Қан кету туралы


Жоспар
I. Кіріспе .
II. Негізгі бөлім.
1. Қан кету.
2. Қан кету түрлері.
3. Плазморрагия.
III. Қортынды.
IV. Пайдаланылған адебиеттер.
Кірспе
Қан кету деп қанның қан тамырлырынан, жүректен (ішкі немесе сыртқы ортаға) шығуын айтамыз.
Қан кетудің үш түрлі себебі бар: 1) қан тамырлырының жыртылып немесе жарылып кетуі; 2) қан тамырлыры кемерінің іріп ыдырауы немесе желініп кетуі; 3) диапедез.
Қан кетудің бірінші түрі денегңе оқ тигенде және басқа да жарақаттарға байланысты кездеседі. Мысалы, адамды қайта тірілту (реанимация) кезінде сынған қабырғалар өкпені, бауырды жарақаттап, ол жерден қан кетеді. Патологиялық өзгерістерге шалдыққан қан тамырлары да жарылуға бейім болады. Қолқаның атросклероз, мерез салдарынан кеңіп кеткен жерлері (аневризма) жарылып, ауру жедел қансырап өліуі мүмкін. Қан тамыралының жарылуы гематома пайда болуына соқтырады. Егер жарылған тамыр мен гематома арасында байланыс сақталып қалса ол жерде жалған аневризма пайда болуы ықтимал, оны солқылдауыш (пульсируюшая) аневризма деп атайды. ( И. Қ. Есипова) .
Қан кетудің екінші түрі өмірде көбірек кездеседі. Мысалы, асқазан жарасы сол жара түбіндегі қан тамырларды, жатрдан тыс жүктілік кезінде трофобласт элементтері жатыр түтігінің қан тамырларын зақымдайды. Қатерлі ісік, туберкулез процестеріндегі некрозаға байланысты қан тамырлырының кемерлері желініп кетеді.
Үшіншіден, қан қан тамыры кемерінен диапезед жолымен оны бұзбастан (негізінен капиллярлар арқылы) сыртқа шығуы мүмкін (19-сурет) . Диапез құбылысы капиллярлар мен майда венулалардың өткізгіштік қасиетінің артып кеткенінде ғана мүмкін. Бұл жағдай гипоксиаға, әр түрлі авитаминоздарға, кейбір қан ұйытушы факорлардың тума жетіспеушілігінде (гемофилия және т. б. ) байқалаы. Эритроциттер эндотелий кеткаларының қосылған жерлерінен кейде тікелей эндотеллий клеткалары арқалы сыртқа шығады. Бұл процессті тек электронды микроскоп арқылы бақылауға болады. Организмде капиллярлар өте көп болғандықтан, қан элементтері бір-біріне қосылып, аумақты, өмір үшін қауіпті қан құйылу ошақтарын тудыруы мүмкін. Мысалы, гипертония ауыруындығы өте аур хал (криз) осы диапездік қан кетуге байланысты. Диапездік қан кетуге бейімділікті геморрагиялық диатез деп атайды. Ол гемофилияда, тромбоцитопенияларда, лейкозда, бауыр ауруларында кездесіп, теріде, шырышты қабықтарда қанталау ошақтары түрінде байқалады. Еккен жерлерде қанталап қалады.
Қан кету түрлері. Қан кетудің артериялық, веналық және капиллярлық (паренхиматоздық) түрлері бар. Одан басқа ішкі және сыртқы , алғашқы және қайталама қан кету түрлерін ажратады. Егер құйлған қан айналасындағы тканьдерді бұзып, бір жерге топталып қалса она қанды ісік - гемотома дейді. Кейбір ағзалардан қан кету өзіне тән латынша атқа ие. Өкпеден қан кетуді - гемоптоза , қан құсуды - гематомезис , жатырдан қан кетуді - метроррагия , несеппен қанның ажырап шығуын - гематурия , нәжіспен қанның бөлініуін - мелена дейді.
Қан кетудің қауіптілігі қан тамырларының түріне, көлеміне оның қай жерде болғнана байланысты. Артериядан қан кету адам өмірі үшін аса қауіпті, себебі бұл қан зор қысыммен шапшып ағып, организм тез арада қансырап қалады. Қолқа аневризмасы жарылғанда адам бірнеше минуттан кейін-ақ өліп кетеді. Ең қауыпсіз каплиярдан қан кету, бірақ олда өз уақытында тоқталуы керек. Ағзалардың ішінде аса қауіптісі миға қан құйылу . Аз ғана құйылған қанның өзі организм үшін өте маңызды нерв орталықтарын (тыныс алу, қан айналу) басып қалып, өкпе, жүрек, жүйелерін істен шығарады. Адам өте көп қан жоғалтқанда геморрагиялық шок дамиды. Бұл кезде терінің, ішкі ағзалардың реңі бозарып, көкбкуыр қабы әжімделіп, өзі недәуір кішірейіп, солып қалады. Бұйректердің қыртысы қабаты қансырап, қан төте жолдар арқылы милы қабатқа өтіп жиналады. Гепатоциттер бір-бірімен байланысын жоғалтып, <<тас төсеген көше>> көрінісін елестетелі.
Сыртқа қат кету мысалдары: қанның нәжіспен, құсықпен бірге сыртқа шығуы, жатрдан қан кету. Ішке қан кету салдарынан қан жүрек дорбасында, көкірек қуысында, буындарда, жиналуы мүмкін (гемоперикапд, гемоторакс, гемоартроз, гемоперитонеум) . Қанның өрмеде жиналуы қанталау деп аталады.
Қан кету тамыр қабрғасының жыртылуынан, іріп-ойылуынан, оның селдіреуінен болады. Жыртылу салдарынан қан кету (haemorragia per rhexin) қан тамыры, жүрек қабырғасы жараланғанда, өліге ұшырағанда, қабынғанда болады. Мысалы, бауыр амилиодозбен зақымдынса ондағы кейбір қан тамырлары жыртылып қан кетеді. Іріп-ойылу салдарынан қан кету (haemorragia per diabrosin; грек. diabrosis- ойылу) малда сирек кездеседі. Қабынған, қатерлі ісікпен зақымданған қан тамыры бірте-бірте жұқарады да, жыртылады.
Қылтамырлыр, венулалар, артериолалар қабырғаларының селдіреуі салдарынан эритроциттердің тысқа шығуы диапедездік қанталаулар (haemorragia per diapedesis; грек. dia- арқылы, pedaa- шауып өту) деп аталады. Ол вазоматорлық бұзылыстырға, шағын айналымдық арнадығы өзгерістерге, өрмедегі гипоксияға, қанның ұю қабілетінің төмендеуіне байланысты туындайды. Диапездік қанталау - жіті өтетін инфекциялық, инвазиялық ауырулырға тән, көптеген мүшелерді, өрмелерді зақымдайтын жүйелі процесс ( геморрагиялық диатез - қанталау диатезі ) болуы мүмкін. Мысалы, ол әдетте сепсис, пастереллез, тейлериоз, пироплазмоз ауруларына тән құбылыс.
Көлеміне, пішініне, сипатына қарай қанталау нүкте, дақ, жолақ, жалпақ қанталаулар және гематома деп бөлінеді.
Майда қанталаулар эритроуиттердің диапезіне немесе қылтамырлардың жыртылуына байланысты туындайды. Олар паренхималық мушелердің ішінде кездеседі.
Микроскоппен дәнекер өрмеде непарехималық торшалар арасындағы эриттроциттер шоғалары түрінде байқалады.
Жалпақ қанталаулар тері шелінде, кілегейлі, ылғалды және миқабаттарының, сүиек тысының және бұлшық ет фасцияларының астында болады. Көбінесе донгелек пішінді, көлемі әр келкі, ілкіде қара қызыл түсты көкшіл реңікті. Оларды кесіп көргенде қан ұйндысы, өрме үзіктері байқалады. Уақыт өте келе эриттротциттер ыдрап, гемоголобиннен пигменттер (гемосидерин, гемотоидин, өт пигменттері) түзіледі, осыған байланысты қанталау түсі қоңыр, жасыл - сарғыш тартады. Микросаоп арқалы қанталаған жерде эридтроциттер, фибрин, өрме үзінділері немесе мүшенің бытыраған торшалар байқалады. Жалпық қанталаулар өлексе дақтарынан және гипостаздандан айқын көрінетін шекарасымен ерекшелінеді.
Гематома - белгілі бір өрмедегі қан мен толған қуыс. Негізгінен тері астындығы шелде, кілегейлі қабық астында, қаңқа етінің шелінде, ішкі мүшелердің ылғалды қабығының астында ұйыған немесе сұйық қанмен толған қуыс түрінде кездеседі. Көлемі әр келкі, ірі малда оның қуысында жиналған қан 2-3литрге жетуі мүмкін. Гематома көлеиі жыртылған тамырдағы қан қысымының деңгейіне және өрменің икмділігіне тәуелді. Гематомалар әдетте нығыз немесе былқылдаған ісік тұрінде болады.
Дененің табиғи тұйық қуыстарына қанның құйылуы ішкі мүшелер жыртылғандағ жамбас сүйек бөлшектене сынып, қан тамырлырын жыртқанда байқалады. Жүрек дорбасына, перикардқа құйлған қан, жүректі жаншиды (тампонада) .
Қан кетудің зардабы кеткен қанның көлеміне, процестің түріне, жылдамдылығна байланысты. Жүрек, қолқа, күре тамр зақымданса әдетте мал өледі. Қансрап өлген малды сойып зерттегенде көз, ауыз, танау кілегейлі қабықтарының, бүйректің бозарып солғын татқанын, жүрек қуыстарында қан жоқ екенін, сол жақ қарынша эндокардың астында қан дақтары пайда болғанан, табиғи тұйық дене қуыстырын қан жайлағанын көруге болады.
Ми, бүйрек үсті безі қатты қанталаса, жүрек дорбасына қан құйылса мал өледі. Ұсақ тамырлар зақымдынса сол тамрлардың қабрғасы жирылып, түтіктері тарылады (спазм), қан ұйып, қан кету тоқтайды.
Қанталаудың ақыры. Өрмеде жиналған қан ұйып, лейкоциттер ыдрайды, эритроциттер балқиды, гемоглобиннен макрофагтардың қатысуымен гемосидерин және билирубин түзіледі, қанның біразі лимфа тамрлары арқылы тарап кетеді. Лейкоцитерден босап шыққан ферменттердің әсерінен фибрин ыдырап, балқиды. Кілегейлі қабықтағы қанталаған жерлер ойылымға айналады. Ірі- ірі қанталау ошақтарын дәнекер өрме басады (организация - ұйысу) . Гематома әуелі дәнекер өрмеден тұратын қапшықпен қапталады, Кейін оның орнын дәнекер өрме басады, кейде ол іріңдеп кетеді.
Көкірек, құрсақ қуыстарына жиналған қан өкпе мен ішек ұдайы қозғаыста болғандықтан көпке дейін ұйымайды, кейін сорылып, бойға тарап кетеді. Буынға құйылған қан да осындай өзгерістерге ұшрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz