Биологиялық ырғақ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І.Негізгібөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Биологиялықырғақтардыңмаңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Ырғақтылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3.Ұйқы және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4.Биоырғақ ерекшелігіне байланысты адамдардың типтері ... ... ... 10
1.5. Адамға әсер ететін қуаттар. Таным.түсінік, болжамдар ... ... ... ..13
ІІ. Зерттеу нәтижелері
2.1. «Сіз кімсіз: жапалақсыз ба, бозторғайсыз ба?» тесті ... ... ... ... 17
2.2. Зерттеу обьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3. Зерттеу нәтижелеріне талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Биологиялық ырғақ – бұл организмнің тіршілігінде, өсіп-дамуында, ағза жүйелерінің қызметінде, зат алмасуында, олардың үнемі белгілі бір уақытта маусымда асқындап және баяулап отыратын табиғи құбылысы. Ол организмді қоршаған ортанын маусымдық өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді. Биоырғақтар кезең, амплитуда, фаза, орташа денгей, профиль сияқты параметрлермен сипатталады.
Биологиялық ырғақтарды организмнің бейімделушілік қабілеті мен шама критериі ретінде қолдануға болады. Жүрек ырғағын математикалық анализдеу әдісін организмнің функционалдық жағдайына болжау жасау және бағалау үшін қолданады. Кардиоинтервалдардың таралу параметрлер қисығы вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің белсенділік мөлшерін сипаттайды.

1. Төлеуханов С.Т. Адам физиологиясы / - Алматы "Қазақ университеті" 2010. 239 б.
2. Тель Л.З. Валеология / Л.З.Тель, Е.Д.Даленов – Астана: 2005. 152-158б
3. Шапошникова В.И. Биоритмы – часы здоровья /. В.И.Шапошникова Москва: «Советский спорт» 1991. 60 стр.
4. Дедов И.И. Биоритмы гормонов / И.И.Дедов, В.И.Дедов – Москва: «Медицина», 1992.253стр.
5. Сестринское дело. Справочник / Растов-на-Дону: «Феникс», 2000.543стр.
6. Матюшонок М.Т. Балалар мен жасөспірімдер анатомиясы, физиологиясы жәнегигиенасы / М.Т.Матюшонок, Г.Г.Турик, А.А.Крюкова. - Алматы: Мектеп, 1986. - 281бет.
7. Петришина О.А. Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физмологиясыжәне гигиенасы / О.А.Петришина, Е.П.Попова. - Алматы: Мектеп,1984. - 204 бет.
8. Дүйсембин Қ. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы Қ.Дүйсембин,
З.Алиакбарова. - Алматы: 2003. - 399 бет.
9. Гарибьян Р.Б. Адам анатомиясы мен физиологиясы / Р.Б.Гарибьян, Н.Г.Марков. -Алматы: Мектеп, 1973. - 244 бет.
10. Күзенбаева.Ә. Адам анатомиясы / Ә. Күзенбаева. - Алматы: Арыс, 2001. - 236 бет.
11. Трач.С. Искусство вести здоровый образ жизни / С.Трач. - Москва: Медицина, 1984. -231 бет.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Биологиялық ырғақтардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
1.2. Ырғақтылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3.Ұйқы және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4. Биоырғақ ерекшелігіне байланысты адамдардың типтері ... ... ... 10
1.5. Адамға әсер ететін қуаттар. Таным-түсінік, болжамдар ... ... ... ..13
ІІ. Зерттеу нәтижелері
2.1. Сіз кімсіз: жапалақсыз ба, бозторғайсыз ба? тесті ... ... ... ... 17
2.2. Зерттеу обьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3. Зерттеу нәтижелеріне талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..19
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Биологиялық ырғақтың адам өміріндегі маңызы
oo Жобаның мақсаты:
табиғаттағы және адам ағзасындағы ырғақтарға теориялық талдау
жасап, биоырғақ моделін пайдаланудың тиімді жолдарын ұсыну.
oo Жобаның міндеттері:
- табиғаттағы және адам ағзасындағы биоырғақтарға теориялық талдау жасау, ырғақ,ырғақтылық, биоырғақ ұғымдарының мәнін ашу;
- қатерлі, не шабыт шалқитын күндердегі еңбек ету қағидаларын, сол күндерге қажет психологиялық, әлеуметтік қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау;
- адамның биоырғағына есептеулер жүргізіп, алынған нәтижелерді жинақтап,
математикалық моделін салып, қорытындылау арқылы әлеуметтік қарым-қатынас ерекшеліктерін қарастыру.
oo Зерттеу нысаны: адам ағзасындағы биоырғақтар үдерісі
oo Зерттеудің ғылыми болжамы: егер адам өмірінің әрбір уақытында ағзадағы
oo биоырғақтарды ескере отырып іс-әрекеттерін жүйелі түрде ұйымдастырып отырса, онда адамдардың денсаулығы жақсарып, ұзақ өмір сүруге мүмкіндік туар еді.
oo Зерттеу кезеңдері:
- зерттеу тақырыбына биатлонисты материалдар жинау, оқып танысу;
- жеке адамның биологиялық ырғақтарын зерттеп, математикалық моделін жасау және сол арқылы әлеуметтік қарым-қатынастарға түзетулер енгізу;
- зерттеу жұмысын талапқа сай безендіру;
oo - жобаны қорғау.
Кіріспе
Биологиялық ырғақ - бұл организмнің тіршілігінде, өсіп-дамуында, ағза жүйелерінің қызметінде, зат алмасуында, олардың үнемі белгілі бір уақытта маусымда асқындап және баяулап отыратын табиғи құбылысы. Ол организмді қоршаған ортанын маусымдық өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді. Биоырғақтар кезең, амплитуда, фаза, орташа денгей, профиль сияқты параметрлермен сипатталады.
Биологиялық ырғақтарды организмнің бейімделушілік қабілеті мен шама критериі ретінде қолдануға болады. Жүрек ырғағын математикалық анализдеу әдісін организмнің функционалдық жағдайына болжау жасау және бағалау үшін қолданады. Кардиоинтервалдардың таралу параметрлер қисығы вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің белсенділік мөлшерін сипаттайды.
Адамның күн мен түнді, таң мен кешті ажыратуын осы биосағат қам - тамасыз етеді. Хронобиология (адам ағзасына, оның өмір сүруге қабілеттілігі мен сезімдеріне, уа - қыт - ты сезінуіне космостық про - цес - тердің әсер етуін зерттейді) ғы - лым ретінде негізделмесе де, ол прак - тикалық астрономияның бір бөлігі іспетті өмір сүруде. Адамның және басқа да тіршілік иелерінің ағзаларындағы ырғақтың екі түрін бөліп қарастыру бар: бірі - цир - кадианды, күн жүйесімен бай - ланысты, екіншісі - инфрадианды, яғни біркелкі емес белгілі бір ке - зең - дерде қайталанып отырады. Адам табиғаты өте күрделі құ - рылым. Оның әрбір жасушасы - микроадам, микроадам - мик - рокосмос. Ғаламның көшірмесі. Адам - уақытты сезінуші. Оны білу үшін сағатқа қарау міндетті емес. Мәселен, өзіміздің сағат қанша болды дегенге сағатқа қарамай айта салатын әдетіміз бар ғой. Және сағатпен салыстырсаңыз көп болса бірнеше минутқа ғана қателес - кеніңізді байқайсыз. Ал тарихта уақытты секундына дейін дәл айта білетін адам-сағаттар өмір сүрген. XVIII ғасырда Швейцарияда өмір сүрген Жан Шевалье деген адам бәріне уақыттың қанша болғанын хабарлап жүрген екен. Ол өз өмі - рінің әрбір сәтін санап жүргенге ұқ - сайды. Кейде мынадай да жағ - дайлар болып тұрады. Көбіміз бастан кешкен бір жағдай есімізде болар. Кейде ерте жатып қалып, елең-алаңда оянып кеткен адам таңертең ояндым деп ойлайды. Күздің күні сағат кешкі сегіздер ша - - масында мектепке барып тұрған балалар әр елдімекенде бар шығар. Биоырғақтың бұзылуы ма? Жоқ, нақтырақ айтқанда ауытқып кетуі. Күнделікті қалыптасқан режимнің бұзылуы кейде осылай алдап тұрады. Қатты ұйықтап қалған адам таңертең кешіккенін сағатқа қарамай-ақ сезіп, шошып оянады. Ұйқының келуін немесе ұйқының қануын адам сағатпен өлшемейді. Ағза өз есебін жүргізеді. Ұшақта көп ұшатын адамдарда, әсіресе стю - - ардессаларда биосағат бұзыла - ды екен.
І Биологиялық ырғаққа жалпы сипаттама
0.1 Биологиялық ырғақтың маңызы
Биологиялық ырғақ - биологияда - биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол клеткалық процестерден бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды қамтиды. Мұны зерттейтін ғылым саласы -- биоритмология. Биологиялық ырғақ табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар өзгерістеріне сәйкес жүреді, "Биологиялық сағат" қызметін атқарады, организмнің уақыт пен кеңістікте бағдарлануына, қоршаған ортадағы өзгерістерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.
Биологиялық ырғақ өсімдіктерде жапырақтар мен күлте жапырақшалардың тәуліктік және физиолгиялық өзгерістері (күзгі жапырақ тастау, қыста өркендердің қатаюы, т.б.) түрінде байқалады.
Ал жануарларда биологиялық ырғақ әр түрлі физиологиялық-биохимиялық процестер (температура ауытқулары, гормондар бөлінуі, РНҚ синтезі, рибосома құрылуы, клеткалардың бөлінуі, т.б.) активтілігінің кезеңділігімен бейнеленеді. Жеке органдардың, тіндердің, клеткалардың тәуелсіз ырғақтары биологиялық құбылыстардың мерзімдік реттілігін құрайды, тірі организмдерде жүретін барлық процестердің үйлесуіне негіз болады. Биологиялық ырғақ тұқым қуалайды және табиғи сұрыпталу мен организмдердің бейімделгіштігінің маңызды факторы болып табылады. Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.
1. Экзогенді биологиялық ырғақ -- организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.
2. Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Маңызына байланысты биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т.б.) және экологиялық (организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік беретін) болып бөлінеді.
Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі бірнеше секундтан ондаған жылдар аралығын қамтуы мүмкін. Қайталану мерзіміне қарай биологиялық ырғақ ультрадианды (1 минуттан 10 -- 12 сағат аралығында), циркадианды, тәуліктік (бір тәулік ішіндегі жануарлардың физиологиялық құбылыстары мен қылығының бір заңдылықпен тербелуі; бұл жарық, температура, ылғалдық әсеріне байланысты), айлық (айналымы жағынан ай фазасына -- айдың толуына, 29, 53 тәулікке жуық), жылдық немесе маусымдық (жыл сайын қайталанып отыратын процестер: жануарлардың ұя салуы, қоныс аударуы, өсу қарқынының өзгеруі), көп жылдық (ауа райының, тіршілік жағдайының планетарлық өзгеруіне байланысты) және теңіздің көтерілу ырғағына сәйкес (24,8 немесе 12,4 сағат сайын байқалатын теңіздегі тіршілік заңдылықтары: қимыл белсенділігі, газ алмасу қарқыны, планктондардың жоғары-төмен ығысуы, т.с.с.) болып бөлінеді.
Биологиялық ырғақ - психологияда -- адамның психикалық белсенділігінің күшеюі мен бәсеңдеуінің кезектесуі. Адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғағы 2 түрлі болады: сыртқы биологиялық ырғақ (Күн активтілігінің циклділігімен, жыл мезгілдерінің, тәуліктің ауысуымен байланысты пайда болатын) және ішкі биологиялық ырғақ (адамның ішкі психикалық және физикалық іс-әрекетінің жағдайымен анықталатын). Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:
* ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 -- 12),
* ең аз белсенділік -- тәулік ортасында (сағат 12 -- 16),
* екінші ең үлкен белсенділік -- кешкі мезгілде (сағат 16 -- 2),
* барынша байқалатын ең аз белсенділік -- түнде (сағат 2 -- 8) болады.
Таңертеңгі және кешкі мезгілдегі белсенділіктің сергектігі организмде болып жататын ішкі биохимиялық процестерге байланысты. Мысалы, адам психикалық белсенділігінің ішкі биологиялық ырғағының тәуліктегі күшеюі мен бәсеңдеуі организмдегі адреналин мен норадреналин гормондарының көбеюіне тәуелді. Мұндай қатаң тәуелділік ішкі биологиялық ырғақтар мен сыртқы тіршілік әрекетінің ұйымдасуы арасында нақты үйлесімнің болуын қажет етеді. Егер бұл үйлесім бұзылатын болса, оның нәтижесі жүйке жүйесінің түрлі ауруларына (мысалы, ұйқының бұзылуы, невроздар, жүрек-қан тамырларының аурулары) соқтырады. Сондықтан психологиялық тексеру мен психокоррекцияда міндетті түрде адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғақ құрылымы ескерілуі тиіс.
Биологиялық ырғақтардың маңызы. Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға төн ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік өрекетіне әсер етеді.
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар тікелей ғарыштық факторлардың өсері аркылы дамиды. Әсіресе күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның кан кьісымьі өзгереді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да өсерін тигізеді. Тірі ағзаларда болатын ырғакка Айдың да әсері бар. Жердің өз білігі (ось) бойынша козғалуы (24 сағатта) тәуліктік ырғаққа әсер етеді. Жердің күнді айнала қозғалуы маусымдык ырғақтарды қалыптастырады.
*
2.2. Ырғақтылық
Тірі ағзаларда болатын ырғақты зерттейтін ғылым - хронобиология (гр. сһrоnос - уақыт) деп аталады. Кейде бұл ғылымды биоритмология (bіоs - тіршілік, rһyтmоs - ырғақтылық) деп те атайды. Ырғақтылық - тірі ағзаларға төн касиеттердің бірі. Биологиялық ырғақтылық аркылы ағзалар сырткы орта жағдайларына бейімделіп өседі, дамиды, тіршілік етеді. Адам ағзасындағы ырғактылықтың үйлесімділігі жүйке және эндокриндік жүйелер аркылы реттеледі. Сонымен бірге адам ағзасы кызметінің ырғақтылығын реттеуде өлеуметтік факторлардың да маңызы зор. Адам белгілі жұмыс төртібіне, қоғамдық мекемелердің жұмыс ережесіне бағынады.
Ұрықтың құрсақта дамуы кезінің өзінде-ақ биологиялық ырғақ калыптаса бастайды. Нәрестенің дүниеге келуі биологиялык ырғақтың қалыптасуында ерекше рөл аткарады. Қанайналымға, тынысалуға, ұйқы мен сергектікке байланысты ырғактар калыптаса бастайды. Ырғақтың қалыптасуында төрбиенің де рөлі бар. Мысалы, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, бала ағзасындағы ырғактылыктың онтайлы калыптасуьша өсерін тигізеді. Жасөспірімдік кезеңінде ырғактылыктыд едөуір ауытқуы байқалады. Бұл негізінен жыныстык жетілуге тікелей байланысты. 20-30 жаста адам ағзасындағы ырғақтылық тұрақталып, жұмыс істеу әрекеті артады, өзін жақсы сезінеді. Адам ағзасында ұзақ мерзімді ырғаққа кейбір аурулардың бірнеше жылдан соң кайталануын атауға болады. Жылдық ырғақ жыл маусымдарының алмасуымен тікелей байланысты. Температуралық өзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы, құрғақ және ылғалды маусымдық өзгерістер басты рөл аткарады. Жылдық маусымдардың алмасуына сәйкес адамда зат алмасу, жылу реттелу, жұмыс істеу қабілеттері өзгереді. Күз бен қыста ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы түру әрекеті төмендейді.
Апта ішінде де ырғақтылық өзгеріп тұрады. Сондықтан да ерте кездерден бастап-ақ апталық күн тәртібі белгіленген. Осыған сәйкес адамның жұмыс істеу қабілеті де өзгеріп тұрады. Әрбір 5 - 7 күн аралығында ағзадағы зат алмасу, орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгеретіні анықталды. Адам ағзасында тәуліктік ырғақ айқын байқалады. Күн мен түннің ауысуы үйқы мен сергектілікке, жалпы зат алмасуға ерекше әсер етеді. Көптеген аурулар тікелей тәуліктік ырғақтың бұзылуынан пайда болады. Тәуліктік ырғақ бұзылмау үшін дұрыс тамақтану, белгілі бір уақытта ұйықтау, тынығып алу қажет.
Биологиялық ырғақ кезеңдері
Жоғары жиілікті ырғақ
кезеңі
30 минутқа дейін
Жүректің жиырылу жилігі, мидың толқынды электр белсенділігі, тыныс қозғалысы, қанның айналымы
Ортаңғы жиілікті ырғақ
30 минуттан 28 сағатқа дейін
Дене қызуы тербелістері, асқа тәбет
тарту, жұмысқа қабілеттілік дәрежесі, дене сағаттары
Тәуліктен асатын ырғақтар
28 сағаттан 7 күнге
Дейін
Дене салмағының артуы,
артериялық қысым, қандағы
эритроциттер мен лейкоциттердің сандары
Үш аптадан асатын
ырғақтар
21 күннен жылға
Дейін
Етеккір ырғағы, адрениннің ырғақты өсуі жіне түсуі
Бірнеше жыл, тіпті оншақты жыл бойылық
ырғақтар
1 жылдан 10 жылға дейін
Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің шығармашылық
өрлеуі және қайтуы
1.3. Ұйқы және оның маңызы
Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап, тынығады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы кезінде зат алмасу бәсендейді, жүректің соғу жиілігі баяу лайды және т. б. Дегенмен де, ұйқы - белсенді түрде жүретін психикалык және физиологиялық үдеріс. Ұйқы - мидың үйлесімді кызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асыкпай талдап, ертеңгі қызметіне кажетті бағасын белгілейді. Ұйқы аркылы ағза өзінің жұмыс істеу кабілетін калпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинакталады. Үйқының белгілі бір уакытында мидың белсенді қызметі күндізгіден де артатыны анықталды.
Ағза ұйқы арқылы тынығады, өзін ширақ сезінеді, еңбек етуге деген құштарлығы артады. Дене температурасының бәсеңдеуі ұйқыға кірісудің ішкі белгісі (сигналы) болып саналады. Ұйқысыздық адам ағзасы үшін зиянды. Ұйкы қанбаса, бас ауырып, мең-зең болады, шаршайды. Есте сақтау кабілеті төмендеп, жүйке жөне т. б. ауруларға шалдығуы мүмкін.
Жаңа туған нәресте тәулігіне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат үйыктайды. Төрт жасар сәби төулігіне - 12 сағат, жеті жасар бала - 11 сағат, он жасар бала - 10 сағат ұйықтайды. 15 жасар жасөспірім төулігіне - 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті. Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты үйкы екі түрге бөлінеді. Оның бірі баяу ұйқы екіншісі - тез ұйқы. Баяу ұйқы кезінде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады. Бұл кезде тынысалу, тамырдың соғуы баяулайды, бұлшықеттер босаңсиды, қан қысымы төмендейді. Адамның козғалыс белсенділігі төмендеп, тез ұйқыға кетеді.
Белгілі бір уакыт өткен соң баяу толкындар тез ырғакты толқындарға ауысады. Бұл - тез ұйқыға кетудің белгісі. Бүл кезде өте ұсақ, бірак жиі биоэлектрлік толқындар байқалады. Ұйықтап жаткан адамның кан кысымы артады, тынысалу, тамырдың соғуы жиілеп, зат алмасу күшейеді. Бұл кезде адам ұйықтап жатканымен, миы белсенді қалыпта болады. Бірақ ондай адамды ояту киынға соғады. Мұндай ұйкыны оғаш ұйқы деп те атайды.
Адам тез, оғаш ұйқы кезінде түс көреді. Ұйкының екі кезеңінде де ми мен ағза тынығады. Ми қыртысында тежелудің таралуы да ұйқыға әсер етеді. Ұйқы аралық мидағы жүйке орталықтарында сергектіктің алмасуы арқылы жүзеге асады. Мұны ұйқының рефлекстік жолмен реттелуі дейді. Ұйқының реттелуіне химиялық заттар да әсер етеді. Түс көру. Барлық адам түс көреді, бірак кей адамдар оны есінде сақтай алмайды. Түс көру - тікелей мидың қызметіне байланысты, күрделі психикалық үдеріс. Түс көру көбінесе адамның бұрын бастан кешкен күйзелістеріне немесе көптен бері ойында жүрген жағдайларға негізделеді. Кейде адамның ойында жоқ түрлі шынайы оқиғалар да түске кіреді.
2.4. Биоырғақ ерекшелігіне байланысты адамдардың типтері
Биоырғақ ерекшелігіне байланысты адамдар 3 типке бөлінеді:
Бозторғай" типті адамдарға (жалпы санның 20-25%) ерте ұйықтау және ерте тұру тән. Мұндай адамдар таңертең ерте оянады, энергияға толы және таңертеңгі сағаттарда жұмысқа қабілеттілігі аса жоғары болады. Кешкі сағаттарда Жұмысқа қабілеттілігі бірден төмендеп ұйқышылдығы артады
Жапалақ" типті адамдарға (жалпы санның 30-40%) кеш ұйықтау және кеш тұру тән, олар түнге дейін белсенді болады бірақ таңертеңгілік сағаттарда белсенділігі төмендейді. Бұл категориядағы адамдарға: К Маркс, В. Моцарт, О. Бальзак, Э.Т. Гофман жатады.
Кептерлер адамдардың 30-50% құрайды. Бұларға алдыңғы екеуі сияқты таңертеңгілік немесе түнгі белсенділік тән емес. Бұларға тән өте жоғары жұмысқа қабілеттілік 10-12 және 16-18 сағаттарда, ал белсенділіктің өте төмен деңгейі сағат 2-ден 5-ке дейін байқалады.
Кейбір адамдар неге таңертең төсектен жеңіл тұрады, ал кейбіреуге кірпігін ажырату қиын? Неліктен біреу түске дейін жұмысты жапырып істейді, ал біреу - түстен кейін? Неліктен біреу кеш батса болды қалғи бастайды, ал екінші біреу тойда таң атқанша тынбай билеуге бар? Үкі мен бозторғай деген термин - Еуропаның ғылыми әлемінде өткен ғасырдың 70-жылдары пайда болған. Оқымыстылардың жаңа ғылыми зерттеулеріне қарағанда, түн жарымында ұйқыға жатып, түске таяу оянатын үкі - адамдар, - бозторғайларға қарағанда, ұзақ әрі бақытты өмір сүреді екен. Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық деген қазақ мақалы бойынша, бозторғайлардың басына байлық, денсаулық пен даналық даруға тиіс. Ағылшындар қазекемнің осы қанатты сөзін ерінбей тексеріп көріпті. Жиырма жылға созылған зерттеуге үш мыңнан аса адам қатыстырылыпты. Барлығы - жасы елуден асқандар. Себебі оларға жұмысқа жиналу үшін белгілі бір мерзімде тұру қажет емес, екінші жағынан - олар түйінді қорытынды жасауға болатындай, өмірінің едәуір бөлігін еңсергендер. Нәтижесінде, қазақтың мақалы тура шықпапты. Біріншіден, үкілер бозторғайларға қарағанда, бай-бақуатты болып шыққан. Екіншіден, жүрек-қан тамыры ауруына, гипертонияға, ауыр салмаққа бейім болып келетін бозторғайларға қарағанда үкілердің денсаулығы мықты екені анықталған. Сонымен, байлық пен денсаулық жайы түсінікті, ал даналық ше? Есте сақтау, ойлау қабілетін тест бойынша тексергенде, үкілер тағы да алға суырылып шыққан. Батыс елдерінде таралған өлшем бойынша, түнгі сағат 12-ден кейін ұйықтап, таңғы сағат 9-ден кейін оянатындарды үкілер деп есептейді. Түнгі сағат 9-10 шамасында үкілердің интеллектуалдық белсенділігі шырқау шыңына шығатын көрінеді. Осы жерде үкілер - жай ғана еркелеп жүрген бозторғайлар болып та шығуы мүмкін ғой, тек биоырғағын ауыстырып алған дерсіз. Бірақ оқымыстылар биоырғақ жүйке клеткаларының жұмысына тәуелді екенін айтады. Өмірлік ырғақтың бұзылуы, денсаулыққа әсер етеді. Биологиялық сағаттың жұмысы гендік текпен де байланысты делінеді. Былайша айтқанда, сіз кімсіз - бозторғайсыз ба, әлде үкісіз бе, бұл - тұқым - тектен берілетін қасиет сияқты. Дегенмен ресейлік дәрігерлер өмірлік күнтізбе адамның жасына да байланысты екенін дәлелдепті. Жұмыс таңғы сағат 9-да басталатын болғандықтан, адамдардың басым бөлігі стандартты график бойынша өмір сүретіні белгілі. Үйреншікті шаблон бойынша сағат 7-де тұрамыз, 9-да жұмысқа барамыз, 18.00-де үйге қайтамыз, 22.00-де ұйқыға жатамыз дегендей. Нәтижесінде, адам өзінің биоырғағынан жаңылысып қалады. Сондықтан дәрігерлер зерттеуді сыртқы жағдай әсер етпейтін еңбек демалысы кезінде жүргізген. Нәтижесінде, 20-29 жастағылардың тең жартысы үкілер қатарын толықтырған, ал 30 бен 49 жастағылардың шамамен 20 пайызы үкі боп шыққан. Ал 50 жастан асқандардың ішінде үкілік өмір образын ұстанатындар бірен-саран ғана ұшырасыпты. Осыған қарағанда, жоғарыдағыдай режим тек қана тектен берілетін қасиет емес, адамның жасына қарай өзгеріп тұратын өмірлік жағдайы мен мақсатына да байланысты болса керек. Егер балаңыз түске дейін шалжиып ұйықтаса, онда оған ұйқының керек болғаны. Жапондар үкілерді үйретудің және емдеудің қажеті жоқ деген шешімге табан тіреген. Жоғарыдағы зерттеулер, негізінен, ересектерге арналған. Ал балалардың хронотипіне қатысты зерттеулер, өкінішке қарай, жарытымсыз. Себеді бала шақта кімнің үкі, кімнің бозторғай екенін айыру қиын. Әрине, жаңа туған сәбилердің тәулігіне жиырма үш сағат ұйықтайтыны түсінікті. Дегенмен бұған таңертең балғындарды ұйқысынан жұлқылап оятып, балабақшаға сүйреу секілді көптеген ішкі, сыртқы факторлардың да әсері бар. Мәселен, экологиясы ушыққан Алматы секілді мегаполисте бала тұрмақ, ересек адамның да ұйқысының қануы қиын. Хрономедицинаның енді ғана дамып келе жатқанын ескерсек, болашақта түрлі тесттер мен талдаулар арқылы биоырғақты анықтаудың бір жолға түсері анық. Адамның құс атымен аталатын биологиялық ырғағы үкі мен бозторғаймен шектелмейді, екеуінің арасында кептер бар. Кептер - адам кез келген жағдайға еш қиындықсыз бейімделе алатындар, яғни керек кезінде үкі де, бозторғай да бола алатындар. Сонымен: Үкілер - күннің екінші жартысында (сағат 4-тен кейін) белсенділігі арта бастап, кешкі сағат 9-10-да шырқау шыңына шығатын адамдар. Бозторғайлар - күннің бірінші жартысында (сағат 10-11-ден 3-ке дейін) белсенді жұмыс істейтін адамдар. Кептерлер - жұмыс уақытының барлығында белсенділігін бірқалыпты сақтай алатын адамдар. Бозторғайлар - үкілерге қарағанда мақсатшыл, көздеген биігіне сенімді түрде өрмелейтіндер. Отыз жасқа дейінгілердің тең жартысы дерлік - үкілер. 30-бен 50 жастың арасында үкілер - шамамен 30 пайыз. Мамандық таңдау көбінесе биоырғаққа да байланысты. Үкілердің арасында шығармашылық адамдар - артистер, музыканттар, жазушылар көп. Бұл үкілердің образды түрде ойлауға бейім екендігіне байланысты, оларда сезімге жауап беретін оң жақ ми шары жетекшілік етеді. Ал бозторғайлар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz