Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ГЕОГРАФИИ және ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ МАГИСТРАТУРА

Энергоэкология кафедрасы

6М060800-Экология

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері

Орындаушы
Умарова З. А.
"___" 2015 ж.
Орындаушы: Ғылыми жетекші х. ғ. к.
:
Умарова З. А.: Биримжанова З. С.
"___" 2015 ж.: "___"2015 ж.
Орындаушы:

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

г. ғ. к., доцент

:
Умарова З. А.: Базарбаева Т. А.
"___" 2015 ж.: "___"2015 ж.

АЛМАТЫ 2015

Түйіндеме

Магистрлік диссертация 4 тараудан, 85 бет, 17 кестеден, 14 суреттен, 55 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Түйіндік cөздeр : автокөліктер, атмосфераның ластану индексі, сауалнама, химиялық конценраттар, пестицидтер, вирустар, бронх демікпесі.

Зeрттeу объeктілeрі рeтіндe №8 Қалалық балалар емханасы Алмалы, Жетісу, Әуезов аудандары; № 4 Қалалық балалар емханасы Түркісіб ауданы; №5 Қалалық балалар емханасы Бостандық аудандандары алынды. Аталған аудандардан алынған мәліметтерді статистикалық жолмен өңдеу.

Зeрттeу нәтижeлeрі: 2014 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша Алматы қаласындағы Негізгі ластану мөлшері Жетісу ауданына тиесілі болып табылады. Бұл ластаушы заттардың - 3315 тоннасын құрайды. Жетісу ауданында негізгі ластаушы ЖЭC-1 орналасқан, бұдан басқа атмосфералық ауаның ластануына салмақты үлесін қосатын басқа да мекемелер бар. Сонымен қатар, бұл ауданда көлік жүктемесі едәуір қарқынды.

Резюме

Магистерская диссертация состоит из 4 глав, 85 листов, 17 таблиц, 14 рисунков, 55 использованных литератур.

Ключeвыe cлова: автотранспорты, индекс загрязнения атмосферы, анкета, химические концентраты, пестециды, вирусы, бронхиальная астма.

Объeктом иccлeдования являлиcь №8 городская детская поликлиника обслуживающая Алмалы, Жетысу, Ауезовские районы; № 4 городская детская поликлиника обслуживающий Турксибский район; №5 городская детская поликлиника обслуживающий Бостандыкский район. Все полученные данные по этим районам обработать статистическом методам.

Выводы иccлeдования: по стасистичеким иследаванием самым загрязненным районом является Жетысуский район. В этом районе загрязняющая вещество составляет- 3315 тонн. Жетысуском районе расположен ЖЭC-1 и кроме того транспортная нагрузка в этом районе гораздо более интенсивен.

Summary

Master's thesis consists of four chapters, 85 pages, 17 tables, 14 figures, 55 references.

Key words: car, air pollution index, profile, chemical concentrates pestetsidy, viruses, asthma.

The object of the study: №8 City Children's Polyclinic serving Almaly, Zhetysu, Auezov districts; №4 City child clinic serving Turksib district; №5 City Children's Polyclinic service Bostandyk district. All the data in these areas to process statistical methods.

Findings of the study: on statistical research the muddiest district is the Zhetysu district. In this district contaminating the substance of is - 3315 tons. Besides that transport loading in this district much more intensive.

Мазмұны

Кіріспе
4
Кіріспе: Негізгі бөлім
4:
Кіріспе: 1
4: Қазақстан Республикасының жалпы әуе бассейнінің ластану деңгейіне жалпы шолу
5
Кіріспе: 1. 1
4: Қазақстан Республикасының қалаларының әуе бассейінінің ластануы
5
Кіріспе: 1. 2
4: Атмосфералық ауаның стационарлық- ЖЭС ластану көздері
16
Кіріспе: 1. 3
4: Қала атмосферасын ластайтын негізгі жылжымалы көздер-автокөліктер шығарындылары
19
Кіріспе: Тәжірибелік бөлім
4:
Кіріспе: 2
4: Алматы қаласының әуе бассейнінің ластануының заманауи тенденциясы
27
Кіріспе: 2. 1
4: Негізгі ластаушы заттардың концентрациясының динамикасы
27
Кіріспе:

2. 2

2. 2. 1

2. 2. 2

4:

Қаланың атмосферасының ластану деңгейіне метеорологиялық жағдайлардың әсері

Ауа бассейінінің ластануына жел тәртібінің атқаратын рөлі

Антропогенді қоспалардан әуе бассейінінің тазару үрдісінде

жауын-шашындардың атқаратын рөлі

32

32

34

Кіріспе: 3
4: Қоршаған және әлеуметтік орта сапасының тұрғындар денсаулығына әсері
35
Кіріспе: 3. 1
4: Қоршаған және әлеуметтiк орта сапасының тұрғындар денсаулығына ықпалы
35
Кіріспе:

3. 2

3. 3

3. 4

3. 4. 1

3. 4. 2

4:

Алматы қаласының қазіргі экологиялық жағдайы

Алматы қаласының қаңтар, наурыз, шілде, қазан айларындағы атмосфералық ауаның ластану жағдайы бойынша талдау нәтижелері

Мектепкедейінгі балалардың денсаулығына әсер етуші факторларды бағалаудың тәжірибелік-экперементтік нәтижелері

Сауалнама мәліметтері бойынша нәтижелері

Алматы қаласының аудандары бойынша мектепке дейінгі балалар арасындағы тыныс жолдары ауруларының 2014 жылғы статистикалық көрсеткіштері

51

54

65

65 65

67 67

Кіріспе: 4
4: Алматы қаласының әуе бассейнінің ластануын төмендету үшін жүргізілетін шаралар реті
72
Кіріспе: 4. 1
4: Ластану деңгейін төмендету бойынша жүргізілетін негізгі шаралар
72
Кіріспе: 4. 2
4: Алматы қаласының экологиялық жағдайын сауықтыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар
80
Кіріспе: Қорытынды
4: 83
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4: 85

Белгілер мен қысқартулар

ДДҰ - дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;

ҚЗ-қалқыған заттар;

ГМО - гидрометеорологиялық станция;

ЛЗ-ластаушы заттар;

АЛИ-атмосфераны ластаушы заттар;

м - метр;

м/с -метр секунд;

мм - миллиметр;

мг/м 3 - миллиграммметр куб;

ШРК-шекті рұқсат етілген;

АЛП-атмосфераның ластану потенциалы;

АЛБП - атмосфераның ластануын бақылайын посттар;

С, О, Б, Ш, СБ, СШ, ОБ, ОШ, - желдің сәйкес бағыттары солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік шығыс;

-жылу электр орталықтары;

CO - көміртегі тотығы;

0 С - градус Цельсий;

HCHO - формальдегид;

NO 2 - азоттың қос тотығы;

q ср - орташа концентрация;

q м - максималды концентрация;

SO 2 -күкірттің қос тотығы;

АҚ Алматы ауыр машина жасау зауыты

АММК (Алматы мақта мата комбинаты)

АҮҚКЖШС (Алматы үй құрылыс комбинаты)

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда атмосфераның зиянды заттектермен ластануы өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Атмосфераның зиянды заттектермен ластану салдарынан климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, парниктік эффектісі, қышқылдық жаңбыр пайда болуда. Ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Өнеркәсіпте және көлік отыны жанған кезде түзілетін азот оксидтері, N 2 O, NO, NO 2 атмосфераны ластайтын көздердің бірі.

Атмосфераның ластануына өнеркәсіп орындары, жылу электрстанциялары, ауыл шаруашылығы, құрылыс орындары, автокөлік шығарындылары себеп болып отыр. Жоғарыда айтылған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды [1] .

Алматы қаласынан шығатын зиянды заттектердің негізгі көзі болып автокөлік шығарындылары табылады. Автокөліктерден шығатын зиянды заттектерге көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, көмірсутектер, сутек, альдегидтер, т. б. яғни барлығы 200 - ге жақын компоненттер бар.

Бұл шығарынды заттектер адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Тыныс алу жолдарының қабынуына, жүйке жүйесіне, өкпенің қатерлі ісік ауруына душар етеді. Канцерогенді, теротогенді, мутагенді аурулар туғызады.

Сондай-ақ өсімдіктер үшін де улы болып саналатын күкірт, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Егер ауада 0, 2- 0, 5 мг/м3 зиянды заттар болса өсімдіктің жапырағында жүретін фотосинтезді тежейді және хлороз кеселімен зақымдалуына ықпалын тигізеді. Өсімдіктің өсіп дамуына зиянды әсер етеді. Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттектермен, Алматы ауасының ластануы бүгінгі таңда қарқынды жоғарылауда [2] .

Зерттеудің мақсаты: Алматы қаласының мысалында алынған атмосфералық ауа жағдайының автокөлік шығарындыларымен ластануының жалпы қоршаған ортаға тигізетін әсерін атмосфералық ауаның құрамындағы ластаушы заттардың деңгейін өзара салыстыру, сонымен қатар, осы ластаушы заттардың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу болып табылады.

Зерттеудің міндеттері :

1. Қазақстан Республикасының қалалары бойынша ластану деңгейін анықтау;

2. Алматы қаласының қазіргі экологиялық жағдайы сараптау;

3. Алматы қаласынан шығарылатын зиянды заттектердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтау;

4. Алматы қаласының аудандары бойынша атмосфералық ауаны ластайтын ластаушы заттарды өзара салыстыру арқылы зерттеу;

5. Атмосфералық ауаның ластауынан мектепке дейінгі балалардың денсаулығына тигізетін қолайсыз әсерлерін бағалау;

6. Атмосфералық ауаны жақсарту бойынша экологиялық тұрғыдан сауықтыру

шараларын тәжірибе жүзінде ұсыну.

Зерттеудің әдістері: жұмыс барысында физика-химиялық, анкеталық, сараптау, жинақтау, жүйелеу, химиялық талдау әдістері қолданылды.

  1. Қазақстан Республиканың жалпы әуе бассейнінің ластану деңгейіне жалпы шолу

1. 1 Қазақстан Республикасының қалаларының әуе бассейінінің ластануы

Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.

Ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, (шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фтролы сутек, ) жатады. Өнеркәсіпте және көлік отын жанған кезде түзілетін азот оксидтері атмосфераны ластайтын көздердін бірі. Күн сәулесінің әсерінен күрделі химиялық реакцияға түсіп нәтижесінде уытты фотооксиданттар (озон, азот қышқылы) түзілуіне үлес қосады. Атмосферада азот оксидтерінің, фотооксиданттардың концентрациясы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады [1] .

Қазір атмосфераның зиянды заттармен ластанғандығы соншалық, сол ластанған көзден ондаған, тіпті жүздеген километрге дейін таралады. Атмосфераға техногендік жылудың, көмірқышқыл газының және аэрозольды қоспалардың түсуіне байланысты климаттың өзгеру мүмкіндігі;

Атмосферада фреондардың, азот тотықтарының және басқа да кейбір қоспалардың түсуінен жердің озон қабатының бұзылуы мүмкін;

Дүниежүзілік метерологиялық ұйымның деректеріне қарағанда, ауылдық жерлерден гөрі қалалардағы атмосферада газ күйіндегі лас заттар 15-25 есе және қатты заттар 10 еседей көп екендігі анықталады. Қыс айларында қалаларда тұман екі еседей, жауын-шашынмен 5-10 % көп түсетіндігі, жерге жететін күн радиациясының деңгейі 20-30 % орташа температура 0, 5-1, 5С жоғары, желдің орташа жылдамдығы 20-30% кем болатындығы байқалды. Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метерологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп соғады. Мысалы: Лос -Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бір қатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нәтижесінде «смог» деп аталатын қалың тұмандар байқалды. Лондонда смогтар ХІХ ғасырдың соңынан бастап ақ белгілі болған, әсіресе 1952 және 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигізді 1952 жылдын 5-9 желтоқсан аралығында қаланың үстін қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманың құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкірт ангидриді, азот оксиді, альдегидтер, хлорлы көмірсутектер, т. б) мөлшері ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейін көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит аурумен ауыратын адамдардың көпшілігі смогтың әсерінен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстінде 1956 жылы ақпанда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мындаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда “Ауа тазалығы туралы заң”қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы біршама азайған [2] .

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар, өсімдіктер үшін әрқашан зиян. Өсімдіктер үшін әсіресе улы болып саналатын күкірт, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Олар ауыл шаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтіреді. Дәнді дақылдардан бұл газдарға өте сезімтал- арпа, көкөністерден- шпинат, капуста, салат, редиска болып табылады.

Ауаның құрамында болатын күкіртті газдың шектеулі нормасы 0, 02 мг/м3, азот оксидтері-0, 02 мг/м3 және аммиак-0, 1 мг/м3. Атмосфералы ауаның жағдайын бақылау 2007 жылы 50 стационарлы кентте жүргізілді, 21 елді мекен республикасында: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Риддер, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз қалалары.

Ауаның ластануының ең жоғары деңгейі (АЛИ 5-12, 6 ) Алматы қаласында. Ластанған (АЛИ 5->5) қалаларға 10 қала жатқызылған, соның ішінде ауаның жоғары ластануы (АЛИ 5->7) 8- қалада (сурет 1) . Республикамыздың 18 қаласында бір ғана улы зат қоспасы бар ластану концентрациясының орта мәні ШРК- дан асып түсіп отыр, ал 5 қалада (Алматы, Риддер, Теміртау, Өскемен, және Шымкент) үш және одан көп улы заттар қоспасының концентрациясы ШРК -дан жоғары. 10-қалада азот диоксидінің 1, 3-2, 2 ШРК шегіндегі орта концентрациясы байқалған. Ал 1, 2-2, 8 ШРК шегіндегі ауаға көтерілген улы заттар (тозаң түрінде) - 9 қалада, 1, 3-4, 3 ШРК шегінде формальдегид - 7 қалада, 1, 7-3, 0 ШРК шегіндегі фенол - 4 қалада байқалған.

Бақылау жүргізіліп отырған жерлерде 20 елді мекенде ең болмағанда бір ғана улы зат қоспасының бір жолғы концентрациясы ең шекті мөлшері ШРК - дан асып кеткен, Бұл жағдайда мұның өзінде 12 қалада (Алматы, Астана, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей, Тараз, Теміртау, Шымкент, Өскемен, және Глубокое кенті) үш және одан да көп улы зат қоспасы үшін белгіленген ШРК - дан асып кеткені байқалған. Ауаға көтерілген улы заттардың ШРК - дан жоғары концентрациясы 16 қалада, оксидті көміртек -14 қалада, диоксидті азот мен формальдегид - 4 қалада, аммиак пен фторлы сутегі - 3 қалада, күкірт диоксиді - 2 қалада ( Кесте 1) байқалған.

Сурет 1 - 2007 жылғы Қазақстан Республикасы атмосферасының ластану индексін қала бойынша салыстыру

2007 жылы атмосфералық ауаның жоғары ластануының 22 жағдайында және төтенше жоғары жағдайында улы заттың концентрациясының рұқсат етілетін мөлшерден 10, 2-14, 0 есе (қосымша А Кесте 1) артық болуы тіркелген: Астана қаласында улы заттың ауаға көтерілетін концентрациясының ең шекті мөлшері көктем айында 14, 6 ШРК мамырда - 65, 2 ШРК, болған, азот диоксиді концентрациясы ШРК - дан 10, 4 - 23, 8 есе артқан; Балқашта улы заттың ауаға көтерілетін концентрациясы рұқсат етілетін мөлшерден 10, 2-11, 6 есе артқан, күкірт диоксиді - 10, 3 -21, 3 есе артқан, Қызылордада улы заттың аспанға көтерілетін концентрациясы рұқсат етілген мөлшерден 10, 2-14, 0 есе артқан (Кесте 1) [9, 12] .

Кесте 1 - Қазақстан Республикасы қалаларының 2007 жылғы

атмосферасының жалпы ластануы

Қоспалар атаулары: Қоспалар атаулары
Қала саны: Қала саны
Қала бойынша орташа: Қала бойынша орташа
ШРК-сы жоғары қала саны: ШРК-сы жоғары қала саны
Қоспалар атаулары: Орташа концентрация
Қала саны:

Максималды

концентрация

Қоспалар атаулары: мг/м 3
Қала саны: ШРК қысқаша жоғары-лау
Қала бойынша орташа: мг/м 3
ШРК-сы жоғары қала саны: ШРК қысқа-ша жоғарылау
Ор-таша
Макси-малды
Қоспалар атаулары: Қалқыған зат
Қала саны: 20
Қала бойынша орташа: 0, 176
ШРК-сы жоғары қала саны: 1, 2
3, 260
6, 5
9
16
Қоспалар атаулары: Күкірт диоксиді
Қала саны: 21
Қала бойынша орташа: 0, 024
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 5
0, 710
1, 4
3
2
Қоспалар атаулары: Араласқан сульфат
Қала саны: 10
Қала бойынша орташа: 0, 006
ШРК-сы жоғары қала саны:
0, 088
Қоспалар атаулары: Көміртегі оксиді
Қала саны: 19
Қала бойынша орташа: 1, 35
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 5
12, 92
2, 6
0
14
Қоспалар атаулары: Азот диоксиді
Қала саны: 21
Қала бойынша орташа: 0, 043
ШРК-сы жоғары қала саны: 1, 1
0, 282
3, 3
10
18
Қоспалар атаулары: Азот диоксиді
Қала саны: 4
Қала бойынша орташа: 0, 021
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 3
0, 093
0, 2
0
0
Қоспалар атаулары: Аммиак
Қала саны: 5
Қала бойынша орташа: 0, 039
ШРК-сы жоғары қала саны: 1, 0
0, 243
1, 2
1
3
Қоспалар атаулары: Күкіртсутек
Қала саны: 6
Қала бойынша орташа: 0, 002
ШРК-сы жоғары қала саны:
0, 010
1, 2
4
Қоспалар атаулары: Фторлы сутек
Қала саны: 3
Қала бойынша орташа: 0, 003
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 5
0, 058
2, 9
0
3
Қоспалар атаулары: Күкірт қышқылы
Қала саны: 2
Қала бойынша орташа: 0, 021
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 2
0, 057
0, 1
0
0
Қоспалар атаулары: Фенол
Қала саны: 10
Қала бойынша орташа: 0, 0037
ШРК-сы жоғары қала саны: 1, 2
0, 023
2, 3
4
9
Қоспалар атаулары: Формальдегид
Қала саны: 9
Қала бойынша орташа: 0, 0082
ШРК-сы жоғары қала саны: 2, 7
0, 037
1, 1
7
4
Қоспалар атаулары: Хлор
Қала саны: 2
Қала бойынша орташа: 0, 002
ШРК-сы жоғары қала саны: 0, 1
0, 100
0, 5
0
1

Атмосфералық ауаның ластануын бақылау үлкен қалаларда және өндіріс орындарында жүргізілді. Қазақстанның атмосферасының ауасында зиянды заттектердің құрамы 2007 жылы жоғары деңгейде қалуда.

Республика қаласында орташа концентрациялы қалқыған шаңның Шекті рұқсат етілген концентрациясы 1, 2. Алматы, Астана, Қызылорда, қалаларында қалқыған заттың орташа концентрация 2-ге жоғарылады. Ақтау, Атырау, Балқаш, Риддер, Семей, Теміртау, Өскемен, Шымкент, қаларында ШРК 1, 0-1, 8.

Астана қаласында максималды бір жолғы қалқыған зат концентрациясы 65, 2 ШРК ға жетті. Қызылорда қаласында -14 ШРК, Балқаш -11, 6 ШРК, Атырауда-3, 4 ШРК, Ақтау, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Шымкент, Екібастұз, қалаларында орналасқан шекті 2, 0-2, 8 ШРК. Қарағандыда және Глубокое кентінде 1 ШРК жоғарылаған.

Орта концентрациялы күкірт диоксиді республика қаласы бойынша ШРК-дан көтерілмеген. Балқаш қаласында күкірт диоксидінің орташа концентрациясы 2, 2 ШРК құрайды. Қызылорда, Риддер, және Өскемен қалаларында 1, 0-1, 8 ШРК. Балқаш қаласында белгіленген максималды бір жолғы концентрация 21, 3-тың ШРК. Өскеменде -3, 1 ШРК, Жезқазғанда-1, 0 ШРК. Сульфаттың орташа концентрациясы 0, 006 мг/м3 құрайды. Балқаш қаласында сульфаттың 0, 25 мг/м3. үлкен біртекті концентрациясы белгіленген. Көміртегі оксидінің орташа концентрациясы республика қаласы бойынша шекті мөлшерден жоғарылаған, ШРК 0, 5 құрайды. Алматы қаласында көміртегі оксидімен 0, 9 ШРК, ауаның ластану деңгейіне бақылау жүргізілді. Максималды бір жолғы көміртегі оксидінің концентрациясы Алматы, Тараз, Қостанай қалаларында ШРК - сы 5 жоғарылаған. Павлодар, Теміртау, Шымкентте 4, 0-4, 8 ШРК құрайды. Қарағанды қаласында -3, 0 ШРК. Астана, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған Петропавл, Семей, Өскемен, және Екібастұз қалаларында 1, 0-2, 4ШРК. Азот диоксидінің орташа концентрациясы республика қалалары бойныша 1, ШРК. Алматы қаласында азот диоксидінің орташа концентрациясы 2, 2 ШРК құрайды. Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қызылорда, Қостанай, Петропавл, Риддер, Семей, Тараз, Теміртау, Шымкент, Өскемен, және Глубокое кенті қалаларында шекті 1, 0-1, 7 ШРК табылған. Астана қаласында максимальды бір жолғы азот диоксидінің концентрациясы ШРК 23, 8 тең екендігі бақыланды. Өскеменде - 5, 4 ШРК, Алматыда, Қарағанды, Павлодар, Семей, және Таразда ШРК3 жоғары Ақтау, Риддер, Қостанай, Теміртау, Шымкент және Глубокое кентінде ШРК 2, 0-2, 9. Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Петропавл қалаларында ШРК 1. Азот оксиді орташа максимальды бір жолғы концентрациясы ШРК жоғарылаған. Ақтөбе қаласында азот оксидінің үлкен орташа ШРК -0, 5 бақыланды. Фенолдың орташа концентрациясы 1, 2 ШРК құрайды. Теміртау қаласында орташа концентрация 0, 3 ШРК жеткен. Жезқазған, Қарағанды, Риддер қалаларында ШРК 1, 7. Семей, Өскеменде ШРК 1, 0 Теміртау қаласында максимальды бір жолғы фенол концентрациясы 4, 8 ШРК - ға теңдігі бақыланған. Семей ШРК 4, 0, Өскемен ШРК 3, 9, Глубокое кентінде ШРК 2, 8, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, және Риддер қаласында ШРК 1, 1-2, 0. Формальдегидтің орташа концентрациясы республика қаласы бойынша ШРК 2, 7 құрайды. Формальдегидтің орташа концентрациясы Ақтөбе, Алматы және Шымкент қаласында ШРК 4, 0-4, 3. Қарағанды және Таразда ШРК 2, 7, Өскеменде ШРК 2, 0, Петропавлда 1, 3 ШРК. Шымкент қаласында максималды бір жолғы формальдегидтің ШРК 2 жоғары тіркелген. Ал Алматы, Тараз, Өскемен қалаларында ШРК 1 жоғары. Күкіртті сутегінің максималды концентрациясы Теміртау қаласында 2 ШРК жоғарылаған. Ақтөбе, Шымкент, Павлодар қалаларында 1 ШРК. Теміртау қаласында аммиактың орташа концентрациясы 2, 0 ШРК. Шымкентте 1, 1 ШРК. Аммиактың максимальды бір жолғы концентрациясы Павлодарда, Теміртау қаласында 2 ШРК жоғарылаған. Шымкентте 1 ШРК. Астана, Тараз, Өскемен қалаларында Фтор сутегі шекті мөлшерде табылған. Астана қаласында максималды бір жолғы фтор сутегінің концентрациясы 4 ШРК құрайды. Өскеменде 2, 6 ШРК. Павлодарда 1. 8 ШРК Хлорлы сутегінің максималды бір жолғы концентрациясы Павлодар қаласында 2, 9 ШРК жеткен. Өскемен қаласында хлор 1, 9 ШРК. Риддер, Өскемен және Глубокое кенттінде мышьяктың ауаны орташа ластау деңгейі шекті мөлшерде табылды. Астана қаласында хромның құрамы, Павлодарда хлор, Ақтауда, Өскеменде күкірт қышқылы ШРК - дан жоғарыламаған [12] .

2007 жыл мен 2006 жылды салыстырғанда Актөбе, Алматы, Атырау, Астана, Жезқазған, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Риддер, Семей, Тараз, Теміртау, Орал, Өскмен, Шымкент және Екібастұз қалаларының атмосфералық ауасының ластануы өзгермеген, Ақтау және Балқаш қаласында жоғарылаған, Карағанды және Глубокое кентінде төмендеген. (қосымша А кесте 2. ) .

Ал 2007 жыл мен 2005 жылды салыстырғанда Актау, Актөбе, Атырау, Жезказган, Костанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Теміртау, Орал, Шымкент и Екібастұз қалаласының атмосфералық ауасы өзгермеген. Алматы, Карағанды, Риддер, Өсемен және Глубокое кентінде ауаның ластану деңгейі белгіленген. Астана және Балқашта - жоғарылаған. (Кесте 4. ) .

Кесте 4 - Қазақстан Республикасы қалалары бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микробалдырлар
Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
ЭКОЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Судың жылулық ластануы
Судың ластану мәселесі
Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау
Алматы қаласының жағдайындағы Drosophila мelanogaster популяциясындағы особьтарға морфологиялық анализ жасай отырып қоршаған ортадағы ластаушы заттардың әсерін бағалау
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Су – тіршілік көзі. Жердегі су қоры
Экологиялық сукцессия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz