Оқыту нәтижесін тексеру мен бақылауды ұйымдастыру формалары және тексеру мен бақылаудың басқа да әдіс, тәсілдері
1. Кіріспе ... ... ... 3
2. Оқушылардың біліміне, біліктілігіне қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары ... ... ... 8.10
3. Оқыту нәтижесін тексеру мен бақылауды ұйымдастыру формалары және тексеру мен бақылаудың басқа да әдіс, тәсілдері..10.13
4. Курсішілік, курс және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысындағы қайталау ... ... ... 14.30
5. Тест әдісімен қайталау ... ... ... 30.32
6. Қорытынды ... ... ... 33
7. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... .34

Өтілген оқу материалы қайталаудың маңызы, ең бастысы - білім беру нәтижелі болады. Қайталаудың маңызы туралы белгілі педагог ғалымдар (Богалюбов, Запарожец, Т.Тұрлығұл) айтқан.
Педагогика ғылымының анықтауы бойынша қайталаудың мақсаты: оқытылған материалдағы ғылым негізінен қайта еске түсіру, бұрын өтілген материал мен жаңа тақырыпты, тақырыпшаны байланыстыру, тақырып, бөлім, сондай-ақ бүкіл курс бойынша оқытылған материалды жүйеге келтіру, жинақтау және тереңдете түсу деп көрсетілген. Осыған байланысты тарих пәнін оқытуда қайталаудың мынадай түрлері пайдаланады: оқыған тарихи материалды күнделікті қайталау; жеке тақырып не бөлім бойынша қорытып қайталау; курс бойынша жинақтап қайталау;

1. Т.Т.Тұрлығұл "Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясымен әдістемесі". Алматы, Ғылым 2012жыл.
2. Мектепте "Қазақстан тарихын оқыту тұжырымдамасы" (Қазақ тарихы,1994 ж. 1,2).
3. Қазақстан Республикасы Жалпы білім мемлекеттің жалпыға міндетті стандарттары. Алматы. 2009ж.
4. Тарих сабағын оқытудағы кейбір мәселелер. Алматы 2008ж.
5. Тарих мұғалімдерінің жұмыс тәжиребесінен. Алматы 2009ж.
6. Тарих сабақтарында оқушылардың белсенділігін артыру жолдары.Алматы 2009ж.
7. Қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие деңгейін көтеру проблемалары. Алматы 2010ж.
8. Т.Т.Тұрлығұл "Тарих сабақтарын жетілдіру жолдару". Алматы, Мектеп 2011ж.
9. А.А.Вагин "Методика обучения истории в средней школе". Москва, Просвещение, 1972г.
10. Даирин Н.Г. Обучение истории в старших классах. Москва, Просвещение 1966г.
11. П.Г.Кулагин. Межпредметные связи в процессе обучения. Москва 2009г.
12. Тарих сабағында өткен материалдарды қайталау (Ауыл мұғалімі, 2008, 9-10).

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... 3
Оқушылардың біліміне, біліктілігіне қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары ... ... ... 8-10
Оқыту нәтижесін тексеру мен бақылауды ұйымдастыру формалары және тексеру мен бақылаудың басқа да әдіс, тәсілдері..10-13
Курсішілік, курс және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысындағы қайталау ... ... ... 14-30
Тест әдісімен қайталау ... ... ... 30-32
Қорытынды ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... .34
Кіріспе
Өтілген оқу материалы қайталаудың маңызы, ең бастысы - білім беру нәтижелі болады. Қайталаудың маңызы туралы белгілі педагог ғалымдар (Богалюбов, Запарожец, Т.Тұрлығұл) айтқан.
Педагогика ғылымының анықтауы бойынша қайталаудың мақсаты: оқытылған материалдағы ғылым негізінен қайта еске түсіру, бұрын өтілген материал мен жаңа тақырыпты, тақырыпшаны байланыстыру, тақырып, бөлім, сондай-ақ бүкіл курс бойынша оқытылған материалды жүйеге келтіру, жинақтау және тереңдете түсу деп көрсетілген. Осыған байланысты тарих пәнін оқытуда қайталаудың мынадай түрлері пайдаланады: оқыған тарихи материалды күнделікті қайталау; жеке тақырып не бөлім бойынша қорытып қайталау; курс бойынша жинақтап қайталау; Қайталаудың осы ерекшеліктеріне байланысты қайталау сабақтарының құрылымында болатын өзгерістер.
Тарих сабақтарында оқытылған ғылым негіздерін тиянақты білімге айналдыру үшін қайталаудың маңызы зор. Сондықтан мектеп мұғалімдері сабақты қайталау барысында төмендегі талаптар ескеріледі:
а) бұрын өтілген материалды қайталанатын негізгі мәселесіне ыңғайлап тоқтау және де сол мәселеге қатысты білім элементтерін алдын-ала белгілеу;
ә) бұрын өтілген материалды қайталанатын негізгі мәселесіне қатысты білім элементтерін алдын-ала белгілеу;
б) қайталау сабақтарының құрылымын, пайдаланатын әдіс-тәсілдерді өзгертіп отырудың тиімділігі;
в) мақсат - өтілген материалды құр қайталау емес, оны жаңа тақырыппен байланыстыру, білімді толықтыру (курсшілік, курсаралық, пәнаралық негізінде) тереңдету.
Курстық жүмысы Кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.
Такырыптың өзектілігі
Жалпы білім беретін мектептерде қайталау қорытындылаудың үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік тестілеу арқылы емтихан қабылданып жатыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі арнаулы қаулы қабылдап, онда барлық 11 сыныпты бітірушілерге арнап 4 пәннен тест тапсыру белгіленді. Ол пәндерге міндетті: а) Қазақстан тарихы, б) Қазақ тілі, в) Математика, г) мамандығына байланысты таңдау пәні.
Демек жалпы білім беретін мектептердегі бітірушілер "Казақстан тарихы" пәнінен тест тапсыратын болғандықтан бұл және деген қызығушылығы арта түсті.
Курстық жазушы осыны ескере отырып, қайталаудың әр түрлі әдіс-тәсілдеріне сипаттама бере отырып олардың әдістемесінің жолдарын көрсеткен.
Олар: ауызша, жазбаша, және тест әдісімен қайталау.
Оқушылардың біліміне, тәрбиелілігіне, біліктілігіне қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары. Олардың орындалуын тексеру және
есепке алу.
Тарих пәнінен стандарт талаптарының орындалуын бағалаудың
жалпы тәсілдері.
Мемлекеттік білім стандарттарының ендірілуіне байланысты енді оқутудың нәтижесіне, демек оны анықтауға бұрынғыдан да гөрі басқа назар аударылуы тиіс.
Оқыту нәтижесін тексеру әдіс-тәсілдерінің уақыт өткен сайын күрделене түсетіндігін, оның жаңа компоненттермен толығатынын өмір көрсетіп отыр. Кейінгі жылдары мерзімді баспасөз беттерінде оқушылардың оқу пәнінен алатын базалық білімінің мүмкін және міндетті деңгейлері, олардың дайындық дәрежесіне қойылатын талаптар, сол талаптардың жүзеге асуын анықтайтын сұрақтар мен тапсырмалар үлгілері жарияланады. Тарих пәнінен де осындай үлгілер дайындалды және олар осы курстың жаңа бағдарламаларының құрамына ендірілді.
Оқушылардың білімін, біліктілігін, ойлау қызметінің даму дәрежесін, тәрбиелілігін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан оны үлкен дайындықпен және жауапгершілікпен, жоспарлы түрде жүргізіп отыру қажет. Алдымен оларға қойылатын талаптарды біліп алған дұрыс.
I. Тарих пәнінен оқушылардың білімін, біліктілігін, тарих сабақтарында қалыптасқан тәрбиелілігін тексеру мен бақылауды ң ең қолайлы жолы ауызша тексеру. Оның бірнеше тиімді жағы бар. Оқушы жауабын тыңдай отырып мұғалім шәкірттің тарихи білімінің шамасын, білім өрісін, тарихи ойы мен тілінің қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын, тарихи ұғымдар мен терминдерді, негізгі даталарды меңгеру деңгейін, ойлау қызметінің қаншалықты дамығанын т.б. аныктай алады. Оқушы жауап беріп тұрып, басқа қажетті құралдарды: картаны, оқулықты, тақтаны, басқа да құралды қатар пайдалана алады. Білімді, әрі жақсы сөйлейтін оқушының сындарлы жауабы басқа оқушыларға да пайдалы әсер етері сөзсіз. Сол сияқты білімі нашар оқушы болса, төмен жауабы үшін өзі де білімі сол деңгейдегі басқа оқушылар да қысылады. Бірақ та оқушының ауызша жауабын барлық оқушы, әсіресе мұғалім мұқият тыңдай отырып, оның толықтығына, беріктігіне, оқушыда тәрбиеліліктің қалыптасу дәрежесіне назар аударғаны, оның ойлау қызметінің даму дәрежесін анықтағаны дұрыс. Ол үшін төмендегі талаптарды ескеру керек.
а) Оқушы сұрақтағы негізгі объектіге қатысты барлық білімді білетін болса, білім толық деп есептелінеді; осы сұрақтағы білімнің басқа біліммен байланысын білсе, білім терең деп есептелінеді; ұқсас тарихи оқиғалардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін өзі ашып көрсетсе, мұндай білім берік меңгерілген деп есептелінеді. Сондай-ақ білімнің саналылықпен меңгерілуіне, жүйелілігіне, кез келген ситуацияда шапшаң пайдалана білуге де бір қатар талаптар қойылады.
ә) Оқушылардың алған білімдері олардың тәрбиелілігіне әсер етті деп есептелінеді, егер де оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай өзінің ішкі сезіміндегі, жан-дүниесіндегі өзгерістерді білдірсе, тарихи оқиғалар мен үрдістерге өз тұрғысынан баға берсе, тарихи оқиғаның, кұбылыстың мазмұнына қарай ренжу, қуану т.б. сезімдерін байқатса.
б) Оқушы өзінің жауабында кездесетін тарихи оқиғаларды бұрын болып өткен осындай 2-3 тарихи оқиғамен (7-8 с.) салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіп бере алса, ал жоғары (9-11
с) сыныптар оқушылары ол ұқсас белгілер арасындағы айырмашылықтардың себептерін түсіндіріп бере алса, мұның өзі оқушылардың ойлау қызметінің дамығандығын көрсетеді.
II. Оқыту нәтижесін анықтаудың басқа да жолдары бар. Соның бірі - оқушылардың білім дәрежесін деңгейлерге бөлу. Олар міндетті және мүмкін деңгейлер. Оқушы берілген сұрақтың ең негізгі білім элементтерін білсе, мәселен, көтерілістің негізгі себебін, басталуын, негізгі оқиғаларын, басшыларын, салдарын айтып бере алса, онда ол осы сұрақтың жауабын міндетті деңгей көлемінде білгені. Ал оқушы көтерілістің себептерін, оның ішіндегі негізгі себептерін айырып көрсете алса, сылтауын, қорғаушы күштерін білсе, басшыларын түгел атап, олардың батырлығы мен ерліктеріне нақты мысал келтірсе, халық алдындағы басқа қайраткерлік қызметін білсе, көтеріліс оқиғаларын басынан аяқталуына дейін түгел біліп, картадан көрсетіп берсе, жеңілу себептерін, тарихи маңызын ашып айта алса, онда бұл жауап мүмкін деңгейге жеткен деп бағаланады. Мүмкін деңгейге шек қойылмайды.
Сұрақтың жауабын бұлайша екі деңгеймен анықтау да оқушының тарихи білім дәрежесін нақты көрсете алмайды. Сондықтан бірқатар пәндерден сұраққа берілген жауаптың дәрежесін санмен белгілеп, оларды 3-4-ке дейін апарады. Мұны математика, химия, тіл сабақтарында тиімді пайдалануға болады.
Ал тарих пәнінен оқушылардың меңгерген білім дәрежесін берілген сұрақты бірнеше шағын білім элементтерінде болып анықтауға да болады. Ол үшін сұрақтың білім элементтерін айыра білуге жаттығу керек. Мәселен, 9-11 сыныптарда тарихтан оқушыға қойылатын негізгі сұрақтың білім элементтері 6-7 ден 11-12 дейін жетеді. Осы элементтерді нақты 10 деп алсақ, оқушы сол 6-ына толық жауап берсе, 1-деңгей (оқығанын, түсінгенін қайта айтып береді), 8-9-ына жауап берсе, 2-деңгей (өз сөзімен еркін айтады, дәлелдейді), 10 элементті түгел, толық айтса, 3-деңгей сұрақ, жауабын өзінше пайымдап, толық айтады, өз пікірін білдіреді, корытындылар жасайды). Ал 4-деңгейге жету үшін оқушы жауабы алғашқы үш деңгейлерге қойылған талаптарға қоса, өмірден нақты мысалдар келтіре алуы, алған білімін кез келген жағдайда шығармашылықпен пайдалана, қолдана алуы керек.
Оқыту нәтижесін тексеру мен бақылауды ұйымдастыру формалары және тексеру мен бақылауды ң басқа да әдіс тәсілдері.
а) Оқушылар білімі алдымен жаңа материалды оқып, үйрену барысында тексеріледі. Мұнда оқушылардың негізгі тірек фактілерді, ұғымдарды, жасалған ғылыми қорытындылар мен тарихи фактілерге берілген бағаларды қаншалықты түсінгендігі анықталады, екінші жағынан, мұғалім оқушылармен әңгімелесіп, қойған сұрақтарына жауап ала отырып, олардың бұрын өтілген, бүгінгі материалға ұқсас мәселелерді қаншалықты есте сақтағандығын да анықтайды. Әсіресе жеке қайраткерлердің есімдерін, тарихи атауларды, ұғымдардың белгілері мен анықтамаларын, себептік-салдарлық байланыстарды, негізгі тарихи даталарды қаншалықты білетіндігін байқайды.
Өтілген оқу материалын оқушылардың қаншалықты меңгергенін анықтаудың тағы бір тәсілі олардың өздеріне қорытынды жасату немесе жасалған қорытындыларға баға бергізу, тарихи фактілерге, жеке қайраткерлердің қызметіне өзінің көзқарасын, пікірін білдірту.
Жаңа материалды оқытып-үйрету барысында жүргізілген білім тексеру әрбір жеке мәселені түсіндіріп болғаннан кейін ілеспелі немесе жаңа сабақты түгел түсіндіріп болғаннан кейін пысықтау ретінде де ұйымдастырылады.
ә) Білім тексеру мен бақылауды ң екінші жолы үйге берген тапсырманы сұрау. Мұнда білімді ауызша да, жазбаша да тексеру тәсілдерін қолдануға болады. Оқушылардың білімін ауызша тексергенде оларға қойылатын сұрақтарды алдын-ала дайындау қажет және сұрақтардың түрі мен деңгейі түрліше болатынын ескеру керек. Сұрақтарды қай оқушылардан сұрайтынын алдын ала белгілеу де артық емес.
Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылар білімін жазбаша тексеруге де болады. Үй тапсырмасын 3,4 не 6 сұраққа бөліп, әр сұрақты бір вариант етіп, оқушылардың тарих дәптерлеріне 15-20 минуттік жауап жаздырған да дұрыс.
Уақыт мүмкіндігіне қарай көлемді тақырыпты (4,6 сағат) өткеннен кейін жазба жұмысқа бір сабақты толық арнауға болады. Әрине мұндағы сұрақтардың көлемі де, мазмұны да күрделілеу келеді. Шамамен толық --4≈ -ке оқитын оқушы жауабын 35 минутта жазып бітіретіндей болғаны дұрыс.
Сабақ үстінде оқушылар білімін жазбаша тексеру мен бақылауды ң басқа да түрлерін: тақырыптық жәй (5-6 с), толық (жоғарғы сыныптар) жоспарларын, тезисін жасау; тақырыпты сүрақтарға бөлу және жауап жазу; графикалық тапсырмалар орындату; контур картаны толтыру, диаграммалар, схемалар, кестелер, хронологиялық, синхрондық кестелер сыздырту т.б. қолдануға болады. Жазба жұмыстың барлығы да мұқият тексеріліп, баға қойылады. Оқушылардың тарих дәптерлерін де тексеріп (оқу тоқсанында бір рет), баға қойған дұрыс.
б) Білім тексеруде қайталау сабақтарының маңызы зор. Көлемді тақырып бойынша өтілетін қайталау сабақтарында, оқу тоқсанының аяқталуына байланысты жүргізілетін, тірек білімдерді жүеге келтіруге арналған жинақтап-қорыту сабақтарының оқытудың нәтижесін анықтауға көп пайдасы бар.
Кейінгі уақытта жоғары оқу орындарына студенттер қабылдауға тест әдісі қолданыла бастады. Осыған байланысты кейбір мектептердің тарихшы мұғалімдері оқушылар білімін тексергенде, сондай-ақ оқушылардың тарих пәнінен ұйымдастырылған аудандық, қалалық конкурстары мен олимпиадаларында да білім тестік тәсілмен тексерілуде. Демек, мектеп оқушыларын тестік жолмен білім тексеруге дайындау өмір талабы. Бірақ та тарихшы мұғалімдер тесті қолдану үшін оның пайдалы да, киын да жақтарын, сондай-ақ оқушылардың тарихи білімдерін, біліктерін, таным қызметінің даму дәрежесін, тәрбиелілігін анықтауда негізі емес, косымша ғана әдіс болатынын ескеру тиіс. Тестік сұрақтарды дайындаудың, оны өткізудің ғылыми-әдістемелік жолдарын білмесе, оның қорытындысы бойынша объективтік мәлімет алу қиын. Мектептегі тарих пәнінен оқушылар білімін тестік сұрақтар арқылы тексеру туралы ғылыми-әдістемелік еңбектер тапшы. Бірақ та білімді тестік жолымен тексеру мен бақылауды ң барлық пәндерге ортақ мәселелерін баяндайтын, сонымен қатар жеке пәндер бойынша тест жүргізу туралы жазылған еңбектер баршылық. Тарих пәнінен тест бойынша білім тексеру үшін мұғалімдер алдымен оны өткізу әдістемесінен жақсы хабары болғаны дұрыс.
Білімді тестік сұрақтар бойынша тексеру мен бақылауды ң артықшылығы: аз уақытта көп оқушының білімі тексеріледі, бүкіл курс бойынша оқушылардың білім деңгейін шамалауға болады, барлық оқушылар баға алады, оқушылар тестік сұрақтарға жауап беруге жаттығады. Бірақ оның қиын, тіпті келеңсіз жақтары да бар. Мәселен, тарих пәнін оқытуға қойылатын басты үш міндеттің: білімдік, тәрбиелік және дамушылықтың орындалу деңгейін шамалауға болады, дәл анықтап бере алмайды, жүргізу әдіс-тәсілін жақсы білмесе, сұрақтарды дәл, дұрыс іріктемесе қателікке ұрындырады, білім тексеру мен бақылауды ң негізгі шешуші формасы бола алмайды.
Білім қандай формада тексерілсе де: күнделікті, қайталау, қорытып-қайталау сабақтары болсын, ауызша, жазбаша болсын баға қойылуы керек. Бағаның барынша объективті болғаны дұрыс.
Курсшілік, курс және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру арқылы қайталау.
Қазіргі қолданыстағы оқу жоспары бойынша мектептің бірінші сатысын - бастауыш мектепті бітірген оқушылар жеті, ал негізгі мектепті бітірген оқушылар 18-20, жалпы білім беретін толық орта мектепті аяқтаушылар одан да көп пәннен (олардың саны мектептің типі мен ерекшеліктеріне байланысты) толық аяқталған білім алады. Ол пәндер белсенді қоғамдық өмірге аяқ басқан әрбір жас азаматты білімнің негізгі салалары: тіл, әдебиет, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, технология, дене тәрбиесінен қажетті ғылыми біліммен қаруландырады. Білім - пәндерге, салаларға бөлінгенмен оларға қойылатын талап - тұтас толық орта ғылыми білім беру. Сондықтан да Мемлекеттік білім стандартын, оқу бағдарламаларын жасағанда, жеке пәндерден оқулықтар жазғанда пәндер арасындағы байланыстарға, олардың сабақтастығына баса көңіл бөлінеді. Егер де бұл байланыстарға көңіл бөлмей әр пәнді өзінше бөлек-бөлек оқыта берсек өзара байланысты ғалымдар арасы үзіліп, оқушылардың алған білімдері бөлек-бөлек болып қояр еді. Мұның өзі алдымен оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға нұқсан келтіреді. Ал, шынында мектепте оқытылатын пәндердің ішінде бір-біріне байланысатын жерлері көп. Тарихи білімдерді қалыптыстыратын ұғымдардың ішінде философиялық, географиялық, сондай-ақ әдебиетке қатысты ұғымдарда кездеседі. Сол сияқты басқа пәндердің де мәселен, әдебиеттің, экономикалық географияның, табиғат танудың т.б. тарих пәнімен байланысты жерлері баршылық. Олай болса әрбір пәнді оқытқанда олардың басқа пәндермен байланысатын жерлеріне назар аударып отыру қажет екен. Пәндерді байланыстыру міндетті фактілерді, ұғымдарды оқыту барысында жүзеге асады. Пәндердің өзара байланысын жүзеге асыру олардың табиғаттың, қоғамның дамуына ғылыми қөзқарасын қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар алған білімін кеңейтеді, толықтырады әрі бекіте түседі.
Қазақстан тарихы пәні жоғарыдағылармен қатар әсіресе дүние жүзі тарихы, Адам және қоғам, ҚР-ның құқық негіздерімен тығыз байланысады. Сонымен қатар әр пәні бірнеше курсқа бөлінеді, сол курстардағы білімдердің бір-бірімен байланысатын тұстары баршылық. Мәселен, 6 сыныпта ежелгі Қазақстан тарихын өткенде оқушылардың 5 сыныптағы осы жерлерде ертеде адамдардың пайда болуы. Олардың ру, тайпа болып қалыптасуы туралы білімдері еске түсіріліп, одан әрі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы сияқты ірі тайпа одақтарына біріккені баяндалады. Қазақстандағы орта ортағасырлардағы мемлекеттерді өткенде дүние жүзі тарихынан Еуропа мен басқа да аймақтардағы орталықтанған мемлекеттердің тарихы, олардың өзіндік ерекшеліктері еске түсіріледі. Бұлар курсаралық байланыстар. Сонымен қатар тарихтың әрбір жеке курсының мазмұнында да өзара байланысты материалдар болады. Мәселен, 6 сыныптағы Ежелгі Қазақстан тарихындағы жоғарыдағы аталған ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларын өткенде бірінде Дін және діни нанымдардың пайда болуы айтылады. Оларды байланыстыра оқыту өте тиімді. Бұлар курсшілік байланыстарға жатады.
Тарих, Қазақстан тарихы да әдебиетпен, Адам және қоғаммен жиі байланысады. XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің бірқатар салалары: әсіресе әдебиет, ақын-жыраулар, жазба әдебиетінің дамуы, ағартушыларға қатысты мәселелер бұған нақты мысал болады. Бұлар пәнаралық байланыстарға жатады.
Сөйтіп, пәнаралық, курсаралық және курстың ішкі байланыстары болады екен.
Пәнаралық байланыстардың негізгі бағыттары.
Пәнаралық байланыстардың қиынрағы дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға үлес қосатын мазмұнды пәнді не курсты оқу барысында ғана толық қарыстырылатын ұғымдарды ашып көрсету әдістемесі. Мұның маңыздылығы сонда, пәнаралық, курсаралық байланыстарсыз мұндай ұғымдарды қалыптастыру мүмкін емес. Демек, онда оқушыларда ғылыми көзқарас та толық қалыптаспайды. Мұндай жұмыстың тағы бір қиындығы мұғалімнен өте білімділікті талап етеді. Өз пәнін жақсы білу аз, сол ұғым, мәселе қарастырылатын пәндердің құрылымын да, білім мазмұнын да жақсы білуі керек. Сонда ғана ол ұғымның басқа пәннің құрамында қандай көлемде (мазмұндық құрылымы) оқытылатынын қандай белгілері айтылғаның, оның басқа да ұғымдар жүйесінде алатын орынын білуге болады. Мұнан кейін ондай ұғымдардың басқа пәндер құрамында қашан оқытылғанын, немесе оқытылатынын білу керек. Осыған байланысты пәнаралық, курсаралық байланыстарды қолдану үш бағытта жүргізіледі: ретроспекциялык (латының retro - бұрынғыға көңіл аудару, кейінгі - сөздермен шыққан), яғни бұрын өтілген оқу материалы; қазіргімен сәйкес келетін оқу материалы және перспективалық, яғни келешекте кездесетін оқу материалы. Мұғалім пән, курсаралық байланыстарды іске асырғанда осыларды ескереді. Тарихтан бүгін оқытылатын мәселе әдебиеттен бұрын өтіліп кетсе оқушыларға сұрақ қойып, әңгімелесіп олардың бұрын алған білімдерін қайта естеріне түсіріп, бүгінгі тарих сабағымен байланыстырады. Ал, басқа пәннен келешекте өтілетін болса: Мәселен, тарихтан Қазақстанның қазіргі қоғамдық-саяси, экономикалық жағдайын айтып тұрып - соңғы мәселені жақында географиядан өтілетін Қазақстанның алыс-жақын шет елдермен экономикалық байланыстары деген тақырыпта толық өтесіңдер, осы маңызды мәселені жақсылап түсініп алыңдар - деп сілтеме жасайды. Екі пәннен қатар өтіліп жатқан оқу материалдарын байланыстыру онша қиындық келтірмейді. Оның әдіс-тәсілдерін мұғалім өзі таңдайды.
Пән, курсаралық, курсшілік байланыстарды жүзеге асырудың
әдістемелік жолдары.
Мұғалім сабаққа дайындала отырып, пән, курсаралық, куршілік байланысты жүзеге асыратын материалдарды анықтайды, содан кейін оларды сабақтың (жаңа) қай жерінде, қалай етіп жүзеге асыратынын белгілейді. Ең тиімді әдіс оқушылармен әңгімелесу, осы арқылы олардың басқа пәннен, тарих курстарынан, немесе осы курстың өзінен, бұрын оқыған, немесе қәзір оқып жатқан мәселелері еске түсіріледі. Оқушыларға берілетін сұрақ оларды ойландыратындай, кейде проблемалық сипаты да болуы керек. Әңгімелесу әдісінің артықшылығы оқушыларды ойландырады, бұрын алынған білімдерін қайта еске түсіріп, жүйеге келтіреді, олардың білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, оқушылар бір-бірін толықтырады, көбі қатысады. Әрине бұл әдісті пайдалану сыныптың дайындық дәрежесіне байланысты. Демек, барлық сыныпта бірдей, әрі үнемі пайдалануға болмайды деген сөз. Мұндай байланыстарды жүзеге асыру оқулық мәтіні, тарихи құжат, көркем әдебиет үзіндісі, тарих дәптеріндегі жазулар, кестелердегі сандық мәліметтер, диа, оқу фильмдерінің үзінділері т.б. құралдар көмектеседі. Сыныпта қиындық туса жұмысты жеңілдеп бастап, мұғалім үлгісін көрсетіп, бірте-бірте күрделендіруі тиіс.
Егер де пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде мұғалім белгілі бір ұғыммен жұмыс істейтін болса оған алдын ала назар аударған дұрыс. Тарих сабақтарында көбірек кездесетін ұғымдарды үш топқа бөлуге болады. Олар: белгілі тарихи дәуірге тән жеке нақты тарихи құбылыстарды білдіретін ұғымдар. Мәселен, терімшілер, тас құралдар, ру т.б. Бұлар онша күрделі емес, көбін бір сабақта-ақ толық түсіндіруге болады. Екінші топқа жататындар жалпы тарихи ұғымдар, олар нағыз тарихи ұғымдар болып есептелінеді. Бұлардың қатарына, құлдар, шаруалар, әскери демократия, хан, бай, феодал сияқтылар жатады. Бұлар бірнеше сабақтарда түсіндіріледі және де біртіндеп жаңа белгілермен толыға түседі. Үшінші топқа жататын ұғымдар әлеуметтік тарихқа қатысты ұғымдар. Бұлар тарихи үрдістің жалпы байланыстары мен заңдылықтарын көрсетеді. Мәселен, тап, мемлекет, мәдениет, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар осындай ұғымдар. Бұлар күрделі ұғымдар қатарына жатады және бүкіл тарих курсында кездесіп отырады. Бұларда қоғамдық құрылысқа, оның даму кезеңдеріне байланысты жаңа белгілермен күрделене түседі. Бұл ұғымдар қоғамтану, құқық негіздері, экономикалық география пәндерінде де кездеседі.
Мұндай ұғымдармен сабақта жұмыс жасайтын алдын ала белгіленген мұғалім, олардың басқа пәндерден оқушыларға қаншалықты таныс екенін анықтап алып барып, өзі ол ұғымдармен істелетін жұмысты жоспарлайды.
Оқытылған тарихи материалды қайталау әдістемесі.
Оқытуға қойылатын ең негізгі талап оның нәтижелі болуы, демек оқушылар бағдарламада көрсетілген ғылым негізін берік меңгеуі тиіс. Бірақ оқу материалын бір рет оқытқанда барлық оқушы бірдей жақсы меңгере алмайды, ал берік білім алу әлдеқайда күрделі. Сондықтан да басқа пәндер сияқты қайталауға тарихты оқыту әдістемесінде де үлкен мән беріледі.
Педагогика ғылымында қайталаудың мақсаты: оқытылған материалды қайта еске түсіру; бұрын оқытылған материал мен жаңа материалды тығыз байланыстыру; тақырып, бөлім, сондай-ақ бүкіл курс бойынша оқытылған таныс материалды жүйеге келтіру, жинақтау және тереңдете түсу - деп көрсетілген. Сөйтіп, білімді әрі терең, әрі берік қалыптастыру үшін қайталау қажет екен.
Қайталанатын оқу материалы терең де тиянақты білімге айналу үшін төмендегілерді ескеру қажет:
а) бұрын өтілген материалды қайталанатын тақырыптың негізгі мәселесіне ыңғайлап топтау және де сол мәселеге қатысты білім элеметтерін алдын-ала белгілеу. Негізгі мәселені басқа таныс материалмен салыстыруда да ескерген дұрыс. Осыған байланысты қайталау тақырыбының жоспарын оқушылар өздері жасаса немесе жасауға белсене қатысса тиімді болады.
ә) қайталанатын тарихи фактілердің, құбылыстардың жаңа белгілерімен байланыстарын ашып беруге көмектесетіндей, жаңаны іздеттіретіндей шағын сұрақтардың болғаны дұрыс. Олар оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалана алатындай, өзгеше жұмыс іздеттіретіндей оқу-танымдық сипаты болса өте тиімді.
б) қайталау сабақтарының түрлері мен өткізу әдіс-тәсілдерін өзгертіп отырған дұрыс. Бұл оқушылардың материалды жақсы есте сақтауына көмектесіп қана қоймайды, оларды сол қайталау үрдісіне белсене қатысуға қызықтырады. Оқушылардың осылайша белсене қатысуы оқу материалын берік есте сақтаудың маңызды факторы.
в) мақсат - өткенді құр қайталау емес өтілген оқу материалын жаңа мен байланыстыру, білімді толықтыру (курстың өзішілік, курсаралық, пәнаралық негізінде) тереңдету.
Жоғарыдағыларға байланысты қайталаудың мұқият жоспарлау қажет. Мәселен, қайталау сабақтарын бірінен соң бірін өткеннен гөрі, белгілі бір тақырыпты оқытып болғаннан кейін яғни әр тақырып бойынша бөлек өткізіп отырған тиімді.
Қайталауды ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керек. 5-6 сыныппен салыстырғанда 7-8 сынып оқушыларының ойлау-таным қызметі едәуір жоғары. Олар фактілер мен құбылыстарды талдап жинақтай алады және соның негізінде оны берік меңгереді. Жадындағы материалды тез есіне түсіреді, еске түсіру тәсілдерін саналықпен қолданады (салыстырады, жүйеге келтіреді). Ойланбай, үстірт еске түсіруден гөрі логикалық, ойланып еске түсіру басым болады. Осы ерекшеліктерді ескере келе оларды логикалық еске түсірудің тәсілдерін дұрыс қолдана алуға үйрету керек. Еске түсіргенде тірек фактілер мен ұғымдарды ажырата білу, оқу материалын мазмұнына қарай топтау және тақырып жоспарын жасау, жаңаны өткен материалмен байланыстыру, алған білімді өткенмен, қазіргі тарихи құбылыстар мен фактілерді талдағанда қолдана алу т.б.
9-11 сынып оқушыларының оқу қызметіне, олардың белсендігіне, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz