Бюджет тапшылығы туралы ақпарат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

І. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5

1. 1 Мемлекеттік бюджет: мазмұны, құрылымы 5

1. 2 Мемлекеттік қарыз: мазмұны, пайда болуы, түрлері және нысандары---10

1. 3 Бюджет тапшылығының мәні және туындау себептері16

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ 19

2. 1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетін талдау19

2. 2 Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышын талдау және оны реттеу24

2. 3 Мемлекеттік борыш және бюджет тапшылығын қысқарту жолдары34

ҚОРЫТЫНДЫ 38

Қосымшалар 39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Жолдауында: «Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда бірнеше бағыттарға баса көңіл бөлу керек. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Экономикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды.

Қатаң бюджет және салық тәртібі сақталуға тиіс ».

Курстық жұмысымның тақырыбы- «Мемлекеттік бюджет тапшылығы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетін талдау және бюджет тапшылығын қысқарту жолдары». Тақырыпты таңдап алу себебім, оның мақсатымен байланысты. Курстық жұмысымның мақсаты - мемлекеттік бюджеттің мәнін, мазмұнын, құрылымын талдау, бюджетті жетілдіру жолдарын іздеу, бюджет шығыстарының қандай сфераларға жұмсалуын зерттеу. Ал курстық жұмысымның міндеті - мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту жолдарын талдау.

Мемлекеттік қаржының құрамдас бөлігі- мемлекеттік бюджет. Мемлекетік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған соң, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.

Нарықтық қатынастарға көшу бюджет баланстылығына қатты әсер етті. Ол жылма-жыл қарыздар болған кәсіпорындар мен ауыл щаруашылығының салмақты дотацияларды бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағалары тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырды.

Мемлекеттік бюджет- мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Бюджет ұғымы француздың сөзі немесе табыс пен шығындарды бөлу. Мемлекеттік бюджетке кірістер есебінде түсетін ақшалай қаражаттар Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының маңызды бөлігін құрайды.

Бюджет жүйесінің салық жүйесімен және қаржы жүйесінің басқа да компоненттерімен өзара байланыста қызмет етеді. Қазақстанда бюджетті реформалау және жаңа бюджет жүйесін құру 1993 жылы басталды. Содан бері мемлекеттік бюджет жүйесі дамудың бірқатар белестеріне жеткен.

Бірақ мемлекеттік бюджет тапшылығы мәселесі әр уақытта актуалды бола бермек. Сондай-ақ, бюджетті реформалаудың көптеген бағыттары бойынша біз алға қарай жылжыдық. Осы курстық жұмысымда мемлекеттік бюджетті талдау және тапшылығының қысқарту жолдары қарастырылатын болады.

І. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Мемлекеттік бюджет: мазмұны, құрылымы

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланган сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет " үғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлтгық шаруашыдық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.

Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды - жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

1) мемлекетпен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес қүндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық турінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражатта-рының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

Мемлекеттік бюджетке қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т. т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды.

Негізгі каржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтаңдырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Яғни, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) .

Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (1-сызбаны қараңыз) .

Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысқан.

Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық шаруашылықтың маңызы зор және оның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

Мысалы, Қазақстандағы аса ірі мұнай компаниясы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының қаңтар ақпан айларындағы жалпы табысы 118, 6 млрд. теңгені құрады. Бұл 2005 жылдың сәйкес айларындағы кірістен 51, 4% жоғары. «ҚазМұнайГаз» өзінің еншілес және қарамағындағы ұйымдарымен қоса алғанда Республика бюджетіне 22, 5 млрд. теңге көлемінде салық пен төлем есебінде қаржы, бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 1, 4 есе көп. Мұнай-газ саласындағы еліміздегі аса ірі саналатын аталған компания инвестиция саласында да белсенді жұмыс жүргізіп отыр. Ол 2006 жылдың алғашқы екі айында өз қаражаты есебінен 9 млрд. 289 млн. теңге көлеміне күрделі қаржы салымдарын жасаған.

1. 2 Мемлекеттік қарыз: мазмұны, пайда болуы, түрлері және нысандары

Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Қарыздар өтеу мезгілі бойынша мынандай түрлерге бөлінеді:

  • қысқа мерзімді (бір жылға дейін),
  • орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін),
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады.

Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбірлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады. Мысалы, 1922-1923 жж. КСРО-да заттай қарыздар (екі нан және бір қант қарыздары) шығарылды. Оларды шығару сол кездегі ақшаның тез құнсыздануымен айқындалды. Осындай мақсатпен алтын қарыздар да (яғни алтын түрінде есептелген қарыздар) шығарылды. Заттай қарыздарды өтеу не зат түрінде, не қарызды өтеу мезетіндегі қанттың немесе нанның рыноктік бағасы бойынша ақшамен жүргізілді. Бұл қарыздарды өтеу жыл бойы жүргізілді.

Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.

Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады) ; ұтыс немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін. Аталған мемлекеттік қарыздардан басқа олардың тарихында (бұрынғы КСРО бойынша) шаруа қарыздары (1924, 1925, 1927 жж. ), үш индустрияландыру қарызы белгілі.

Сондай-ақ әскери қарыздар, 1946-1950 жж. халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту қарыздары (5 қарыз) белгілі. Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 ж. республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға (2012 жылға дейін) есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.

1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңды және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.

Ақша ресурстарындағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде кірістердің түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезінде кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз нысанда заңды тұлғаларға - коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып 3, 6, 9, 12 ай мерзімге шығарылады. Иелері арасында МҚМ-ді орналастыру аукциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің кезекті шығарылуының дисконтталынған бағасы белгіленеді. Қаржы министрлігі оларды айналыс мерзімінің бітуіне қарай көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаз номиналы (атаулы құны) мен дисконтты баға арасындағы айырмашылық инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға есеп айырысу мен шаруашылық операциялар бойынша қалыптасатын рыноктік бағалар бойынша (жағдаятты ескере отырып) төлемдердің мәртебесін бере отырып, олардың тұрақтылығына кепіл болады.

1999 жылдан бастап атаулы құны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі 5 жыл арнаулы валюталық мемлекеттік облигацияларды (АВМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарды. Бұл облигациялар иелеріне өтеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және жылына 6, 14% мөлшерінде сыйақы (мүдде) алуға құқық береді.

Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардың түрлерін кеңейту мақсатында теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайында айналыс мерзімдері 3, 6, 9, 12 ай болып табылатын мемлекеттік қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол құжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондық әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырылды. Қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, бейрезидентттері де болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеу мен Қаржы Министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеу төлеу күні мен өтеу күнінің қарсаңындағы әр эмиссиясының шарттарын жариялау кезінде Қаржы министрлігі тағайындаған Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланылатын несие қорын қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтың салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік кредиттің нысаны болып табылады.

Мемлекеттік кредиттің келесі нысаны - елдің орталық эмиссия банкінің қаражаттарын тарту. Мемлекет айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қосарланатын бұл нысанға мемлекеттік кредиттің әр түрлі келеңсіз себептерден - дағдарысты жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.

КСРО-ның практикасында мемлекеттік кредиттің нысаны ретінде бюджет тапшылығын жабу үшін жалпы мемлекеттік несие қорынан қарыз алу нысанының кең таралғаны белгілі. Қаржыландырудың мұндай әдісі дүниежүзілік практикада басқарудың тоталитарлық режімі орын алған мемлекеттерге тән. Ол инфляциялық процестерді жоймайды, керісінше, оларды күшейтуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасының үкіметі 1998 жылдан бастап жалпымемлекеттік несие қорының қаражаттарынан тікелей қарыз алуды тоқтатты.

Экономиканы тиімді реформалау міндеттерін сонымен қатар шетелдік инвестицияларды кеңінен қатыстырмайынша да шешу мүмкін емес.

Бұл орайда сыртқы кредиттер мен қарыздарды тікелей шетелдік инвестициялармен шатастырмау керек. Кредит пен қарыздардың бәрі инвестицияларға жата бермейді. Әсіресе, 1993-1994 жылдардағы кредиттер мен қарыздар инвестицияға кірмегенін айтқан жөн. Олар бюджет тапшылығын жабу үшін, басқа да зәруліктерді қамтамасыз ету үшін жұмсалды.

"Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:

1. Қарызгерге қатысы бойынша :

  • Қазақстан Республикасы үкіметінің қарыздары;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
  • Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.

2. Несие капиталының рыногі бойынша : сыртқы мемлекеттік қарыздар;

ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.

3. Қарыз алу нысаны бойынша: мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;

қарыз туралы шарттар (келісімдер) жасау болып бөлінеді. Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:

айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;

айналыс мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін, орта мерзімді;

айналыс мерзімі 10 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда (оны ұсынушылар үшін тек қана құжаттық нысанда), номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының (мудденің) бекітілген және бекітілмеген (өзгермелі) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.

Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға (келісімдерге) қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Мемлекеттік кредиттің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда - бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату; жазылу; мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу; мерзімсіз қарыздарда - пайыздық кірісті дүркіндік төлеу) .

Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту (конверсия), нығайту (консолидация), сәйкестендіру (унификация), қайта қаржыландыру) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз туралы
Мемлекеттік бюджеттің мәні
Қр-дағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыздарды басқару
Бюджет түсінігі. Бюджет тапшылығы және оның мәні
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы
Бюджет балансы, бюджет табысы
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
Бюджет жүйесінің мәні және оның құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz