Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар

Орындаған: Мусахан А. Д.

Тексерген: Қозыбақова Ф. А.

Алматы, 2012

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Сақтар

2. 2 Үйсіндер

2. 3 Ғұндар

2. 4 Қаңлылар

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезенін ерте темір дәуірі деп атап кеткен. Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды. Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.

Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б. з. д. VIII - VII ғасырларына жатады.

Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді.

Жана және кейінгі жана заманның евроцентристік ғылымы дала жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің бұндай айрықша түрлерін "көшпелі "жартылай көшпелі" шаруашылык деп атады.

Мал шаруашылығын жолға қоюдың жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикалық дамуының нәтижесі болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, беғазы-дәндібай заманында қаланды. Мамандардың пікірінше, малшылықтың жылжымалы түріне ауысуына дала тұрғындарының тек ішкі дамуы ғана емес, ауа райының біртіндеп өзгеруінің салдарынан даланың құрғақтануы (аридизация) да ықпал етті. Сол заманда бұл ауысу онтайлы, үлкен прогрессивті мәндегі көрініс еді, ол даланың табиғат қорларын барынша толық пайдалануға мүмкіндік берді.

Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды. [2]

2. 1 Сақтар

Б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді. [1]

Қоныстанған жерлері

Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ. ) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтайда енген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер) ; тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер) ; тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар) . Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу - Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызстан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:

  • парадарайа (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) - еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
  • хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) - Ферғана алқабын мекендеушілер;
  • тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) - Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

Тарихы

Парсылардың патшасы Құрыш II, Лүдия патшасы Кройсоспен 558-29 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Құрыш сақтарды, соның ішінднгі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Құрыш сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты. Бұл аңыз расқа тән - Құрыш ұлы Қамбуджия - массагеттерге өкілдерін жіберіп әкесі мәйітін кері алған. Сына жазуы мәтіндерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахеменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген ортокарибантийлері тиграхауда-сактарға, амюргийлік сақтар - хаумаварга-сақтарға, ал дайлар - Авестаның және Ксерксжазбасының дахтарына сәйкес келеді. Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде «азиялық скифтер» деген терминді қоса отырып, сактарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына қарап айтылды. Бірақ грек деректемқлерінде ахеменидтік сьша жазуларыңда кездеспейгін басқа атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматтар (кейінгі кезде сарматтар), аргиппейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сакараулдар (сакарауктар) және басқалары. [3] .

Парсы жэне антик деректемелеріндегі тайпаларды Казақстан мен Орта Азияның осы заманғы картасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В. В. Струве) тұрғысынан, парадрайа-сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша коюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған мәтінінін қалпына келтірілген бөлігін, ал одан кейін Накши-Рустем және Персеполь жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде - парадрайа-сактардың және «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды. В. В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа- сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа-сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварга мен тиграхауда) Таяу Шығыстың халықгарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда-сақтар Ахеменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардын патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20-30-жолында былай делінген: «Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым . . . Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін олардың көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады». Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда-сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады. Сақтар мен массагеттер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен одан бүрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығысқа таман, «Аракс оһөзінінің арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады. II Кир мен Дарий жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жүрген жолын кайталай отырып, сақтармен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II Кир массагеттермен Үзбой өзені арғы жағында шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды. Бір нәрсе айқын: пікірлердің қайшылықтарына қарамастан, екі жорыкта массагет-сактар тайпаларына карсы бағыт- талған; бұлардың жері Геродоттың ортокарибантийлерінің немесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда-сақтардың жерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді деп топшылау керек. Географиялық жағынан алғанда, бұл - Каспийдің шығыс төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы. Массагет одағы, сірә, дербиктер, абийлер, апасиактар сияқты тайпаларды да біріктірсе керек.

Сондай-ақ тиграхауда-сақтар Шашты, Тянь-Шаньді және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Александр Македонскийдің замандастарына да мәлім болды . Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. «Дах» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дахтардың (дайлардын) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б. з. б. III ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагетгердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады».

Парсы сына жазуларының хаумаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы болды, олар грек деректемелерінде амюргий-сактар деп аталады. Көптеген зерттеушілер амюргий-сактарды ежелгі Бактрия және Маргиана аймақтарына (Әмудария мен Мұрғаб езендерінін жағалауы) орналастырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сақ тайпалары еді. Геродот былай деп жазды: «Бұл - амюргийлік сақтар деп аталған тайпа (ол шын мәнінде, скифтік тайпа) . Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды.

Құрыштың Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын Дараявауш I (521-486 жж. ) жалғастырды. Парсылар сақаларды аз уақыт бағындырады. 6 ғ. соңы - 5 ғ. басында (500-449 жж. ) ежелгі Шығыстағы юнан-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. 490 ж. юнан-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге юнандарға қарсы соғысты. 4 ғ. 330 жж. Ескендір Зұлқарнайынның македон әскерлері Ахеменидтердің ең соңғысы Дараявауш III Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Александрия Эсхата (Шеткі Александрия) деген қала салады. Алайда македондықтар жеңгенімен, ыстық табиғатқа шыдамаулары, Ескендірдің аурып қалуы македондықтар Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Ескендір 323 ж. Бабыл қаласында сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті. Бірақ хаумаварга-сақтардың қоныстанған аумағы Бактрия мен Маргиана денгейімен шектеліп қалмайды. Амюргийлік сақтар бірлестігінің құрамына сына жазуы деректемелерінің «Соғдының ар жағындағы» сақтары да кірген деп топшылауға негіз бар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент облысы аудандарында және ішінара Ферғана алкабында тұрған".

Көне парсы сына жазулары мәтіндерінде сақтардан солтүстікке таман өмір сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ бұл халыктың кай жерді мекендейтіні туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек, оларда Авестаның сайримдерімен салыстыруға болатын савроматтар тайпасы туралы айтылады. Савроматтар туралы алғашкы деректер Геродотта бар: «Танаис өзенінің (казіргі Дон өзенінің) арғы жағы енді скиф өлкесі емес, бірақ ондағы алғашқы жер иеліктері савроматтардың қолында. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке карай он бес күнде жүріп отуге болатын жерді мекендейді . . . » Мұның өзі Донның құйылысынан Еділдің сағасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді. Алайда «сақтар», «скифтер», кейініректегі «түріктер» терминдері сияқты, «савроматтар» терминін де авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың өз атаулары ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданған. Грек-латын деректемелері көбіне бұл этнонимді жиынтық мағынада, савромат бірлестігінің әр түрлі тайпалар құрамын тікелей көрсете отырып (Үлкен Плиний, Эфор, Псевдо-Скилак, Эвдокс) колданады.

Соғыстары

Көне жазбаларға қарағанда Ахемен әулетінің патшалары Кир ІІ, Дарий І Сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахемендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Александр Македонский, кейіннен Селевкилер де Сақтарға қарсы соғысты. Б. з. б. 2 ғ-дың орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан Сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сакастан атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан) . Бүгінгі Орта Азияның, Пәкстанның, Ауғанстанның, Солтүстік Үндістанның жеріндегі б. з. б. 1 ғ-дың ортасына дейін-ақ жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Сақтар тілі 10 ғ-ға дейін сақталды. Бүгінгі түркі халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. Мәселен, якуттардың өздерінше атауы сыха, қазақта: сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар Сақтардың ұрпағы екенінің бір дәлелі.

Археологиялық ескерткіштер

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан

Шірік-Рабат Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерде Шірік-Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал (цитадель) салынған. Цитадель орталығынан жебенің қола ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б. з. б. IV-II ғасырларға жатады.

Бәбіш-Молда Сақтарда қолөнері ісі өте жақсы дамыған.

Бесшатыр қорымы (б. з. б. V-IVғ. ғ. ) Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан. Қорым үлкен, орташа және шағын 31 обадан тұрады. Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар «патша» қорғандары деп атайды. Өйткені бұл обаларда патша сияқты ең беделді, ең даңқты адамдар жерленген. Бесшатырда үш үлкен оба бар: бірінші, үшінші және алтыншы Бесшатыр обалары. Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады: дәліз, қабір алдында кірер ауыз, жерлеу бөлмесі. Табылған заттар: семсер ақинақтар, қола ұшты жебелер, ақ моншақтар.

Есік обасы Алматының күншығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40-тан астам оба орналасқан. Соның ішнде «Есік обасы» да бар. Оның диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Жерленген адамға мерекелік, салтанатты киім кигізілген. Мәйіт қаруымен жерленген.

Алтын адам

Оң жағына, бел тұсына:

  • Ағаш қынды қанжар ақинақ ілінген
  • Белдік аң, жануар бейнелері салынған алтын қаптырмалармен әшекейленген.

Мәйіттің сол жағында:

  • Алтын ұшты жебе
  • Одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспен бунақтала оралған қамшы, шағын жібек қоржын жатыр.

Қабірдің ішінен:

  • Көп алтын түймешелер
  • Алтынмен қапталған қола теңгелер табылды
  • Олардың саны 4000-нан астам
  • Қабірден 26 таңбадан тұратын жазу бар күміс табақша шықты. К. Ақышевтың пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.
  • Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы.

Орталық Қазақстан

Тасмола мәденитеті

  • Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Ол исседон тайпаларынан қалған мұра
  • Тасмола мәдениетінің алғашқы ескерткіштері Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылды.

Мұртты обалар Мұртты қорғандар бағдаршам рөлін атқарған. Олар белгілі бір бұрышпен салынған, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді. Үлкендеу қорғанның шығыс жағынан салынған кішілеу қорған обалар. «Мұртты» қорғандар сәулет өнерінің өзіндік ерекше ескерткіші болып табылады.

Шығыс Қазақстан

Шілікті ескерткіші Барлығы 51 оба бар. Бұл қорғандар алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метрдің маңайында, ал биіктігі 8-10 метрге жетеді. Әбдеш Төлеубаев 1960 жылы зерттеп, «Алтын қорған» деген атау алған. Шілікті «Алтын қорымынан» табылған заттар б. з. б. VII-VI ғасырларға жатқызды. 50-ден астам патша немесе ақсүйектер ескерткіштері бар. Киімнің алтын қаптырма түймешіктердің барлық саны 4325 данадан тұрады.

Берел қорымы Б. з. б. V-IV ғ. Қатонқарағай ауданындағы Берел қорымынан 40-тан астам оба табылған. Берел мәдениетінің бір ерекшелігі жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы. Ыдыс жасаудың екі түрі болған:

  1. Мойны қусырылып, кйде тік болып келетін құмыралар.
  2. Жатаған, жайпақ көзелер

Обадан 13 жирен жылқы табылған.

Мал шаруашылығы

Көшпелі - Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақшылық далаларында, шөлдері мен шөлейттерінде жыл бойы көшіп-қонып жүруге негізделді. Негізінен қой, түйе мен жылқы өсірілді, ірі қара аз болды. Тайпалар өздерінің малымен бойлық бағыт бойынша да, ендік бағыт бойынша дашалғай қашықтықтарға киізбен жабылған күркелі арбаларда топ-топ болып көшіп-қонып жүрді. Шаруашылықтың қосалқы саласы - аң аулау ерекше дамыды.

Жартылай көшпелі - бұл түрінде қыстап шығатын тұрақты үйлер болды, мұнда мал өсірушілер жыл сайын қыстауға оралып отырады. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі Тянь-Шань және Алтай таулары сілемдерімен қоса Жетісу және Шығыс Қазақстан аудандары сияқты дала, орман және биік тау араласып отыратын шөбі шүйгін өңірлерде кең таралды. Көшіп-қонудың тік әдіс деп аталатын түрі кең тарады: өзен бойларындағы қыстаулардан тау баурайларындағы көктемгі жайылымдарға, одан әрі биік таулардағы шөбі шүйгін жайлауларға көшетін болды. Қой және жылқы шаруашылығы ірі қара өсірумен толықтырылды.

Отырықшы - Оңтүстік Қазақстан аудандарында, Сырдария, Шу, Талас, Арысөзендерінің бойында, Қаратау жотасы баурайларында, табиғи су қоймалары мен кең- байтақ шабындық алқаптары бар жерлерде кеңінен тарады. Ішінде ірі қара әжептәуір көп болғанмалды көктемгі-жазғы және күзгі жайылымдарға жайып, бағу жұмысын егіншілік-малшылық қауым шеңберінде жекелеген отбасылар атқаратын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуірі
Алғашқы таптық қоғамның қалыптасуы
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар тарихы
Сақтар туралы жазба деректер, сақтардың зерттелуі
Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
Қола дәуір мәдениеті
Қазақстан жеріндегі тайпалар
Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz