Топырақ эрозиясы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Топырақ эрозиясы.
Аумақтың экологиялық жай-күйінің критерийі ретінде топырақ тозуының нәтижесінде (эрозия, дефляция, қайталама сортаңдалу, сортаңдалу, шел қабықтану) пайдаланылатын жерден шығарылған алқаптардың ауданын пайдалану ұсынылады. Қолайсыз процестердің бірқатары (пайдалы қазбаларды ашық өңдеу, құрылыс жұмыстары кезінде топырақтың жамылғысын механикалық жою; адам жасаған су эрозиясы және дефляциясы) оның дәрежесі топырақтың тозу критерийі ретінде пайдаланған топырақ көкжиектерін бұзуға әкеліп соғады. Топырақ құрылымының бұзылуы және қосылу процестерінің дамуы топырақ тозуының маңызды көрсеткіштері болып табылатын топырақ тығыздығының ұлғаю дәрежесімен сипатталады. Жер астындағы сулар деңгейінің ұлғаюын топырақтың әрбір типі үшін әртүрлі сыни мәніне қатысты бағалау ұсынылады. Топырақтың экологиялық уыттылылығын бағалау үшін қауіптіліктің әртүрлі сыныптағы заттары үшін сараланған түрде нақты ластаушы заттардың ШРШ асу еселігін пайдалану орынды. Бірқатар ластаушы заттар үшін ШРШ бекітілген мәнінің болмауына байланысты (мысалы, кадмий үшін) табиғи сулар үшін ШРШ тиісті шамасына топырақтың (топырақ қоспасы) сұйық фазасындағы ластаушы заттардың бар болуына қатынасын пайдалану ұсынылады.
Топырақ ластануының кешенді көрсеткіші ретінде фитоуыттылықты жоғары өсімдіктер ұрықтарының өсіп шығуын, өсуін және дамуын басатын ластанған топырақтың қасиеті қабылданады (тестік көрсеткіш) . Топырақтың биологиялық тозуының белгісі топырақтың микроорганизмдері өміршеңдігінің төмендеуі болып табылады, ол туралы белсенді микробты биомасса деңгейінің төмендеуі бойынша, сондай-ақ неғұрлым таратылған, бірақ сонша нақты емес көрсеткіш - топырақтың тыныс алуы бойынша айтуға болады. Топырақтың экологиялық жай-күйін бағалау критерийлері және параметрлер негізінде олардың маңыздылығы өңірлік ерекшеліктермен анықталатын қарастырылатын критерийдің байқалу ауданын ескере отырып жүргізіледі. Топырақтағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген нормалардан асудың еселігін, ең алдымен, осы заттардың жылжымалы нысандары бойынша бағалаған жөн.
Топырақ жай-күйінің экологиялық көрсеткіштерінің бірі әлеуетті құнарлылықты сипаттайтын ценоздардың биологиялық өнімділігі болып табылады. Ауыл шаруашылығы аумақтарының топырақтары үшін мұндай көрсеткіш орташа өнімділік болып табылады. Сараптамалық түрде осы жергілікті жер және дәнді-дақыл үшін барлық агротехникалық және агрохимиялық іс-шаралар кешенінің сәйкестігі кезінде төтенше экологиялық зілзала аумағы үшін өнімділіктің түсуін 75%-дан астамға төтенше экологиялық жағдай аумағы үшін 50-75% қабылдау ұсынылады. Қаралатын аумақ (топырақ, ауа, суармалы және жер астындағы сулар) ластануының дәрежесі индикаторының қосымша көрсеткіштері өнім сапасына нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін өнім үлесі болып табылады (пестицидтердің, уытты элементтердің, микотоксиндердің, нитраттардың, нитриттердің және т. б. қалдық саны) .
Топырақтардың жай-күйі туралы деректерді ластаушы заттардың негізгі көрсеткіштері және құрамдас бөлігінің құрамы бойынша ақпаратты қамтитын толық тақырыптық картографиялық материалдар түрінде ұсыну қажет.
8) геологиялық орта бұзылуының және өзгеруінің экологиялық қауіптілігін бағалау үшін көрсеткіштер
Экологиялық салдары бар геологиялық орта бұзылуының геодинамикалық көрсеткіштері литосфераның жоғары бөлігінің қазіргі заманғы шиеленісті бұзылған жай-күйінің үдемелілік нысанында және байқалуының ауқымында ұсынылуы мүмкін. Бұл көрсеткіштер бұзылудың сыни жылдамдығының параметрлерімен және күтілетін сейсмикалық әсердің ауқымымен анықталады. Егер кез келген қатты денелердің шамамен 0, 0001 салыстырмалы бірлігі бұзылу шегінің мәнінен шығатын болса, онда объектілердің барлық типтері үшін геодинамикалық әсердің шекті (сыни) деңгейі ретінде ауытқыған техногендік бұзылуды бағалау кезінде қолданылатын 0, 1 салыстырмалы бірлік бұзылу шамасын пайдалануға болады. Жарылым аймақтарында қазіргі заманғы бұзылу процестерінің кеңістік-уақытты өзгеруінің белгіленген фактілерін негізге ала отырып, 0, 1 бұзылудың шекті (сыни) деңгейіне жергілікті аймақтарда 15-30 жыл ішінде қол жеткізу мүмкін. Бұл мерзімдер ерекше жауапты объектілер және құрылыстарды пайдаланудың барынша аз мерзімдерімен өлшенеді. Олардың қызмет етуінің бұзылуы сыни экологиялық салдарға әкеліп соғуы мүмкін. 0, 0001 салыстырмалы бірлігіндегі бұзылу деңгейі экологиялық зілзала аймақтарына жатқызуға болатын геологиялық ортаның осындай бұзушылықтарына әкеліп соғады.
Экзогендік геологиялық процестердің айқындалуы адам қызметінен тәуелсіз жүруі мүмкін. Алайда техногендік факторлар экзогендік геологиялық процестердің айқындалуын күшейтуі немесе әлсіздендіруі мүмкін. Экзогендік геологиялық процестердің табиғи даму барысына адамның ойсыз араласуы олардың апаттық белсенділігін тудыруы және табиғи ландшафттың қайтарымсыз өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Осы факторларға көшкіндер, селдер, карстер, жер бетінің отыруы және басқалары жатады.
Экожүйенің бұзылу дәрежесін бағалау экожүйелердің құрылымындағы және қызмет етуіндегі қолайсыз өзгерістерді анықтайтын және бұзылу дәрежесі бойынша олардың кеңістіктік дифференциациясын, сондай-ақ тозу процестерінің серпінін ескеретін критерийлер бойынша жүргізіледі.
Табиғи экожүйелердің жай-күйіндегі құрылымдық-функционалдық өзгерістер, олардың орнықтылығының әртүрлі деңгейіне қарамастан, бір типті көрсеткіштермен сипатталады. Төтенше экологиялық жағдай аймағындағы экожүйелердің жай-күйі топтардың біріндегі 20-50% шегінде үлес салмағының төмендеуі (немесе артуы) кезінде негізгі трофикалық топтардың қатынасындағы өзгерістермен сипатталады, бұл ретте экожүйе ішінде өзара қарым-қатынастардың бұзылуы жүреді, бірақ тозу процесі әлі қайтымсыз сипатқа ие болмайды. Экологиялық зілзала аймақтарында экожүйелердің жай-күйі трофикалық буындардың бірінің үлес салмағының 50%-дан астам төмендеуімен (немесе артуымен) сипатталады. Экожүйе ішіндегі өзара байланыстардың бұзылуы қайтымсыз сипатқа ие болады, экожүйе орта және ресурс өсімін молайтатын функцияларынан айырылады.
Аумақтың экологиялық жай-күйін бағалау кезінде қалай қолайсыз өзгерістердің байқалу ауданын, солай зерттелетін аумаққа тозудың әртүрлі дәрежесін бөлудің кеңістікті бірыңғай еместігін ескеру қажет (өйткені аумақ учаскесінің тозу дәрежесі тең болған кезде, қалпына келу мүмкіндігі оның ауданына кері пропорционалды болып келеді) .
Экожүйелердің тозу жылдамдығы байқаулардың 5-10 жылдық қатарымен есептеледі. Экологиялық ахуалдың нашарлауын болжау және оны тұрақтандыру және жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізу үшін шиеленіскен экологиялық жағдай кезінде экожүйелердің бағытталуы мен тозу жылдамдығын бағалау ерекше маңызды.
Кез келген табиғи экожүйенің биотикалық құрауышы ретінде өсімдіктер экожүйенің құрылымдық-функционалдық ұйымдастыруында және оның шекарасын анықтауда шешуші рөл атқарады. Өсімдіктер тек қана қоршаған ортаның бұзылуына өте сезімтал емес, сондай-ақ антропогендік әсер ету нәтижесінде аумақтың экологиялық ахуалының өзгеруін неғұрлым көрнекі көрсетеді. Өсімдіктердің жай-күйін бағалау критерийлері географиялық жағдайларға және экожүйелердің типтеріне байланысты айрықшаланады. Бұл ретте өсімдік жамылғысының құрылымындағы да (тамырлы қауымдастықтар ауданының кемуі, ормандылықтың өзгеруі), өсімдік қоғамдастығы мен жеке түрлердің (популяциялар) деңгейіндегі де қолайсыз өзгерістер ескеріледі: түрлік құрамның өзгеруі, қауымдасу мен доминанттар ценопопуляцияларының жастық спектрінің нашарлауы.
Түрлер-индикаторлар популяциясының тығыздығы - негізгі антропогендік факторларға жоғары сезімталдық білдіретін экожүйе жай-күйінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Антропогендік әсердің нәтижесінде қолайсыз түрлер-индикаторлар популяциясының тығыздығы төмендейді, ал оң түрлер-индикаторларда - артады. Антропогендік жүктеменің шекті мәні түр-индикатор популяциясы тығыздығының 20%-ға, ал сыни мәнінің - 50%-ға төмендеуін (немесе артуын) есептеген жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz