Жара және жараны жазушы таңғыштар


РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыс 47 беттен, 4 кестеден, 10 суреттен тұрады, пайдаланған әдебиеттер тізімі 86.
Кілтті сөздер: жара таңғыштар, антимикробтық белсенділік, іріңді жаралар, инфекциялық жаралар.
Жұмыстың мақсаты: жара жазушы жаңа таңғыштардың антимикробтық белсенділігін анықтау және алынған тәжірибелік мәліметтерді іс жүзінде қолдану жолдарын және болашағын көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
Жара жазушы таңғыштардың антимикробтық белсенділігін анықтау
Жара жазушы таңғыштардың антимикробтық белсенділігіне салыстырмалы сараптама жүргізу
Зерттеу объектісі және әдістері: микробиологиялық әдіс қолданылды, антимикробтық қасиетке ие протеолитикалық ферменттері бар жара таңғыштары болып саналады, олар: «ACTICOAT ABSORBENT»; «ВитаВаллис»; «BACTIGRAS». Бактериалардың тест штаммдары: Escherichia coli ; Pseudomonas aeruginosa ; Staphylococcus aureus .
Зерттеу нәтижелері: нәтижелер зерттеуге алынған 3 таңғыштың да («Acticoat absorbent», «Вита Валлис», «Bactigras») жара жазушылық қасиеттерінің жоғары екендігін көрсетті. Және де қоректік ортада өсірілген бактерия штаммдарына қатысты ұзақ мерзімді жойқын әсер ете алатындығы дәлелденді.
Практикалық маңыздылығы: Алынған мәліметтерді медицина, микробиологияда, биология, ветеринария және хирургия практикасында қолданылады
РЕФЕРАТ
Дипломная работа состоит из 47 страниц, 10 рисунков, 4 таблиц, 86 литературных источников.
Ключевые слова: раневая повязка, антимикробная активность, гнойные раны, инфекционные раны.
Цель научной работы: определить антимикробную активность новых ранозаживляющих повязок и использовать полученные результаты для лечения раневых заболевании.
Задачи научной работы:
Определить антимикробную активность ранозаживляющих повязок.
Сравнительный анализ антимикробной активности ранозаживляющих повязок.
Объекты и методы исследования: микробиологический метод, объектами иследования являются: повязки, имеющие антимикробные свойства «ACTICOAT ABSORBENT»; «ВитаВаллис»; «BACTIGRAS»; штаммы бактерий: Escherichiacoli, Pseudomonas aeruginosa, Stapһylococcus aureus .
Полученные результаты: результаты показали, что все 3 вида рано- заживляющих повязок(«Acticoat absorbent», «Вита Валлис», «Bactigras») оказывают высокую антимикробную активность. Так же установлено, что повязки длительное выремя сохраняют антимикробную активностьв отношении штаммов бактерий при их росте на искусственной питательной среде.
Практическое применение: Полученные данные можно использовать в практической медицине, микробиологии, ветеринарии и в хирургической практике.
ABSTRACT
Thesis consists of 47 pages, 10 figures, 4 tables, 86 references.
Keywords: wound dressing, the antimicrobial activity, festering wounds, infectious wounds.
The purpose of research: to determine the antimicrobial activity of novel wound healing dressings and use the results in the treatment of traumatic disease.
Objectives of research:
To determine the antimicrobial activity of the wound healing dressings.
Comparative analysis of the antimicrobial activity of the wound healing dressings.
Objects and methods: microbiological methods, objects investigations: bandages that have antimicrobial properties «ACTICOAT ABSORBENT»; "VitaVallis"; «BACTIGRAS» and cells of microorganisms Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Stapһylococcus aureus.
Results: Results showed that all three types of early healing dressings («Acticoat absorbent», «Vita Valais», «Bactigras») have high antimicrobial activity. It is also found that the long bandage may act on bacteria strains grown on artificial medium.
Practical application: The data can be used in medicine, microbiology, biology, veterinary medicine and in surgery.
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
АДФ - аденозиндифосфор қышқылы
АТФ - аденозинтрифосфор қышқылы
ЖБХӨ - жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
ЕПА - ет пептонды агар
ЕПС - ет пептонды сорпа
КТБ - колония түзуші бірліктер
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Көптеген ғасырлар бойына жара таңғыштар ең алдымен жараны қорғау және қанды тоқтату мақсатында қолданылып келді. Қазіргі таңда ғылымның жетістіктерінің арқасында жара жазушы жаңа таңғыштардың қасиеттерін жараның жазылу процесінің әртүрлі сатыларында мақсатты бағытталған және алуан түрлі қолданудың жаңа әдіс тәсілдері пайда болды.
Ғылыми жаңалығы:
Медицина өндіріс жараны тазартатын және антимикробтық қасиеттерге ие терапевтикалық таңғыш материалдар жасайды.
Сол таңғыштар протеолитикалық ферменттермен және антимикробтық препараттармен иммобилизацияланған диальдегидцеллюлоза негізіндегі текстильді тасымалдаушыдан тұрады.
Танғыштардың эффектівтілігі екі көрсеткішке байланысты - жараның микрофлорасы және танғыштардың антимикробты активтилегіне.
Практикалық маңыздылығы:
Таңғыш материалдардың терапевтикалық эффектівтілігің көтеру үшін,
олардың антимикробтык активтилігін жаралардың микрофлорасына сәйкес келтіруға керек.
Жұмыстың мақсаты: жара жазушы жаңа таңғыштардың құрам бөліктерінің антимикробтық белсенділігін анықтау және алынған тәжірибелік мәліметтерді іс жүзінде қолдану жолдарын және болашағын көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
- Жара жазушы таңғыштардың антимикробтық белсенділігін анықтау.
- Жара жазушы таңғыштардың антимикробтық белсенділігіне салыстырмалы сараптама жүргізу.
Ғылыми мәселесінің қазіргі таңдағы бағалануы: Медициналық практикада іріңді-қабынулы жараларды емдеу үшін протеолитикалық ферменттік препараттар кеңінен қолданылып келеді. Алайда ферменттік препараттар қымбат және жеткіліксіз, жоғары емдік әсеріне қарамастан жара экссудатынан бөлінетін ингибиторларға (жарақат даму процесінің өнімі), рН пен температураның өзгеруілеріне қатысты тұрақсыз болып келеді. Жарақатқа түскен кезде ферменттер лезде инактивтенеді, соған байланысты жараның жазылу процесіне өте көп мөлшерде ферменттерді жұмсау қажет болады.
Зерттеу объектісі: «Acticoat absorbent», «Вита Валлис», «Bactigras»
таңғыштары.
Практикада қолданылуы: Медициналық практикада іріңді - қабынулы жараларды емдеу үшін «Acticoat absorbent», «Вита Валлис», «Bactigras» таңғыштарын кеңінен қолданамыз.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Әдебиетке шолу
1. 1 Жаралар және олардың жіктелуі
Жаралар (vulnus) деп - терінің, шырышты қабықтардың немесе терең жатқан тіндердің және ішкі ағзалардың сыртқы қабаттарымен қоса механикалық зақымдалуын айтады.
Жара - бұл ашық жарақат. Жараларды зерттейтін ғылымды вульнерология деп айтады. Жаралар туралы ілім хирургияның теориялық негізін құрайды. Олар жарақаттардың кең таралған түрі болып табылады.
Жаралардың жіктелуі
- Жарақатқа байланысты - жаралар операциялық және кездейсоқ болып жіктеледі. Ал, арнайы себептерге шайқастан болған жараларды жатқызады.
- Зақымдалу түріне байланысты - жаралар кесілген, тесілген, шабылған, соғылған, жаншылған, жыртылған, тістелген, уланған, оқ тигеннен және аралас болып бөлінеді.
Зақымдалған түріне байланысты жіктелген жарақат түрлеріне алғашқы көмек: қансырауды тоқтату, асептикалық таңғыш салу, қажет болса иммобилизация жасау керек. Ашық пневмоторакста науқастың кеудесіне окклюзионды таңғыш салу керек, сонда ол жабық пневмотораксқа ауысады. Іштің енген жарақатында - асептикалық таңғыш, сыртқы қансыраудың белгілері болса - басып, қысып тұратын таңғыш таңу керек. Жарадан ішкі ағзалар сыртқа шықса, оларды құрсақ қуысына қайта кіргізбей, асептикалық таңғышпен жауып, мүмкіндігінше дәкемен орап тастау қажет.
- Инфицирлену дәрежесіне байланысты - олар асептикалық (тек қана операциялық), инфицирленген (барлық кездейсоқ жаралар) және іріңді жаралар (қабынған жаралар) болып жіктеледі.
- Жанында орналасқан ішкі қуыстарға қатысына байланысты-жаралардың асқынған және асқынбаған түрлеріне ажыратады. Асқынбаған жарадан тек механикалық зақым ғана болса, ал асқынған жараларда механикалық жарақатпен бірге, басқа да қосымша факторлардың әсері қосылады: удың, улы және радиоактивті заттардың, инфекцияның, күйік пен үсіктің әсері.
Жаралардың ерте және кеш асқынуларын ажыратады. Ерте дамитын асқынулары: шок, қансырау, жедел қан жоғалту, анемия. Кеш пайда болатын асқынулары: іріңдеу, екіншілік кеш қансырау, жалпы іріңді инфекция - сепсис, анаэробты инфекция және сіреспе.
Жара үрдісіне дененің жалпы және жергілікті әсері. Жара үрдісіне дененің жалпы әсері екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде (жарақат немесе операциядан кейінгі 1-4 күндер) өмірлік үрдістер күшейеді. Дене қызуы мен негізгі алмасу жоғарылайды. Дененің салмағы азаяды. Белоктың, майдың және көмірсудың ыдырауы жоғарылайды. Физиологиялық реакция тежеледі. Басталу механизмі: симпатикалық жүйке жүйесінің қозуы, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондарының қанға бөлінуі (кортикотропин мен глюкокортикоидтардың) .
Екінші кезеңде (жарақаттан кейінгі 4-10 күндер) парасимпатикалық бөлімнің әсері басым болады: кезбелік (вагусты) криздер болуы мүмкін, дененің салмағы жоғарылайды, белок алмасуы қалпына келеді, регенерация үрдістері белсендіріледі. Бұл кезеңде гормондар мен медиаторлардың маңызы жоғарылайды, олардың ішінде минералокортикоидтар, альдостерон, ацетилхолиннің әсері.
Жарадағы жергілікті өзгерістер күрделі және алуан түрлі болады. Олар: жасушалардың өлімі, белоктардың ыдырауы, анаэробты гликолиздің аэробтыдан басым түсуі, биологиялық белсенді заттардың - гистамин, серотонин, кининдердің жиналуы, микроциркуляцияның бұзылуы, зат алмасудың, жасушалар мен тіндердің ыдырау өнімдерінің жиналуы.
Жарадағы рН ацидоз жаққа қарай өзгереді. Егер қалыпты жағдайда дәнекер тінде рН мөлшері 7, 2 -ге тең болса, жарада 6, 0-6, 5, тіпті 5, 4-ке дейін жетеді.
Ацидоз жарада экссудативті өзгерістерді шақырады, капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылатады, электролиттердің құрамы өзгереді. Жасушалар ыдырағанда калий босап шығады. Ортаның рН-ң және электролиттердің құрамының өзгеруі, жарада улы өнімдердің жиналуына және коллоидтардың құрамының өзгеруіне, жасушааралық кеңістікте сұйықтықтардың жиналуына және коллоидтардың ісінуіне алып келеді. Коллоидтардың гельден золь жағдайына ауысуы жасуша мембранасының жыртылуын және жасушалардың бұзылып, өліеттенудің дамуын шақырады. Жасушалардың ыдырауы бос иондардың жиналуына, осмостық қысымның жоғарылауына, қан айналымының бұзылуына, жасушалық инфильтрация мен экссудацияға әкеледі. Қабыну кезеңінде жарада белок алмасуы өзгеріп, катоболитикалық үрдістер басым болады, ал регенерация кезеңінде - анаболитикалық үрдістер күшейеді. Катаболитикалық үрдіс өліеттенген тіндермен, фагоцитозбен, белсенді протеолизбен ерекшеленеді және жарада белоктардың ыдырау өнімдерінің (полипептидтер мен нуклеопротеидтердің) жиналуымен сипатталады. Анаболикалық үрдістер белоктың ыдырауына қарағанда, оның синтезінің жоғарылауымен ерекшеленеді. Жарада көптеген амин қышқылдары жиналады: лизин, тирозин, гистидин, пролин. Регенерацияда маңызды орынды пролин алады, себебі ол коллаген белоктарының оксипролиніне айналады. Жарада аденозин және аденил қышқылдары көбейеді. Бұл заттардың негізгі туындыларына АДФ және АТФ жатады. Олар бір-біріне оңай ауысып, көп мөлшерде энергия бөледі, бұл энергия регенеративті үрдістерге жұмсалады. Қабыну үрдісінің ағымына биологиялық белсенді заттар да өзінің әсерін тигізеді: гистамин, серотонин, гепарин, калликреин, кининдер, простогландиндер.
Қабынуға ферментативті үрдістерде қатысады. Жарада экзогенді және эндогенді ферменттер болады. Эндогенді ферменттер лейкоциттер мен басқа жасушалардың ыдырауының салдарынан пайда болады. Оларға протеазалар, лизоцим, липаза, оксидаза ферменттері жатады. Экзогенді ферменттерге табиғаты бактериялық болып келетін ферменттер жатады: дезоксирибонуклеаза, коллагеназа, стрептокиназа, гиалуронидаза. Бұл ферменттер өліеттенген тіндерге әсер етіп, белоктарды протеидтерден аминқышқылдарына дейін ыдыратады. Ферменттер өліеттенген тіндерді ерітеді және жараның іріңнен тазаруын жылдамдатады.
Жаралардың регенерациясы. Репаративті регенерация - бұл сыртқы әсерден бұзылған тіндер мен ағзалардың қалпына келуімен сипатталатын биологиялық құбылыс. Репаративті регенерацияның негізін тіндердің қалпына келу қабілетін анықтайтын физиологиялық үрдістер құрайды. Сонымен, жаңа үрдісі деп жарадағы тіндерде бірте -бірте дамитын биологиялық құбылыстардың жинағын айтады. Оның дамуы тіндердің сипатына, дененің жалпы жағдайына, микрофлораның және жүргізіліп жатқан емдеу әдістерінің түріне байланысты болады.
Жара үрдісінің даму кезеңдері. Жара үрдісінің ағымында үш негізгі кезеңді ажыратады.
Бірінші кезең - қабыну немесе гидратация кезеңі. Ол альтерация, экссудация, және некролиздің басым болуымен сипатталады. Бұз кезең жарақаттан кейін бірден басталып, өліеттенген тіндердің ыдырауымен және жараның тазаруымен аяқталады. Жарақаттан соң бірден тамырлардың тарылуы пайда болады. Ол бірнеше минуттан кейін, тамырлардың паралитикалық кеңеюіне аусады, соның нәтижесінде тамыр қабырғасының өткізгіштігі бұзылады және тіндердің жарақаттық ісінуі дамиды. Ацидоз жағдайында және биологиялық белсенді заттардың әсер етуінен, тіндердің ісінуі тез арада ұлғайып, тамырлардан айналасындағы тіндерге қанның сұйық бөлігі мен қан түйіршіктері шығады. Қабынған аймаққа шоғырланған дейкоциттер, бірінші тәуліктің ішінде-ақ өліеттенген аймақтың айналасында лейкоцитарлы жиекті қалыптастырып құрайды. Бұл шектеуші демаркационды аймақ болып табылады. Шоғырланған нейтрофилдер жасушаішілік протеолиз есебінен фагоцитарлы қызметерімен жүзеге асырылады. Олар лейкоциттердің өлуі кезінде пайда болады және қан мен айналасында орналасқан тіндерден келетін ферменттер болып табылады. Фагоцитоз бен протеолизді атқарған лейкоциттер өледі. Пайда болған ірің өлген лейкоциттер болып табылады. Лейкоциттердің бір бөлігі макрофагтармен жұтылады. Макрофагтардың жараның тазаруында маңызы өте зор, өйткені оларда күшті лизосомальді ферменттердің (протеазалардың) жинағы болады. Жараны өмірге қабілетсіз тіндерден тазартуда микроорганизмдердің де қосар үлесі жоғары, яғни, олардың протеолиттік ферменттері үлкен қызмет атқарады. Алайда, патогенді флорамен микробтық ластану өте айқын болса, онда ол жара үрдісіне теріс әсерін тигізеді.
Жара үрдісінің екінші кезеңі жарақаттан кейінгі 2-3-ші күндері басталады. Бірінші кезеңнен екінші кезеңге өтуінің қатаң шегі жоқ. Жара үрдісінің бұл кезеңін пролиферация немесе дегидратация кезеңі деп айтады. Басталған пролиферацияда капиллярлардың эндотелийі мен фибробластардың ерекше маңызы бар. Грануляциялардың түзілуі жараның түбінен басталады. Ол негізінен ескі тамырлардың бүршіктенуінен түзілетін жаңа тамырлар және ескі тамырлармен байланыспаған, пролиферацияға ұшыраған эндотелий жасушаларының арасынан жаңадан түзілген тамырлар болып табылады. Гранулалардың түзілуі жараның түбінен басталады. Гемодинамикалық факторлар өсетін тамырлардың жалпы бағытын реттеп отырады, капиллярлардың ұштары доға түзіп, пролиферациялық жасушаларға қайта енеді. Осылайша грануляциялық тін пайда болады. Ол «granula» - «дән» деген сөзден шыққан. Грануляциялық тіннің беті дәнді болады. Эндотелийден басқа, грануляциялық тін фибробластардан тұрады. Олардың коллаген талшықтарын түзуге және тыртықтың дамуында маңызы зор. Жарадағы грануляциялық тіннің пайда болу кезеңінде, алмасу үрдістеріне семіз және плазмалық жасушалар белсенді қатысады. Грануляциялық тінде коллаген синтезімен бірге эластикалық талшықтардың түзілуі де жүріп жатады. Грануляциялық тін тек репаративті ғана емес, сонымен қатар қорғаныш қызметінде атқарады. Ол токсиндердің сіңірілуін және микроорганизмдердің түсуін болдыртпайды. Грануляциялық тіндердің, тағы да бактерицидті қызметі бар. Ол лейкоциттер мен макрофагтардың қызметінің және протеолиттік ферменттердің есебінен жүзеге асады. Грануляцияның сипатына байланысты жара үрдісінің ағымын анықтауға болады. Сау грануляциялар ашық-қызыл немесе алқызыл түсті, қаныққан шырынды және тұрақты болады, тиіскенде қанамайды. Патологиялық өзгерген грануляциялар - сұр түсті, бозғылт, солған, борпылдақ болады, тиіскенде оңай қанайды.
Жара үрдісінің екінші кезеңі 12-30 күннен кейін, жара бетінің грануляциялық тінмен толып, тығыз грануляциялық тінмен толып, тығыз грануляциялық тін пайда болған соң ғана аяқталады.
Үшінші кезең - жараның тыртықтану және эпителиймен қапталу (эпителизация) кезеңі . Ол 2-4 аптада кейін басталады. Коллагенді және эластикалық талшықтардың белсенді қалыптасу үрдісі жүреді, яғнии тыртықты тіннің талшықты негізі құрастырылады. Эластикалық талшықтар 4-6 аптадан кейін қалыптаса бастайды, ал олардың түзілуі 6 айда аяқталады. Осымен операциядан кейінгі кезеңде науқастардың рациональді физикалық жүктемесінің мерзімі анықталады. Грануляциялық тіннің жетілуі, жара бетінің эпителиймен қапталуымен қабаттасып жүреді. Бұл үрдістердің біркелкі жүрмеуінің нәтижесінде келлоидты тыртық түзіледі (тыртықты тіннің тым артық түзілуі) . Жеделдетілген эпителизацияның салдарынан атрофиялық тыртық пайда болады. Жаңадан түзілген эпителий қабатында май мен тері бездері және түк қапшықтары болмайды. Жараның орнында иннервацияның қалпына келуі баяу жүреді: 2-3 аптадан кейін басталып, 6-7 айда аяқталады. Жараның жазылу мерзімі, оның көлеміне, қоршаған тіндердің зақымдалу дәрежесіне, өліеттенген тіндердің мөлшеріне, жараға түскен микроорганизмдердің санына, түріне және вируленттілігіне, науқастың жалпы жағдайына, сонымен қатар жараның шеттері мен қабырғаларының орналасуына байланысты болады.
Осы факторларды ескере отырып, жараның жазылуы былай бөлінеді: жараның біріншілік және екіншілік тартылуы, қабыршақтың (струптың) астында жазылуы.
Жараның біріншілік тартылып жазылуы сызықты жараларда және жараның шеттері мен қабырғалары тығыз түйіскенде байқалады. Мұндай жағдайда репаративті регенерация жара үрдісінің даму кезеңдерінің барлығынан өтеді.
Жараның екіншілік тартылып жазылуы жараның шеттері мен қабырғалары бір-бірінен алшақ тұрғанда (арасы 10 мм-ден көп болғанда) байқалады. Мұндай жаралардың жазылуы іріңді қабыну арқылы барлық кезеңдерді өткізіп жүреді. Өліеттенген тіндер некролизге ұшырап, жара тазарады, оның беті грануляцияға толады.
Жараның қабыршақтың астында жазылуы терінің кішігірім жараларында (терісі сырылғанда, күйікте) болады. Бұз кезде жараның беті кепкен қан, лимфа және өліеттенген тіндерден түзілген қабыршақпен жабылады. Ол қорғаныш қызметін атқарады, қабыршақтың астында грануляция мен эпителизация жүреді. Бұл үрдіс аяқталған сайын, қабыршақ жұлынып түсе береді.
Жарақаттарды хирургиялық емдеудің мақсаты - жаралық инфекцияның дамуының алдын -алу және жедел іріңдеуден сақтау; дамыған инфекциямен және жараның іріңдеуімен күресу; жаралану кезінде бұзылған анатомиялық және физиологиялық зақымдануларды қалпына келтіру болып табылады. Осы мақсатпен жарақатты хирургиялық өңдеуден өткізеді, әсіресе микроорганизмдерге бай кездейсоқ жараларда, міндетті түрде жүргізілуі тиіс.
Тіпті, операциялық жарақаттың өзі салыстырмалы залалсыз болып есептеледі, өйткені оған қоршаған ауадан және науқастың өзінің терісінен микробтар түсуі мүмкін. Сонымен, инфицирленген жараны емдеудегі кезеңге ЖБХӨ жатады. Оны жасау барысында инфицирленген, өмірге қабілетсіз тіндер кесіліп алынады, бұл жаралық инфекцияның дамуының алдын алады.
Жараны біріншілік хирургиялық өңдеудің (ЖБХӨ) ерте, кейінге қалдырылған және кеш түрлерін ажыратады. Ерте хирургиялық өңдеу жараланудан кейін, 24 сағат ішінде орындалады, кейінге қалдырылған - екінші тәулікте, ал кеш өңдеуді - 48 сағаттан соң жасайды. ЖБХӨ неғұрлым ерте жасалса, соғұрлым оның болжамы да жақсы болады.
ЖБХӨ - бұл жараның шеттерін, қабырғаларын және түбін инфицирленбеген және өмірге қабілетті бар тіндердің шекарасымен кесіп алып, оның анатомиялық бүтіндігін қалпына келтіру болып табылады. Егер жараның өзегі тар жән терең болса, онда жараны тіліп, кеңейтеді де, тіндердің 0, 5-1, 0 см-дей қабатын кесіп алып тастайды. Барлық қалталарды ашып, теріні, тері асты шелмайын және өмірге қабілетсіз барлық бұлшықеттерді алып тастайды. Тілінген терінің астындағы шандыр мен апоневроз кесіледі, бұл жараны жақсылап қарауға мүмкіндік береді және ісінген бұлшықеттердің қысылуын азайтады. Зақымдалмаған ірі қан тамырлары, нервтер, сіңірлер ЖБХӨ кезінде сақталуы тиіс, ал жараланған тамырлардың, нервтердің және сіңірлердің тұтастығын қалпына келтіру керек. Жарадағы бөгде заттарды алып тастау керек. ЖБХӨ-і біріншілік тігіс салып аяқтайды. Екінші тәулікте жасалған хирургиялық өңдеу кейінге қалдырылған деп аталады. Оның мақсаты мен орындалуы ЖБХӨ-мен сәйкес болады.
Жараны кеш хирургиялық өңдеу жаралық инфекцияның алдын-алуға емес, оны емдеуге бағытталған. Ол 2 тәуліктен кейін (48 сағаттан соң) орындалады. Жарадағы бөгде заттар алынады, жара жуып тазартылады, өліеттенген тіндер кесіліп алынады, қалталар мен гематомалар тілініп ашылады. Инфекцияның таралып, жайылып кетпеуі үшін, тіндердің қабырғасын кеспейді.
1. 2 Жара жазушы таңғыштар және олардың түрлері
Адам денесі, белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық ағзасы тіндерінің күшпен зақымдануы депаталады, мысалы: соғып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы және т. б. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған жөне таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлык жаралар ластанған болады.
Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) және терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін.
Жаралаушы кұрал түрі мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz