ҚР Парламентінің конститутциялық құқықтық мәртебесі


Кіріспе

1. ҚР Парламенті . ең жоғарғы өкілетті орган
2. ҚР Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Жаңа заман жаңашылдықты талап етеді, ол адамға, қоғамға және тіпті мемлекетке де қатысты айтылады. Қажетті саяси, материалдык, рухани қажетін қанағаттандыру үшін азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы оларға кең мүмкіндіктер ашады. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп жариялап қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайды. Ең жоғары зандық күші бар актілер қабылдауға халықтық құқығы бар. Конституцияға сәйкес халық атынан билік жүргізу кұкығы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне берілген.
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 1995 жыл жыл 30 тамыз.
2. “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” конститутциялық заңы 1995 жыл 18 желтоқсан.
3. “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” конститутциялық заңы 1995 жыл 16 қазан.
4. Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасының контитутциялық құқығы. Астана. Фолиант. 2001. 176-бет.
5. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998 жыл. 256-бет.
6. Сапаргалиев Ғ. Қазақстан Республикасының контитутциялық құқығы. Алматы, 1998. 320-бет.
7. Общая теория государства и права. / Под ред№ Лазарева В.В. Москва 1995.
8. Нұрпейісов Е.К., Котов А.К. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға. Алматы: Жеті Жарғы.1995
9. Сәбікенов С.Н. Салыстырмалы мемлекеттік құқық. Оқулық. Алматы: Өркениет.2000
10. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы: Жеті Жарғы.2001

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 12 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




ҚР Парламентінің конститутциялық құқықтық мәртебесі
Жоспар

Кіріспе

1. ҚР Парламенті - ең жоғарғы өкілетті орган
2. ҚР Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Жаңа заман жаңашылдықты талап етеді, ол адамға, қоғамға және тіпті мемлекетке де қатысты айтылады. Қажетті саяси, материалдык, рухани қажетін қанағаттандыру үшін азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы оларға кең мүмкіндіктер ашады. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп жариялап қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайды. Ең жоғары зандық күші бар актілер қабылдауға халықтық құқығы бар. Конституцияға сәйкес халық атынан билік жүргізу кұкығы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне берілген.
Парламент биліктің үш тармағының бір буыны болып табылады және оған заң шығару өкілеттігі берілген. Парламенттің мемлекет өміріне тиімді заңдарды қабылдауда маңызы өте зор. Өйткені Парлемент халықпен сайланатын депутаттардан құралады және ол депутаттар нақты халыққа қандай заңдар керек екендігін біледі.
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының Парламенті түсінігі, оның мемлекеттіәк билік органдары арасында алатын орны, депутаттардың құқықтық мәртебесі, олардың құқықтары, депутаттық иммунитет, Парламеттің құзыреттілігі және оның жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізі тұралы сөз болады.

Парламент - ең жоғарғы өкілетті орган
Қазақстан Республикасында басқару органдарын қайта ұйымдастырудан кейін заң шығару өкілеттігі Парламенттке берілді. Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған "бір буынды" өкілетті органының орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғары өкілді орган ретінде 1937 жылғы ҚСР Конституциясымен белгіленді. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы да Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғары органы ретінде таныды. Ол КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясында көрсетілген республика құзырындағы барлық мәселелерді шешуге құқылы бодды. Басқаша айтқанда, Жоғарғы Кеңес еліміздің мемлекеттік өміріндегі барлық мәселелерді шешу құқығын иеленеді. Жоғары өкілді органның бірыңғай билігінің мәні, міне, осында. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі Парламенттей болмады, өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілді органдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекетгік тәуелсіздігі туралы заң мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады. Осының нәтижесінде Парламент және парламентаризм кұруға қарай маңызды бір қадам жасалды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Жоғарғы Кеңесті республиканың бірден бір заң шығарушы және өкілді органы деп таныды. Конституцияның Жоғарғы Кеңеске кең өкілеттілік бергендігі сондай, мемлекеттік билікті бөлісу принципі шын мәнінде мүлдем болған жоқ. Сонымен бірге тежемелік және тепе-теңдік жүйесі де орнықтырылмады. Сейтіп, 1993 жылғы Конституция мемлекеттік биліктің кайшылықты кұкықтық базасын жасады. Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес, әрине, өз қызметін толық атқара алмады. Жоғарғы Кеңес кызметінің дәрменсіздігіне сын айту ретсіз де болар еді. Жаңа ұлттық құкықтық саясатты негізіне алған зандарды 12-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Алайда, Жоғарғы Кеңес Парламент бола алған жоқ және Қазақстанда парламенттік республика орныққан жоқ. Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан үшін парламентгік республиканың орнықтырылмағанының себебі, онда "...парламентизмнің дәстүрі мен мәдениеті, көп партиялылықтың дамыған жүйесі болмады және, ең бастысы, мұның бәрін халықтың қалың көпшілігінің санасы қабылдамады. Бүгінгі таңда бізде ол жок". Бұл үшін уақыт керек. Президенттік басқару жүйесі елді басқарудың тиімді прогрессивті әдісі болып шығуы мүмкін.
Қазақстан Республикасынын 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді.
Парламент, сондай-ақ заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган да болып табыдады. Мұңдай нысандама Қазакстан Рес-публикасының 1993 жылғы Конституциясының Жоғарғы Кеңестің бірден бір заң шығарушы орган ретіндегі сипатгамасынан ерекшеленеді. Қазакстан Республикасының 1995 жылғы Консти-туциясында Парламент бірден бір заң шығарушы орган болып есептелмейді. Себебі Конституцияда кезделген жағдайда Президент заң шығару қызметін атқара алады. Сонымен бірге Президенттің зан шығарушылық қызметінің өкілеттік берілген және тәуелділік сипатга болатындығын да атап айтқан жен. Парламент өзінің заң шығару өкілетгігін берген жағдайда ғана Президент заң қабылдай алады. Егер Парламент зәру заңңарды шұғыл қабылдай алмайтындай болса Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қүқылы. Екі жағдайдын екеуінде де Президентгің заң шығару өкілеттігі уақытша сипатта болады. Парламент тұрақгы жұмыс істейтін заң шығару органы болып табылады.
Заң шығару қызметімен бірге Парламент, шектеулі көлемде болса да, атқарушы биліктің қызметін де бақылай алады. Парламент республиканың бюджетін және оның орындалуы жөнінде Үкімет пен республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есебін бекітеді, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Парламент Үкіметтің Бағдарламасын мақұлдауы немесе қабылдамай тастауы және Үкіметгің қызметіне сенімсіздік білдіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бірінші рет Парламентгің екі палаталық (Сенат және Мәжіліс) құрылымын бекіті. Мәжіліс Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс депутатгары жалпы сайлауларда сайланады. Сенатқа депутаттардың бір бөлігі жанама сайлау арқылы сайланады, енді бір бөлігін Президент тағайындайды. Сенат депутатгары әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін, жергілікті пікірлерді білдіреді. Сонымен бірге Сенат - бүкіл республика органы. Сондыктан Мәжіліс кабылдаған заң жобасы Сенат мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталарына айрықша өкілеттіктер берілген, олар өз құзыретіндегі мәселелерді дербес шеше алады. Конституция Парламент Палаталарының бірлескен отырысыньщ құзыретіндегі мәселелерді қарастырған. Қазақстан Республикасы Парламент Палаталары бірлескен отырыстарында мемлекеттің айтарлыктай кең келемді мәселелерін қарап, шеше алады. Турасын айтқанда, Қазақстан Парламенті қызметінің ерекшеліктерінің бірі осы-да болса керек. Бұл Парламенттің кұзыретіне ықпал етеді. Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарының қарауына жатқызылатын мәселелер тізбесі белгіленген. Қазақстан Республикасы Конституциясы Парламенттің құзыреті ұғымы туралы ойларды тттастай жинақтайды.
Жоғарыда көрінгендей:
1) Парламенттің Сенат пен Мәжілістің бірлескен және жеке отырыстарында жүзеге асырылатын құзыреті;
2) Сенаттың катаң құзыреті;
3) Мәжілістің қатаң кұзыреті бар.
Мәжіліс пен Сенат үшін әр түрлі құзыретгі белгілей отырып, Конституция Парламент қызметінің тежемелік және тепе-теңдік жүйесін құрады. Атқарушы биліктін болуы мүмкін қарама-қарсы тұрудың даурықпалыққа әуестенуінің жолын кесу мақсатында Сенатқа Мәжіліске қатысты шектеушілік мүмкіндік берілген.
Мұны белгілі бір деңгейде түсінуге болады, өйткені өкілді ор-гандарға бұрынғы кездері қалыптасқан сенімсіздік әлі күнге дейін жалғасып келеді. Оның үстіне 12-13-сайланған Жоғарғы Кеңестердің таратылуы жоғары өкілді органның беделін көтерген жоқ. Мемлекетгік биліктің жоғары органдарына қатысты халықтың саяси сенімінің бәсендеуі Парламент Мәжілісінде өткен соңғы сайлауда да сезілді (1995 ж.) Тіпті ресми адамдар Мәжіліс сайлауының өтпей қалу мүмкіндігі туралы қауіп айтты. Мұндай жағдайда Мәжіліс депутатгары өздерінің қабілеттілігін дәлелдеу үшін мемлекет ісіндегі жағдайға негізінен жауап беруші аткарушы билікпен теке тіреске түсуі мүмкін. Заң жобалары негізінен Үкіметгің бастамасы бойынша енгізілетіндіктен Мәжіліс оны зор ынтамен қабылдап, оған сын тұрғысынан карайды. Тәжірибе көрсеткендей, Сенат Мәжіліске қатысты тежемелік жүйесін мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қарама-қарсылыққа жол бермеу мақсатына пайдалануға тырысады. Сонымен бірге, Парламентке ауыр жұмыс жүктелген. Ол бұрын қалып-тасқан белгілі бір сенімсіздікті еңсеруге ұмтылатынын, халықтың қазіргі көкейкесті міндеттерін шешуге, езінің заң шығару-шылык кызметінде қоғамның прогрессивті дамуының кұкықтық базасын жасауға ынталы екендігін көрсетуі тиіс. Қазакстанда бүрын болмаған парламентгік дәстүрдің қалыптасуы Парламентке, оның жемісті заң шығару қызметіне байланысты. Бұған мемлекетті, қоғамды нығайтқысы, адамдардың өмірін жаксартқысы келетін барлық саяси күштер мүдделі болуы тиіс. Айналып келгенде, Парламент мемлекеттік билік тармактарынық бірі ретін-де демократиялық, кұқықтык, және әлеуметтік мемлекет кұруда маңызды орын алады.

Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі.
Парламент сенат және мәжілістен тұрғандықтан оның депутататрын қалыптатырудың өзіндік тәртібі бар. Сенат екі тәсілмен қалыптасады:
1) депутаттардың бір бөлігі әр облыстан, республикалық дәрежедегі қалалардан және республика астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстардан, республикалық дәрежедегі қалалардан және республика астанасынан барлық өкілетті органдар депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланған депутаттардан тұрады;
2)Сенатгың жеті депутатын Республика Президенті Парламент өкілетгігі мерзіміне тағайындайды, Сенат мүшелігіне тағайындалғандардың өкілетгігі алынған немесе токтатылған жағдайда Президент 10 күндік мерзімде олардың орнына Парламент өкілеттігінің қалған мерзіміне Сенат депутатгарын тағайындайды.
Азаматтығына кем дегенде бес жыл болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар, тиісті облыс, республикалық дәрежедегі қала не республика астанасы аумағында кем дегенде үш жыл тұракты тұратын азамат Сенат депутаты бола алады.
Мәжіліс республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісін және шамамен сайлаушылардың сан жағынан тең келуін ескере отырып құрылатын бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған 77 депутаттан тұрады. 10 депутат партия тізімі бойынша өтеді. 25 жасқа толған республика азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент депутаты қос Палатаға бірдей мүше бола алмайды; басқа өкілетгі органға депутат болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа ақы алатын лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қьізметгі жүзеге асыруға, басшы органның немесе коммерциялық ұйымдардың бақылау кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ережені бұзу депутатгың өкілеттігін тоттатуына әкеліп соктырады. Парламент депутатының өкілеттігі тоқтатылған жағдайда немесе өкілеттік мерзімінің өтуі бойынша оның бұрынғы қызметінің сақталуына кепіддік берілмейді.
Депутатгың өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, "Қазақстан Республикасынын Парламенті және оның депутатгарының мәртебесі туралы" конституциялық заңымен және басқа нормативтік құқыкдық актілермен белгіленеді. Парламент депутатының өкілетгігі республиканын Орталык сайлау комиссиясы оны Парламент депутаты етіп тіркеген кезден басталады. Парламенттің бірінші сессиясында оның Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен зандарына сөзсіз бағынуға, маған жүктелген жоғары депутаттық міндетті адал атқаруға ант етемін" деп Қазақстан халқына ант береді. Ант Үкіметтің, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының қатысумен Президент алдында беріледі.
Парламент депутатының өкілеттігін қолданылу ауқымына қарай екі топқа бөлуге болады:
1) Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, органдарына қатысты өкілеттік;
2) басқа мемлекеттердің лауазымды адамдары мен мемлекеттік органдарына қатысты Парламент атынан берілетін арнайы өкілетгік.
Парламент депутатыньщ екілеттігі
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырыстарында қаралатын барлык ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
ҚР парламентінің конститутциялық құқықтық мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
ҚР президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
ҚР Парламентінің негізгі функциялары, ҚР Парламентінің заң шығару қызметінің мәні
ҚР парламентінің ҚР билік жүйесіндегі рөлін талдау
ҚР Парламенті депутаттарының конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі және оның құқықтық мәртебесі
ҚР Парламентінің заң шығару процесі
ҚР жергілікті өкілетті органдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Үкіметтің құқықтық мәртебесі
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь