Ислам конференциясы ұйымы
КІРІСПЕ
1 ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ҰЙЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНА МҮШЕЛІК ЕТУІНІҢ ТАРИХЫ
1.1 Ислам Конференциясы Ұйымының құрылуының тарихы мен алғышарттары
1.2 ИКҰ Жарғысы: ИКҰ міндеттері, мақсаттары мен қызмет ету қағидалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Мәселенің өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап сыртқы саясатта теңгерімді бағытты ұстанып келді. Біз ауқымды мәселелер шешімінде мемлекеттердің ұжымдық жауапкершілігі мен көпжақты бастамаларды нығайтуды қалаймыз. Күштер тепе-теңдігі мен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бірден – бір мүмкіндік ретінде Қазақстан көпкіндікті әлемді жақтап, оны қолдауда дәйектілік танытып отыр. Бұл біздің саналы қалауымыз және дүниетанымдық негізі болып табылады.
Еліміздің сыртқы саяси мүдделерінің кең ауқымды қамтуында және ұлттық мүдделерін қорғау барысында Қазақстанның ислам әлемімен ынтымақтастығы ерекше орын алады. Жаһандану мен жаңа күштер орталықтарының дамуы кезеңінде саяси әртараптандыру мен түрлі бағыттарда ұстанымдарды орнықтыру – елдің тұрақты дамуы үшін обьективті қажеттілік.

1. Восток Запад: Региональные подсистемы и региональные проблемы международных отношений // Под. ред. А.Д. Воскресенкого. – М.: МГИМО, 2002. - 375 с.
2. Жданов Н.В. Исламская концепция миропорядка. – М.: «Международные отношения», 2003. – 568 с.
3. Хасанов Р. Организация исламская конференция в меняющемся мире // http://www.centrasia.ru/news.
4. Валькова Л.В. Саудовская Аравия в международных отношениях. – М.: «Наука», 1979. - 415 с.
5. Нешатаева Т.Н. Международные организации и право. Новые тенденции в международно-правовом регулировании. 2-е изд. – М.: 1999. – 272 с.
6. ОИК: Институциональный дизайн и основные направления развития // http:// www.islamrf.ru./news.
7. Ислам КонференциясыҰйымының 1972 жылы 29 ақпан мен 4 наурызда қабылданған Жарғысы // http://www.oic-oci.org.
8. Султанов Э.Ш. ОИК на современном этапе развития // Московский журнал международного права. – 2005. - № 57.
9. Хамзаоглу К. В устав Парламентского союза ОИК внесены изменения // http://ru.trend.az/news/islam.
10. Тункин Г.И. Теория международного право// Под общ. ред. Л.Н. Шестакова М.: 2000. – 416 с.
11. Бектепова З.А. Внешнеполитическое сотрудничество РК с международными организациями на современном этапе: политический анализ: Дисс. ...канд. полит.наук. – Алматы, 2008.
12. Тоқаев К.К. Дипломатия Республики Казахстан. – Астана: Елорда, 2001. – 568 с.
13.Тәжин М. Ынтымақтастық кеңейіп келеді // Егемен Қазақстан. – 2008. – 19 шілде. - №12
14. Послание лидера исламской революции – аятоллы Хаменеи Межпарламентской ассамблее исламских государств // Третий взгляд. – 1999, 20 июля. - №66.
15.Зиганшина Г. Региональная интеграция // Азия и Африка сегодня. -1987. - №5.

Мәселенің өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап сыртқы саясатта теңгерімді бағытты ұстанып келді. Біз ауқымды мәселелер шешімінде мемлекеттердің ұжымдық жауапкершілігі мен көпжақты бастамаларды нығайтуды қалаймыз. Күштер тепе-теңдігі мен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бірден - бір мүмкіндік ретінде Қазақстан көпкіндікті әлемді жақтап, оны қолдауда дәйектілік танытып отыр. Бұл біздің саналы қалауымыз және дүниетанымдық негізі болып табылады.
Еліміздің сыртқы саяси мүдделерінің кең ауқымды қамтуында және ұлттық мүдделерін қорғау барысында Қазақстанның ислам әлемімен ынтымақтастығы ерекше орын алады. Жаһандану мен жаңа күштер орталықтарының дамуы кезеңінде саяси әртараптандыру мен түрлі бағыттарда ұстанымдарды орнықтыру - елдің тұрақты дамуы үшін обьективті қажеттілік.
Қазақстан Республикасы 1995жылы Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) кіріп, оның көп қырлы қызметі мен шараларына қатысуда, ИКҰ рөлі мен маңызын нығайту ісіне зор үлес қосып келеді. Біз Исламды бейбітшілік пен ілгерушілік діні ретінде таныту барысында ИКҰ-ның мұсылман әлемінің тиімді әрі беделді форумы болып қайта өрлеуін қолдаймыз [13].
2000 жылғы қарашада қазақстандық делегация Катардың астанасы Дохада өткен Ислам Конференциясы Ұйымының IX саммитінің жұмысына қатысты. ИКҰ саммитіне жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев былай деді: Еуропа мен Азияның, Оңтүстік пен Солтүстіктің, Батыс пен Шығыстың тоғысында орналасқан Қазақстан халқы атынан демократиялық және әртүрлі конфессиялық қоғамы, тұрақты саяси жүйесі, нарықтық экономикасы бар, үлкен экономикалық әлеуеті, алдыңғы қатарлы ғылымы мен білімі, елеулі адами және табиғи ресурстарды, қолайлы инвестициялық ахуалы бар Қазақстанның бейбітшіліктің, прогресс пен тұрақтылықтың, елдердің, халықтарды және мәдениеттерді жақындастырудың ұлы ісіне үлес қосуға дайындығы туралы мәлімдеймін.
Халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес ерекше маңызды сипат алуда, өйткені осы құбылыстар бірқатар мұсылман елдерінде әлеуметтік - экономикалық дамуға кедергі келтіретін тұрақсыздандырушы фактор ғана емес, сонымен бірге біздің бейбітшілік сүйгіш ислам дініне орасан зор нұқсан келтіреді. Ислам құндылықтарын қорғаудың жалған ұранымен кейбір күштердің Орталық Азия аймағында құқыққа қарсы және террорлық бопсалауды жүргізу әрекеттері байқалады. Біз ИКҰ экстремизм мен терроризмнің барлық түрлеріне қарсы үзілді-кесілді күресті бастауы тиіс деп есептейміз. Қазақстан мемлекеті басшысының жолдауында сондай - ақ ғаламдану жағдайында мұсылман қоғамдастығы тарапынан оңтайлы шешімдер әзірлеудің, экономикаға қатысты тәуелділікті жоюдың, аймақаралық кооперацияны жетілдірудің елеулі және шұғыл шараларының қажеттігі атап өтілді. Н.Ә.Назарбаев ғылым мен технология саласында ынтымақтастықты ұлғайтудың, ИКҰ-ның экономикалық құрылымдары шеңберінде бірлескен іс-қимылды жандандырудың орындылығын атап көрсетті [12, 329 б.].
Ғылыми зерттеудің дәрежесі. Аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бағыттарын, соның ішінде ислам әлемімен арақатынасын зерттеумен орын алады. Мұсылман әлемінің өзі күрделі әрі алуан түрлі, әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен мемлекеттік құрылымы жағынан біркелкі емес. Дегенмен, бірқатар қиыншылықтарға қарамастан, бұл өзгешеліктер қиын кезеңдерде, әсіресе, Палестина мәселесінің шешімімен байланысты, аса маңызды мақсаттарға жету үшін Ислам елдеріне қосылуға кедергі келтірген жоқ.
Бүгінгі күнде Ислам Конференциясы Ұйымы халықаралық ұйымдардың ішінде ең ірі әрі ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады. ИКҰ қызметіне араласу мен Қазақстанның ИКҰ СІМК-де 2011 жылы төрағалық етуі Қазақстанға дүние жүзі күн тәртібіне ықпал етіп, халықаралық жанжалдар мен дау - дамайлардың шешілуіне қолдау көрсетіп, ұлттық мүдделерді ілгерілетіп, тәжірибе жинақтап, көпжақты дипломатия мектебінен өткен білікті мамандар даярлау мүмкіндігін береді.
Қазақстан мұсылман әлемімен қарым-қатынастардың сапалы жаңа деңгейіне шығып келеді. Саяси тұрғыда ислам елдерімен қатынастарды одан әрі белсенді ету еліміздің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай, әрі Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының қағидаларына сәйкес келеді.
Жұмысты зерттеу барысында көптеген зерттеушілердің Воскресенко А.Д., Жданов Н.В., Валькова Л.В., Нешатаева Т.Н., Тункин Г.И., Тоқаев К.К., Кольяр К., Шибаева Е.А., Моравецкий В., Морозов Г.И. және т.б. ғылыми басылымдардағы еңбектеріне салыстырмалы түрде шолу жасай отырып, Ислам Конференциясы Ұйымының құрылу тарихы мен алғышарттары, Ислам Конференциясы Ұйымының міндеттері, мақсаттары мен қызмет ету қағидаларын, Ислам Конференциясы Ұйымы жүйесінің түсінігі, мамандандырылған органдары және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметтері, Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына мүшелік етуінің халықаралық құқықтық негізі, Қазақстан Республикасы мен Ислам даму банкі арасындағы экономикалық ынтымақтастығы, Қазақстан Республикасында Ислам банктерінің ашылу мәселелері туралы толық ақпарат алып, жүйелі түрде пайдалана алынды.
1 ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ҰЙЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНА МҮШЕЛІК ЕТУІНІҢ ТАРИХЫ
1.1 Ислам Конференциясы Ұйымының құрылуының тарихы мен алғышарттары
XX ғасырдың ақырғы онжылдығында халықаралық қатынастарда дін негізіндегі саяси және экономикалық мемлекеттер интеграциясы құрылды. Ол діннің заңды түрде өсуіне алып келді, бәрінен бұрын әлемдік саясатқа ислам дінінің ықпалын тигізуіне әкеп соқты.
Қазіргі таңда ислам әлемдік дін ретінде қалуда. Дінді ұстанушылар саны 1,5 млрд адамнан асуда және олар алпыстан астам мемлекеттерде тұрады. Ислам әлемі кең ауқымды территорияны: Атлант мұхиты жағалауындағы Африкадан бастап Азияның шығысына дейінгі жерлерді алып жатыр.Оған бірнеше миллиард мұнай долларларын иеленетін мемлекеттер (Сауд Аравиясы, Кувейт, БАӘ) мен әлемнің кедей мемлекеттері, феодалдық-теократиялық және конституционалды монархия, жоғарғы деңгейдегі мемлекеттер мен ислам республикалары кіреді.Бір мемлекеттердің халқының көпшілігін мұсылмандар құрайды, ал бір мемлекеттерде олар азшылық. Барлық бұл мемлекеттерде ислам ішкі және сыртқы саясатына елеулі түрде ықпал етуде, сондай-ақ әлемдегі жаһандану процесінде орын алған жағдай, Азия мен Африка елдеріндегі ұлттық бірегейлікке жол табушылықты көре аламыз.
Исламның қалыптасуы Шығыс елдерде ішкі саясатын ғана емес сондай-ақ әлеуметтік экономикалық дамуға алып келді. Сонымен қатар халықаралық қатынастарда экономикалық және саяси интеграция орын алды, әлемде әділ тәртіп орнады.Ислам әлемі халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйенің құлдырауына әсер етті. Соның ішінде АҚШ пен Батыс мемлекеттерімен келтірілген әлемдік қауымдастықтағы батыстық модельдер мен құндылықтар [1, 257 б.].
Мұсылмандық ынтымақтастық қозғалысы шегінде халықаралық ұйым құру идеясы 1969 жылы қыркүйек айында Ислам пактісі түрінде көрініс тапты. Ислам Конференциясы Ұйымының құрылу процесінің бастамасы болатын, Марокко астанасы Рабатта өткен жоғары деңгейдегі мұсылман елдерінің Конференциясы болып өтті. Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар шегінде бұл факт елеусіз қалар еді, егер исламды тарату аймағындағы кертартпа күштерге қарсы бағытталмаған болғанда [2, 46 б.].
Екі дүниежүзілік соғыс аралығы кезеңінде діни қағидалар негізінде құрылған халықаралық бірлестік құру әрекеттері байқалған болатын. Олар 1924 жылы шілдеде жарияланған Мекке конвенциясы, 1926 жылы мамырда жария етілген Каир конвенциясы және 1931 жылғы Иерусалим конвенциясы. Осы конвенциялар Осман империясы құлағаннан кейін, Европаның ықпалымен саяси элитаның жаңа тобы, араб әлемінің үш мемлекеттік құрылудың саяси аренаға шығуының нәтижесі болды.
1924 жылғы Мекке конвенциясының инициаторы болып сол кезде Қызыл теңіздің шығыс жағалауында өмір сүрген тәуелсіз мемлекет - Хиджаздың басқарушысы - Шериф Хусейн болатын. Конвенция сол жылдың шілде айында жыл сайынғы қажылық аяқталғаннан кейін әр түрлі мұсылман елдері мен қауымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен конференцияда
қабылданған болатын.Конференция құжаттарында келесілер көрсетілген болатын: Арабтардың бірлігі болашақ мұсылман елдерінің бірлігінің негізі болу керек, болашақта Умма хашимиттерінің туының астында бірігіп, араб тілі ресми тіл болуы тиіс делінді. 1924 жылы қазан айында Неджда басқарушының әскері Меккені алды. Хиджаздың каролі болып Абдел Азиз ибн Сауд жарияланды. Сауд карольдігі арабтық жарты аралдың маңызды бөлігін өз территориясына қосуы ақиқатқа айналды.
Мұсылман әлемінде аса ірі және ең танымал діни университет аль-Азхар орналасқан Каир қаласында мұсылман әлемінің саяси бірлігінің құрылуының екінші орталығы болды. Сол университеттің улемдерінің инициативасы бойынша 1926 жылы Египет астанасында Дүниежүзілік мұсылман конгресі болып өтті. Алайда ол қажетті нәтижелерді көрсетпеді. Мұсылман әлемінің әр түрлі елдерінде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған ұлттық үкіметтер саяси тәуелсіздік алуды басты орынға қойды. Египет каролі Фуадтың жүргізген ағылшындық бағыттағы саясаты басқа мұсылман елдерінің қоғамдық пікірі алдында атақсыз болды. Каир конгресінің жұмыстарында кеңестік мұсылмандардың делегациясы қатысқан жоқ.
1931 жылы Иерусалимде Палестинаның бас муфтиі Амина аль-Хусейннің инициативасы бойынша жаңа жалпы мұсылмандық конгрес өткен болатын. Бірінші орында конгреске қатысушылардың алға қойған мәселесі Иерусалимдегі (Аль-Кудс) мұсылмандық қасиетті жерлер еді. Сол уақытта Амина аль-Хусейн ағылшын мандатының билігімен тығыз қатынаста еді, сол себептен Палестинада конгреске қатысушылардың назарын палестиналық мәселелерді талқылауға тартты. Иерусалимдегі Аль-Кудс ісі бойынша тұрақты хатшы конгресті ашты және оның төрағасы етіп сол кездің көрнекті ирандық саяси қайраткері Зиа ад-Дина Табатабаиды тағайындады. Алайда, 1936 жылы ағылшын билігі хатшылықты таратып жіберді және Палестинаның территориясынан тысқары конвенцияның әрекет етуіне тыйым салды.
Бұл үш форумда жалпы мұсылмандық қозғалыс дамуында еш мәнге ие болған жоқ.Бірақ олар даму үрдісінің тоқтап қалуына кедергі жасады, кең түрдегі мұсылмандық аймақтық бірігуді құрумен дәлелдеді.
1935 жылы Парижде тұратын, египеттік журналист әрі адвокат, саяси эмигрант Махмуд Селим Женевада жалпы мұсылмандық съезді ұйымдастырды. Бұл форум европалық кантиненттегі мұсылмандарды тартуды қажет деп білді. Палестиналықпен қатар болашақ ИКҰ қызметіне бағытталған қадам болып табылады [3].
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ислам әлеміне басшылық етуге Иран мен Пакистан үміткер болды. Араб ойшылдарының айтуы бойынша ислам діні арабтардың арасында пайда болды, Құран араб тілінде жерге түсірілді, сол себептен мұсылмандар арасында арабтардың ролі жоғары деп білді. Пакистанның саяси қайраткерлерінің ойынша олардың мемлекеті нағыз
діни орталық негізінде құрылған жалғыз мемлекет болып табылады. Иран өзін шығыс мәдениетінің бесігі болып табылатынын айтып, өз тарапына араб емес мұсылман халқын тартып, ислам әлеміндегі арабтардың ерекше жағдайына қарсы әрекет етті. Сауд Аравиясы мұсылмандық қасиетті жерлердің қорғаушысы деп жарияланғанымен өз талаптарын негіздеді. Ливия-Арабиялық Джамахирия өзінде нағыз ислам қоғамын құрып жатқанын мәлімдеді және исламдық сенімді бәрінен артық таза күйінде алып жүруді және еуропалық ықпалдан қорғауды айтты [1, 261 б.].
Бұл орайда Сауд Аравиясы өз жұмысын күшейтті, Иерусалимдегі Аль-Акса - мұсылман мешітінің өртенуін сылтау ретінде қолданып, 1969 жылы тамыз айында Ислам пактісін құруға белсенді қатысты. 60 жылдардың басында панисламизмнің дамуындағы үрдістер басты ұранның өзгеруіне әкелді, яғни бірыңғай мұсылмандық мемлекет құру болды. Бұл үрдістердің негізінде Таяу Шығыста - мұсылман әлемінің орталығында айқын өзгерістер болуы күтілді. 60 жылдардың ортасында исламды тарату аймағы елдерінің бірқатарында ұлтазаттық қозғалыс антифеодалдық, антиимпериалдық мазмұнға ие болды. 1952 жылы Египеттегі, 1958 жылы Иракта, 1962 жылы Солтүстік Йеменде болған революциялар араб елдерінде әлеуметтік қарама-қарсылық процесін күшейтті. Сирия, Алжир, Ирак, Индонезия сияқты елдерде қайта құрылу басталған еді, олардың кейбіреулері антикапиталистік бағыт алған болатын.
Багдад пактісінің күйреуі, СЕНТО-ның атақсыздығы, араб мемлекеттер Лигасында антифеодалдық, антиимпериалистік көріністің болуы, Оңтүстік Йемендегі антиколониялық күрестің өсуінің ықпалымен Оңтүстік Аравиялық жарты аралдан Ұлыбританияның кету перспективасы, Парсы шығанағы аймағында бірқатар ұлттық азат ету ұйымдарының пайда болуы (Прасы шығанағы мен Оманды азат етудің ұлттық фронты, Бахрейнді азат етудің ұлттық фронты және т.б.) - бұл Палестинадағы қарсылық қозғалысының бірігу бастамасы еді. Қосылмау қозғалысының өсуі және оның үшінші әлемге әсері, әлемдегі жаңа күш жағдайындағы әлемдік саясаттағы мұнай ролінің көтерілуі орын алып жатты. Айтылып өтілген факторлар исламды тарату аймағындағы монархиялық режимге үлкен қауіп төндірді. Бірінші орында Сауд Аравиясы Корольдігіне әсер етті.
Сауд Аравия Корольдігі дін негізіндегі кең ауқымды халықаралық саяси блок құру идеясын жүзеге асыруда бастаушы болып шықты. Исламның жасыл жалауы барлық араб елдерін қамтып қоймай, сондай-ақ Азия және Африка елдерінің бірқатарына стратегиялық қатынаста болды. Иран, Индонезия сияқты ірі араб емес мұсылман мемлекеттерін сол блокқа қатысу үшін негіз жасады. Пакт шеңберінде діни формадағы ынтымақтастық астам держава саясатынан тәуелсіз болу елесін көрсетті. Мұсылмандық қосылмау барлық мұсылман мемлекеттерінде қоғамдағы ислам дінінің күші артып, императивтік мәнге ие болды. Оны қандай да саяси жүйенің елемеуі мүмкін емес еді.
Сауд Аравиясының корольдері Фейсал, Халед және Фахд үнемі Сауд Аравиясының сыртқы саясатының бірінші қағидасы болып исламдық ынтымақтастық, ал екінші қағидасы - арабтардың бірлігі деп сызып айтқан [2, 46-47 б.].
Айта кету керек, Сауд Аравиясы мұсылман әлемінде көшбасшы болуға ұмтылды. Мысалға айтсақ: екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Трансиордания королі Абдаллах тарапынан ұсынылған Ұлы Сирия жобасына қарсы шықты, сондай-ақ Ирак королі кабинет басшысы Нури Сайдтың жоспарын қайтарып тастаған болатын.
1956 жылы наурыз айында Сауд Аравиясы Египет пен Пакистанмен бірге Исламдық конгрес (Пакт) құру туралы келісімге қол қойды. Пакттың міндеттері айқын емес еді, осыған орай саяси өмірі ұзаққа созылған жоқ.
1957 жылы Сауд Аравиясы Арабтық Шығыс, Орталық Африка, Турция, Иран және Пакистан елдеріне Исламдық пакт құру ұсынысын хабарлады. Бұл жоба негізінде ұйымдасушылық мақсаты көзделген болатын. Египетке агрессия жариялаған Франция, Ұлыбритания, Израильдің бірлескен одағына мұсылман елдерінің бірлесіп АҚШ-пен бірге қарсы бағытталу негізі көзделген. Мұндай идеяның жүзеге асуы коммунизмге қарсы санитарлық кордон құру болып табылатын. СССР, ҚХР, Албания мен Югославия сияқты социализм елдеріндегі мұсылман қауымына перспективалар ашылды. Сол кезде бұл жобаға Иран мен Иордания қызығушылық танытқан болатын. Ал Пакистан Бүкіләлемдік біріккен ислам пактісін бекітуді ұсынып, өз инициативасын білдірген болатын. Мұсылмандық ынтымақтастық көз қарасынан Сауд Аравиясының ұсынысы мен позициясы басқа мұсылман елдеріне қарағанда артықшылығы бар ел болатын. Себебі исламның негізгі қасиетті жерлері мен қажылық ел - Сауд Аравиясы еді.
Сауд Аравиясы королі екі қасиетті мешіттің (мұсылмандардың құбыласы болып табылатын Меккедегі қасиетті мешіт және Мұхаммед Пайғамбардың мешіті ) қорғаушысы болап табылады.
Сонымен қатар, Сауд Аравиясының инициативаси исламды тарату аймағында өз мүдделерін білдіретін батыс мемлекеттер тарапынан ешқандай қарсылық көрген жоқ. Себебі Сауд Аравиясы бұл елдермен бірнеше рет стратегиялық мазмұнда қарым қатынас орнатқан болатын.
Басқа жағынан, рухани көшбасшылыққа талап арызы қаруы мол қорлары мен қаражаттық потенциалға қарамай шек қойылған әскери мүмкіншіліктермен мұнай алыбын компенсациялайды. Бұл шамданушылықтарының негізгі материалдық қамтамасыз етуі мұнайдан миллиардтық табыстарға жетуге әкеліп соқтыратын еді.
1965 жылы желтоқсанда Сауд Аравиясының королі Фейсал Иранға сапары барысында барлық ислам мемлекеттерінің басшыларынан құралған конференцияны шақыру туралы ресми ұсынысымен шыққан болатын. 1966 жылы американдық инициативамен тек екі ел келісімін білдірді. Сауд Аравиясы - Иран және Иордания, барлық қалған ислам мемлекеттері бұл идеяға қарсылық білдірді, соның ішінде СЕНТО бойынша Иранның одақтасы
Пакистанда қарсылығын білдірді [4, 165 б.].
Исламдық пакт идеясына Египеттің көз қарасын Насер 1966 жылы 22 ақпанда Каир университетінде бұқаралық митингте шығып айқын тұжырымдады. Біз осы ОАР-да, империализм мен кертартпалық мақсатына жету үшін дінді пайдалануға қарсы шығамыз. Біз Ислам пактісі мен Ислам конференциясына қарсы шығамыз. Алдын да Багдад пактісі, Эйзенхауэр доктринасына қарсы шыққан болатынбыз және басқа да кертартпа айла тәсілдерге қарсы шығамыз. Біз мәлімдейміз, нағыз исламдық ынтымақтастық- бұл империализмге қарсы күресетін барлық мұсылман халқының ынтымақтастығы. Кертартпалық бағытта исламды бұрмалау, империализм агенттері болып табылатын кертартпалық биліктің ынтымақтастығы емес. Олар тарихты кері тартуға талпынады және өрлеу жолындағы дамуға кедергі жасайды... [2, 48 б.].
1967 жылы маусым айында Израиль тарапынан болған агрессия және оның салдары Арабтық Шығыстағы күштердің ара қатынасын байыпты өзгертті. Мұның салдары ретінде Египет пен Сирия Сауд Аравиясымен қатынастарын қалпына келтіруге мәжбүр болды. Бар күштерін әскери экономикалық әлеуетін қалпына келтіруге бағыттады. Мұсылман әлемінде Сауд Аравиясымен қатынастарды қалпына келтіруге қажеттілік туындады. Египет саудтыққа қарсы насихаттан бас тарту мен Солтүстік Йеменде республикалық режимге көмек көрсетіп жүрген әскерін ол жерден шығаруға мәжбүр болды. Сауд Аравиясы мұсылман елдерінің Ұйымын құру идеясын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіншілік алды. Израильдық агрессияның салдарын сылтау ретінде ұсынып бірінші орында Иерусалимдегі және қасиетті діни құндылықтарды қорғауда барлық мұсылман мемлекеттерінің ынтымақтастығы қажет деп білді.
1969 жылы тамыз айында Египет Сауд Аравиясы королі Фейсалдың Иерусалимді қайтаруға күрес мәселесін талқылау үшін жоғарғы деңгейдегі ислам елдерінің конференциясын шақыру ұсынысын формальді түрде қолдады. Бұл инициативаның шынайы мақсаты Гамаль Абдель Насерге белгілі еді. Осылайша халықаралық қатынастарда жаңа ұйым пайда болды - Ислам Конференциясы Ұйымы. Араб мемлекеттерінің Лигасы, исламдық қосылмау қозғаласы, біріккен мұсылман ұлтының ұйымына өзінше бір балама ретінде құрылды. Әр түрлі жарияланымдарда мұндай атаулардың көптігі оның қатысушыларының мақсаттарының әр түрлілігін көрсетті.
1969 жылы 25 тамызда Иерусалимдегі Аль-Акса мешітін өртегеннен кейін, төрт күн өте Каирда 14 араб мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері жиылып, Таяу Шығыста болып жатқан оқиғаларды талқылау үшін жоғарғы деңгейдегі ислам мемлекеттерінің кеңесін өткізу жайындағы Сауд Аравиясының ұсынысымен келісті. Даярлық комитетіне Марокко, Сауд Аравиясы, Иран, Пакистан, Сомали, Малайзия және Нигер кірді. Кеңеске шақырылған 35 елден 25 мемлекеттің делегациясы келді және тек 10 елдің
мемлекет басшылары жиналды. Пакистанның үндеуі бойынша Кеңестен
Индия делегациясы кетуіне мәжбүр болды. Индияны бұл Кеңеске Сауд Аравиясының королі Фейсал шақырған болатын. Кеңес өткізілетін ғимараттың тутұғырынан Индияның туы түсірілді [4, 173 б.].
1969 жылы қыркүйек айында Рабатта (Марокко) 24 мұсылман елінің үкімет және мемлекет басшыларының бірінші кездесуі өтті. Бұл кеңестің негізгі шешімі Израильдің өктемдік саясатына қарсы ислам дәстүрлі таралған елдердің ынтымақтастығын қатайту және Палестинаның арабтық халқына көмек көрсету, сондай-ақ Иерусалимнің арабтар орналасқан бөлігін азат ету болып табылады. Осы кеңесте бірыңғай сенім негізінде мұсылман мемлекеттерінің бірлестігі - Ислам Конференциясы Ұйымын құру туралы шешім қабылданған болатын [1, 262 б.].
Рабатта өткен Кеңесте Сирия Мароккомен дипломатиялық қатынастардың үзілуіне байланысты қатысқан жоқ. Сондай-ақ Ирак Кеңесте ООП бақылаушы мәртебесіне қанағаттанбағандықтан Кеңеске қатысқан жоқ және қоғамда мұсылмандар ықпалды күшке ие болатын бірқатар мемлекеттер : Шри-Ланка, Камерун, Піл Сүйегі Жағалауы, Жоғарғы Вольта, Нигерия, Танзания, Мальдивия Республикасы.
1969 жылы 24 қыркүйекте өткен Кеңес декларациясында ислам елдерінің жоғарғы деңгейде өтетін кездесулерінің себептері мен жобалары құрылды: діни дүниетаным - халықтардың жақындасуы мен олардың өзара түсіністігінің әрекет етуші факторы ретінде; адамзаттың өрлеуін жүзеге асырудың факторы ретінде исламның әлеуметтік - экономикалық, моральдық, рухани құндылықтарын сақтау; барлық адамдардың тең құқықтылығының негізін қатайту, исламды үйретудің жолын ұстаушылық пен берік сенім; барлық ұлттардың арасында тығыз ынтымақтастықты құрған БҰҰ жарғысының қағидалары мен мақсатын қатаң ұстау, ол адамның негізгі құқығы; нәсілдік кемсітушіліктен бас тарту және шыдамдылық пен әділеттілік қағидаларына негізделген жалпы өркениеттің мұрасы ретінде өздерінің халықтарының арасында бостандықтарын сақтай отырып рухани байланыстарды кеңейту және қатайтуға ұмтылу; бүкіл әлемде бостандықты бекіте отырып өрлеу мен гүлденуге қол жеткізуге ұмтылу; халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда өздерінің бар күштерін біріктіруге шешім қабылдау .
Декларацияның қаулы бөлімі мәлімдеме нысанында көрініс тапты.Діни негізде құрылған жаңа мемлекетаралық ұйымның әрекет ететін нақты жоспары декларацияда көрсетілмеді.
Кеңеске қатысушылардың үкіметі келесілерге келісті: экономикалық, ғылыми, мәдени және рухани салаларда өзара көмек көрсету тығыз ынтымақтастық мақсатында ақылдасу, исламды мәңгі үйретуге шабыттану, олардың арасында туындайтын мәселелерді бейбіт жолмен шешуге міндеттеме алады, БҰҰ-ның қағидалары мен мақсаттарына сәйкес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қатайту ісіне үлес қосады.
Декларацияда таяушығыстық дағдарыс пен Иерусалим мәселесіне
қатысты кеңеске қатысушы мемлекеттердің позициясы толық баяндалды. Онда келесідей айтып ескертілді: олардың үкіметтері мен халықтары Палестина мәселесі жайлы қандай да шешімді қайтарып тастауға батылдық танытуда, 1967 жылы маусымда болған оқиғаға дейінгі Иерусалим қаласының алдыңғы мәртебесіне кепілдік бермейді [2, 50 б.].
Алты ай өткен соң 1970 жылы ақпан-наурыз аралығында Джиддада өткен сыртқы істер министрлерінің бірінші конференциясында Бас хатшылық құрылған болатын. Бұл тұрақты әкімшілік органның құрылуы Ислам Конференциясын халықаралық үкіметаралық ұйымға айналдырды [37, 276 б.].
1970 жылы 26-28 желтоқсан аралығында Карачида өткен сыртқы істер министрлерінің конференциясында Бас хатшылыққа Ислам Конференциясының Жарғысының жобасын әзірлеу жұмыстарын қамтамасыз ету тапсырылған болатын. 1971 жылы 21-23 маусым аралығында Джиддада өткен арнайы конференцияда ұйымның құрылтай құжатының жобасы жасалды.
1972 жылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz