Каспий теңізінің аймағы



1. Каспий теңізі туралы жалпы түсінік
1.1 Каспийді зерттеу туралы
1.2 Каспий теңізінің табиғи жағдайы.
2. Каспий теңізінің аймағындағы елдермен қарым.қатынасы
2.1 ХҮІІІ.ХІХ ғасырлардағы елдермен шарт жасасу.
2.2 Ресеймен қатынасы
2.3Иран және басқалары
1840 жылдан бері Каспий теңізінде Каспийдің навигациялық карталарын нақтылауды талап ететін пошта және жолаушылар кеме шаруашылығы дами бастады, 1-ранг капитаны Путятин 1839 жылы Каспий теңізінің тереңдігін түсіру мен өлшеу жоспарын жасауға тырысты, бірақ сәтсіз болды. 1851 жылы каспий флотилиясының лейтенанты К.Л.Петрушевский Каспийдің хаттама тізімін жасады, ал 1853 жылы адмирал Ф.П.Литке Каспий теңізін түсірудің барлық нұсқаларын жинап, оларды астрономиялық қадағалаулармен толықтырып, Каспий теңізінің нақты бейнесін жасауды ұсынды.
1853 жылғы қарашада бұрын Балтық теңізі мен Сырдария сағасын түсіруге қатысқан капитан-лейтенант Н.А.Ивашинцовқа Каспий теңізінің Астраханьнан Астрабадқа дейінгі бөлігін алдын ала зерттеу үшін жалпы жоба мен сметаны жасақтау тапсырылған.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Каспий теңізі туралы жалпы түсінік
1.1 Каспийді зерттеу туралы
1.2 Каспий теңізінің табиғи жағдайы.
2. Каспий теңізінің аймағындағы елдермен қарым-қатынасы
2.1 ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы елдермен шарт жасасу.
2.2 Ресеймен қатынасы
2.3Иран және басқалары

1.Каспий теңізі туралы жалпы түсінік
1.1 Каспийді зерттеу туралы

1840 жылдан бері Каспий теңізінде Каспийдің навигациялық карталарын нақтылауды талап ететін пошта және жолаушылар кеме шаруашылығы дами бастады, 1-ранг капитаны Путятин 1839 жылы Каспий теңізінің тереңдігін түсіру мен өлшеу жоспарын жасауға тырысты, бірақ сәтсіз болды. 1851 жылы каспий флотилиясының лейтенанты К.Л.Петрушевский Каспийдің хаттама тізімін жасады, ал 1853 жылы адмирал Ф.П.Литке Каспий теңізін түсірудің барлық нұсқаларын жинап, оларды астрономиялық қадағалаулармен толықтырып, Каспий теңізінің нақты бейнесін жасауды ұсынды.
1853 жылғы қарашада бұрын Балтық теңізі мен Сырдария сағасын түсіруге қатысқан капитан-лейтенант Н.А.Ивашинцовқа Каспий теңізінің Астраханьнан Астрабадқа дейінгі бөлігін алдын ала зерттеу үшін жалпы жоба мен сметаны жасақтау тапсырылған. Экспедиция үшін кеме, екі желкенді шхуна, екі баржа мен 5 жеңіл қайық тартылды. Кенеттен болған орыс-түрік соғысы экспедицияның басталуын ауыстыруға мәжбүрледі.
1854 жылы Ивашинцов Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалау бөлігін зерртеу үшін Каспийдің оңтүстік жағалауымен Энзели мен Астрабад бұғазына аттанды. Осы жылы Астрахань портының командирімен бірге әскери теңіз стансаларына барып Каспий теңізіне саяхат жасады, сол кезде теңіздің солтүстік және шығыс жағалауы мұқият қаралды. 1858 жылы әскери-теңіз ведомствосы экспедицияны Астраханьнан жарақтандырды, бірақ кеме тесіліп, үш аптадан кейін экспедицияға қатысушылар Астраханьға қайтып келді. Осы қысқа саяхат кезінде теңіздің солтүстік бөлігіндегі ендігі аз жері - Чечень аралы мен Түп-Қараған мүйісі анықталды. Келесі жылы негізінен Каспий теңізінің орта бөлігімен айналысқан экспедиция қайтадан ұйымдастырылды. 55 ай жолда 11 пункт зерттелді. Жетекшінің ауыру себебінен ғылыми зерттеулер уақытша тоқтатылды.
1860 жылы Каспийдің шығыс және оңтүстік жағалауы зерттелді. Астрономиялық жұмыстармен қатар метеорологиялық бақылаулар жүргізіліп, аймақтың климаттық жағдайлары, сондай-ақ тереңдіктердің гидрологиялық өлшемдері зерттелді. Теңіз тереңдігін өлшеу мәліметтері Каспий теңізін бір бірінен ерекшеленетін үш бөлікке бөлуге мүмкіндік берді: солтүстік алап - Чечень және Түпқараған аралынан солтүстікке: орта - Апшероннан Красноводск бұғазына; солтүстік алап - Оңтүстік Каспий ойпаты (ежелгі Гиркан теңізі). Муравьев қойнауында Ивашинцов топографиялық түсірулер жүргізген полковник Дандевильдің экспедициясымен кездесті. Зерттеушілер жүргізілген жұмыстар нәтижелерімен алмасты.
Он бес жыл бойы 1856 жылдан бастап 1871 жылға дейін Ивашинцов Каспийді зерттеуді жалғастырды. Бұл жұмыс үлкен қиындықтармен ұштасқан. Бір экспедиция кезінде зерттеушілер тобы бар команда қатты дауылда жартасқа соғылып, Коутрифке лақтырылып, теңіз түбіне кетті. Экспедицияға қатысушы 75 адамнан 23 адам қаза тапты. Саяхатшылар буырқанған апаттан ғажап жолмен аман қалған оқиғалары да болды.
Ивашинцовтың экспедиция бағыттары Астрахань, Кавказ жағалауы, Хиуа енсіз мүйісі, Огурчинский аралы, Челекен аралы, Красноводск бұғазы, Қарабұғаз, Кендірлі бұғаздары, Токмақ мүйісі, Александр бай, Түпқараған бұғаздары, Құлалы, Долгий аралдары арқылы өтті.
Ивашинцотың жұмысы Каспий теңізінің тереңдік өлшеулері, топографиялық және астрономиялық толықтырулармен бай. Ол астрномиялық және магниттік бақылаулар жасап, теңіз түбі рельефін зерттеп, жағалау карталарын жасады. Экспедициялар кезінде барлық жағалаулардағы түсіру, барлық қайраңдар мен рифтерді анықтаумен теңіз өлшемдері жасалып, теңіз деңгейінің өзгерістері анықталып, Каспийдің рельефі мен түбі, шөгінділер мен тереңдігі, теңіз аңдары зерттелді, Каспий теңізі жағалауларына магниттік бақылау жасалды.
Ивашинцовтың экспедициясы Каспийде 1871 жылға дейін жұмыс жасады. Осы уақыт ішінде Каспий теңізінің нақты жоғары нүктелі 25 картасы, 24 нақты топографиялық жоспары мен екі атласы, сондай-ақ магниттік төмен түсу атласы, теңіздің бірінші батиметрлік картасы мен осы су қоймасының физикалық-географиялық сипаттамаларының гидрографикалық хаттама тізімі жасақталды. Каспий теңізін ғылыми зерттегені үшін қажымас саяхатшыға Константиновтың алтын медалі берілді. 1867 жылы ол Теңіз техникалық комитетінің мүшесі болып тағайындалды, ал екі жылдан кейін Императорлық ғылым академиясының контр-адмиралына өткізілді.

1.2Каспий теңізінің табиғи жағдайы.

Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі құрлық - Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізі өзінің ұзақ тарихында қазіргі пішініне келгенге дейін өзінің кескіні мен көлемін бірнеше рет өзгерткен. Ұзақ уақыт бойы Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздері Дүниежүзілік мұхтипен бірігіп бір ғана орасан үлкен теңіз бассейнін құрап жатқан.
Каспий теңізі туралы алғашқы мәліметтер антикалық кезеңнің географтары мен жазушыларының жұмыстарында келтірілген. Б.э.д. 323 жылы Александр Македонский теңзде жүзуші Патроклды Каспий теңізінің жағалауын зерттеуге жібереді. Патрокл Кара-Бұғаз-көл шығанағына дейін жетеді және ол оны Каспий теңізін мұхтипен байланыстыратын өзеннің бастауы ретінде қабылдайды. Сол кезеңнің көптеген ғалымдары Каспийді, олардың түсінігі бойынша жұрттың бәріне белгілі жерді қоршап тұрған Дүниежүзілік мұхиттың солтүстіктегі шығанағы деп санады. Ежелгі заманның атақты географы Страбон өзінің География кітабында Каспийді батыстан шығысқа параллель бойынша созып көрсеткен.
Орта ғасырда Батыс Еуропаның ғалымдарының Каспий теңізі туралы мәліметтері өте аз болды. Афанасий Никитин өзінің Үндістанға сапары кезінде тверлік көпестермен бірге Каспийде болған, сол саяхатын өзінің Үш теңіздің арғы жағына саяхат кітабында сипаттап жазған. Ол Дербент өзенін бірінші өзен ретінде санайды. Каспий теңізінің барынша дәл картасын неміс ғалымы және саяхатшысы Адам Олеарий жасады, соның өзінде ол Каспий теңізі туралы сенімді бейнелерді бере алмады.
Герадот, Гомер, Аристотель, Марко Поло сияқты антикалық кезең мен ежелгі және орта ғасырлардың тағы басқа ғалымдары өзінің жұмыстарын Каспий теңізіне арнады.
Каспий теңізінің мыңдаған жылдардағы тарихында 70 түрлі атауы болды. Мысалы, арабтар Каспий теңізін жағалаудағы Гиркания елінің атауы бойынша (Қасқырлар елі) - Гиркан теңізі, солтүстік-батыс жағалауда тұратын хазар халықтарының құрметіне - Хазар теңізі деп атады. Қытайлықтар оны Сихай (яғни Батыс теңізі), түріктер - Кучук-Дениз, татарлар - Аг-Дениз деп атады. Орыстар Волганың сағасында тұратын халықтардың атауы бойынша Хвалын деп атады. Маңайындағы елдер мен қалалардың атаулары бойынша Каспий теңізі Мазандаран, Парсы, Орыс, Астрахань, Сарий, Баку, Дербент және басқа деп аталды. Каспийдің шығуы елгі Тетис теңізінің геологиялық тағдырымен байланысты. Ол қазіргі Жерорта, Қара, Азов, Каспий теңіздерінің қазіргі жер телімдерін алып жатты және батысында Атлант мұхитымен, ал шығысында - Тынық мұхитымен жалғасты. Күрделі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде Тетис теңізі алдымен Тынық мұхитынан, содан соң Атлант мұхитынан бөлінді. Бұл жасты Каспий теңізінің пайда болу кезеңімен есептеуге болады. Қазіргі Каспий атауын б.э.д. І ғасырларда Кураның оң жағалауында өмір сүрген ежелгі Каспий тайпаларының атауымен аталды.
Сол ерте замандарда теңіздің өзінде және айналасында өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптаса бастады.Каспий теңізінің қазіргі өсімдіктер дүниесі қарапайым кіші организмдерден бастап қалыптасқан өсімдіктерге дейінгі саны 728 түрге жетеді. Онда өмір сүретін теңіз флорасы бірнеше қайтара тұздану мен тұщыланудың әсерімен түбегейлі өзгерістерге ұшырады, соның нәтижесінде тұщы суда өмір сүретін түрлері көбейді және теңіз флорасы барынша азайып кетті. Волга-Дон каналы ашылған соң мұнда Азов және Қара теңіздерді мекендейтін балдарлардың басқа түрлері пайда болды. Каспий теңізін жануарлардың 1809 түрлері мекендейді. Каспий теңізінің табиғаиы ежелгі заманнан бері көптеген ғалымдар, саяхатшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің назарын аударған. Осы айдынның табиғи ресурстарын игерудің каспий маңы елдері мен қоршап жатқан елдердің халық шаруашылығында маңызды экономикалық мәні бар.
Каспий теңізі - флора мен фауна, соның ішінде бұрын дүниежүзілік кәсіпшілік өндірудің сексен пайызынан артығын қамтамасыз еткен бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік табынын бізге көненің көзіндей етіп жеткізген табиғаттың ғажап жаратылысы.Каспийді мекендеушілердің біреуіне ерекше тоқталғымыз келеді. Ол - каспий итбалығы. Ғалымдар солтүстікті мекендеушінің қалайша жылы теңізге келгендігіне жауап таба алмауда. Бүгінде каспий итбалығының қаңқаларын біздің теңіз Дүниежүзілік мұхиттың бір бөлігі болған ерте кездегі ежелгі геологиялық шөгінділерінен табылған. Итбалық - сүтқоректілер мен олардың ежелгі арғы тегі құрлықта, алғашқы дәуірдің ормандарында аң аулаған. Сондықтан жергілікті қазақтар оны дәлме-дәл итбалық деп атаған. Каспий итбалығының толық жойылып кету қаупі бар. Ересек итбалықтар да, олардың балалары кәсіпшілік аулаудың объектісі болып отыр. 1944 жылы 290 мың итбалық ауланған, содан кейін итбалықтың қауымдасу саны төмендей бастағандығы туралы мәліметтер бар. Аңдарды аулауға тиым салында. Итбалықтардың қауымдасуы қайта қалпына келтірілді және кейбір деректер бойынша 600 мың басқа жеткен. Мұнай кен орындары тағы да Каспий итбалықтарына қауіп төндіруде.

2Каcпий теңізінің аймағындағы елдермен қарым-қатынасы
2.1 ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы елдермен шарт жасасу.
1732 жылғы Решт шарты Ресейдің Парсы берген кейбір аумақтарда меншік құқығ ын белгіледі, теңіздегі және Аракс пен Кура өзендеріндегі сауда мен навигация еркіндігін реттеп отырды. Бұл шарт 1723 жылғы шартқа қарағанда Парсы үшін кейбір құқықтарды, атап айтқанда кеме қатынасын қарастырды. Сонда да ол тек оның қырағылығын жойды, өйткені Оңтүстік Кавказдың едеуір бөлігіне бақылауды қайтадан жоғалтқанына тоғыз жылдық соғыстан кейін ғасыр да өткен жоқ. Ресей оның сауда кемелеріне теңізбен жүзіп, порттарына кіруге рұқсат етті. Әскери кемелерге қатысты айтсақ, тек ресейлік кемелер ғана Каспий теңізінің айдынында бола алатын еді.
Кезекті соғыстан кейін (1828) Парсы Каспийді бақылауды түбегейлі жоғалтып алды. 1828 жылғы 22 ақпандағы Түрікманчай келісім-шарты (8 бет) екі мемлекет кемелерінің сауда қатынасына құқығын мойындады, бірақ Парсыға әскери флотты ұстауға тыйым салды. Мұндай жағдай 1921 жылғы қол қойылған Бейбітшілік пен достық туралы ресей-парсы келісім шартына дейін сақталып келді.
1921 жылғы келісім-шарттың алғы тарихы. ХІХ ғасырдың басында Бакуде үлкен мұнай ашылып, оған Батыс Еуропа еледірнің аймаққа қызығушылығы күрт артты. Р.Якимчук атап айтқандай, саяси тұрақсыз алап Еуропа назарының ортасында болды. Өткен ғасырдың 70-жылдарының басында Ресей сарқылмас қорларға ие бола отырып, Батысқа тәуелді болуды жалғастыра берді. Сондықтан Каспий аймағына, әсіресе Бакудің мұнай кен орындарына Нобель, Ротшильдтің және басқа да ірі батыс капиталы өкілдерінің келуі талап етіліп, өзін өзі ақтады. Батыс кәсіпкерлері бакулік мұнайды (сол кезде әлемдік өндірістің шамамен 50%) бірнеше бағыттар: Астраханьға дейін; салынған Баку-Тифлис-Поти теміржолымен; Батуми арқылы Швейцария (Сен Готар), Генуя және басқа ірі жерорта теңізіінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Деңгейдің ауытқуы
Каспий өңірінің флорасы мен фаунасы
Ақтау портының маңыздылығы
Каспий теңізін игерудің аймақтық мәселелері
Каспий теңізі жағалауындағы елдердің мұнай – газ проблемалары
Каспийдің химиялық, органикалық заттармен ластануы
Теңіз жаға бойы рельефі
Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Каспий мәселесі
Пәндер