Батыс елдердегі жергілікті бюджеттер және салық салу жүйесі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ

МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Батыс елдердегі жергілікті бюджеттер және салық салу жүйесі

ОРЫНДАҒАН: Жүгінісова С. Ұ.

ГиМУ 09К2

ТЕКСЕРГЕН: АШИРБЕКОВА Л. Ж.

АҒА ОҚЫТУШЫ

АЛМАТЫ 2012

Жоспар

Кіріспе . . . 3

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ

  1. Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджеттер және салық салу жүйесі ұғымы . . . 5
  2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджеттер және салық салу жүйесінің экономикалық мәні . . . 10

ІІ Батыс елдердегі жергілікті бюджеттер және салық салу жүйесі

2. 1 Батыс елдердегі жергілікті бюджет және салық салу жүйесі ұғымының басқарудың теориялық және әдістемелік негіздері . . . 15

2. 2 Батыс елдердегі жергілікті бюджет және салық салу жүйесі ұғымының экономикалық мәні . . . 16

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ жергілікті бюджетІН және салық салу жүйесіН БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН САЛЫСТЫРУ

3. 1 Салықтық қызмет ұйымдарының құқықтары мен міндеттерін салыстыру . . . …… . . . 19

3. 2 Мемлекеттік бюджетті қаржыландырудағы салықтық түсімдердің
рөлі салыстыру . . . . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдар өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға объективті түрде ұмтылады. Бұл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге өтуі тиіс екендігін сипаттайды. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз аймағының халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Аймақтардың шаруашылық қызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қарым-қатынастарының мәселесіне, жергілікті бюджеттерді басқаруды дұрыс ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етеді. Осындай мәселелер күн тәртібіне қойылып отырғандықтан, оларды шешу жолдарын ғылыми негіздеу керектігі - уақыт талабы.

Қазақстан Республикасы экономикасының күрделі кеңістіктік құрылымы мен жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың жемісті болуы оның жергілікті деңгейде жүзеге асуына тікелей байланысты екендігін ескерсек, осы орайдағы жергілікті бюджетті басқарудың маңыздылығы да айқындала түседі. Олай болса, жергілікті деңгейдегі мәселелердің оңтайлы шешімін табу жолдарының негізі болып табылатын жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру, бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру тәрізді мәселелер ерекше зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.

Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры. Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.

Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс - бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.

Курстық жұмыстың басты мақсаты - Батыс елдеріндегі бюджеттің кірістер бөлігін талдау және Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастарды салыстыру, жетілдіру жолдарын табу. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:

  • жергілікті бюджетті басқару негізі ретіндегі жоспарлау үдерісінің мәнін ашып, әдіснамалық негізіне сипаттама беру;
  • жергілікті бюджетті басқарудың шетелдік тәжірибесін сараптай отырып, олардың Қазақстанда қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;
  • бюджетаралық қатынастардың қазіргі жағдайын талдау негізінде орын алып отырған мәселелерді айқындау және жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында оларды шешудің жолдарын ұсыну;
  • жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген нақты ұсыныстар жасақтау.

Батыс елдерінде қоғамдық-саяси және экономикалық жүйенің өзгеруі елімізде жергілікті деңгейдегі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Соңғы он жылда әлем бойынша мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жергілікті басқаруды қалыптастыру және оны дамыту бойынша зерттелген ғылыми жұмыстар жасалып жатыр. Соның ішінде аймақтық экономиканың дамуын басқару, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығындарының қалыптасуы, өндіріс орындарының алатын рөлі бағыттарында жазылған ғылыми еңбектер жеткілікті. Ғылыми еңбектерде аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу, аймақтардың дамуын басқарудағы қаржы ресурстарының алатын орны жүйелендіріліп, олардың теориялық және тәжірибелік жақтары зерделенген. Дегенмен, жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру мәселесі арнайы ғылыми зерттеу объектісі ретінде әлі де болса зерттеуді талап етеді.

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ

1. 1 Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджеттер және салық салу жүйесі ұғымы

Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры. Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады. Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала айқындайды. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.

1-сурет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді[1] .

Республикалық бюджет - бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді - Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.

Шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.

Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

- республикалық бюджет;

- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.

Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.

Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.

Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:

- елдің жалпы экономикалық жағдайы;

- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;

- жергілікті билік және басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;

- жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.

Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.

Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша - шамамен 48%-ын алады[2] .

Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.

Мыналар:

- аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке трансферттер;

- республикалық бюджеттен трансферттер жергілікті бюджетке трансферт түсімдері болып табылады.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.

Мыналардың:

- облыстың;

- республикалық маңызы бар қаланың;

- астананың,

- ауданның (қаланың),

- қаладағы ауданның,

- аудандық маңызы бар қаланың,

- кенттің, ауылдың (селоның),

- ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті болып табылады.

Облыстық бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Облыстық деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.

  • «Жергілікті бюджетті басқару» түсінігімен байланысты теориялық-әдіснамалық негіздемелердің бір жүйеге келтірілуі нәтижесінде аталмыш ұғымға автордың теориялық тұрғыдан жасақтаған анықтамасы негізделді;
  • бюджетті, оның ішінде жергілікті бюджетті, жоспарлау үдерісінің негізгі тұжырымдамалық сипаттары айқындала отырып, халықтың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын жақсартудағы жергілікті қаржы көздерінің рөлі мен маңызын арттыру қажеттілігі зерделенді;
  • аймақтарды және олардың қаржылық ресурстарын басқарудың тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруде, республикалық және жергілікті бюджеттерді толықтыруда, кәсіпкерлікті дамытуда, жаңа жұмыс орындарын құрудағы маңызын айқындау негізінде жергілікті басқарудың тиімділігін арттыру бағытында ғылыми тұжырымдар жасақталап, ұсынылды;
  • мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау арқылы осы тәжірибелердің оң тұстарын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағытына, саяси және демографиялық ерекшеліктеріне бейімдеп, қолдану мүмкіндіктері сарапталды;

Аймақ экономикасын өркендетуде жергілікті басқару органдарының міндеттері мен оларды іске асырудың қаржылық мүмкіндіктерінің шектеулілігі салдарынан туындайтын бюджетті орталықсыздандыру мәселесін шешу жолдарының бірі ретінде бюджетаралық мәселелерді реттеудің нақты іс-шаралары ұсынылды. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.

Қазақстандық бюджет ұлттық экономиканы басқарудың маңызды құралы болып табылады. Бәрімізге белгілі, қандай да бір реформаны жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға елеулі қаржы жұмсауды қажет етеді, және де осы реформалардың негізгі ауыртпалығы республиканың қаржы сферасына түседі, өйткені қоғамдық өмірдің барлық салаларын: халық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, білім, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық, қорғаныс және басқаруды қамтитын экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті мемлекеттің ішкі, сонымен бірге сыртқы қаржы ресурстарын қаржы сферасы ғана жұмылдыра алады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді. [3]

1. 2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджеттер және салық салу жүйесінің экономикалық мәні

Бюджет (ағылшынның budget - ақша сөмкесі) - мемлекеттің, мекеменің, жанұяның белгілі мерзімге кірістері мен шығыстарының жазбасы. Бір жағынан, бюджет - ол мемлекет, аумақ, кәсіпорын немесе отбасы болсын, кез келген экономикалық субьектіде болатын қаржы ресурстарының жиынтығы. Екінші жағынан, бұл экономикалық субьектінің белгілі бір кезең аралығындағы, көбінесе бір жылдағы кірістері мен шығыстарының арақатынасы, олардың осы уақыттағы түсуі мен жұмсалуын бейнелейтін ақша құралдарының балансы. Басқаша айтқанда, бюджет бұл ақша сөмкесінің ішіндегі ақша құралдарының барлығын немесе тапшылығын, оның толтырылу мен босатылу қарқынын, ақшаның келу мен жұмсалу бағыттарын, кірістер мен шығыстар арақатынасын анықтайды.

Жоғарыда келтірілген анықтама классикалық мәнде екендігін айта кеткен жөн. Бюджет түсінігінің анықтамасы «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының заңында былайша айтылады:

Бюджет - бұл салықтар, жиналымдар, басқа да міндетті төлемдерден, капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін табыс, салықтық емес және заңда көрсетілген басқа да түсімдер есебінен құралатын және мемлекеттің өз қызметтерін орындауын қамтамасыз етуге арналған, заңмен бекітілген, жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітілген мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры. Салықтар мемлекет қазынасына қоғамның жиынтық табысының бөлігін мәжбүрлеп алудың нақты нысаны ретінде мемлекеттік құрылым және басқару жүйесінің экономикалық кеңістіктің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін бейнелейді.

Салық реформасы салық салу жүйесінің қызмет ету жүйесін ауқымды қайта құру және оны басқару механизмін өзгерту негізінде салық қатынастарын шектеулі немесе түбегейлі қайта құруды білдіреді. Аталған қайта құруды салық қатынастары мемлекет дамуының экономикалық, әлеуметтік немесе саяси жадайларының елеулі өзгерістерге сәйкес келмеуімен байланысты салық саясатының негіздерін қайта қарастыру қажеттілігімен шарттастырылған.

Кез келген салық реформасын жүргізудің, соңғы нәтижесі ел экономикасын дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталған. Ол- мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру үшін салық түсімдерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, ұлттық экономиканы көтеру.

Салық кірістерінің қажетті көлемін қамтамасыз ету, салық жүйесінің фискалды функциясының тиімділігіне тәуелді. Сондай-ақ экономикалық өрлеу басым дәрежеде салық салу жүйесінің басқа функцияларын, яғни реттеуші және ынталандырушы функцияларын табысты жүзеге асырумен анықталады. Сондықтан салық реформалары, ең алдымен, салық жүйесі өзінің функцияларын тиімді орындауымен тығыз байланысты.

Экономикалық ғылым және тәжірибе салық реформаларының жалпы сыныптамасын ұсынған. Мазмұны бойынша салық реформалары жүйелік және құрылымдық реформаларға бөлінеді. Жүйелі салқ реформасы кезінде бүкіл салық салу жүйесінің тұжырымдамалық және әдістемелік ережелерінің ауқымды құрылымдануы жүргізіледі. Бұл кезде салықтар тізбесі түбегейлі өзгереді, тікелей және жанама салықтардың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленеді.

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты екендігі белгілі қағида. Осы қаржы жүйесін тиімді басқару және жоспарлау мәселесі кез-келген мемлекет үшін өзекті әрі күрделі мәселелер қатарына жатқызылады.

Институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы. Жалпы алғанда қаржылар жүйесінің басты буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Елдің бюджет қорын жасау мен пайдалану жөніндегі бюджеттік қатынастардың жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымын құрайды. Экономикалық мәні жағынан мемлекеттік бюджет - бұл жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға арналған бюджет қорын жасау мен пайдалануға байланысты ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі мемлекеттік заңды және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастары. Бюджеттің арқасында мемлекет қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші тұстарына шоғырландыра алады [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджетаралық қатынастарды реттеу құралы ретіндегі салықтық реттеудің әлеуметтік-экономикалық мазмұны және теориялық аспектілері
Салық - бюджетаралық қатынастарды реттеуші механизм ретінде
Жергілікті бюджеттер
Рыноктық экономика жағдайында өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшiн салықтық реттеу механизмiн жетiлдiру
Қазақстан Республикасындағы салықтық реттеу мәселелері
Муниципалды басқаруды жүзеге асыруда бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің рөлі
Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары
Акциз салығының экономикалық мәні
Жергілікті қаржы
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz