Нарықтық экономика туралы ақпарат



І. Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңіжәне қызметі
1.1Нарықтың ұғымы мен мәні
1.2Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
1.3Нарықтың қызметтері
II. Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының мәселелері
2.1. Нарықтық экономикалық қалыптасу Қазақстандық моделі
2.2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудің үдерістері
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Нарықтық экономика –ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бқлуге болады:
a) Нарық элементтерінің пайда болуы,
b) Натуралдық айырбас кезеңі нарығы
c) Тауар баламасы кезеңініннарығы
d) Тауар емес балама кезеңінін нарығы
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады,олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2 көрсетуге болады.Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады.Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
1.Әкімбеков «Экономикалықтеория» Кулыгин П. Социолистік экономикадағы нарық - «Вопросы экономики»,1990ж.
2.Журавлева Г. Социолизмнің экономикалық жүйесіндегі нарық-«Экономические науки»,1990ж. №7
3.Саяси экономия -Алматы, «Ана тілі»,1991ж.
4.Қазіргі замандағы нарық: табиғаты және дамуы/Э.П.Дунаев, И.Е.Рудакова Редакциясымен-М,МГУ,1992ж.
5. «Экономикалық теория» пәнінен СИЛЛАБУС
6.Ғабит Жүрсiн Хафизұлы Астана 2006
7. Ө.Қ.Шеденов,Е.Н.Сағындықов,Б.А.Жүнісова,Ү.С.Байжомар-тов, Б.М.Комягин - «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе «А-полиграфия» 2004ж.
8. Н.М. Шанский, В.В.Ваванов, Т.В.шанская – «Кралкий этимологический словарь русского языка» Москва 1961г.
9. Н.М. Шанский «Көп томдық орыс тілінің этимологиялық сөздігі», I томғ Москва 1973ж
10. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы» 2006 жыл 1 наурыз.
11. И. Комягин «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, «А-полиграфия» 2004ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І. Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңіжәне қызметі
1.1Нарықтың ұғымы мен мәні
1.2Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
1.3Нарықтың қызметтері
II. Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуымен дамуының мәселелері
2.1. Нарықтық экономикалық қалыптасу Қазақстандық моделі
2.2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудің үдерістері
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Нарықтық экономика - ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бқлуге болады:
a) Нарық элементтерінің пайда болуы,
b) Натуралдық айырбас кезеңі нарығы
c) Тауар баламасы кезеңініннарығы
d) Тауар емес балама кезеңінін нарығы
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады,олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2 көрсетуге болады.Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады.Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе - теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1- Т2 , балама - Т2 .Әрбір жергілікті нарыққа баламы тауардың бір түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады.Бұл кезенде таза өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді,оған тауар қабығынсыз өмір суре алмайтын шығындық және шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады.Дүниежүзілік нарқтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы : Т1 - тауар емес балама- Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның таза иеленушілері несие ақшалар өзінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеле нушісінің оқшаулануы-қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихилы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-1790) өзінің Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу (1776ж) деген басты еңбегінде - жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін түнгі күзеткішінің рөлін атқару қажет. Мемлекет laisser faire ( мейлі өзімен өзі жүрсін) саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ АСмит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын жаман әдеттеріне мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше - жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XXғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктгі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРОөның экономикасына жатады.Нәтижесінде ,суранам мен ұсыным сұрақтары әкімшілік өміршілік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндіушілер нарығының типы қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр.Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру,шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету , белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама - ақпараттық жүйелерді құр арқылы реттеуде мемлекеттің шешуі рөлін атап көрсету керек (ол туралы кітаптың келесі тауарларына кеңірек айтылады).
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу бағдарламасын көрсету бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.
Нарықтың қызметтері
Нарықтың мәні оның функңиялары арқылы толығырақ анықталады.
Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:
А)Тауар өндірісінің өзін -өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде , өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп , бағаны жоғарлатады; нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;
Б)Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар,олар жаңа техника, технологялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындар азайту мүмкіндігін іздестіреді;
В)өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;
Реттеу қызметі. Нарық арқылы әкономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макропропорңиялар белгіленеді;
шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принңптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері мен қоғамдық өндіріс әкономикалық жағынан қолайсыз әлементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді , яғни дифференңиялданады.
Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық - феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте- мөте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты.Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік .Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болдыІрі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды.Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес , сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті.Мысалы,1914жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы ,мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын.Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас - тартыс күшейді,меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық - рұлық қатынастар ыдырай бастады.Патша укіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады.Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды.Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған,оның едәуір бөлігі айырбас , шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындар-дың, салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық кешендердің), ха-лық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің қан айналымы жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршең-дігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланыс-ты, дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттр мен зерттеулерде нарық деген терминнің мәні осы күнге дейін ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет дәрі деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтармен қайшылықтарды тез реттейтін керемет күш деп те дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйе-сінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық туралы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айналыс процесі. Нарық - тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, бәсеке, ұсыныс, және т.б.) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтық айырбасқа кең жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы сациолистік елдердегі нарықтық қатынастардың ұлғюы щаруашылық механизмін қайта құру барысындағы эаңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байла-нысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.
Нарық - бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстар- ды (арақатынастарын) обьективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынастар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ға- на қоғамдық өндіріс экономикалық жүйеге (немесе экономикаға) айналады. Осылайша нарық өз шешімін тауып, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз етуге қажетті мөлшердегі өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күші халық шаруашылығы салалары арасында өзара пропорционалды түрде бөлінеді.
Нарық, айырбас, айналыс - бұл категориялар өзара тығыз байланысты және тұрмыстық деңгейде жиі теңестіріледі. Сонымен қатар олар қатаң себеп-салдарлы жүйеленген және тауарлы қатынастардың дамуындағы әр түрлі тарихи сатыны білдіреді.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы қызмет пен еңбек өнімдерінің айырбас қажеттілігінің пайда болуына әкеп соғады. Бұл айырбас барлық экономика- лық дәуірге тән экономикалық категория екендігін білдіреді.
Нарық қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи-тарихи процесі нәтижесі.
Алғашқыда нарық деп адамдар тауар мен қызметтерді айырбастайтын орынды атаған. Олар қалалық алаңдар болған: Лондон "чревосы", Париж "чревосы" және т.б.
Тауар өндірісінің дамуы мен қатар нарық та дамиды және күрделене түсе- ді және оны экономистердің талдауы да тереңдетті және күрделене түсті.
Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
Сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетінің сферасы ретінде қарастырыла-
ды.
Экономиканы ұйымдастыру көзқарасы бойынша нарықты экономика- ның іс-әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды
Нарықтық қатысушы тұлғалар позициясы бойынша нарықты шаруашы- лық тұлғаларының арасындағы қоғамдық байланыс формасы деп көрсетеді.
Нарық жағдайында тиісті алғышарттар бірден жүйеге келтіріліп, аз уа- қытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе қою оңайға соқпайды. Нарықтық экономиканың негізін экономикасы оңды дамыған елдердің тәжірибесіне на- зар аударатын болсақ, онда нарықтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқандығын көреміз. Мәселен, АҚШ-та 1902 жылдан бастап, Калифорния университетін- де нарық туралы дәріс оқытыла бастады. Себебі, сол тұста АҚШ-тың нарық жолына түсуіне 1873-ші жылдарда басталған экономикалық дағдарыс себеп- кер болған еді. Америка экономистері: Дэвид Уэлд, Эдвард Аткинсон, Генри Эмери, Вальтер Дилл Скотт, Джорджа Фредерика және тағы да басқалары нарық жүйесін капиталистік жүйеге орайластыру ісімен айналысты. Қазіргі уақытта АҚШ-та осы мәселемен айналысатын 400-ден астам ғылыми-зерттеу институттар мен коммерциялық фирмалар бар.
Ағылшын А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғалым деп саналады. Оның ең- бегі "Халық байлығы" 1776 жылы жарық көрген А.Смиттің досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып-түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.
А.Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің теріс түсінігінше - алтын немесе күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз - еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. А.Смиттің пікірінше, нарықтық эконо- мика - белгілі бір ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттердің нәтижесі.
Экономика ғылым ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.
А.Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель сыйлығы- ның лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым - ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәр- тіптің бір формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалы-лықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жал- ғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қойған мақ- саттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.
А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және барлық бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономика- лық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.
Капиталистік қоғамның даму диалектикасының өз нарықтық экономика- ны ұйымдастыруға әкелетіні аян. В.И.Ленин нарық мәселесіне ерекше мән берген. XIX ғасырдың 90-шы жылдарында көптеген еңбектер шығарды. Оның ішінде "Нарық жайлы әңгімелесу" рефераты және "Капитализмнің Россияда дамуы" ғылыми еңбегін айтуға болады. "Айырбастау" - дейді В.И.Ленин, - "адамдарды нарық арқылы біріктіреді". В.И. Лениннің айтуын- ша, "Нарық" ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне, сондықтан да социализм орнатуда және социалистік шаруашылықты ұйым- дастыруда нарықтық қарым-қатынастарды толық пайдаланудың қажет екен- дігі туралы В.И. Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға байланысты өзге- ріп отырған. Олардың ең бастылары: біріншіден, В.И.Лениннің көз алдында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін бәсекелестік капитализмінің - моно -полистік капитализм сатысына көшу барысында атқарған рөлі; екіншіден, халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері тура- лы жалпы теорияның айқындала түсуі; үшіншіден, дәуір кезеңіндегі эконо -миканы мемлекет тарапынан басқару механизмінің дамуы.
Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық -- өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде нарық деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі нарықтық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет дәрі деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет күш деп те дәріптеуде.
Нарықтың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістін үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы кұрылымдары, өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен нарықта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнін оған жұмсалған енбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Нарықтың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін олбағаның қоғамдық кажетті еңбек шығындарын накты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар нарықтық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.
Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынасытары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.
Нарықтың құрылуы процесінің көптеген үшкір мәселелерін жеңілдететін өзіндік буфер қызметін атқаратын (жұмыссыздық, тауар өндірісі жетіспеушілігі) табиғи және жартылай табиғи шаруашылық жойылды.
Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы қазіргі таңдағы нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін көрсету.
Менiң осы тақырыпты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:
- Нарықтық экономиканың мәні және ерекшеліктерін қарастыру;
- Нарықтық экономика мақсаттарын қарастыру;
- ҚР-ң нарықтық экономикасының қазіргі жағдайын талдау;
- ҚР нарықтық экономика модельдерінің жетілдіру жолдары жолдарын қарастыру.
Осы тақырыпты зерттей отырып, нарықтық экономика тақырыбына арналған еңбектерінің көптігін байқай аламыз (оқулықтар, ғылыми әдебиеттер) қазіргі кезде де экономистер осы тақырыпқа назарын аударып отыр, олар экономикалық қатынастарды басқарудың принциптерін, заңдарын, рычагтарын қарастырады.
Нарықтық экономиканы құрудың алғашқы қадамдары
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-сессиясы нарықтық экономикаға көшу туралы мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты республиканың өз ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда нарықтық шаруашылыққа көшудің концепциясын жасау қолға алына бастады. Дүниежүзілік экономаканың озық тәжірибелерін ескере отырып шаруашылықтың тиімділігіне қол жеткізу -- экономикалық реформаның мақсаты ретінде қаралды. Бұған жету үшін катардағы көптеген маңызды мәселелерді шешу қажет болды. Атап айтқанда, олар мыналар:
экономикалық қарым-қатынастарды ырықтандыруды жүзеге асыру;
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінде жеке меншікті трансформациялауды жүзеге асыру;
кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;
республикада инфрақұрылымды өрістетуге мүмкіндік туғызу;
қаржылық-несиелік саланы реформалау;
шетел капиталын кеңінен тарту арқылы ашық экономикалық жүйені орнықтыру.
90-жылдардағы Қазақстан экономикасының тоқырау жағдайы аталған мәселелерді жүзеге асыруға кері әсерін тигізді.
Тоқырау жағдайын тоқтату және нарықтық қатынасты орнықтыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Алғашқы әрекет - 1992 жылдың қаңтарындағы ырықтандырудың бірінші кезеңі болып табылады. Нарықтық экономиканың бір қыры -- еркін баға. Ал баға сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады. Ендігі жерде оны мемлекеттік тұрғыдан реттеудің қажеті жоқ. Бағаны ырықтандыру біркелкі жүргізілді, осыған орай мемлекет тауар түрлерін біртіндеп қысқартып отырды. Тұтынушылардың ынта-ықыласын қорғап, қолдап отыру мақсатында баға жөне монополияға қарсы саясат жүргізетін мемлекет дүниеге келді. Еркін бағаны орнықтырудың бірыңғай тәртібі ойластырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төуелсіз статусқа ие болды.
Нарықтық экономиканың кідіріссіз дамуын жеделдету үшін заңды базаны әзірлеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы бірінші Конституциясы бойынша жеке меншік ресмилендірілді. Бұдан кейін жеке бизнесті дамытуға құқықтық негіз жасалды. Бұл кезеңдегі өндірістің құлдырау себептерін былайша түсіндіруге болады:
технология мен басқа да құрал-жабдықтардың моральдық және физикалық тұрғыдан ескіруі;
бағаның ырықтандырылуына байланысты энергия көздеріндегі шығынның көбейіп, өнімнің қымбаттауы;
KCPO ыдырағаннан кейін іргелес республикалармен арадағы экономикалық байланыстардың үзілуі;
жеке мүмкіншіліктің жетіспеуі;
заемдік айналым арқылы тығырықтан шығудың қиындығы.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды деген екі шешім кабылданды:
Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сөуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы -- теңге айналымға енді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Шындығына келгенде, Қазақстан осы күннен бастап экономикалық дербестік жолына түсті.
Мемлекет иеліғінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы. Мемлекет меншігінен алу үдерісі 1992 жылы басталды. Ол алғашында сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және баска қызмет көрсету салаларын сату түрінде өтті. Алғашқы жылы 6200-дей ұсақ мекемелер жекешелендірілді. Ірі кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіп орындары, сол кездегі қолданыстағы заңға орай, еңбек ұжымдарына берілді. Бұлар, негізінен, жеңіл өнеркәсіп мекемелері еді.
Нарықтың дамуы жеке меншіктің көптүрлілігіне тікелей байланысты. Жекешелендірудің басты-басты үш кезеңі ұсынылды:
Жалпылай жекешелендіру. Мұндағы негізгі мақсат -- қоғамның барлық мүшелерін қатыстыра отырып, жеке меншіктік құқықты іс жүзінде дәйектеу. Жекешелендіру барысында азаматтардың 97%-ы тегін купондарға қол жеткізіп қана қоймай, оларды өз қалауынша инвестициялық-жекешелендіру қорларында (ИЖҚ) сақтауға мүмкіндік алды. Республика тұрғындары бұл жолы жеке меншіктік құқыққа емес, бар болғаны ИЖҚ-ның дивидендіне ғана ие бола алды Инвестициялық-жекешелендіру қорларының да бұл кезде өз қиындығы бар еді. Өздерінің емін-еркін ақша айналымы болмағандықтан, олар тұрғындардан келіп түскен купондарды дер кезінде ақшалай түрде қайтара алмады.
ИЖҚ келіп түскен купондарды арнаулы аукциондарға салу арқылы жекелеген мекемелердің акцияларына ие болғанымен, ең мекемелердің дені, өкінішке орай, жұмыссыз еді. Осы және басқа да себептерден инвестициялық қорлар өзін-өзі ақтай алған жоқ. Акционерлік коғамдар жұмысын басшылыққа алу үшін оларға, ең алдымен, жеткілікті мөлшерде акциялар керек болатын. Құнды қағаздарға байланысты нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда оларға ИЖҚ лайықты дәнекерлік қызмет атқарды. Жекешелендіру үдерісі, өзіне халықтың қалың тобын тарту арқылы әлеуметтік әділдік идеясын іс жүзіне асырды.
Шағын жекешелендіру жалпылай жекешелендіруге қарағанді халықты өзіне көбірек тарту мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Шаруашылық есептің түрлері
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері
КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Қазақстан Республикасының ақпараттық- технологиялық дамуы
Пәндер