Автомобиль жолдарының жабындарын қалпына келтіру және жөндеу машиналары мен жабдықтары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Автомобиль жолдарының жабындарын қалпына келтіру және жөндеу машиналары мен жабдықтары.

Орындаған: Сулейменов Е. М, СТ-309 тобы

Тексерген: Мухаметов Е. М.

Семей 2015

Жоспар

1. Автомобиль жолдарының жабындарын қалпына келтіру және жөндеу машиналары мен жабдықтары.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Автомобиль жолдарының жабындарын қалпына келтіру және жөндеу машиналары мен жабдықтары.

Бұл топты құрайтын машиналар мен жабдықтар жол жабындарың жөндеу мен асфальтбетон жабындары қалпына келтіруге байланысты барлық жұмыстар кешенің орындауға арналады. Мұндай машиналар жәрдемімен жабынды қирату, битумды тасымалдау мен тарату, асфальтбетон жабындарын қыздыру және оларды қалпына келтіру, жарықшаларды бітеу, жіктерді жөндеу, женіл-желпі және жабынды шұңқырлап жөндеу және т. б. жұмыстар орындалады.

Жол мен аэроалаң жабындарын жөндейтін және қайтадан құрылымдайтын машиналар екі топқа бөлінеді. Бірінші топты жөнделетін жабын қабатын суықтай аластайтын, ал екінші топты қабатты қыздырып аластайтын машиналар құрайды.

Суықтай аластайтын машиналар цементбетон және асфальтбетон жабындарын қалпына келтіруге және жөндеуге арналады. Мұнда асфальтбетон жабындары алдын ала қыздырылмай жөнделеді. Машинаның технологиялық процесіне жөнделетін жабын бетін жону, жаңа тұтқырғышты қосу, жасалған қоспаны араластыру, қоспаны төсеу, оны тарату және тығыздау жұмыстары жатады. Қосылатын тұтқырғыштың мөлшерін микропроцессормен бақылайды. Машина технологиялық операциялар кешенін толық немесе жеке түрлерін орындауға қолданылуы мүмкін.

Жөнделетін қабатты қыздырып аластайтын машиналар негізінен асфальтбетон жабындарын қалпына келтіріп, жөндеуге арналады. Машинаның технологиялық процесі мына операциялардан тұрады: жабын беткейін талапты тереңдікке қыздыру, тұтқырғышты қосу, жаңа асфальтбетон қоспасын қосу, араластырып жаңа материал жасау, қоспаны төсеу және оны тығыздау. Тұтқырғыштың нормасы және асфальтбетон қоспасының жаңа үлесін қосу микропроцессормен бақыланады. Ол жөндеу жұмысының жоғары деңгейде өтуін қамтиды.

Асфальтбетон жабындарын жөндеу кең тараған жабын қабатын қалпына келтіру немесе ремикс тәсілдерімен іске асады. Ремикс жұмыс тәсілі - ол жабын ақауын оның қабаттын аластату арқылы орындалатын технология. Жабын өнделінеді және ол жаңа жабынға қойылатын талапқа толық сәйкес болатындай болып жақсартылады. Бұл тәсіл үнемді, қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ, құрылыс материалы үнемделеді және жөндеу мерзімін қысқартады.

Жөнделетін жабынның асфальт қабаты алдын ала қыздыру және ремиксер қондырғысымен қыздырылады, одан кейін жоңғышпен қопсытылады. Бар қоспаға түзетуші қоспа мен битумды қосады. Дайындалған қоспаны қайтадан жабынға төсейді. Барлық қайтадан қалпына келтіру процесі машинаның бір жұмыс өтімінде тікелей жолдың жүру бөлігінде қозғалыс барысында орындалады. Жабын 140 - 170 С температураға дейін қыздырылады. Жабын массасы жұмсарады. Қажетті жылу энергиясын пропанмен қоректенетін инфрақызыл сәулешығарғыштар жинағы береді. Қыздыру элементтері берілген жол бөлігінің еніне байланысты орналасады. Газ қысымы қыздыру элементтерінің әрқайсысында жеке реттеледі. Жұмсарған жабынды талапты тереңдікке дейін айналмалы иірліктерге шиыршықталып орналасқан қаттықорытпалы тістермен қопсытады.

Жұмысшы ені сатысыз және автоматты реттеледі. Тегістеуші пышақтар жабын қабатын сыдырады, ал қопсытылған қоспа араластырғышқа беріледі. Ескі асфальтты араластырғышқа минералды қоспаны және тұтқырғышты үлестеп қосу арқылы регенерациялайды. Түзетуші қоспа жабындағы қоспамен мәжбүрлі әсерлі араластырғыштармен жеткізеді де, қабылдағыш шанапқа тиейді. Араластырғышқа жеткізу және дәлмөлшерлеу қозғалыс жылдамдығын реттеу мүмкіншілігі бар қырнағышты тасымалдағыш арқылы іске асады. Жаңа тұтқырғыш қондырғыдағы қыздырылатын шанда болады. Тұтқырғыш айналым санын реттеу мүмкіндігі бар сорғы көмегімен дәлмөлшерленеді және бүркіледі. Дайындалған қоспа тегістелген және қыздырылған негізге бойлық үйінді түрінде беріледі. Қалпына келтірілген материал жолақ пішініне сәйкес бірқалыпты реттелетін тығыздаушы білек көмегімен төселеді. Төсемнің жеке қыздырылуы қабаттардың ыстықты ыссыға төсеу арқасында жақсы ілінісуін қамтамасыз етеді. Ақтық тығыздауды жол аунақшаларымен жасайды. Сонымен қатар машина жол жабындарын қалпына келтіруге мүмкіндік жасайды: а) жаңа қоспаны қоспай; б) араластырмай жаңа қоспаны қосу арқылы.

Асфальтбетон қоспаларын араластыру арқылы регенерациялау тәсілін технология бойынша ескі жабын материалдарын жаңа материалдармен толықтырғанда қолданылады.

Асфальтбетон жабындарын қалпына келтіретін машиналар тобына жататындар: қыздырғыштар, жонғыш, машиналар, қыздырып - тегістегіштер және қыздырғыш - терможөндегіштер. Машиналарды қыздырғыштар типіне қарай сұйықотынды, газотынды және электірлі деп ажыратылады. Қарастырып отырған машиналар қол, тіркемелі және өздігінен жүретін болулары мүмкін.

Асфальтбетон жабындарын қыздырғыштар инфрақызыл шағылдырғыштарымен автомобиль, доңғалақты трактор және арнаулы шассилерге жинақталады. Инфрақызыл қыздырғыштарды қолдануды негізгі артықшылықтарына жататындар: асфальтбетон жабындарының беткі қабатындағы органикалық біріктірме материал жанып кетуден сақталады; сәулешығару жылу ағымына шетқабаттың термиялық кедергісі шамалы болғаннан қыздыру ұзақтығы қысқарады. Сәуле шығару энергиясы асфальтбетон жабынының тікелей беткейі мен төменгі қабаттарына сіңіріледі және де сәуле толқынының ұзындығы неғұрлым кіші болса, ол соншалықты тереңге өтеді.

Пайдаланған әдебиеті:

1. Т. Х. Тастанбеков - құрылыс және жол машиналары: жол машиналары, Өскемен 2004

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүк тасымалдау көлігі
Жол-құрылыс машиналарының құрылысы және жіктелуі
Бульдозер жұмыстарының қажеттілігін тексеру
Технологиялық машиналар және жабдықтар
Дөңгелекті ІІ типті эксковаторлардың өндірістік жұмыс кезіндегі технологиясы және ұйымдастырылуы. Еңбек және қауіпсіздік шаралары
Автомобиль жолдары мен аэро алаңдарды жазда күту машиналары
Тас материалдарды сұрыптау машиналары
Ауыл шаруашылығы объектілерін өртке қарсы қорғау
Карьер жолдарының құрылысы
Автокөлік кәсіпорыны қызмет орындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz