«Жасыл» құрылыс дамуының болашағы


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ГЕОГРАФИЯ және ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
МАГИСТРАТУРА
Энергоэкология кафедрасы
6М060800-Экология
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
«Жасыл» құрылыс дамуының болашағы
(Алматы облысының мысалындағы)
Орындаушы Чутукова Н. К. " __ " 2015 ж.
Ғылыми
жетекші,
б. ғ. к.,
доцент Солодова Е. В. " __" 2015 ж.
Қорғауға
жіберілді:
Кафедра
меңгерушісі,
г. ғ. к., доцент Базарбаева Т. А. " __" 2015 ж.
Алматы, 2015
Түйіндеме
Магистрлік диссертация 3 тараудан, 79 бет, 10 кестеден, 24 суреттен, 98 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Алматы қ. мен Алматы облысының территориясында «жасыл» құрылысты дамыту мақсатында автономды энергия үнемдеуші экоүй модулі құрастырылды. Алматы қ. территориясында «жасыл» құрылыстың болашақ даму талдауы жүргізілді.
Резюме
Магистерская диссертация состоит из 3 глав, 79 страниц, 10 таблиц, 24 рисунков, 98 источников литературы.
Разработан модуль автономного энергосберегающего экодома для развития зеленого строительства на территории г. Алматы и Алматинской области. Проведен анализ перспективы развития «зеленого» строительства на территории г. Алматы.
Summary
Master's thesis consists of three chapters, 79 pages, 10 tables, 24 figures, 98 references.
The module of the autonomous energy-saving ecohouse is prepared for development of green construction in the territory of Almaty city and Almaty region. The analysis of prospect for development of "green" construction in the territory of Almaty city is carried out.
Мазмұны
1. 3
1. 4
1. 5
1. 6
1. 7
1. 8
«Жасыл» құрылыс урбоэкология ғылым жиынтығының жаңа бөлігі
Архитектуралық-құрылыстық бионика
«Жасыл» құрылыс ғимараттарын бағалауда пайдаланылатын халықаралық стандарттар
«Жасыл» құрылыста LEED және BREEAM бағалау стандарттарын салыстыру
Қазақстанда «жасыл» құрылыстың даму келешегі
Алматы қаласындағы «жасыл» құрылыс принциптері
16
20
22
24
26
29
2. 2
2. 3
2. 4
2. 5
2. 6
Сумен қамтамасыз ету және канализация
Вентиляция және ауа кондиционирленуі
Ауа температурасының және ауа ылғалдылығының көрсеткіштері
Жылумен қамтамасыз ету
Энергияны үнемдеу
45
46
46
47
47
3. 2
3. 3
Күн батареяларын қолданудың есебі
Базисты экоүйлердің есептелген техника-экономикалық көрсеткіштері
55
58
Анықтамалар
Магистрлік диссертацияда анықтамаларға сәйкес келесі терминдер қолданылған:
Энергия қуатының үнемделуін сараптау - бұл кейіннен энергия қуатының шығымын азайту жөніндегі ұсынымдар мен техникалық шешімдердің әзірленуімен, сондай-ақ талданып отырған жобаны жүзеге асыру кезінде тиімсіз технологиялар мен материалдардың енгізілуін, тиімсіз техниканың, керек-жарақтар мен аспаптардың дайындалуын алдын алу мақсатында зерттеліп отырған жобада энергия қуатын үнемдеу принциптерінің қолданылу тиімділігін бағалау.
Энергия қуатын үнемдеу - энергетика ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған қызмет (ұйымдастырушылық, ғылыми, өндірістік және ақпараттық) .
Энергетикалық ресурс - қазіргі уақыттағы техника және технологияның даму дәрежесінде қолданылып отырған немесе келешекте қолданыла алатын энергия тасушы.
Энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуы - техника мен технологиялардың қазіргі даму деңгейінде және қоршаған табиғат ортасын қорғау талаптарының сақталуымен энергетика ресурстарының пайдалануының экономикалық ақталған тиімділігіне қол жеткізу.
Белгілер мен қысқартулар
НҚА - Нормативті құқықтық акт
НТҚ - Нормативті техникалық құжаттама
ЖСҚ - Жобалы сметалық құжаттама
ТӘК - Тиімді әрекет коэффициенті
ҚР ҚНжЕ - Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелері
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемнің барлық ғимараттар барлық бірінші реттік энергияның шамамен 40%, барлық электр қуатының 67%, барлық шикізаттың 40% және ауыз судың барлық қорының 14% пайдаланады, сонымен қатар барлық көмірқышқыл газ шығарындысының 35% және барлық қала қалдықтарының шамамен жартысын шығарады.
Ғаламшар халқының өсуі - ғимараттарға қажеттіліктің артуының негізгі себебі болып табылады. Бұл өсу сондай-ақ табиғи ресурстарға қажеттіліктің артуына және қалдықтардың түзілуіне алып келеді. Егер 1950 ж. ғаламшар халқының саны 2, 535 млрд. адам болса, 2000 ж. 6, 124 млрд. адам болды, енді 2050 ж. ғаламшар халқының саны болжам бойынша 9, 191 млрд. адамды құрауы мүмкін. Егер урбандалған Жер территориясының барлық аумағы 1980 ж. 4, 69 млн. кв 2 құраса, болжам бойынша, 2070 жылы ол 19 млн. кв 2 жетеді немесе барлық 12, 8 % және тіршілікке жарамды құрлық территориясының 20% құрайтын болады.
Көптеген заманауи қалалар үшін ойланып жобаланбаған қала кеңістіктер, сапасыз тұрғын үйлер мен ғимараттар - нашар жарықтандыру мен желдету, қымбат эксплуатация жәнк жоғары энергосыйымдылық, нашар архитектуралық формалар, толық ойластырылмаған транспортты инфраструктура өзекті проблема болып отыр, нәтижесінде өзен акваторияларының ластануына, үлкен ұйымдастырылмаған қоқыс алаңдарының жиналуына, биологиялық алуантүрліліктің азаюына, көмірқышқыл отынының жануына алып келді - бұл сауатсыз қала құрылыс саясатының аз бөлігі ғана.
Осындай ықпал тұрақты, жарасымды территорияның және мемлекет экономикасының дамуын қамтамасыз ете алмайды.
Құрылыста тұрақты даму қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адам өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау, қоршаған ортаға құрылыс қызметінің зиянды әсерін шектеу және қорғау, кез келген құрылыс қызметін іске асырғанда табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.
Соған байланысты «жасыл» құрылыс құрылыс объектісі орналасқан территорияның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тиімді құрал ретінде қарастырылады. «Жасыл» құрылыс концепциясы теорияны және экологиялық құрыслыстың практикасын үнем, жайлылық, қажеттілік, ұзақтылық ұғымдарымен толықтырады. «Жасыл» ғимараттар аз шығын және максималды жайлылық ұсынатын жоғары сапалы құрылыс, ал «жасыл» стандарттар дәстүрлі жобалау мен ғимараттарды салудан тұрақтыға өтуді жылдамдатады.
Бүгінде бүкіл дүниежүзіндегідей Қазақстанда «жасыл» құрылыстың дамуына үлкен назар салынып отыр. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа саясат курсын анықтады - «Қазақстан-2050» стратегиясы, ол мемлекеттің «жасыл» даму жолына тұрақты және тиімді экономика моделін құруға негізделген.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты - Алматы қаласының территориясында тұрақты дамуды қамтамасыз ету және өмір сүрудің барлық циклында жоғары эколого-экономикалық көрсеткіштері бар ғимараттардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы «жасыл құрылыс» көлемін арттыруды ынталандыру.
Мақсатқа жету үшін шешу қажет міндеттер :
- «жасыл» құрылысты құрылыс объектісі орналасқан территорияның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тиімді құралы ретінде негіздеу;
- өмірлік цикл әдістемесін анықтау негізінде құрылысты жобалауға ақпараттық әдісті қолдануды, құрылыс объектілерін бағалайтын халықаралық рейтинг жүйелерінің бағалау жүйесін зерттеу және салыстыру;
- Алматы қаласының территориясында «жасыл» құрылыс даму келешегін талдау;
- Автономды энергияны үнемдейтін экоүйлердің моделін дайындау.
Зерттеу әдістемелері. Зерттеудің негізгі құралы бірқатар әдістерді өзара байланыстыру: объектілерді шынайы зерттеу, ғылыми әдебиет пен архивті мәліметтерге талдама жүргізу. Зерттеу, автор жинаған Қазақстанның мемлекеттік архивті мекемелері берген фактілік мағлұматтарға негізделеді.
Зерттеу әдістемесі Қазақстан Республикасында қолданылатын жобалауға, құрылысқа және тұрғын үйлер мен кешендердің эксплуатациясына талаптарды орнататын негізгі мемлекеттік стандарттарды, құрылыс нормаларын және ережелерін, пайдалануға негізделген:
- ҚР ҚНжЕ 3. 02-43-2007. Тұрғын үй ғимараттары;
- ҚР ҚНжЕ 2. 03-30-2006. Сейсмикалық аудандардағы құрылыс;
- ГОСТ 30494-2011. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар. Үй жайлардағы микроклимат параметрлері;
- ҚР ҚНжЕ 3. 02-02-2001. Қала құрылысы, архитектура саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер.
Зерттеу нысаны: Автономды энергияны үнемдейтін экоүйлердің моделі. Зерттеу пәні: Экоүй моделінде қолданылатын баламалы энергия көздері.
Теоретиялық және практикалық маңызы: Алматы қаласының территориясында тұрақты дамуды қамтамасыз ету және өмір сүрудің барлық циклында жоғары эколого-экономикалық көрсеткіштері бар ғимараттардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы «жасыл құрылыс» көлемін арттыруды ынталандыру.
Мемлекетіміздің территориясында «жасыл» құрылыс және «жасыл» стандарттарды, «жасыл» ғимараттарды салуды тарату және қолдау қоршаған орта сапасын және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.
1 Әдеби шолу
1. 1 «Жасыл» құрылыстың пайда болу тарихы
Әлемде миллиардтан астам ғимарат бар екені анықталды және олардың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерлерін келесідей сандармен көрсетуге болады: 17 % ауыз суды шығындайды; барлық кесілген ағаштардың 25 % пайдаланады; көмірқышқыл газының барлық шығарындыларының 33 %; барлық материалдар мен энергияның 40 % пайдаланады [1] .
Ғаламшарда халықтың өсуі - ғимараттарға мұқтаждықты арттыратын басты себеп болып табылады. Өсу нәтижесінде, сонымен қатар, табиғи ресурстарды пайдалану және қалдықтардың түзілуі де артады. Ғаламшарда көмірқышқыл газының 80 % шығарындыларын шығаратын халықтың 50 % -ы жиі урбандық территорияларда өмір сүреді.
1972 жылы өткен БҰҰ-ның қоршаған орта және қоршаған орта туралы Бағдарлама жасау жөніндегі Стокгольм Конференциясы экологиялық мәселелерді шешу үшін үкіметтік деңгейде халықаралық қауымдастықтардың ат салысуын белгіледі. Тұрақты даму Концепциясы 1970 жылдары басталған ғылыми білімдердің экологизацияға логикалық өту және қоғамдық-экономикалық дамуды алға тартады. Бұл концепцияның негізгі тезисі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, шаруашылықтың және басқа да қызметтің қоршаған ортаға зиянды әсерін шектеу және кез келген құрылыс түрін салуда табиғи ресурстарды рационалды пайдалану болып табылады [2] .
1974 жылдан бастап әлемдік энергетикалық тоқыраудан кейін әлемдік құрылыс практикасында «энерготиімді ғимараттар құрылысы» деген бағыт пайда болды және осы уақытқа дейін өзінің өзектілігін сақтап қана қоймай, сондай-ақ күннен-күнге мұқтаждығын арттырып отырған осындай ғимараттардың ғылыми негіздері белсенді қалыптастырыла бастады [3] .
1980 жылдардан бастап үйдің экологиялық қауіпсіздігіне ерекше назар салынып отыр. Энерготиімді технологиялардың ішінде ішкі ауа сапасының жоғарылауына көмектесетін және үйдің экологиялық қауіпсіздігін арттыратындары сұранысқа ие [4] .
1990 жылдардың соңынан бастап энерготиімділік және экологиялыққа қоршаған ортаны бұзылудан сақтау талаптары қосылды. XXI ғасыр құрылысының негізгі идеясы табиғат антропогенді қызметтің пассивті фоны еместігі туралы ой. Кәсіби көзқарастың нәтижесінде қала құрылысына қолайлы сипаттамалары жоғары және ғимараттардың климатизациясына энергетикалық көз болып табылатын жаңа табиғи орта түзілуі мүмкін [5] .
“Жасыл” стандарттарды дайындау 1990 жылдары басталды. Қазіргі таңда, халықаралық практикада ғимараттарда (жобалау, құрылыс және эксплуатация) қолданылатын “жасыл” стандарттардың саны 50-ге жетті. Бағалау критерилері әр түрлі. Айта кетерлігі, бағалау критерилерінде ұлттық ерекшеліктер ескерілді және бірінші дайындаған мемлекетте, кейін әлемнің басқа мемлекттерінде қолданылды [6] .
Критерий топтарының классификациясы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: қоршаған ортаны ластауды азайту; табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, энерготиімділік; технологиялар, инновациялар мен менеджменттер; экологиялық қолайлылық [7] .
Қоршаған ортаға ғимараттардың әсер ету бағытына сәйкес: сыртқы қоршаған ортаның ғимараттарға әсері. Құрылыста тұрақтылыққа жақындау регламентациясы, ғимараттардың “жасыл” стандарттар принциптеріне сәйкес келу дәрежесін бағалау [8] .
«Жасыл» стандарттар жұмсалған энергияның толық тізбегін жобалайды, құрылыс және утилизация, қайта пайдалану процесін есепке алады. Энергиялық, экономикалық аспектілерін есепке ала отырып жобалау кем дегенде алты бөлімінен тұруы керек: территория, су, энергия және атмосфера, материалдар мен ресурстар, ортаның ішкі сапасы, инновациялар [9] .
“Жасыл” құрылыстың дамуына әсер ететін климат өзгерісі және СО 2 шығарындыларын азайту туралы ұлттық және үкімет аралық деңгейдегі қозғалыстар [10] .
2002 жылы экологиялық құрылыс бойынша Бүкіләлемдік кеңес құрылды [11] .
2002 жылы өткен БҰҰ-ның тұрақты даму жөнінде Бүкіләлемдік саммит барлық әлемдік қауымдастықтың тұрақты даму идеялары Жер ғаламшарында тіршілікті қамтамасыз ететін негізгі адамзаттың қажеттіліктерін ұзақ уақыттық қанағаттануда сақтайтын жүйе екендігін дәлелдеді. Осыған байланысты, «жасыл» құрылыс территорияның тұрақты даму құрылыс обьектісі механизм ретінде қолданылады [12] .
Солай, «жасыл құрылыс» - бұл жобалау және құрылыс стандарттарымен құрылымданған жинақтық білім. Оның даму деңгейі ғылым мен технологиялардың жетістіктеріне, өнеркәсіптік инженерлер белсенділігі мен қоғамның экологиялық принциптерін құруына байланысты.
«Жасыл» ғимараттар біріншіден энергия мен су пайдалануды азайту үшін жобаланады. Солай, авторлардың жұмысында [13] бұл ресурстарды пайдалану шамамен 25-30 % және 30-50 % азайтылады екен. Көптеген зерттеулер бойынша, «жасыл» ғимараттар жобалауының және құрылысының бағасы және қарапайым ғимараттардың құрылысы мен жобалауының бағасында айырмашылық аз. Мысалы, зерттеулер бойынша, Массачусетс (АҚШ) штатында 33 «жасыл» ғимараттар құрылысының бағасы тек 2 %-ға жоғары болған [14] .
«Жасыл» ғимараттар жұмыс жасаушылардың еңбек өнімділігін арттыра алады және формальдегид бөлетін құрылыс материалдарын пайдаланбай олардың денсаулығына зиян келтірмейді. Мысалы, АҚШ-тағы зерттеулер адамның еңбек өнімділігінің артуы 1, 5 %-ы жылына 1000 долларға эквивалентті немесе 1 м 2 - 4 долларға тең [15] .
«Жасыл» құрылыста құрылыс қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі принциптер қолданылады: 1) білікті жобалаушы топ; 2) энерготиімді технологиялар және шешімдер; 3) рационалды суды пайдалану; 4) ғимараттардың орнын таңдау; 5) экономикалық анализ; 6) ландшафтты дизайн; 7) жобалау; 8) материалдарды таңдау; 9) құрылыс қалдықтарын екінші реттік пайдалану және өңдеу.
Қазіргі таңда «жасыл» құрылыс әлемде жылдам дамып жатыр. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде «жасыл» құрылыстың экономикалық, экологиялық және қоғамдық артықшылықтары туралы ақпарат өзекті және мамандар мен қоғамда қызығушылық туындатып отыр [16] .
Экологиялық артықшылықтары : парникті газдардың шығарындыларын азайтады, табиғи ортаға ластанған сулардың түсуін төмендетеді, табиғи ресурстарды сақтайды.
Экономикалық артықшылықтары келесідей: ғимараттардың эксплуатация кезінде энергия мен суды пайдалануды азайту нәтижесінде шығынды төмендетеді, объект капитализациясын арттырады және қаржыландыру мен сақтандыру шығындарын азайтады, жалға алушылардың қызығушылығы, әлемдік мойындау, корпоративті бәсекелестік, жасыл құрылыс технологияларының ашықтығы және қол жетімділігі.
Қоғамдық артықшылықтарына жатады: үй-жайда ауа, жылу және акустикалық сипаттамалардың сапасы жайлы жағдайда, тұрғындар мен жалға алушылардың денсаулығы мен өміріне жақсы жағдайлар жасалады.
«Жасыл» ғимараттарда шығыны азайтылған құрылыстың сапасы жоғары және максималды жайлы болады. «Жасыл жобаларды» іске асыру өзектілігін айқындайтын тұрақты дамуға көмегін тигізеді [17] .
Көпғасырлық урбанизация кезінде ғаламшарда қала құрылысы туралы шешімдер дамыды. Ғаламшарда урбанизация - кішкентай тұрақтардан керемет урбоареалдарға дейін ұзақ тарихи жол жүрді.
Алғашқы адамзат тұрақтары бірінші реттік қажеттіліктерді қанағаттандыру қызметін атқаратын жай орта болған және табиғи орта мен қоғамның ішіндегі қарым-қатынастарға байланысты шешілмейтін қандай да бір қоғамдық және экологиялық проблемалар туындатқан емес.
Бірінші пәтерлер қол жетімді материалдардан - шөптер, жапырақтар, батпақтар, бұталар, терілер мен жануарлар сүйектерінен жасалды. Аз уақыт қызмет етіп, бұл үйлерді адамдар көшу кезінде тастап отырған, сосын олар табиғатта органикалық материал ретінде ыдырап отырған. Экологиялық тепе-теңдік көшпелі тайпалардың өсімдіктер мен жануарлар ресурсының таусылуы себебінен көшуі немесе қажеттіліктерді тұрақты өтеу үшін бір-бірінен алыста орналасу үшін көшіп жүрген. Қалдықтар мөлшерінің артуы себебінен ортаның нашарлауы адамды оларды құрту жөнінде ойлануға мәжбүр етті. Қала ортасын экологизациялау басталғанда Жерде бірінші урбанирленген ландшафттар - тұрақтар, үйлер мен мәдени ғимараттар пайда болды [18] .
Алғашқы үйлерде өмір сүру сапасы төмен болды, бірақ ең ескі қалаларды да қол жетімді әдістермен жоғарылатқан: визуалды орта жақсарды, архитектурада монументальды туындылар пайда болды, жасылдандыру, канализация технологиялары, дене санациясы және т. б. жүргізілді. Солай, Крит аралында терракоттан (2000 ж. б. ғ. -ге дейін ) ванна мен құбыр табылды. Ассириялық патшаның Саргон II (б. ғ. б. VII ғ. ) ғимаратында әр орындықтың астында су төгетін, құмыралар табылған. Ескі Римда б. ғ. б. 312 жылы жақсы тазарған және аз тазарған сулар үшін алғашқы акведук табылды. Ортақ моншалар мен байларға арналған жеке моншалар салынды. Римда су төгетінін сақтап отырған (заманауи канализацияларға ұқсас) . Скульптуралық мрамордың үстімен төгілген. Жанында су құбырлар, құдайлардың ескерткіштері орналасқан. Әжетханаларда адамдар әңгімелесіп, жаңалықтармен бөліскен. Ластанған су XIX ғасырға дейін Еуропада жалғыз сақталған канализациялық коллектор арқылы Тигр өзеніне құйылып отырған [19] .
Ескі Үндіде құрылыс ережесінің «Шильпашастра» экологиялық бағыттылығы келесідей: әр үйге функционалды зондылау (сәйкес жерлер үйге, саябақтарға, сыйынатын орындарға, су резервуарларына бөлініп отырған. Ғимараттардың биіктігі, биіктігі регламенттеледі, олардың тағайындалуы, қабырғалардағы материалдар, ғимараттардың орналасуында жел бағыты, ғимараттың қызыл сызығы есепке алынды [20] .
Екіөзен қаласын (б. ғ. б. VI - VII ғғ. ) тас платформаларында арнайы шұңқырларға өсімдіктер салу арқылы периметрі бойынша жасылдандырған. Навуходоносор II (б. ғ. б. 605 - 562 жж. ) кезінде салынған Семирамидтың «Ілінгіш бақтары» бірінен-бірі асқан террасалары болған. Террасалар қорғасынмен құйылған тас тақташаларын монтаждаған тас бағандарына сүйенген. Сосын битуммен қаныққан қамыс қабатын салған, әрі қарай кірпіштің екі қабатын, ал оның үстіне 1-2 м өсімдік грунтын қойған. Төменгі террасаларда ағаштар отырғызылған, ал жоғарғыларында бұталар мен гүлдер орналасқан. Ілінгіш бақтардың идеясы кейін Персияда, Италияда, Ресейде қолданылды, ал қазір бүкіл әлемде аздап өзгерген формада газон-шатыр құралының көмегімен қолданылады [21] .
Антикалық Грекияда және Ескі Римде табиғаттың үйге жақындығын жақсы архитектуралық ережелер мен әр түрлі шешімдерді қолдану арқылы іске асты [22] .
Бірақ қалалардың өсуіне байланысты экологиялық және қоғамдық проблемалар арта бастады. Қазіргіге ұқсас қала ортасының сапа проблемалары б. ғ. II ғасырда басталған. Египеттік мумияны зерттеу нәтижелері, олардың өкпелері май шамдары мен құм бөліктеріне толғандығын көрсетті. Римда Юлий Цезарь қала көшелерінде транспорт көп болғандықтан арбаларды тек бейуақытта жүргізуге рұқсат ету туралы заң орнатқан [23] .
Қала дамуының факторлар (экологиялық, қоғамдық және т. б. ) жиынтығының жоқтығы қала құрылысының шешімдері сәтсіздікке әкелді. Көптеген ғасырлар бойы құрылысшылардың табиғатқа қатынасы тұтынушылық көзқараста болған. Нәтижесінде қазіргідей жағдай орын алды: көп қабатты ғимараттар - балкондар сирек жасылдандырылған және параллелепипедтті орналасқан; фасадтардың түгел шыныда болуы; көшелерде, алаңдарда, саябақтарда ластанған өсімдіктер; ластанған су қоймалары; автокөліктер толған асфальт қабатымен қапталған көшелер мен алаңдар; зауыттардың көптеген түтінді және шығарынды құбырлары, ақаба сулар мен басқа да қалдықтар; жел жоқ кездегі смог «қалпақтары».
Сондай-ақ қалыпты қала ортасында үйлердің, өнеркәсіптік ғимараттардың, инженерлі аймақтардың шынайы табиғи ортада функциясын ескермей салу және жобалау қалыптасқан: ғимараттар жағымсыз, олар табиғи ортаға барлық ластану түрлерін, сонымен қатар эстетикалық ластануды да енгізеді. Ландшафт нашар қолданылады, ғимараттар табиғи қоршауға масштабты емес, материалдар да кейде жағымсыз, қалдықтар ұзақ өңделеді, табиғи көздер энергиясы аз қолданылады. Адам территорияның урбанизациясын табиғи ресурстардың сарқылмау түсінігін, атмосфера, гидросфера, литосфера ластанудан кейін өзін-өзі тазарта алатынын, табиғи ландшафттардың қысқаруына биосфераның шыдамдығын дұрыс білмегендіктен дұрыс қалыптастырмаған [24] .
1. 2 «Жасыл» құрылыс тұрақты даму жолы ретінде
«Жасыл» құрылыс, «жасыл» ғимараттар, тұрақты құрылыс (Green Building, Green construction немесе Sustainable building) - бұл ғимараттардың құрылысы мен эксплуатациясының практикасы, мақсаты ғимарат сапасын көтеру және сақтау, ішкі ортасының жайлылығын арттырумен қатар энергетикалық және материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін азайту.
Архитектуралық-құрылыс экологиясы жаңа ғылым ретінде 1991 жылы жарық көрді [25] және содан бері даму үстінде. Соңғы жылдары тұрақты архитектура және тұрақты (жасыл) құрылыс архитектуралық-құрылыс экологиясының маңызды бөлігі болып қалыптасты. Бұл ғылымдарда бірінші орындағы маңызды міндет қала ортасында ғимараттардың ішкі және сыртқы сапасын көтеру болып табылады.
Бұл жаңа ғылымдар тұрақты дамуды дамытуға бағытталған, олар нақты зерттеулерге және урбоэкология, архитектуралық-құрылыс экологиясы, экологиялық энергетика, транспорт және тағы басқа салалар аясында дайындалған жұмыстарға сүйенеді. Салынған қоршаған орта және құрылыс индустриясы - бұл тұрақты дамуға жетудің екі кілті, себебі басқа индустриалды салалар өмірлік маңыздылығы бойынша құрылыс саласымен салыстырғанда төмен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz