Құрғақ құрылыс қоспалары мен құрылыс ерітінділері, жіктелуі, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданысы



I. Кіріспе бөлім
1.1 Жалпы мағлұматтар, ерітіндіге қажетті материалиадар, олардан араласпа дайындау.
II. Негізгі бөлім
2.1 Құрылыс ерітінділерін дайындауға қажетті материалдар.
2.2 Құрылыс ерітінділерінің араласпасын (қоспасын) дайындау.
2.3 Құрылыс ерітіндісі араласпасы мен қатайған ерітінді қасиеттері.
2.4 Құрылыс ерітіндісінің беріктігі.
III. Қорытынды бөлім
3.1 Құрылыс ертінділерінің түрлері.
3.2 Құрғақ құрылыс араласпалары.
Құрылыс ерітіндісі дегеніміз – байланыстырғыш затқа қажетті мөлшер-де құм мен су араластырғаннан кейін қатайып, жасанды тасқа айналатын материал. Көрсетілген заттармен қатар, құрылыс ерітінділері құрамына олар-дың қасиеттерін жақсартатын үстемелер (қосымшалар) қосылады. Құрылыс ерітіндісі қатайғанға дейін ол – құрылыс ерітіндісінің араласпасы (қоспасы) деп аталынады. Құрылыс ерітіндісі жұқа қабат (қалыңдығы 1-2 см) ретінде пайдалатындықтан қабырға қалау, сылау, т.б. жұмыстарда оның құрамында ірі толтырғыш болмайды.
Құрылыс ерітінділері – тығыздығына, байланыстырғыш заттарына жəне қолданылатын орнына сəйкес топтастырылады. Тығыздығына байланысты олар: ауыр - орташа тығыздығы 1500 кг/м3 жоғары, əдетте кварцті құм негізінде жасалатын жəне жеңіл орташа тығыздығы 1500 кг/м3 төмен, кеуекті уақ толтырғыштар негізінде (ұсақталған пемза, туф, шлак, керамзит) жасалатын болып бөлінеді.
Байланыстырғыш заттарына қарай олар цементті құрылыс ерітіндісі портландцемент пен оның түрлері негізінде: ізбесті гипсті жəне араласқан (цементізбесті, т.б.) ерітінділер болып бөледі. Байланыстырғыш заттың түрі құрылыс ерітіндісінің құрғақ немесе ылғалды жерде қолданылатына сəйкес тағайындалады. Кейбір жағдайда техникалық немесе экономикалық қажеттілікке байланысты цементке ізбес не саз (балшық) қосылады. Оларды – цементізбесті, цементсазды ерітінділер дейді. Ізбесті ерітінділерге тез қатаю үшін гипс қосылады, мұндай ерітіндіні ізбесгипсті деп атайды. Ол үйдің ішкі қабырғасын, төбесін сылауға пайдаланады.
Қолданылатын орнына қарай құрылыс ерітінділері фундаменттерді кабырғаларды, күмбез тəрізді төбелерді кірпіш не тастан қалау үшін пайдаланылатын болса – қалаулық – ішкі қабырғаны, төбені, сыртқы қабырғаны сылау үшін қолданылатын болса – сылақтық, ал ірі құрылыс элементтерді панельдерді , блоктарды ұштастыру үшін пайдаланылса – монтаждық, ал дыбыс жəне рентген сəулесін өткізбеу үшін, т.б. үшін арнаулы мақсатпен қолданылса - арнаулы (арнайы) деп топтастырылады.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Студенттің өздік жұмысы №3
Тақырыбы: Құрғақ құрылыс қоспалары мен құрылыс ерітінділері, жіктелуі, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданысы

Орындаған: Сабырбаева М.Е. СТ-409
Тексерген: Уркинбаева Ж.И

Семей қ. 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе бөлім
1.1 Жалпы мағлұматтар, ерітіндіге қажетті материалиадар, олардан араласпа дайындау.
II. Негізгі бөлім
2.1 Құрылыс ерітінділерін дайындауға қажетті материалдар.
2.2 Құрылыс ерітінділерінің араласпасын (қоспасын) дайындау.
2.3 Құрылыс ерітіндісі араласпасы мен қатайған ерітінді қасиеттері.
2.4 Құрылыс ерітіндісінің беріктігі.
III. Қорытынды бөлім
3.1 Құрылыс ертінділерінің түрлері.
3.2 Құрғақ құрылыс араласпалары.

1.1 Жалпы мағлұматтар, ерітіндіге қажетті материалиадар, олардан араласпа дайындау. Құрылыс ерітіндісі дегеніміз - байланыстырғыш затқа қажетті мөлшер-де құм мен су араластырғаннан кейін қатайып, жасанды тасқа айналатын материал. Көрсетілген заттармен қатар, құрылыс ерітінділері құрамына олар-дың қасиеттерін жақсартатын үстемелер (қосымшалар) қосылады. Құрылыс ерітіндісі қатайғанға дейін ол - құрылыс ерітіндісінің араласпасы (қоспасы) деп аталынады. Құрылыс ерітіндісі жұқа қабат (қалыңдығы 1-2 см) ретінде пайдалатындықтан қабырға қалау, сылау, т.б. жұмыстарда оның құрамында ірі толтырғыш болмайды.
Құрылыс ерітінділері - тығыздығына, байланыстырғыш заттарына жəне қолданылатын орнына сəйкес топтастырылады. Тығыздығына байланысты олар: ауыр - орташа тығыздығы 1500 кгм3 жоғары, əдетте кварцті құм негізінде жасалатын жəне жеңіл орташа тығыздығы 1500 кгм3 төмен, кеуекті уақ толтырғыштар негізінде (ұсақталған пемза, туф, шлак, керамзит) жасалатын болып бөлінеді.
Байланыстырғыш заттарына қарай олар цементті құрылыс ерітіндісі портландцемент пен оның түрлері негізінде: ізбесті гипсті жəне араласқан (цементізбесті, т.б.) ерітінділер болып бөледі. Байланыстырғыш заттың түрі құрылыс ерітіндісінің құрғақ немесе ылғалды жерде қолданылатына сəйкес тағайындалады. Кейбір жағдайда техникалық немесе экономикалық қажеттілікке байланысты цементке ізбес не саз (балшық) қосылады. Оларды - цементізбесті, цементсазды ерітінділер дейді. Ізбесті ерітінділерге тез қатаю үшін гипс қосылады, мұндай ерітіндіні ізбесгипсті деп атайды. Ол үйдің ішкі қабырғасын, төбесін сылауға пайдаланады.
Қолданылатын орнына қарай құрылыс ерітінділері фундаменттерді кабырғаларды, күмбез тəрізді төбелерді кірпіш не тастан қалау үшін пайдаланылатын болса - қалаулық - ішкі қабырғаны, төбені, сыртқы қабырғаны сылау үшін қолданылатын болса - сылақтық, ал ірі құрылыс элементтерді панельдерді , блоктарды ұштастыру үшін пайдаланылса - монтаждық, ал дыбыс жəне рентген сəулесін өткізбеу үшін, т.б. үшін арнаулы мақсатпен қолданылса - арнаулы (арнайы) деп топтастырылады.
2.1 Құрылыс ерітінділерін дайындауға қажетті материалдар. Байланыстырғыш заттар ретінде портландцемент, шлакті портландце-мент қолданылады. Кұрылыста пайдаланылатын цементтің 15-20 %, құрылыс ерітінділерін өндіру үшін шығындалады. Сондықтан құрылыс ерітінділерін дайындау үшін жоғары маркалы клинкерлі цементтің шығынын азайту өте тиімді. Клинкерлі цементтің шығынын азайтудың негізгі жолы - құрылыс ерітіндісін өндіру үшін арнайы цементтерді колдану. Мұндай цементтер клинкерге көп мөлшерде минералды заттар, активті минералды қоспалар - трепел, диатомит, пемза, кварцті кұм, ізбестас, т.б. қосып, бірге ұнтап өндіріледі. Осындай арнайы цементтерде тек қана 20-30 % клинкер болады. Яғни бұл байланыстырғыш заттарды күйдіру арқылы алынатын қымбат клинкер шығыны, өте азайтылады. Кұрылыс ерітінділерін дайындау үшін цементтерден басқа ауа мен гидравликалық əк, гипс, цемент, пуоцоланды байланыстырғыш (ГЦПБ), гипсті жəне ізбесгипсті байланыстырғыштар қолданылады.
Уақ толтырғыш ретінде ауыр құрылыс ерітінділерін дайындауға кварцті, дала шпаты, табиғи құмдар не тығыз таужыныстарын ұсақтаумен алынған құмдар, ал жеңіл ерітінділер үшін - уақталған пемза, туф, ұлутас, шлак жəне құм түрінде арнайы өндірілетін немесе құм мөлшеріне дейін ұсақталған пемза, керамзит пайдаланылады. Кəдімгі кірпіш сияқты формасы дүрыс кішкене бұйымдарды қалау үшін қолданылатын құм түйірлерінің мөлшері 2,5-мм-ден жоғары болмауы, шойтастарды, ірі темірбетон конструкцияларын ұштастыру үшін пайдаланылатын ерітінділердің құм түйірлері 5 мм-ден, ал қабырғаларды, ішкі төбелерді сылау қабатында қолданылатын ерітінділерде құм түйірлерінің мөлшері - 1,5 мм аспауы қажет.
Құрылыс ерітінділерін пластификациялайтын қосымшалар (үстемелер ретінде цементті ерітінділердің жылжымалылығы мен су ұстағыштығын жақсарту үшін бейорганикалық қосымшалар əк немесе оның орнына отындардың күлі қолданылады. Ал əк пен цементті құрылыс ерітінділері үшін органикалық үстемелер: ауа ендіргіш нейтральданған шайыр (орысша смола нейтрализованная воздухововлекающая СНВ) жəне сульфит ашытқы бражасы (САБ) пайдаланылады.
Үстемелер ретінде құрылыс ерітінділерін төменгі (теріс) температурада қатаюын қамтамасыз ететін ерітінді араласпасының тоңазу (мұздау) температурасын төмендететін натрий, кальций жəне магний хлориттері, сахар (поташ), т.б. қолданылады.
2.2 Құрылыс ерітінділерінің араласпасын (қоспасын) дайындау. Кұрылыс ерітінділерін дайындаудың бірі - қажетті жылжымалылығы бар пайдалануға дайын ерітінді араласпасы ретінде, ал екіншісі құрғақ, яғни сусыз байланыстырғыш зат пен уақ толтырғыштың араласпасы күйінде дайындау. Ерітіндінің соңғы түрі кұрылыс басына жеткізілгеннен кейін, қолданар алдында су қосып, тағы да араластырады.
Ерітінділер сыйымдылығы 375 жəне 750 л үзілісті жұмыс істейтін ерітінді араластырғыштарда немесе үзіліссіз жұмыс істейтін жылжымалы (жүріп тұратын) қондырғыда (9.1-сурет) дайындалады. Араластыру мерзімі - кəдімгі, яғни ауыр ерітінділер үшін 1,8-2,5 мин, жеңіл ерітінділер үшін 2,5-3.5 мин, ал активті минералды үстемелер қосылған ерітінділер үшін - 5 мин. Ерітіндіні турбулентті араластырғышта (9.2-сурет) дайындау үшін 30-400С жеткілікті.
2.3 Құрылыс ерітіндісі араласпасы мен қатайған ерітінді қасиеттері. Ерітінді араласпасының ыңғайлы салынуы (төселінуі, сыланылуы) дегеніміз - оның тығыз жəне жұқа қабатын кеуекті негізге (материалға) оңай салынуы (жағылу) жəне тасығанда, сақтағанда қабаттаспау, яғни қабат - қабатқа бөлінбеу қасиеті. Ерітінді араласпасының бұл қасиеті оның жылжымалылығы қасиеттеріне байланысты.
Ерітінді араласпасының жылжымалылығы биіктігі 45 мм, салмағы 300 г болаттан жасалған стандартты конустық ерітінді араласпасына ену тереңдігі көрсеткішімен (СМ) анықталады (9.3- сурет). Ерітінді араласпасының жылжымалылығын, оның қандай бұйымдарды қалау не ұстасуға жəне олардың су жұтқыштығына (сорғыштығына) байланысты бекітеді. Мысалы, құрылыс нормалары мен ережелеріне (КНиЕ) сəйкес, егер ерітінді кірпіштерді (кеуекті материалды) қалау үшін қолданылса, оның жылжымалығы 9-13 см, ал шойтасты, яғни тығыз материалды қалау үшін пайдаланылса - 4-6 см болу керек.
2.4 Құрылыс ерітіндісінің беріктігі. Ол екі негізгі факторға: цементтің активтігі (маркасына) мен цементпен судың катынасына байланысты Н.А.Поповтың формуласымен сипатталынады: R28 = 0,4 Rц (WC - 0,3); мұндағы R28 - 28 тəулік (құрғақ компоненттерді сумен араластыру мерзімінен бастап) қатайған ерітінді үлгілерінің сығуға беріктігі, кгссм2 .
Бұл формула тығыз негізге төселетін құрылыс ерітінділерінің беріктігін анықтауға жарамды. Ал кеуекті негізге төселетін, яғни кеуекті бұйымдарды қалау, сылау үшін қолданылатын ерітінділер үшін оның беріктігін, цемент-су қатынасы (цс арқылы емес) цемент шығынына байланысты анықтаған жөн. Өйткені, кеуекті негіз суды ерітіндіден сорады (жұтады), осының салдарынан соңы тығыздалып, кеуектігі азаяды, беріктігі өседі (сирек кездесетін жағдай - егер негіз суды көп жұтып, ерітінді құрғап қалмаса). Сондықтан цемент пен судың қатынасы тұрақсыз болса, яғни құрылыс ерітіндісі кеуекі материалдар үшін пайдаланылса, оның тиімді құрамын Н.А.Поповтың мына формуласымен жобалаған жөн: R28 = К Rц (Ц - 0,05) +4; мұндағы К - құмның сапасын көрсететін коэффициент. Ол ірі құм қолданылса - 2,2, орташа құм үшін - 1,6, ал уақ құм пайдаланылса 1,4 болып қабылданады.
Басқа да көп құрылыс материалдары сияқты, құрылыс ерітінділері де, олардың қатаю температурасы төмендесе, беріктігінің өсуін кемітеді. Төменгі кестеде 13°С-та 28 тəулік қатайған ерітіндінің сығуға беріктігін 100%-ке тең деп, басқа температурада қатайған ерітіндінің 28 тəулікте қандай беріктікке ие болатыны көрсетілген:
Қатаю температурасы, °С
1
5
10
15
20
25
Ерітіндінің беріктігі
55
72
68
100
106
110
Кестеде көрсетілгендей төмен, бірақ теріс емес температурада кұрылыс ерітінділері елеулі беріктікке өз маркасының 55-72% ие болады. Сондықтан қыста ерітінділерге судың тоңазу температурасын төмендетіп, ерітінді беріктігінің өсуін қамтамасыз ететін химиялық қосымшалар - натрий нитриті (NaNO2), поташ (K2CO3), т.б. қосылады. Қыста тас бұйымдарды қалау мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Гипс негізіндегі құрғақ құрылыс қоспалары
Құрылыста қолданылатын металдар және оның ерекшеліктері,қасиеттері, қолданысы
Жарылыстан қорғау әдістері
Бетон материалы
Байланыстырғыш заттар туралы негізгі ақпараттар
Керамикалық кірпіш алу технологиясы және физикалық қасиеттері
Құрылыс ерітінділерінің түрлер
Бетон араластырғышты орнату
“ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ИМАРАТТАРДЫ ТЕКСЕРІП, СЫНАУ” ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер