Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері

Орындаған: Кенжебекова А

Тж-405 топ

Тексерген: Қуантқан Биболат

Семей 2015

Жоспар:

І. Кіріспе

Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Нарықтық шаруашылықтың артықшылығы.

2. 2. Нарықтық шаруашылықтың кемшіліктері.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық - бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

- сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

- экономиканы ұйымдастыру формасына қарай - нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

- рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок (нарық) - бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет) . Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика - еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін - осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса - олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді ( мыс., қорғаныс ), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу - реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

Тауар шаруашылығы жағдайында әлемдік нарық қоғамдық өндірістің реттеушісі болды. Әлемдік нарық арқылы тауарлар өндірісінің құрылымының қоғамдық қажеттіліктер құрылымы мен көлемін өз бетінше бейімделуі, өндіріс факторы әр түрлі салалардың арасында бөлу жүзеге асады, яғни қанша өндіру керек екені шешіледі. Әлемдік нарық өндірістің қай жағдайлары қоғамдық қажетті екенін аңықтайды, шығындарды азайту және еңбек өнімділігі мен өндірістің техникалық деңгейінің өсуін ыңталандырады да, осы арқылы тауарлар қалай, қандай ресурстардың көмегімен және қандай технологиямен өндірілетіндігін аңықтайды. Ақырыңда, әлемдік нарық тауарларды кімдер үшін өндіру қажет, әртүрлі табыстар мен әртүрлі мамандығы бар халықтың әр түрлі бөлігінің арасында ұлттық табыс қалай бөліну керек мәселесін шешеді. Әрбір тауар өндірушінің негізгі міндеті нарықта өз тұтынушысын табу, оған өз тауарын сату. Нақ осы тұтынушы өз қолындағы ақшаны пайдалана отырып, ақыр соңында не өндірілетіне және өндірілген тауарлар қайда кететіне қызмет етеді.

Нарықтық механизм өз қызметін кәсіпкерлік еркіндігін, әр түрлі қолдану саласына ресурстардың ауысуы мен сатушыларды таңдау еркіндігін білдіретін экономикалық қатынастарды барынша тиімді жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, нарықтық экономика дегеніміз-мемлекеттің араласуынсыз тиімді қызмет істеу қаблеті бар өзін-өзі реттеуші жүйе . Оның өз тәтібі бар және белгілі бір заңдықтарға бағынады. Жүз мыңдаған тауарлар, нарық заңымен орталықтандырылған басқарусыз өндіріледі, сонымен қатар сұраныспен ұсыныстың теңдігі қамтамасыз етіледі. Атап өту керек, бірнеше мыңдаған жылдар бұрын пайда болған нарық табиғи жолмен, өзгермелі жағдайларға бейімделе отырып, күрделі даму жолынан өтті және осы арқылы өзінің өміршендігін көрсетті. Осы мәнде нарықтың экономиканы адамзат өркениетінің жетістігі ретінде барлық өмір сүрген қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларының ішіндегі ең тиімдісі ретінде қарауға болады. Сонымен бірге, нарықты қайсыбір кемшіліктерсіз және қайшылықсыз қарау үлкен қателік болар еді. Нарықтық механизімде тепе-теңдік орнату тенденциясыөзіне жолды тепе-теңдікте тұрақты түрде бұру арқылы салады.

Әлемдік нарық экономикасында такуарлар ақша көп болған жаққа қарай бағытталатын, нарық табыстың жетіспеушілігімен байланысты кейбіреулерді тарықтырса, ал басқалар салыстыруға болмайтын немесе шектен тыс табыстар алуы мүмкін. Әлемдік нарық механизімі пайда алуға бағдарланған, сондықтан қоғамның алдыңда тұрған көп міндеттерді, әлеуметтік қамтамасыз ету, ғылым мен мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және т. б тиімді түрде шеше алмайды.

Әлемдік нарықтың құрылымы және оның түрлері.

Жалпы нарық мәселесі төнірегіндегі осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдеиеттер мен зертеулерде «Әлемдік нарық» деген терминнің мәңі осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтың қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те6немесе осы салада орын алып отырған алқылыптар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріпткуде. Саяси экономикалық мағынада әлемдік нарықты айырбас қатынасынан бюілдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.

Экономикалық дамудың обьектиивті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке және т. б ) өмірге әкеледі. Көп уақыт бойы біздің елімізде басқарудың әкімшілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтық айырбасқа кең жол ашты. Мысалы: Венгряда қазірдің өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы еңгізу арқылы нарықтық тепе-теңдігі қалыптастырылуда. Әрбір өндіріс әдісінде нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік түмпі дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.

Әлемдік нарықтың басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ете жатады. Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы құрылымдары, өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметірі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процесінің бағыт-бағдарлар алдымен нарықта, сұраныс пен ұсыныс, ксіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рол атқарады. Өткені ол өндірілген өнімнің оған жұмсалған нңбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Нарықтың тағы бір маңызды міндеті, ол бағаныңқоғамдық қажетті еңбек шығындарын нақты сипаттаумен байланысты атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері жайлы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы ақпарат
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы мәлімет
Акционерлік қоғамдардың қызметінің экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері
Нарық және нарықтық экономика
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы ақпарат
Нарықтық экономиканың кемшіліктері
Нарықтық экономика туралы мәлімет
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz