Қала саябақтары


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

: КІРІСПЕ
: 3
: 1
: ҚАЛАЛЫҚ САЯБАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ
5
:
: 1. 1 Ойын сауық индустриясының мәні мен негізгі түсінігі
5
:
: 1. 2 Қалалық саябақтар мәдени ландшафт элементі ретінде
12
:
: 1. 3 Қалалық саябақтар дамуындағы тарихи аспектілер және дүние жүзілік тәжірибе
16
: 2
: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ САЯБАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
22
:
: 2. 1 Алматы қаласында саябақтық шаруашылықтың қалыптасуы
22
:
:

2. 2Қала саябақтары туристік индустрия бөлшегі ретінде

35
:
: 2. 3 Қалалық саябақтарды орналастыру ерекшеліктері
47
: 3
: ҚАЛА САЯБАҚТАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
52
:
: 3. 1 Қала саябақтарының қазіргі жағдайы мен болашағы
52
:
: 3. 2Ойын-сауық саябақтарын дамыту мүмкіндіктері мен перспективасы
56
:
: 3. 3 Саябақ бос уақытты ұйымдастыру үшін нұсқауларды құрастыру
60
: ҚОРТЫТЫНДЫ
: 65
: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 67


Кіріспе

Әрбір адам туризмді, ағза мен жанның рекреациясының құралы ретінде қабылдауы, жеке түрлерге және әсерлерге жақындығымен түсіндіріледі. Соңғы уақыттары рекреациялық қолданыс үшін территория іздеу мәселесі Алматы қаласы әкімшілігінің ғана емес, туризм саласындағы мамандар, сәулетшілер, географтар, психологтар да белсенді қарастыруда.

Қалалық саябақтар мәдени ландшафт элементі болып табылады. Адамдар қалыптастырған, мәдени, этникалық дәстүр және халық құндылығын көрсетеді.

Саябақтар қаланың экологиялық климатын жақсартуда, адамдардың психологиялық теңдестігін ұстап тұруда, олардың мәдени деңгейін өсіруде және аудандар, қалалалр мен елдегі барлық тұрғындардың денсаулығын жақсартуда үлкен роль атқарады.

Саябақтар салуда жергілікті жерді жобалау мен игеру кезінде қоршаған орта мен нысаннның қызметіне әсер ететін, көптеген ыакторларды терең талдауды қажет етеді. Территорияны тиімді пайдалану керек. ең алдымен, саябақтар экологиялық және сауықтыру рольін атқарады, сондықтан олар барлық жергілікті жерге және адамдар денсаулығына ешқандай зиян келтірмеуі тиіс. Аймақтың қол жетімдігі факторлары саябақтардың мәдени қызметіне әсер етеді. Қол жетімділік коэффициенті жоғары болған сайын (саябақ қала ішінде орналасқан жағдайда) ол мәдени құндылыққа ие болады. Қала маңындағы саябақтар қаланың "жасыл" белдеуінің экологиялық ролін атқарады.

Берілген жұмыстың өзектілігі, әртүрлі негізгі және қосымша қызметтермен толықтырылған, тартымды туристік өнімді қалыптастыру - қазіргі таңдағы алғашқы және ең маңызды мәселе екендігімен қорытындыланады. Сондықтан туристік өнімді қалыптастыру, туристер жағынан едәуір қызығушылық пайда болатындай, оның тұтынушылық сапасы мен қасиетін зерттеуден басталады. Әрине, туристік өнімді жобалай отырып, біз өзіміздің жергілікті мүмкіндіктерімізге (ресурстар) қараймыз, бірақ, қазіргі халықаралық туризм қосымша аттрактивті ресурстар мен шараларды қалыптастыру жолында, одан әрі дамып кетті: тақырыптық саябақтар, сафари және рафтингтер, шоу және фестивальдер. Бұлардың барлығы жасанды ландшафттың қалыптастырушы ресурстарына жатады және жергілікті және басқа жерден келген туристер үшін өте тартымды мотив қызметін атқарады, мұндай территорияларға қалалық саябақтарды да жатқызуға болады.

Алматы қаласы аумағында көгалданған территориялар - демалыс және туризм үшін арналған қалалық саябақтар мен гүлзарлар бар. Бұл территорияларды жергілікті мәдени ландшафтқа жатқызуға болады. Ірі қалалардағы урбанизация сапасының өсу қарқыны бойынша табиғи орта компоненттерінің сақталу деңгейіде анықталады.

«Табиғат көп болған сайын, бақытта көп» деген психологиялық тәуелділік анықталып жатыр. Адамның тіршілігі үшін табиғат бөлшектерінің сақталуы ғана емес, қала ішінде демалыс үшін құрылымдық және эстетикалық ұйымдастырылған ландшафтта қажет. Мұндай түрдегі нысандардың бірі қалалық саябақтар.

Берілген жұмыстың мақсаты қалалық саябақтарға демалыс және туризм орталығы ретінде сипаттама беру болып табылады.

Зерттеу міндеті келесі жағдайлар болып табылады:

  • Мәдени ландшафттардың әдістемесінің теориялық мәселелерін айқындау;
  • Алматының қалалық саябақтарының қазіргі жағдайы мен тарихи алғышарттарын талдау;
  • Туристік мақсаттағы қаланың саябақтық шаруашылығын дамыту мәселелері мен болашағы.

Зерттеу пәні мәдени ландшафттарды құраушы ретінде қалалық саябақтар әдістемесінің теориялық мәселелері болып табылады.

Дипломдық жұмыс тарихи, архитектуралық және қала құрылыстық, экономикалық және басқа да әртүрлі бағыттардағы мәліметтер бойынша жазылды.

Әдебиеттерді іздеу, берілген тақырып бойынша жаңа жазбалар жазылмайтындықтан, ақпараттың жеткіліксіздігі қиындық тудырды. Ақпарат 1930 жылдардағы ескірген әдебиеттерден, жаңа деректерден, интернеттен алынды.

Жұмысты орындау барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: картографиялық, статистикалық, әдебиеттік, сауалнама әдістері және т. б.

Дипломдық жұмыста: әдибиетер тізімі - 45; жалпы беттер - 68; 9 сурет; 4 кесте бар.

1 Қалалық парктерді қалыптастырудың теориялық аспектілері туризм индустриясы негізінде

1. 1 Ойын сауық индустриясының мәні мен негізгі түсінігі

Ойын-сауық индустриясына көңіл көтерудегі адамның қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты негізделген мекемелер - цирктер, зообақтар, аттракциондар, ойынханалар, демалыс саябақтары, кинотеатрлар, спорт залдары, кітапханалар, туризм мекемелері, оның ішінде туристерді орналастыру, демалыс орындары, тарихи құндылықтар және т. б. жатады. Қажетті құрал-жабдықтар мен бұйымдар шығаратын өнеркәсіп орындарыда ойын-сауық индустриясына жатады.

Ойын-сауық индустриясы материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын тарта отырып, өз бетінше экономикалық жүйе қалыптастырады. Осы негізде ойын-сауық индустриясының мекемелері ерекше технологиялармен, басқару жүйесімен, іс-әрекет нәтижесімен, қызметкерлердің еңбегін ұйымдастырумен сипатталады. Ойын-сауық индустриясын дамытудағы әлеуметтік бағыт жаңа жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қалыптастырумен, сонымен қатар, қалыптасқан алғышарттар негізіндегі қажеттіліктің пайда болуы және дамуымен көрінеді. Ойын-сауық индустриясы көптеген мәселелерді шеше отырып, (ең алдымен, тәрбие, оптимистік көңіл-күйді қалыптастыру, білім, демалыс, адамның мәдениетін дамыту) тұлғалықты қалыптастырады және дамытады. Өзінің бос уақытының бір бөлігін ойын-сауықпен толықтыра отырып, адам өзін еңбек бірлігі ретінде қалыптастырады [1] .

Ойын-сауыққа қажеттіліктің дамуымен ойын-сауыққа бағытталған мекемелерді қосатын және дүниежүзілік кірісі ойын-сауық индустриясында 1, 3 трлн. доллармен бағаланатын миллиардтаған айналым беретін, едуәір экономикалық сектор қалыптастырды. 2014ж. Pricewaterhouse Coopers компаниясы мамандардың болжамы бойынша тұтынушылар ойын-сауыққа 1, 8 трлн. доллар жұмсайды [2] .

Pricewaterhouse Coopers (PwC) ұлтаралық аудиторлық компанияның зерттеулерінің мәліметтеріне сәйкес "Дүниежүзілік ойын-сауық индустрия және медиа: 2014-2017ж" (Global Entertainment and Media Outlook: 2014-2017), дүниежүзінде ойын-сауық индустриясы және медиа нарығы әлемнің барлық елдеріне тұрақты дамуды сақтап тұрады.

Ойын-сауық және медианың ғаламдық нарығы орта есеппен жылына 5, 6% өседі; ішкі жалпы өнім жылына 7, 2% өседі [3, 4] .

PwC-тің жыл сайынғы зерттеулерінің жаңа шығарылымдарының мәліметтеріне сәйкес, ойын-сауық және медиа индустриясының табысы дүние жүзінің барлық елдерінде болжау кезеңі бойы өсіп отырады, дегенмен оның өсу қарқыны ғаламдық ішкі жалпы өнімнен қалып қояды. Ойын-сауық және медиа ғаламдық нарығы орта есеппен бес жыл бойы жылына 5, 6%-ға, ішкі жалпы өнім жылына 7, 2% -ға өсіп отырды (кесте 1) .

Кесте 1

Көлемі бойынша ірі ойын-сауық нарығы, АҚШ долларымен бағалау [5]

Нарық
2008 ж.
2014 ж.
2008-2014 жж.
Нарық: АҚШ
2008 ж.: 498 884
2014 ж.: 632 094
2008-2014 жж.: 4, 8%
Нарық: Жапония
2008 ж.: 191 621
2014 ж.: 203 062
2008-2014 жж.: 1, 2%
Нарық: Қытай
2008 ж.: 115 280
2014 ж.: 202 765
2008-2014 жж.: 12, 0%
Нарық: Германия
2008 ж.: 97 439
2014 ж.: 110 023
2008-2014 жж.: 2, 5%
Нарық: Ұлыбритания
2008 ж.: 85 548
2014 ж.: 103 864
2008-2014 жж.: 4, 0%
Нарық: Бразилия
2008 ж.: 42 514
2014 ж.: 70 991
2008-2014 жж.: 10, 8%
Нарық: Үндістан
2008 ж.: 22 890
2014 ж.: 43 075
2008-2014 жж.: 13, 5%
Нарық: Шығыс және Солтүстік Африка
2008 ж.: 19 383
2014 ж.: 40 094
2008-2014 жж.: 15, 6%
Нарық: Рессей
2008 ж.: 25 236
2014 ж.: 39 764
2008-2014 жж.: 9, 4%
Нарық: Е с к е р т у - [5] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

1 кестеге сәйкес мәліметтер Солтүстік Америка ойын-сауық және медиа үшін ірі аймақ болып тұрғанын көрсетеді (2014 жылы кіріс 680 млрд. АҚШ долларын құраған) . Дегенмен Латын Америкасы мен АзиялықТынық мұхиты аймақтары, жылына орта есеппен 10, 6% және 6, 5%-ға ең тез дамып отырған аймақ болып табылады.

Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаның дамыған нарығының үлесіне тұтынушылар шығынының негізгі бөлігі кіреді, бірақ бәрінен бұрын олар Латын Америкада (жылына орта есеппен 7, 0%) өседі.

Одан кейін Азия-Тынық мұхиты аймағы (4, 1%), Солтүстік Америка (2, 5%) және Еуропа елдері, Таяу Шығыс және Африка (1, 6%) .

Қытай, Бразилия, Индия, Ресей, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка, Мексика, Индонезия және Аргентина сияқты сегіз ірі ойын сауық нарығындағы елдер мен аймақтар өзінің бар көлемімен өсу деңгейінің жоғарылығымен байқалады. 2008 ж. және 2014 жылдарды салыстырғанда олардың 12% үлесіне жалпы дүниежүзілік кірістің 22% үлесі кіреді [6] .

Бұл елдерде нарықтың жылдық деңгейінің орташа қарқыны ойын-сауық индустриясы мен медианың ғаламдық нарығының өсу деңгейін екі есе жоғарылатады.

Құрама Штаттар тұтынушылардың шығыны мен жарнама шығындарының жалпы соммасы бойынша соңғы бес жыл ішінде ойын -сауық индустриясы нарығындағы ең ірісі болып қала береді [7] .

АҚШ-тан соң Жапон, Қытай, Германия, Ұлыбритания және Франция.

Алдыңғы қатарлы алты ел өзгерізсіз қалады, осыған сәйкес Бразилия Италия мен Оңтүстік Кореяны басып озады және жетінші ірі нарық болып қалады [8] .

Қазақстанда ойын-сауық индустриясының дамуымен, аталған салада өзінің кәсіпкерлік іс-әрекетін жүргізетін басқарушылардың экономикалық біліммен теориялық қамтамасыз етуі туралы сұрақтар туындайды. Тәжірибе алып жатқан мамандар алдындағы маңызды мәселелердің бірі ойын-сауыққа қызмет көрсететін мекемелердің бәсекелестік потенциалын басқару ұстанымы мен бағалау әдістері туралы болып отыр. Сонымен қатар, қазіргі ойын -сауық индустриясының көптеген бағытына қарамастан, статистикалық тәжірибеде де, ғылыми зерттеулерде де қазақстандық мамандар қазіргі уақытқа дейін іс-әрекет саласында ешқандай критерийлер жазбаған, адамдардың көңіл көтеруінің түрлері мен формасына қатысты ешқандай нақты классификация дайындамаған. Менеджмент пен маркетинг алдындағы мәселелер ғана емес, зерттеп отырған аймақтың түсінікті аппараты толық қалыптаспаған. Бұл өз кезегінде, берілген мекемедегі басқару және ұйымдастыру, экономика аясындағы мәселелер қатарының пайда болуына әкеледі.

Ойын-сауық индустриясы - ойын-сауық қызметі мен тауарлары процессін жүзеге асыру үшін жеткілікті және ойын-сауық процессінде қолдану үшін барлық қажеттілікті дайындайтын, мекемелер мен кәсіпорындар жүйесі. Ойын-сауықтың қазіргі әдістері мен түрлерінің кең шоғыры мен ойын-сауық түрлері өз әрекетіндегі ойын-сауық үшін тауарлар, белсенді демалыс пен кәсіби емес спорт тауарлары сияқты, ойын-сауықтарға тауарлар шығара отырып, кәсіпорынның жарты бөлігі ойын-сауықтың қажеттілігімен қамтитын, ойын-сауық қызметтерін көрсететін компаниялардың - өздерінің функциональдық бағытымен ерекшеленетін әртүрлі мекемелермен анықталады [9] .

Ойын-сауық қызметінің нарығы - ойын сауық өнімдерін (бұл жағдайда - ойын сауық индустриясы басым мекемелердегі қызмет және кешенді қызмет) сатып алу-сату мәселесі бойынша өндіруші мен тұтынушы арасындағы пайда болатын қарым-қатынасты жүзеге асыру механизимі [10] .

Ойын-сауық қызметі - ойын сауық мақсаты мен процесінде қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген қызмет көрсету орталығындағы мақсатты іс-әрекет бірлестігі.

Ойын-сауық қызметіндегі нарық инфрақұрылымы - ойын сауық қызметін көрсетету және оның қалыптасуы үшін жағдай қалыптастыру бойынша нақты функцияларды орындайтын технологиялар мен жүйелер, мекемелер бірлестігі [11] .

Ойын-сауық инфрақұрылымының нысаны - ойын-сауық сипатындағы қызмет және кешенді қызмет ұсынатын ғимараттар мен тұрғылықты емес мақсаттағы ғимараттар бірлестігі немесе оның бөлігін көрсетететін, толығымен пайдаланылатын нысан [12] .

Ойын-сауық индустриясына жататын кәсіпорындар тобы :

1 Ойын-сауықта қажеттілікті қанағаттандыруға іс-әрекеті толығымен бағытталған кәсіпорын.

2 Ойын-сауықта қажеттілікті қанағаттандыруға жартылай бағытталған, сонымен қатар, мәдени-ағартушылық, білім, тәрбие, спорттық немесе басқада бағыттағы іс-әрекеттегі кәсіпорын.

3 Өзінің қосымша және көмекші іс-әрекеті түрінде ойын-сауықты қамтамасыз ететін кәсіпорын.

4 Ойын-сауық секторындағы кәсіпорындарды қамтамасыз ету үшін қажетті инвентарь және құрал-жабдықтар шығаратын өнеркәсіп кәсіпорындары [13] .

Кестеде қазіргі ойын-сауықтың негізгі түрлерінің классификациялық қатары көрсетілген (кесте 2) .

Кесте 2

Негізгі ойын-сауық түрлерінің жіктелуі [8]

Жіктелу

критериялары

Ойын-сауықтыру түрлері
Жіктелукритериялары: 1. Жағымды эмоциялардың және сезімдердің көзі
Ойын-сауықтыру түрлері: 1. 1 Белсенді демалу және кәсіби емес спорт түрі
Жіктелукритериялары: 1. 2 Формалды емес қарым-қатынас
Жіктелукритериялары: 1. 3 Ашық түрлерде өтетін шаралар
Жіктелукритериялары: 1. 4 Терапевтикалық және физикалық денеге әсер арқылы көңіл көтері
Жіктелукритериялары: 1. 5 Бас миына химиялық әсер арқылы көңіл көтеру
Жіктелукритериялары: 1. 6 Интеллектуалды және құмар ойындар
Жіктелукритериялары: 1. 7 медиялық ресурстарды индивидуалды пайдалану формалар түрде көңіл көтеру
Жіктелукритериялары: 1. 8 Әуесқойлық шығармашылық
Жіктелукритериялары: 1. 9 Ерекше рахаттану көздерінен алынған қөңіл
Жіктелукритериялары: 2. Көңіл көтеруді ұйымдастыру тәсілдері
Ойын-сауықтыру түрлері: 2. 1 Ұйымдастырушылық
Жіктелукритериялары: 2. 2 Харекетшіл көңіл көтеру (сырттау қамтамасыздандыруды талап етпейді)
Жіктелукритериялары: 3. Көрсету формалары
Ойын-сауықтыру түрлері: 3. 1 Нақты
Жіктелукритериялары: 3. 2 Виртуальды
Жіктелукритериялары: 4. Көңіл көтері іс-әрекеттегі қатысушылардың саны
Ойын-сауықтыру түрлері:
  1. Индивидуалды
  2. Топтық
  3. Массалық
Жіктелукритериялары:

5. Заңды

формасы

Ойын-сауықтыру түрлері: 5. 1 Заңды
Жіктелукритериялары: 5. 2 Тиім салыңған
Жіктелукритериялары: 6. Көңіл көтері процесіндегі іс-әрекеттің интенсивлігі
Ойын-сауықтыру түрлері: 6. 1 Белсенді түрлері
Жіктелукритериялары: 6. 2 Пассивті көңіл көтеру түрлері
Жіктелукритериялары: 7. Қатысушылардың жасы
Ойын-сауықтыру түрлері: 7. 1 Балалар
Жіктелукритериялары: 7. 2 Орташа жасты адамадарға арналған
Жіктелукритериялары: 7. 3 Үлкен адамдарға арналған
Жіктелукритериялары: Е с к е р т у - [12; 13] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

2-кестеге сәйкес мәліметтерді талдау, ойын-сауық индустриясында менеджмент мен маркетингтің жекелеген мәселелерін шешуде нақты бір мекеменің типі мен ерекшелігін міндетті түрде есепке алу қажеттігін көрсетеді.

Ойын-сауықтың қазіргі әдістері мен түрлерінің кең шоғыры мен ойын-сауық түрлері өз әрекетіндегі ойын-сауық үшін тауарлар, белсенді демалыс пен кәсіби емес спорт тауарлары сияқты, ойын-сауықтарға тауарлар шығара отырып, кәсіпорынның жарты бөлігі ойын-сауықтың қажеттілігімен қамтитын, ойын-сауық қызметтерін көрсететін компаниялардың - өздерінің функциональдық бағытымен ерекшеленетін әртүрлі мекемелермен анықталады.

Кестеде ойын-сауық инфрақұрылымы нысандарының классификациясы көрсетілген (кесте 3) [14] .

Кесте 3

Ойын-сауық индустриясы нысандарының классификациясы

Жіктелу қасиеттері
Нысанның қасиеттері
Нысандардыі түрлері
Жіктелу қасиеттері: 1
Нысанның қасиеттері: 2
Нысандардыі түрлері: 3
Жіктелу қасиеттері: 1 Нысанның (бағытының) іс-әрекетінің негізгі бағытты
Нысанның қасиеттері: 1. 1 Ойын-сауық көңіл көтеру іс-әрекет
Нысандардыі түрлері: Кинотеатрлар, концерт залдары, жәрмеңке кешендері, спорт залдары, зоопарктер
Жіктелу қасиеттері: 1. 2 Құмарлық ойындарды ұйымдастыру және өткізу іс-әрекет
Нысанның қасиеттері: Казино, ойын автоматтар залы, букмекерлік кеңсе
Жіктелу қасиеттері: 1. 3 Дене шыңықтыру-қалпына келтіру іс-әрекеттірді ұйымдастыру
Нысанның қасиеттері: Бассейн, фитнес-клубтар, массаж және SPA-салондар, шаңғы базалар
Жіктелу қасиеттері: 1. 4 Парк іс-әрекет
Нысанның қасиеттері: Демалыс паркі, тақырыптық парктер
Жіктелу қасиеттері: 1. 5 Белсенді демалысты және бос уақытты ұйымдастыру
Нысанның қасиеттері: Түн клубтары, боулинг, ойын аркадалар, ойын компьютерлік клубтар, дискотекалар
Жіктелу қасиеттері: 2 Көңіл көтеру орталықтардың бағыттары
Нысанның қасиеттері: 2. 1 Атбасылық демалыс және көңіл көтеру нысандар
Нысандардыі түрлері: Аттакцион парктері, спорт-ойын кешендері
Жіктелу қасиеттері: 2. 2 Балалар ойын-сауқтыру орталықтар
Нысанның қасиеттері: Балалар ойын аймақтар, балалар аттракциондар
Жіктелу қасиеттері: 2. 3 Үлкен жасты адамдарға бағытталған нысандар
Нысанның қасиеттері: Казино, түн клубтары
Жіктелу қасиеттері: 3 Нысандардың орналастыру тәсілдері
Нысанның қасиеттері: 3. 1 Ашық даладағы көңіл-көтеру
Нысандардыі түрлері: Тақырыптық парктер, роллердромдар
Жіктелу қасиеттері: 3. 2 Ғимараттардағы көңіл-көтеру
Нысанның қасиеттері: Аквапарктер, театрлар, ойын бөлмелер
Жіктелу қасиеттері: 4 Қол жәтімділігі
Нысанның қасиеттері: 4. 1 Камералық
Нысандардыі түрлері: Элиталық мейрамханалар және жабық клубтар, VIP-казинолар
Жіктелу қасиеттері: 4. 2 Көпшілік
Нысанның қасиеттері: Казино, парктер
Жіктелу қасиеттері: Е с к е р т у - [14] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

3 кестеге сәйкес мәліметтерді талдау, ойын-сауық нысандарында ерекше іс-әрекет жұмысында қатысуға байланысты қол жетімділік және орналасу әдісі, профилі, олардың мамандануын анықтауды ұсынады.

Шетелдік және қазақстандық ойын-сауық компанияларындағы қызмет көрсету тәжірибелерін талдау олардағы ұсынылатын қызметтің әртүрлілігімен және көлемімен сәйкес ойын-сауық нысандарының классификациясын өңдеуге мүмкіндік берді (кесте 4) [15] .

Кесте 4

Ұсынылатын қызмет спекторы бойынша ойын-сауық индустриясы нысандарының классификациясы

Көңіл көтеру индустрияның нысандарының түрлері
Нысандардың қасиеттері (құрылу қағидасы)

Өткізу мүмкіншілігі

адам/ тәуел

Нысандардың түрлері
Көңіл көтеру индустрияның нысандарының түрлері: 1. бағытталғын кәсіпорындар
Нысандардың қасиеттері (құрылу қағидасы): Бір көңіл-көтеру бағытта жұмыс істеу
Өткізу мүмкіншілігіадам/ тәуел: 1000-ға дейін
Нысандардың түрлері: Аквапарктер, боулинг, кинотеатрлар, ойын компьютерлік клубтар, пейнтбол. казинолар
Көңіл көтеру индустрияның нысандарының түрлері: 2. Аралас нысандар
Нысандардың қасиеттері (құрылу қағидасы): Нысанның шектес бағытталған ойын-сауық бөлігі
Өткізу мүмкіншілігіадам/ тәуел: 500-5000
Нысандардың түрлері:

Сауда-көңіл-көтеру орталықтар,

Спорттық көңіл-көтеру кешендер, фестиваль-орталықтар

Көңіл көтеру индустрияның нысандарының түрлері: 2-3 көңіл-көтеру бағытта жұмыс істеу
Нысандардың қасиеттері (құрылу қағидасы):
Өткізу мүмкіншілігіадам/ тәуел:

Мәдени-көңіл көтеру орталықтар,

Көңіл көтеру кешендер және казинолар

Көңіл көтеру индустрияның нысандарының түрлері: 3. Көп бағытты ойын-сауықтыру орталықтар, көңіл көтеру географиялық зоналар
Нысандардың қасиеттері (құрылу қағидасы): Бір неше көңіл-көтеру бағыттарда жұмыс істеу
Өткізу мүмкіншілігіадам/ тәуел: Более 5000
Нысандардың түрлері: Тақырыптық парктер, көңіл-көтеру зоналар: Сентоза аралы, Лас- Вегас, Атлантик-Сити
Көңіл көтеру индустрияның нысандарының түрлері: Е с к е р т у - [15] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

4 кестеге сәйкес мәліметтерді талдау ұсынылатын қызмет спекторы бойынша ойын-сауық индустриясы нысандарының классификациясы алуан түрлі және 3 негізгі типке бірігеді:

  • мамандандырылған кәсіпорын;
  • аралас нысандар;
  • көп профилді ойын-сауық орталықтары.

Кәсіпорындары жақсы дамыған көптеген елдерде қаражатты тек өмірлік қажеттілік тауарларды сатып алуға ғана емес, сәнді пайдасыз сатып алулар, оның ішінде ойын-сауыққа жұмсауын көрсететін, қоғамдық өмірге деген тұтынушылық стиліне, тұрғындардың табысының өсуіне, еңбек ақысының, сатып алушылық күшінің өсуі әкеліп отыр. Демалыс пен ойын-сауық сапасының қанағаттанарлық болуы адам үшін оның әлеуметтік жағдайының индикатор болса, ал қоғам үшін - елдің экономикасының даму көрсеткіші мен оның әлеуметтік саласы [16] .

Ойын-сауық индустриясы дамуының әлеуметтік бағыты да бар. Бұл жаңа жеке және қоғамдық қажеттіліктердің қалыптасуынан, сонымен қатар, олардың пайда болуы мен дамуынан байқалады. Өзінің бос уақытының бір бөлігін ойын-сауықпен толтыра отырып, адамдар өздерін қалыпқа келтіреді.

Ойын-сауық процессінің негізгі сипаттамалары [17] :

- ойын-сауық түрлерінің шектеусіз таңдауы;

- ойын-сауықты тұтынуға адамдарды алдын-ала даярлау;

- ойын-сауық түрлерін ерікті таңдау;

- басқа да әрекеттермен бірге араласқан ойын-сауықтар (ойын-сауық орталықтары) .

Ойын-сауық индустриясын күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде қабылдауға болады. Оның құрылымын зерттеу барысында жүйе бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен осыған байланысты сыртқы ортамен байланысы пайда болады. Жүйені әртүрлі белгілеріне қарай бөліктерге бөлу көптеген құрылымды қарастыруға әкеледі: уақыт бойынша, кеңістік бойынша, аралас [18] .

Статистикалық тәжірибеде адамдардың ойын-сауықпен айналысуы, іс әрекет сферасын бөліп көрсету критерийлері жоқтың қасы. Бұл іс-әрекеттің бастапқы түрлерінің жеткіліксіз классификациясымен байланысты. Сонымен қатар, ойын-сауық жағдайын ұйымдастыру мен қалыптастыратын кәсіпорындардың көп мөлшерінен байқауға болады [19] .

Ойын-сауық индустриясын экономиканың "жас" саласы деп атауға болады. Бұл адамның рухани қажеттілігін зерттеуге ұзақ уақыттар бойы көңіл бөлмегендігіне байланысты. Бұл ойын-сауық процесімен қамтамасыз ететін кәсіпорындарды басқару мен ұйымдастырудағы, экономикадағы өңделмеген мәселелерді туындатады. Осы уақытқа дейін осындай кәсіпорындарды құраушы бөліктерінің технологиялық бірлігі, оның инфроқұрылымы туралы мәселелер толық шешілмеген. Ойын-сауық индустриясының кәсіпорындарына тән ұйымдастырылған-экономикалық белгілер бірлестігін қалыптастыру өте күрделі. Әртүрлі елдердегі ойын-сауық индустриясын дамыту тәжірибесіне қарай отырып, оның жекелеген бірлігінің құрамын қарастыруға болады. Оларға ойын-сауықта адамдардың қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты негізгі іс-әрекеттегі кәсіпорындар жатады. Мұндай бірліктерге мыналар жатады:

а) іс-әрекеті толығымен ойын-сауықпен көрінетін кәсіпорындар (зообақтар, демалыс саябақтары, цирктер және т. б) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық саябақтардың түрлерін жіктеу
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
Африканың географиялық орналасуы
Саябақ - елдiң сәнi
Қаланың аудандарын жоспарлау
Қазақстандағы туристік өнім
Африканың ұлттық саябақтары
Келешекте қаланы көгалдандыру жоспары
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Экологиялық құқық. Орман ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz