Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі: оның тарихи даму кезеңдері



КІРІСПЕ
1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі: оның тарихи даму кезеңдері ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сақтандыру ежелгі заманнан бері жүзеге асырылып келе жатқан, өзінше бағдар-бағыты бар, айырықша мүддесі – тұлғалардың мүліктеріне, жеке бастарына байланысты кездесетін жағдайлардан қорғау, шығынды жабу, зардап-зиянды қалпына келтіру сипатындағы іс-қимыл болып табылады. Мемлекет тұрғысынан алғанда сақтандыру мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып есептелінеді.
Сақтандыру мемлекеттің, заңды тұлғалардың, азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау жүйесін құрады. Сонымен қатар, ол күтпеген табиғи, техногендік және өзге де құбылыстарға байланысты мүліктік, материалдық нұқсандарды қалпына келтіруге кепілдік бере отырып қаржы жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.
1. Тиімді ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру және оның басым бағыттарын одан єрі қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің 2002 жылғы 27 қарашадағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» // П АЖ, 2002.4 б
2. Жуйриков К.К., Ким Г.В. Государственное страхование в Казахстане. Алматы, 2002.-5 б.
3. Сухов В.А. Государственное регулирование финансовой устойчивости страховщиков. М., 2005.- 6 б.
4. Федорова Т.А. Страхование в условиях рыночной экономики: принципы и практика. СПб., 2005.- 6 б.
5. Шиминова Н.Я. Основы страхового права России. М., 2003.- 7б.
6. Рейтман Л.И. Страховое дело. М., 2002.- 7б.
7. Алякринский А.Л. Правовое регулирование страховой деятельности в России. – М., Юрист. 2004.- 9б.
8. Арзаков Т. Услуги страхование при перевозках // Внешняя торговля, 2002, № 11,12. – 14 б
9. Жуйриков К.К., Ким Г.В. Государственное страхование. 16б
10. Гришаев С.П., Страхование в нормативных актах РФ и зарубежных стран –М., Юкис, 2003 – 19б
11. Сақтандыру қызметі туралы 18 желтоқсан 2000 ж. заңы, // Егемен Қазақстан, 2000. – 21 желтоқсан. 20б
12. ҚР Азаматтық кодексі, Алматы, 2008 - 20б
13.Жуйриков К.К., Назарчук И.И., Жуйриков Р.К Страхование: теория, практика, зарубежный опыт.- Алматы, 2000 – 24б

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі: оның тарихи даму кезеңдері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Сақтандыру ежелгі заманнан бері жүзеге асырылып келе жатқан, өзінше бағдар-бағыты бар, айырықша мүддесі - тұлғалардың мүліктеріне, жеке бастарына байланысты кездесетін жағдайлардан қорғау, шығынды жабу, зардап-зиянды қалпына келтіру сипатындағы іс-қимыл болып табылады. Мемлекет тұрғысынан алғанда сақтандыру мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып есептелінеді.
Сақтандыру мемлекеттің, заңды тұлғалардың, азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау жүйесін құрады. Сонымен қатар, ол күтпеген табиғи, техногендік және өзге де құбылыстарға байланысты мүліктік, материалдық нұқсандарды қалпына келтіруге кепілдік бере отырып қаржы жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Сақтандыру - сақтандыру жағдайлары туындаған кезде зиянның орнын толтыруға кеткен шығындарды қаржыландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ мерзімге инвестициялаудың бір көзі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан аумағында өте қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқан процестердің бірегей сақтандыру рыногын түпкілікті қалыптастыру және оның тиісті инфрақұрылымдарын құру болып отыр. Қазақстандағы сақтандыру рыногының даму жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастарының бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметі әлі де зерделеу, зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды қажет ететін өзекті бағытқа айналып отыр.
Сондықтан, бірінші кезектегі мақсат белгілі бір мөлшерде сақтандырудың экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған қатынастарының ерекшеліктерін қарастыру және жете танысып білу болып табылады. Осыған орай, сақтандыруға айрықша назар аударып отырмыз. Біздің ойымызша қазіргі кезеңдегі басым бағыт сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталдарының ең аз мөлшерін жоғарылату және оны тек ақша қаражаттары есебінен ғана қалыптастыру.
Сонымен бірге, сақтандыру ісін дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін мына келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет: сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру; сақтандыру қызметінің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру; сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын және беріктілігін қамтамасыз ету; Қазақстандық және халықаралық сақтандыру рыноктарының өзара қарым - қатынастарын дамыту; сақтандыру қызметін көрсету рыногындағы құрылымдық саясатын жүргізу.

1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі: мемлекеттердің тарихи даму кезеңдеріндегі көрінісі
0.1 Сақтандырудың ұғымы және оның бүкіләлемдік сақтандыру кеңістігінде атқаратын рөлі

Сақтандыру өндірістік қатынастардың аса қажетті элементі болып табылады және ол әрқашанда өндіріс барысында туындайтын шығындар мен залалдардың орнын толтыруға, калпына келтіруге байланысты болады. Осы қоғамдық өндіріс процесінде екі қарама-қайшы құбылыстар ұштастырылады. Біреуіне, адамдардың табиғи стихиялық апаттармен және басқа да төтенше қатерлі жағдайлармен күресіне байланысты адам мен табиғаттың арасындағы қарама-қайшылық жатса, ал екіншісіне қоғамдағы адамдар арасында мүліктік және басқа да мүдделерге қатысты, қоғам ішінде туындайтын адамдардың арасындағы өндірістік байланыстарды қиындататын қарама-қайшылықгар жатады. Міне, осындай қарама-кайшылыктар келеңсіз нәтижелерге әкеп соғатын төтенше жағдайлар мен күтпеген қатерлі оқиғалардың туындауының объектілі негізін құрайды.[2]
Егер қалыпты жүріп жатқан қоғамдық өндіріс процесі адамдардың саналы, мақсат-бағдарлы қызметтерінен тыс ғаламат төтенше жағдайлардың туындауына байланысты бұзылатын болса, онда сол қатерлі жағдайлар сақтандыру оқиғалары деп айтылады. Жоғарыда аталған жайларға байланысты қоғамдық өндірістің қатерлі сипатта болуы адамдар арасында стихиялық және басқа да ауыртпашылықтардың қиратып - жоюшы күштеріне қарсы тұру, болдырмау, алдын-алу, әрі қарай тарауына жол бермеу, сондай-ақ келтірілген зиянның орнын талассыз толтыру жөніндегі объектілі қатынастарды туындатады. Бұл қатынастар - арнайы сипатта болатындықтан жиынтығында қоғамдық өндірісті қорғауды сақтандырудың экономикалық категориясын құрады. Осы категорияның ерекшелігі мынадай: қиратып-жоюшы оқиғаның кездейсоқ сипатта туындауы; ақшалай және натуралды сипаттағы өлшемдермен сипатталынып келтірілген зиянның төтеншелігі; аталмыш жағдайдың зардаптарының алдын алу, жоюдың және материалдық немесе өзге де зияндардың орнын толтырудың объектілі түрдегі қажеттілігі сияқты негізгі белгілер арқылы көрініс табады.
Ал көрсетілген белгілер адамдардың өндірістік қызметтерінің аясында сақтандырылатын тәуекелдердің болатынын және сақтандыру қорғауының қажеттілігін дәлелдейді. Сақтандыру тәуекелі мен сақтандыру шаралары сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі маңызын білдіреді.
Сақтаңдыру талабына сәйкес қорғау, алдын-алу, қалпына келтіру және т.б. шараларды жүзеге асыруға қажетті сақтандыру қорын қалыптастыру, қоғамдық өндіріс аясындағы қорғауды сақтандырудьң экономикалық категориясының осы қор түріндегі материалдық нысанын көрсетеді. Аса кажетті осы сақтандыру қоры негізінде өндіріс аясында белгілі бір уақыт
көлемінде жасалынатын ұлттық табыстың қайта бөлінуі есебінен қалыптастырылады.[3]
Сақтандыру қорының есепті жыл ішінде жұмсалынбай қалған бөлігі қорлану қорына түседі. Ал зиянның орнын толтыруға және т.б. шараларға жұмсалған бөлігі тұтыну корын толықтырып қана қоймай, сонымен бірге өндіріске кеткен қаражаттардың қалпына келтірілуін толықтырып отырады.
Тағы бір айта кететін жайт, міндетті мемлекеттік сақтандыру ақша қоры мемлекеттің қаржы жүйесінің бюджет, банктердің қаржыларынан кейінгі буыны болып табылады. Алдында айтқанымыздай сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржылармен байланыста болады және қаржылар сияқты ақша нысандағы құндық белгілі қорларды қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу кезіндегі қозғалысын білдіреді. Осыған орай, сактандыруды басқа экономикалық категориялардан ажырата білу үшін оның өзіне тән ерекшеліктерімен танысуымыз қажет.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру мына келесідей белгілермен сипатталады:
- сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлу қатынастары пайда болады. Осы қайта бөлу қатынастарының негізінде сақтандыру тәуекелінің болуы және сақтандыру оқиғасының туындау мүмкіндігі жатады;
- сақтандыру кезінде тек сақтандыру ауқымындағы қатысушылар ғана қатысатын тұйықталған қайта бөлу қатынастары туындайды. Бұл жерде сақтандыру акшалай қоры тек жаңағы қатысушылардың нақты белгіленген жарналары есебінен қалыптастырылады;
- сақтандыру қорына жұмылдырылған сақтандыру төлемдері аумақтар көлемінде қайтарылады;
- сақтандыру келтірілген зияндарды әкімшілік-аумақтық бөліністер арасында және белгілі бір уақыт көлемінде қайта бөлуді көздейді.[4]
Демек, сақтаңдыру айтарлықтай көлемдегі аумақтық құрылымдар мен сақтандырылған объектілерді қамтуы керек және қатарынан бірнеше жыл бойы ешкандай төтенше жағдай орын алмаған болса, сақтандыру төлемдерін алдағы уақытта туындауы мүмкін залал-зияндарды қалпына келтіруге қажетті запастағы қор құрылуы тиіс.
Сақтандырудың экономикалык манызы оның функциялары аркылы да көрініс табады. Олар сақтандырудың қаржы жүйесінің буыны ретіндегі ерекшеліктерінің қаржылардың функцияларына сәйкес келетінін көрсетеді. Сонымен, біздің ойымызша сақтандыруға мынадай функциялар тән болады: жұмылдыру функциясы; бөлу, қайта бөлу функциясы (тәуекелдік функция; алдын алу функциясы; жинақтау функциясы); бақылау функциясы. Осы функциялар өздігінен емес, тек сақтандыру қызметін жүргізу кезінде ғана іс жүзінде жүзеге асырылады. Жұмылдыру функциясының көмегімен мақсатты сақтандыру қорының қаражаттарын сақтаңдыру жарналары есебінен қалыптастыру қызметі жүзеге асырылады.
Бөлу (қайта бөлу) функциясы өз алдына үш функциядан тұрады: олар тәуекелдік (немесе қалпына келтіру) функциясы; алдын алу функциясы; жинактык функция. Бұл жерде ең бастысы тәуекелдік және алдын-алу функциялары болып табылады. Тәуекелдік функция тұйықталған сақтандыру қатынастарының ішіндегі зияндардың орнын толтыруды, қалпына келтіруді, апаттарға байланысты сақтандыру қаражаттарын кайта бөлуді жүзеге асырады. Алдын-алу қатерлі жәйттерді болдырмауға, сақтандыру тәуекелдерін мүмкіндігінше азайтуға бағытталған профилактикалық шараларды жүргізуге қажетті функция болып саналады. Бақылау функциясы сақтандыру қорларының мақсатқа сәйкес қатаң қалыптастырылып, пайдаланылуын тексеріп, қадағалауды тиісті зандарға сәйкес жүргізеді.[5]
Сақтандырудың қоғамдық өндірістің үзілмеуін, баланысты болуын, тоқтатылмауын қамтамасыз етуді көздеп атқарылатын рөлінің түпкілікті нәтижесі мына келесідей көрініс табуы керек: сақтандыруды колдану аяларын ұтымдыландыру; сақтаңдыру операцияларын дамыту көрсеткіштерін жақсарту; зияндарды толығымен және дер кезінде қалпына келтіру; уақытша бос сақтандыру қаражаттарын сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметтерінде пайдалану.
Сонымен, сақтандыру катысушыларының ақшалай жарналары есебінен табиғи апаттар мен төтенше қатерлі жағдайлардың салдарынан зиян шеккен заңды тұлғалар мен азаматтардың тартқан зияндарын қалпына келтіруге және орнын толтыруға арналған мақсатты сақтандыру қорын құру жөніндегі тұйықталған айрықша қайта бөлу қатынастарының жиынтығы болып табылады.
Демек осы жәйтті былайынша толық тұжырымдауға болады: сақтандыру әкімшілік, конституциялық, қаржылық, азаматтық және т.б. құқық нормаларымен реттелген, сактандырылған тұлғаларға қатысты тиісті зандарда немесе шартта көзделген жағдайлардың туындауына орай сақтандыру қорғанысы мен сақтандыру өтемін жүзеге асыруға байланысты кешенді, базистік экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде көрініс табады.
Осы қысқаша сипаттамадан кейін сақтандырудың тарихи қалыптасып, дамуына және біздің еліміздегі даму кезендері мен құқықтық аспектілерін қарастыру кажет. Негізінде, сақтандыру көне дәуірден бері адамдар өркениеті арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастардан белгілі бір қатерлі, қауіпті, шығын-зардапты немесе пайдалы, көбінесе объектілі, кейбір кездерде субъектілі жағдайлардың туындауына байланысты орын алатын өте қажетті категория әрі сол өндірістік катынастардың мызғымас бөлігі болып табылады. Алғашқы кезде сақтандырудың мағынасы "қауіп", "қорқыныш" деген сөздермен байланысты болса, кейіннен көмектесу, жақтасу, кепілдендіру, қорғау, ұстап тұру, тауда, теңізде сақтандыру және т.б. мағынада да айтылған.[6]
Сақтандырудың бастапқы нысандары өте көне дәуірде, құл иеленуші қоғамдарда туындаған болатын. Мысалы, бізге жеткен деректер бойынша кұл иеленушілер, өздерінін мүліктері мен құлдарын табиғи тылсым күштердің жойып жіберуінен, ұрлықтан, тонаудан және басқа да қатерлі оқиғалардан қорғау тәсілі ретінде сақтандыруды пайдаланған. Осы қоғамдағы кезіңде мал-мүлікті және бәсеке басты қорғауға орай жасалынған келісімдер сактандыру шарты ретінде көрініс берген еді. Көне дәуірдегі сақтандырудың алғашқы нысандарының негізінде өзара міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін ұжымдық өзара көмекті жатқызуға болады. Сол кездерде қалыптасқан негізгі қағидат бойынша сақтандыру пайда табуға, байлыққа бағытталған емес, ол тек кауіп-қатерден қорғау тәсілі болып табылған. Демек, келтірілген залалдың орнын ақшалай емес, тек сол зардапқа баламалы мүлікпен, затпен, өніммен және.т.б. толықтырып отырған.
Сонымен, ғасырлар белесінде объекттілі қалыптасып, жан-жақгы дамыған сақтандыру ісі уақыт өте келе көптеген бағытта жүзеге асырылған. Мәселен, қалалар мен елді мекендердің өсуіне карай ғимараттар мен үйлердің және т.б. мүліктердің әртүрлі дүлей апаттар мен өрттерден жойылуы немесе бүлінуі қауіпінің күшеюіне байланысты адамдар солардан қорғануға, келтірілген зардаптың орнын толтыруға, мүмкін болса қауіптің алдын алуға немесе болдырмауға бірлесіп іс-кимыл жасауға талпынған. 1310 жылы Германияның Брютте қаласында көпестер мен қолөнер гильдияларының мүліктік мүдделерін корғау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын "Сақтандыру палатасының" құрылуы жоғарыда айтқанымыздың айғағы болса керек.
Мүлікті кәсіпкерлік қызметтің объектісі ретінде сақтаңдырудан басқа, өрттен сақтандыру да дами бастаған еді. Кезінде өрттен сақтаңдырудың қарапайым нысаны мүліктері бүлінген немесе өртеніп кеткен адамдарға көмектесу үшін жиналатын арнаулы алым түрінде болған. Әрине бүл көмекті шын мәнісіндегі сақтандыру деп айта алмайтынымыз белгілі. 1866 жылғы Лондон қаласының орталығын жойып жіберген жойқын өрттен кейін демек, үйлер мен баска да ғимараттарды сақтандыру мақсатында "өрт полисі" деп аталатын сақтандыру мекемесі, соңдай-ақ 1667 жылы Норвегияның Христиания (кейіннен Осло деп аталған) қаласында Норвегиялық бранд-касса кұрылған болатын. Бұлардың бәрі және басқалары өзара сақтандыру негізінде қызмет атқаратын, яғни тек келтірілуі мүмкін зардап-зиянның орнын толтыруды ғана көздеген. Осы сақтандыру жүйесі теңіз сақтандыруында күні бүгінге дейін қолданылады.
Зымырап өтіп жатқан заман ағымында экономиканың дамуына байланысты және мүліктік мүдделерінің ұлғаюына қарай сақтандыру компанияларының саны мен айналымдық капиталдары өсе бастаған еді. Мәселен, он сегізінші ғасырдың алпысыншы жылдары Батыста мүлікті және жеке адамды сақтандырудың жүзге тарта түрі болды. Осыған қарап сақтандырудың дамып жатқан экономика талаптарына сай келгенін байқаймыз. Тек бір ескеретін жәйт, осы адам қызметінің барлық аяларына тез таралған сақтандырудың уақыт, заман талаптарына орай әдістері мен нысандарында әлсін-әлсін өзгертіліп отырған. Мысалы, 1706 жылы жер жүзінде бірінші рет өмірді сақтандыру жөніндегі қоғам құрылса, 1800 жылдары жануарларды, қаржылық шығындарды, қатерлі жағдайлардан үйлерді қиратып кіріп жасайтын ұрлыктан сақтандыру түрлері пайда болған. Көне Қазақстан аумағында дамыған сақтандыру жөнінде жазбаша деректер мен мағлұматтардың сақталмауына қарамастан отырықшы мекендер мен ірі қалалардың аясында қандай да болмасын нысандардағы сақтандыру іс-қимылдарының жүргізілгенін білеміз.
Кейінгі, Ресей империясының құрамындағы Казақстанда жүзеге асырылған сақтандыру деңгейінің дамуы туралы мәліметтер де жоққа тән. Алайда, сол кездерде Ресеймен шектес орналасқан Орынбор, Орал, Гурьев қалаларында және Жетісу өңіріндегі қалаларда, сондай-ақ жер өндеумен айналысатын аумақтарда сақтандырудың кейбір түрлерінің жүргені мәлім. Сондықтан, біздің ойымызша бірінші кезекге Ресей империясында қалыптасып, дамыған сақтандыруға, оның әралуан нысандары мен түрлеріне қысқаша шолу-сипаттама жасап өту қажет. Ресей мемлекетіндегі сақтандыру XVIII ғасырдың ортасына таман Петербург пен Мәскеуде ағылшын сақтандыру ұйымдары филиалдарының орналасуына орай басталған болатын. Ал бірінші Ресейлік сақтандыру ұйымы 1765 жылы Ригада ашылған еді. Ресейдегі теңіз саудасының жандануына байланысты 1781 жылы теңіз сақтандыруы бірінші рет жүзеге асырыла бастады. 1786 жылы сақтаңдыру ісін мемлекеттік монополияға айналдыру мақсатында мына екі банк: мемлекеттік заемдық банк пен мемлекеттік ассигнациялық банк құрылған болатын. Осы банктер құрылыстар мен тауарларды, ренталарды, адамдардың өмірін және т.б. сақтандыру операцияларын жүргізген.
Бірақ, кейіннен он тоғызыншы ғасырдың басында мемлекеттік сақтандыру жойылып, оның орнында акционерлік, өзара және жергілікті (жерлердегі) сияқты үш негізгі сақтандыру жүйесі біртіндеп қалыптасқан. 1827 жылы өрттен сақтандыру жөніндегі Ресей Бірінші акционерлік қоғамы пайда болған. 1835 жылы өрттен сақтандыру жөніндегі Ресейлік екінші қоғам, ал 1846 жылы "Саламандра" қоғамы құрылған. Осыған орай Ресей өрттен сақтандырудың отаны деп есептелінген.
Шамалы уақыт өткеннен кейін, сақтандыру қоғамдары жауыннан соң каулап өскен саңырауқұлақтай қарқынды дами бастаған. Мәселен, 1844 жылы "Российское общество морского, речного, сухопутного страхования", 1847 жылы көлікті сақтандыратын Санкт-Петербургтің Надежда компаниясы, 1867 жылы "Русское", 1870 жылы "Коммерческое", "Варшавское", "Русский Ллойд", 1872 жылы "Северное", "Якорь'', "Волга" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нарығының құрылымы
Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері, мәні және мақсаты
Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы
Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің негіздері
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Пәндер