Қазынашылықты ұйымдастыру және оның бюджеттің орындалуындағы рөлі



І. Кіріспе бөлім.
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Қазынашылық жүйесі;
Ә) Қазынашылық жүйенің дамуы;
Б) ҚР Қазынашылық комитеті.
ІІІ. Қорытынды.
Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше.
Қазынашылық - жадығаттық құндылықтардың (қымбат мүлік, асыл тастар, алтын-күміс бұйымдар, ақшалар) сақталған жері, осы ұғымның атауы. Қазына жекелеген адамдарда, олардың қоғамдастығында, мемлекетте болуы мүмкін.Мемлекетте қазына қаржылай және жадығаттық құндылықтардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді, яғни қазына бөлінбеген мүліктің, ең алдымен, тиісті бюджеттегі мемлекеттік меншікті құрайтын қаражаттың шартты атауы.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы

Баяндама
Тақырыбы: Қазынашылықты ұйымдастыру және оның бюджеттің орындалуындағы рөлі

Орындаған: Қыдырмолданова Қ.
Тексерген: Жорабаева Ж.Қ.

2015ж.
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім.
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Қазынашылық жүйесі;
Ә) Қазынашылық жүйенің дамуы;
Б) ҚР Қазынашылық комитеті.
ІІІ. Қорытынды.

Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше.
Қазынашылық - жадығаттық құндылықтардың (қымбат мүлік, асыл тастар, алтын-күміс бұйымдар, ақшалар) сақталған жері, осы ұғымның атауы. Қазына жекелеген адамдарда, олардың қоғамдастығында, мемлекетте болуы мүмкін.Мемлекетте қазына қаржылай және жадығаттық құндылықтардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді, яғни қазына бөлінбеген мүліктің, ең алдымен, тиісті бюджеттегі мемлекеттік меншікті құрайтын қаражаттың шартты атауы. Бұлмүлік несие берушілердің меншіктенуші-мемлекеттен оның міндеттемелері бойынша өндіріп алу объектісі болуы мүмкін. Қазына салықтармен, алымдармен, мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдермен ұдайы толықтырылып отырады. Бюджет қаражаты мемлекеттің қазыналық кәсіпорындары мен мекемелерінде несие берушілермен есеп айырысу үшін ақшалай қаражат жетпеген жағдайда олардың борыштары бойынша мемлекеттің қосымша жауапкершілігінің көзіне айналады.
Мемлекет меншігіндегі мүлік екіге бөлінеді. Бірінші бөлігі шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге бекітіліп беріледі. Бұл "бөлінген" мемлекеттік мүлікті мемлекеттің ықтимал борыштарын жабуға пайдалануға болмайды, өйткені заңды тұлғалар ретіндегі кәсіпорындар мен мекемелер өз мүлкімен өздерін құрған меншіктенуші мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Бұл мүлікпен олар өздерінің меншікті борыштары бойынша жауап береді. Екінші бөлігі тікелей жергілікті басқару органдарының қарамағында қалдырылып, олардың қазынасын құрайды. Бұл құрылымдар азаматтық айналысқа тек мүліктің екінші бөлігі негізінде ғана қатыса алады. Сонымен қатар айналымнан алынған нысандар шығарып тасталады, бұл нысандар мемлекеттің айрықша меншігін құрайды (жер қойнауы, құрлықтық қайраң байлықтары, теңіз экономикалық аймақтары, т.б.). Олар ешбір жағдайда басқа тұлғалардың меншігіне берілмейді, сондықтан несие берушілердің ықтимал талаптарын қанағаттандыра алмайды. Бұл - жерге және айналыста шектелген басқа да табиғи қор көздеріне қатысты.
Жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдары мүліктік айналымда өздеріне бекітіліп берілген мүлікті оралымды басқару құқығына ие дербес заңды тұлғалар ретінде әрекет ете алады. Осы мүліктің бір бөлігімен, яғни ақшалай қаражатпен олар өздерінің міндеттемелері бойынша жауап береді. Қазына мүлкі, ең алдымен, тиісті бюджет қаражаты осындай жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарының борыштары бойынша олардың дербес мүліктік меншігінің базасын құрайды.
Нарықтық экономикалық жағдайында Қазына мемлекеттің қаржы мүмкіндіктерін көрсетеді, ал бұл мүмкіндіктер жеке адамдар мен ұйымдардың мүмкіндіктерінен гөрі шектеулі болады. Сондықтан Қаржы мин-н көбінесе қазынашылық, яғни бюджеттің атқарылуы барысында кірістерді жұмылдырумен де, оларды жұмсаумен де айналысатын орган деп атайды. ҚР-ның Азаматтық кодексіне (192, 193-бап) сәйкес Қазақстанның мемлекеттік қазынасы республикалық бюджет қаражатынан, алтын валюта қоры мен алмас қорынан құралады, сондай-ақ, еліміздің мемлекеттік қазынасына жер және оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи қорлар, мемлекет заңды тұлғаларға бекітіп бермеген өзге де мемлекеттік мүліктер жатады, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау
Қазынашылықты ұйымдастыру ,оның бюдежттің орындалуындағы рөлі
Қазынашылық. Қазынашылықтың мәні және атқарылатын жұмыстары
Экономиканы мемлекеттік басқарудағы қазынашылық жүйені дамыту (Қазынашылық Комитетінің бөлімшелерінің материалдары бойынша)
Қазынашылық жүйе
Мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қазынашылдық
Бюджетті бағдарламаларды бағалау рәсімдері
Қазынашылық ақпараттық жүйелері
ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
Шетелдегі бюджеттің іске асырылуы байынша қазынашылық органдардың қызметтерін ұйымдастыру
Пәндер