Қазақстан Республикасының білім туралы заңы туралы ақпарат


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология Факультеті Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы.

СӨЖ

Тақырыбы: 1) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 2) Білім беру мақсаттары.

Орындаған: Саметкалиева А.

ФИ - 311 тобы, 3-курс.

Тексерген: Жумашбекова С. К.

Семей - 2015

1) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 2) Білім беру мақсаттары.

1) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы - республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның жетісінде қабылданды. Одан кейін 2007 жылы 27 шілдеде қабылданды. ҚР Білім туралы заңы 68 баптан, 12 тараудан тұрады. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар. Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi,
осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және
Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ
адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге
бағытталған.

2) Білім беру мақсаттары. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі. Білім берудің мынадай мақсаттары бар:

1) Білім бірлігіндегі міндеттерді шешу және ойластыру (өз бетімен білім алуға дайындығын, арнайы жалпыоқулық іскерлік пен дағдыны, танымдық әрекеттерін) қалыптастыру; тәрбиені (әлемдік көзқарас, белсенді өмірлік позиция, дұрыс тәртіп пен қарым-қатынас тәжірибесін, осы бағалы қасиеттерді тұрақты жеке қасиеттерге айналдыруды, өзін-өзі тәрбиелеу мен психологиялық дамытуды) қалыптастыру; білім алушының түсінігін, қабылдауын, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін, ақыл-ойын, тілін дамыту, сабақтың маңызды және үстем міндеттерін көрсету, оларды ұжымның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып нақтылау.

2) Маңызды ғылыми түсініктерді, теориялық ережелерді, заңдылықтарды, оқу материалдарындағы басшы тәрбиелік идеяларды, оқу мазмұнындағы негізгі өміршең бөліктерді бөліп алуға білім алушы-лардың ықыласын, назарын аудару.

3) Оқу процесінде тәжірибелік, саясаттық, мамандық таңдау бағыттарының қамтамасыз етілуі; білім алушылардың алған білімдерін, іскерлік пен дағдыларын пайдалануға нақтылы мүмкіндіктерді жасау, теориялық мәліметтерді жасанды меңгеруге жол бермеу.

4) Белсенді, қарқынды оқыту әдістерінің есебінде басым әдістерді таңдау қуатын кеңейту, сабақта көрнекілік пен практикалық, репродуктивті және проблемалық іздене отырып оқыту әдістерін, білім алушылардың өздік жұмыс-тарын, танымдық қызығушылықтарын арттыратын әдістерді, білімге, оқуға саналы қарым-қатынастарын, міндет сезімдерін, жауапкершілік пен тәртіпті және басқа да оқыту себептерін зор үйлесімділікпен пайдалану; оқыту әдістерін, олардың ішінде қазіргі жағдайда білім алушыларға оқу жаңалықтарының мазмұнын толық және терең жеткізуге қабілетті әдістердің қуатын кеңейту, көп жағдайда білім алушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру.

5) Сабақта жалпысыныптық жұмыс түрлерін топтық және жеке жұмыс түрлерімен үйлестіру, оқу жұмыстарын ұйымдастыруға ұжымдық қызметтей талпыну.

6) Барлық білім алушылардың сабақта өз әрекеттеріне, дағдыларына белсенді және саналы қарым-қатынастарын, оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру; сабақта, бақылау мен білімді бағалауда, білім алушылардың іскерлік пен дағдыларында тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктер жақсы ұйымдастырылған оқуды пайдалану.

7) Кабинеттік оқыту жүйесін ғылыми-техникалық прогрестің талап-тарына сай дамыту, әр түрлі оқыту құралдарын мақсатты, тиімді, кешенді пайдалану (оқулықтар, көрнекі құралдар, жаңалықтар құралы және электрондық есептеу техникалары т. б)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ғылыми - техникалық саясаты мен ғылымды басқару жүйесінің қалыптаса бастауы
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Бала құқықтары. Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы Ар-ождан және дін бостандығы құқығы. Сөз, наным және оларды еркін білдіру құқығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
Азаматтар мен қоғамдык бірлестіктердің коршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері
Оқу-танымдық тәжірибе есебі
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Қазақстан Республикасы қоғамдық Құрлысының конституциялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz