Топырақтың гранулометриялық құрамының топырақ қасиеттеріне, құнарлығына және жер өңдеуге әсері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Топырақтың гранулометриялық құрамының топырақ қасиеттеріне, құнарлығына және жер өңдеуге әсері

Грануметриялық құрамы жеңіл топырақтар жақсы су сіңімділігімен, оңтайлы ауа жүргісімен тез қызу қабілеттілігімен сипатталады. Сонымен бірге олардың теріс қасиеттері бар, мысалы ылғал сыйымдылығының төмендігі, қарашіріндісінің, қоректік элементтердің аз болуы, сіңіргіштік қабілетінің шамалылығы, жел эрозиясына бейімділігі.

Топырақтағы физикалық құммен саз бөлшектердің салыстырмалы мөлшеріне сәйкес ол құмды, құмайт(құмдауыт), саздауыт ( жеңіл, орта, ауыр ), сазды (олда 3-ке бөлінеді: жеңіл, орта, ауыр ), ал топырақты өңдегенде тарту кедергісіне байланысты шартты түрде жеңіл, орташа, ауыр топырақтар деп үш топқа бөлінеді.

Ауыр саздауытты және сазды топырақтар жоғары байланыстылығы және су сыйымдылығымен, қарашірінді, қоректік заттармен қамтамасыз етілу деңгейі жоғарлылығымен ерекшеленеді. Мұндай топырақтардың оң қасиеттері олардың құрылымы жоғары болғанда айқын көрінеді де, керісінше, шаңдақ болғанда теріс көріністері ұлғаяды.

Құрылымы нашар топырақтардың арасында өздерінің қасиеттерімен жеңіл және орта саздақты топырақтар ерекшеленіп тұрады.

Топырақтың физикалық пісіп-жетілуі оның грануметриялық құрамына тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар топырақтың технологиялық қасиеттері (байланыстылығы, иілімділігі, жабысқақтығы ), қаттылығы, ісіну қабілеттілігі де оның грануметриялық құрамына байланысты.

Топырақтың грануметриялық құрамын еске ала отырып ауыл шаруашылық дақылдарын аумаққа орналастыру әбден мүмкін. Мысалы, картоп, көптеген көкөніс дақылдарын құмдауыт, жеңіл саздауытты жерлерге орналастырған тиімді болып келеді.

Гранулометриялық құрам топырақ тузуші жыныстан қалған оның өте тұрақты белгілерінің бірі, ол топырақты шаруашылықта пайдаланғанда өзгерістерге ұшырайды деуге болмайды. Тек жылыжай жағдайларында немесе аз көлемді жерлерді органикалық тыңайтқыштарды көп мөлшерде берумен қатар сазды немесе құмды топырақпен араластыру арқылы оның грануметриялық құрамын өзгертуге болады.

Топырақтың технологиялық қасиеттері дегеніміз өңдеу құралдарын дұрыс таңдап алғанда, топырақты өңдеудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін оның механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Топырақтың созымдылығы деп оның сыртқы күштердің әсерінен өз формасын өзгерту және сол өзгерген қалпын күш әсері тоқтағаннан кейін де бұзбай ұзақ уақыт сқтау қабілетін айтамыз. Созымдылық топырақтың грануметриялық құрамына, ылғалдылық деңгейіне және басқа жағдайларға байланысты.

Топырақтың жабысқақтылығы

Ылғал топырақтың оны өңдеу құралдарының жұмыс органдарына жабысу қабілеті. Бұл қасиет топырақтың грануметриялық құрамына және ылғалдылығына байланысты. Гранулометриялық құрамы жеңіл, құрылымы жақсы топырақтар жабысқақ келмейді. Егер топырақ жабысқақ болса, оның өңделу сапасы нашар болады. Топырақты өңдегенде оның сапасына жабысқақтық кері әсер етеді. Атап айтқанда жабысқақ топырақтар өңдеу құралдарына көрсетілетін кедергіні арттырады. Сондай-ақ технологиялық операциялардың сапасын төмендетеді. Құрғақ және өте ылғалды топырақтарды өңдегенде олардың құрылымы бұзылады. Сондықтан топырақты өңдегенде олардың ылғалдылығын еске алу қажет.

Топырақтың байланыстылығы

Топырақтың байланыстылығы оның өңдеген кезде бөлшектенуге, жаншылуға, сыналануына қарсы тұра алатын қабілеті.

Ол топырақтың гранулометрлік құрамына, құрылымына және ылғалдылық дәрежесіне байланысты өзгеріп отырады.

Гранулометрлік құрамы ауыр саз, саз балшық, сор, сортаң және құрылымсыз топырақтардың байланыстылығы жоғары, ал жеңіл құрылымды топырақтардың байланыстылық қасиеті төмен немесе мүлдем жоқ. Байланыстылығы жоғары топырақтарды өңдегенде олар нашар уатылады, еңбек өнімділігі төмендейді және өңдеу сапасы нашарлайды.

Топырақтың қаттылығы

Оның табиғи күйінде сығылу мен сыналуға қарсыласу қабілеті. Ол топыраққа басқа денелердің, яғни өсімдік тамырларының, ауыл шаруашылық машиналары мен өңдеу құралдарының жұмыс органдарының немесе тағы да басқа қатты денелердің кіруіне қарсылық көрсетеді.

Топырақтың қаттылығы оның гранулометрлік құрамына, құрылымына, ылғалдылығына және басқа жағдайларға байланысты. Қатты топырақтарға су нашар сіңеді, ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдарына көрсетілетін кедергілер көбейеді, өсімдіктердің тамыр жүйелерінің топыраққа тереңдеп өсулері қиындайды.

Топырақтың қатылығына оның тығыздығы тікелей байланысты. Қатты топырақтар тығыз, ал жұмсақ топырақтар борпылдақ келеді. Топырақтың тығыздығы немесе көлемдік массасы дегеніміз-- 1 текше сантиметрдегі табиғи құрылысы өзгермеген абсолютті құрғақ топырақтың граммен берілген өлшемі. Топырақтың тығыздығы екі үлкен топқа бөлінеді:

1. Оптималды топырақ тығыздығы - дақылдың ең жоғарғы өнімін қалыптастыру үшін оның биологиялық талаптарын толық қамтамасыз ете алатын топырақтың қатты, сұйық және газ фазаларының өзара көлемдік қатынасын айтады. Топырақтың оптималды тығыздығы 1, 1-1, 35 г/см аралығында болады. Әйтседе ол топырақ түрлеріне байланысты өзгереді.

2. Тепе-теңдік топырақ тығыздығы-- өңделмеген топырақтың табиғи жағдайда қалыптасатын тығыздығы. Тепе-теңдік тығыздылық топырақтың ылғалдану мен кебуінің, тоңдануы мен жібуінің және басқа күштердің әсерінен пайда болады. Аталған тығыздылық оптималды тығыздықтан жоғары болады. Тепе-теңдік тығыздылықтың мөлшері топырақтың типіне, түріне байланысты өзгеріп отырады.

Өсімдіктер өмірінде топырақ тығыздылығы үлкен рөл атқарады. Көптеген ғылыми - зерттеу мекемелерінің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері-- себілген ауыл шаруашылық дақаылдары тұқымдарының топырақ ылғалдылығын сіңіру, яғни олардың жақсы бөртуі топырақ тығыздылығына тікелей байланысты болады.

Тек топырақтың тығыздылығы оңтайлы болғанда ғана себілген тұқымдар ылғалды өз бойына жақсы сіңіріп тез бөртеді, сондықтан жер бетіне жылдам көктеп шығады. Осының нәтижесінде тұқымының егістік өнгіштігі артып, алынатын өнім жоғарылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру
Топырақтың химиялық мелиорациясына анықтама
Топырақтың физикалық және физика-механикалық қасиеті
Топырақтың физикалық құрамы
Топырақ өңдеу
Жүгері дақылының өнімділігі
Зығыр дақылын зерттеу
Кәдімгі боз топырақтың химиялық құрамы
Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері
Топырақ жүйесін ауыр металдардан заласыздандыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz