін іріктеп ала отырып, жабайы түрлерінің шүйгіндерін кеңінен пайдалану керек. Шөптердің жергілікті, жоғары өнімді, аудандастырылған сұрыптарын таңдап алуға ерекше назар аудару керек.

Көпжылдық шөптер мен шөп қоспаларын егу

Шөптерді айдалып, жақсылап дайындаған топыраққа егу керек. Бұл болашақта шөп шүйгінінің ұзақ жылдар бойы өмір сүруін қамтамасыз ететін жаппай шығатын өскіндер алудың кепілі болып табылады. жер айдалған кезде табиғи шөп шүйгіні жойылады, көпжылдық шөптер мен өсімдіктердің дұрыс өсуі мен қоректенуі үшін қолайлы ылғадылық жағдайлар жасалады.

Далалық, шөлейті әсіресе, шөлді аймақтарда көпжылдық шөптер мен малазықтық дақылдар егу үшін жақсы орта - пар. Топырақты көпжылдық шөптер егуге дайындауды қара пар түрінде, сондай - ақ ерте пар түрінде де жүргізуге болады. Күзде жауын - шашын жеткілікті мөлшерде түсетін аудандарда жерді сол кезде айдау жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Мезгілсіз өсімдік гүлі
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары
Мал азығы
Өсімдіктердің жапырақтану сипаты
Шабындықтар мен жайылымдарға минералды заттарды енгізу
Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту
Малазықтық дақылдардың агробиологиялық ерекшеліктері
Қызылорда облысында көп жылдық мәдени жайлымдар мен шабындықтарда мал азықтық шөптердің түрлерін өсірудің агротехникалық ерекшеліктерінің орындалу мезгілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz