Астана қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы жер асты автокөлік тұрағы бар тұрғын үйді жобалау


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

1 Жалпы мәліметтер

  1. Жұмыс аймағының физикалық-географиялық жағдайы

Климаты және табиғаты. Жұмыс аймағының климаты континенттік. Ең ыстық айлар - шілде, тамыз. Ең суық ай - қаңтар. Орташа жылдық температурасы - 10°С құрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен -4, 7°С, ал шілдеде +23, 8°С. Үсіктер қараша айында басталып, сәуірде аяқталады. Қатты аяздар 67 күн болады - желтоқсанның 19-ы басталып, ақпанның 23-і аяқталады. Ыстық күндер температурасы 30°С-қа дейін - 36 күн болады. Жылда 600-650 мм жауын-шашын болады. 15 күн жиі-жиі жел соғады (15 м/с) . 50-70 күн тұман болады.

Қыс мезгілінде жаңбыр жаууы мүмкін. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 575 мм жетеді. Орташа атмосфералық қысым 926, 3 гПа. Қала арқылы Есіл өзені ағады.

Жалпы сипаттамасы. Құрылыс алаңы - тұрғызылатын нысандарды орналастыруға, уақытша кешендер мен құрылыс салу, техникалар, топырақты опыру, құрылыс материалдарын, өнімдерін, жабдықтарын қоймалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін ұсынылған аумақ.

Осы бөлімде Астана қаласының «Нұрсая» ықшамауданында жер асты автокөлік тұрағы бар тұрғын үй нысанасының құрылысын ұйымдастырудың негізгі шаралары қарастырылған.

D:\diplomka\Новая папка\Диплом\Мереке\картинки\2N8dwq4h6w0.jpg

1-сурет. Нұрсая ықшам ауданындағы тұрғын үй

Бас жобалаушы - Астана қаласының «Аруана-Projects» ЖШС.

Нысананы конкурстық негізде анықталатын құрылыс ұйымы салады. Ғимарат монолитті темір бетонға жобаланған.

Инженерлік іздестірулерге сәйкес ғимарат жобаланатын алаңша Астана қаласында орналасқан. Алаңшаның үстінде бұзылатын қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстар және келешек құрылыс территориясымен өтетін және бөлшектеп көшірілетін коммуникацияның ескі желілері салынған.

Абсолюттік белгілер шамамен 905, 7-906, 3м орналасқан.

25, 0 м-ге дейін тереңдікте жер асты сулары кездеспеді.

Құрылыс алаңының сейсмикалық төзімділігі 9 балл.

Грунттардың маусымдық қатып қалуының нормативті тереңдігі, үйілген грунт үшін - 1, 36 м, саздақ үшін - 0, 92 м.

Грунттар тұз сіңбеген, портландцементтегі W6 b W8 маркалы бетонға агрессиялы емес.

Ең суық күндердің орташа температурасы -28ºС, бес күндікте -21ºС.

Жылыту маусымының ұзақтығы 172 тәулік.

Инженерлік-геологиялық мәліметтер бойынша құрылыс алаңында мынандай грунттар кездескен:

I қабаты - үйілген грунт (құрылыс қоқысы) .

Қабаттың қуаты 0, 3 - 3, 0 м құрайды.

II қабаты - сары топырақты, қатты консистенциялы ұсақ тетікті саз балшық. Қабаттың қуаты 0, 6 - 6, 0 м.

III қабаты - малтатасты грунт қойтасты қосқанда құмдауытты толтырулармен 30-35 %. Қабаттың қуаты 11, 7-22, 0 м.

Құмдауытты толтырулары бар малтатасты грунт іргетас негізінің қызметін атқарады және кірпіш қабырғалы ғимараттар мен темір бетондарда жылу өтетін трассалардың қалдығы кездесті.

Құрылыс грунттары 1992 жылғы 4 ақпанындағы ҚНжЕ (Құрылыс нормалары және ережелері) 1 кестесіне сәйкес өңдеу күрделілігі бойынша мынандай грунттарға жатқызылды (1-кесте) :

1-кесте

Өңдеу күрделілігі бойынша грунттардың бөлінуі

р/с

Грунттардың атауы
Қолмен өңдеу үшін

Бір шөмішті

экскаватормен өңдеу үшін

№р/с: 1
Грунттардың атауы: Үйілген грунттар
Қолмен өңдеу үшін: 3
Бір шөміштіэкскаватормен өңдеу үшін: 3
№р/с: 2
Грунттардың атауы: Малтатасты саздақ
Қолмен өңдеу үшін: 3
Бір шөміштіэкскаватормен өңдеу үшін: 3
№р/с: 3
Грунттардың атауы: Малтатасты, қойтасы бар грунт 35%
Қолмен өңдеу үшін: 4
Бір шөміштіэкскаватормен өңдеу үшін: 4

Құрылыс жергілікті материалдармен Астана қаласына арналған БАББ (біртұтас аудандық бірліктер бағасы) каталогында есепке алынған көлік сызбасына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Құрылысты тауарлық бетонмен, ерітінділермен Астана қаласының өнеркәсіп өндірістерінің миксерлері қамтамасыз етеді.

Құрылыс алаңына жергілікті құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар Астана қаласындағы кәсіпорындардан жергілікті жолдармен автокөлікпен жеткізіледі. Құрылыс қоқыстары мен алынған грунт Астана қаласы әкімшілігінің анықтамасы бойынша тасымалданады.

Уақытша құрал-сайман, жиналмалы-құрастырмалы, контейнерлік типтегі ғимараттар мен мекемелер салынады.

Құрылыстың геодезиялық негізі. Жобаланған нысананың жоспарлы және биіктік жалғастыруын 1. 03-26-2004 ж. ҚР ҚНжЕ «Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар» талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Координаттар жүйесі жергілікті. Ғимарат пен құрылыстың көлденең жалғасуын жергілікті геодезиялық координаттар бойынша жасайды.

Вертикаль жалғасуын құрылыс салу ауданындағы реперге қатысты жүргізеді. Бөлу нақтылығы 03-26-2004 ж. ҚР ҚНжЕ «Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар» тарауындағы орта квадратты кемшіліктер рұқсат етілетін шамаларға сәйкес болуы керек.

Негізгі базистік нүктелер монолитпен және жер қазу жұмыстарын жүргізуде бұзылмайтын бетондағы металл шегелермен мықтап бекітіледі.

Геодезиялық топтастыру негізін жасағаннан кейін, аралықтағы осьтерді егжей-тегжейлі топтастыру үшін негіз болып табылатын ғимараттың басты және негізгі осьтерін бөлу қажет.

Ось белгілері ғимараттың контурынан 1, 0 - 1, 50 аса биіктікте, уақытша және тұрақты жер асты және жер үсті құрылыстарынан, құрылыс материалдарының қоймаларына, жүк көтеретін механизмдерін орналастырудан бөлек бос жерлерге бекітіледі.

Іргетасты орнықтыру жұмыстарын істегенде төңірекке геодезиялық топтастыру және іргетас осьтерін бекіту жүргізіледі.

Мұнан бөлек, құрылыстың алғашқы жылында негізгі ғимараттарды, құрылыстарды, желілерді бұзу және көшіру бойынша дайындық кезеңі және өңделмеген вертикаль жоспарлау жұмыстары жүргізіледі[1] .

1. 2 Құрылыс нысандарын салу кезіндегі жүргізілетін геодезиялық жұмыстар

Инженерлік геодезиялық ізденістер. Инженерлік жұмыстарды жобалау және оны ары қарай салу арнаулы инженерлік ізденіс деп аталатын үрдісті жұмыстар негізінде жүргізіледі. Инженерлік ізденістердің негізгі атқаратын істері - түсіріс жүргізілетін ауданның табиғи және экономикалық жағдайларын, түсіріс жұмыстарының оны қоршаған ортамен өзіндік байланысы, оларды қорғаудың инженерлік жолдары және жұмыс ауданындағы жұмысшылардың қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз етілу жағдайларын зерттеу.

Инженерлік ізденістің әр түрі жобалаудың өзіне тән сатысын материалдық қамтасыз етуі керек. Сондықтан ізденісті бірнеше түрге бөледі:

  1. алдын алалық, технико-экономикалық негізін анықтау немесе есептеу;
  2. жобалау кезіндегі ізденіс жұмыстары;
  3. жұмыс істеу құжаттарын дайындау кезіндегі жұмыстар.

Ізденіс экономикалық және техникалық болып екіге бөлінеді. Экономикалық ізденістер түсірісті, сол жерде керекті материалдармен, заттармен, көлікпен, энергиямен, жұмыс күшімен, т. с. с. қамтамасыз ете ала ма және объект түсірісі болған соң осы түсіріс экономикалық тұрғыдан тиімді ме, осы аталған шарттарды есепке ала отырып жасалады. Экономикалық ізденіс техникалық ізденістің алдын алып отырады. Техникалық ізденіс түсіріс жасалатын жер аумағының табиғи жағдайын егжейлі-тегжейлі зерттеу және жобалау, құрылыс салу кездерінде сол жердің табиғи байлықтарын мүмкіндігінше толық пайдалану және есепке алу үшін жүргізіледі.

Инженерлік-геодезиялық ізденіс сол ауданның жер бедері және ондағы құрылымдар туралы деректер бере отырып, жобалау жұмыстарының негізі болып қана қоймай, басқа ізденіс түрлерін жүргізуге, тексеруге пайдаланылады. Инженерлік-геодезиялық ізденіс кезінде геодезиялық тірек торларын құру және құрылыс салынатын алаңда әр түрлі масштабтардағы топографиялық түсіріс, сызықтық құрылыстардың трассаларын қадағалау, геофизикалық барлау нүктелерін геодезиялық істермен байланыстыру және де басқа жұмыстар атқарылады.

Инженерлік ізденіс жұмыстарының мазмұны және көлемі жобаланған құрылыстың түрі, саласы және өлшемдеріне, жергілікті жер жағдайына және құрылыс таным дәрежесіне, сонымен бірге құрылыстың жобалық деңгейіне байланысты болады. Салу технологиялары жалпы бір-бірімен ұқсас және ізденіс жұмыстары бір тәсілді әр түрлі құрылыстар бір топқа бірігуі мүмкін: алаңдық және сызықтық құрылыстар. Алаңдық құрылысқа жататындар: елді мекендер, өндіріс мекемелері, аэропорттар және де осыған ұқсастар. Сызықтық құрылыстарға жататындар: жолдар, электрожелілер, құбырлар және де осыған ұқсастар [2] .

Құрылыстың барлық түрінің жобалық құжаттары болады, олардың ішінде құрылысқа керекті жер бетінің бедері, құрылыстың пішіні және өлшемдері, басқа нысандардан қанша жерде, қалай орналасқан, басқа құрылыстар арасындағы байланыс және олардың элементтерінің орналасуы, сонымен бірге құрылыстың технико-экономикалық көрсеткіштері, негізгі құрылымдардың, жабдықтардың сипаттамалары, құрылыс өнімдерінің жобасы, үрдісті-механикалық құрылыс салу технологиясының құрамы және ұйымдастыру тәсілдері және т. б.

Ізденіс-жобалау жұмыстары. Ізденіс-жобалау жұмыстарын орындау үшін ең алдымен мекеме тапсырыс беруші мекемеден мынадай тапсырмалар алады: жол өтетін жердің, жолдың категориясы, құрылыстың басталуы мен аяқталу мерзімі. Ізденіс-жобалау жұмыстарының құнын берілген тапсырмаға байланысты ізденіс-жобалау жұмыстарының бағалық жиынтықтарынан алады.

Ізденіс-жобалау жұмыстарының өнімділігі мен оның саны жергілікті жердің мінездемесіне байланысты. Ізденіс жұмыстарын орындауда қиындықтарға байланысты 5 категорияға бөлінеді.

Ізденіс бригадасының құрамы трассаның, ауданның табиғаты мен климатына байланысты.

Ізденіс жұмыстарына шықпас бұрын алдымен жұмыс жоспары мен күнтізбелік графигі жасалынады. Барлық геодезиялық, геологиялық жабдықтар радиоаппараттар мен фотоаппараттар ұқыпты түрде тексеріліп алады.

Ізденіс жұмыстарына шықпас бұрын бригада жетекшісі жобалау жұмыстарына нақты тапсырма алады.

Инженерлік-геодезиялық ізденіс түсірілгелі отырған ауданның жер бедері және ондағы құрылымдар туралы деректер бере отырып, жобалау жұмыстарының негізі болып қана қоймай, басқа ізденіс түрлерін жүргізуге, тексеруге пайдаланылады. Инженерлік-геодезиялық ізденіс кездерінде геодезиялық тірек торларын құру және құрылыс салынатын алаңда әр түрлі масштабтардағы топографиялық түсіріс, сызықтық құрылыстардың трассаларын қадағалау, геофизикалық барлау нүктелерін геодезиялық істермен байланыстыру және де басқа жұмыстар атқарылады.

Аудан алдын ала ұқыпты зерттелсе, ауданның жасалынатын жұмыстың көлемін бағалауға және жұмыстың қиындығын, бригаданың құрамын керекті жабдықтармен жасақтауға мүмкіндік береді. Трассасалынатын аудан қанша әуесуреттермен қамтылғанмен алаңдық ізденіс жұмыстары үлкен мәлімет береді. Алаңдағы ізденіс жұмыстарының шығыны жалпы құрылыс салуға бөлінетін қаражаттың 1, 5 % -нан аспауы керек [3] .

Топографиялық план 1:500 масштабта келесіге арналған: көп этажды күрделі құрылыстардың коммуникация торлары мен өнеркәсіп өндірістерінің, көшелердің жұмыс жобаларын немесе жұмыс құжаттарын жасау; жеке гидротехникалық құрылыстардың жұмыс жобаларын немесе жұмыс құжаттарын жасау және т. б. 1:500 масштабын құрылыс масштабы деп атайды. Нысан бойынша А - қосымшасында топографиялық план 1:500 масштабта көрсетілген.

Ipi масштабты пландарда анық қажетті дәлдікпен жәнетолық түрде келесілер бейнеленеді: триангуляция, триллатерация, полигонометрия пункттері, нивелир торларының реперлері; жеке құрылыстар, үйлер, ғимараттар, ауылшаруашылық және коммуналдық объектілер; жол тораптары мен оның құрылыстары; гидрография және гидротехникалық құрылыстар (каналдар, қанаулар, плотиналар) ; жер бетіндегі коммуникациялар (құбырлар, электр желілері және т. б. ) ; жер асты коммуникацияларының шығыстары; жасыл желектер; топырақ және жер бетінің микропішіні (құм, тақыр, тастар және т. б. ) .

Ормандарды түсіргенде ағаштардың түрі, олардың орта биіктiгi, жуандығы, тығыздығы (орташа аралықтары), кесілген орманның шекаралары және т. б. көрсетілуі керек. Жеке тұрған ағаштарды әрқашанда түсіріп, планда оларды көрсету қажет.

Ipі масштабты пландарда су аққыштардың жылдамдығы мен шекарасын, жер асты суларының шығу бөлігін, батпақтың өтерлігін, желек жамылғыларының орындарын анықтайды. Планда карсттық қуыстарды, сырғымалардың шекараларын белгілейді [4] .

Топографиялық-геодезиялық ізденістерде теодолит, тахеометр, нивелир, жарык қашықтық өлшеуіш аспаптары, ленталар мен рулеткалар қолданылады.

Инженерлік геодезиялық ізденістің құрамына тіректік геодезиялық торларды құру, топографиядық түсірістер жасау, жер асты және 2 суретте көрсетілгенжер асты коммуникациялық байланыс торларын түсіру кіреді.

D:\diplomka\Новая папка\Мереке\Информации\tah_for_stroika5.JPG

2-сурет. Жер асты коммуникациялық байланысы

Инженерлік геодезиялық ізденіс жұмыстарының мазмұны мен әдістемелері жоба жасаудың бірнеше кезеңдерінен тұрады. Жобалаудың бірінші сатысында құрылыстық жобаның экономикалық тиімділігі, оның салынуының техникалық мүмкіндігі және сметалық құны жасалады. Жерде салынатын құрылым обьектісінің орналасу жағдайы анықталады, сондықтан жобаның ең қажетті құжаты бас план болып саналады.

Онда жобаланған құрылыстың барлық ғимараттары, коммуникациялық байланыс торының жағдайлары толық көрсетіледі. Бас планға қосымша құрылыс бас планы жасалып, онда уақытша ғимараттар мен өндірілетін құрылыстар көрсетіледі. Жоба жасаудың екінші сатысы болып, бекітілген жобаның негізінде салынатын құрылыстың және оның бөліктерінің жағдайы және құрылыс аумағында орындалатын геодезиялық қызметтің құрамы көрсетілген жұмыстық құжат дайындалады. Бұл сатыда инженерлік геодезиялық ізденіс жұмыстары өзінің жоғарғы дәлдігімен және толықтылығымен ерекшеленеді.

Құрылысты жобалаумен қатар, оның бас және негізгі осьтері дұрыс орналасуы үшін геодезиялық дайындық жұмыстары жүргізіледі. Геодезиялық дайындық жұмыстары тиісті координаттар жүйесінде құрылыс осьтерінің қиылысу нүктелерінің координаттарын есептеуден тұрады. Бұл жұмыс құрылыс жобасын нақтылы жер бетіне орналастыру геодезиялық бөлу жұмыстарын жүргізу арқылы жасалатындығы белгілі. Құрылыс жобасын іс жүзінде жүзеге асыру барысындағы геодезиялық жұмыстар құрылыс алаңындағы арнайы тірек торларын салуды қажет ететіндігі белгілі. Қазіргі уақытта өндірістік және азаматтық құрылысты салуда горизонталь жазықтық тік бұрыштық жүйе қолданылады.

Геодезиялық ізденіс жұмыстары құрылыс кешенінің ең алғашқы жұмыс этапы болып табылатындығын жоғарыда көрсетілген дәлелдерден көруге болады [5] .

Құрылысқа арналған инженерлік зерттеу жұмыстары. Құрылыс салуға арналған жобалар, алдын ала құрылыс салынатын аумақта, орындалған инженерлік зерттеу жұмыстарына негізделеді. Инженерлік зерттеу жұмыстарының мақсаты - құрылыс салынатын аумақтың табиғаттық және экономикалық жағдайын барлау, құрылыстың табиғатқа әсерін анықтау, тұрғындардың және табиғаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Зерттеу жұмыстары жобалау жұмыстарын керекті мәліметтермен қамтамасыз ету керек. Сондықтан инженерлік зерттеу жұмыстарын мынандай үш сатыға бөледі:

  1. құрылыстың технико-экономикалық негізі немесе технико-экономикалық есебін жасауға арналған инженерлк зерттеу жұмыстары;
  2. құрылыстың жобасын жасауға арналған инженерлік зерттеу жұмыстары;
  3. құрылыстың жұмыс сызбаларын жасауға арналған инженерлік зерттеу жұмыстары.

Зерттеу жұмыстары экономикалық және техникалық тарауларға бөлінеді. Экономикалық зерттеулер техникалық зерттеулерден бұрын орындалады, құрылысты салудың экономикалық керектілігін анықтайды, құрылысты керекті заттармен, жұмысшы күшімен, жарықпен, көлікпен және т. б. құрылысқа керекті нәрселермен қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтайды, керек нәрселердің жалпы құнын есептейді, шаруашылыққа тиімділігін немесе зияндылығын анықтайды.

Техникалық зерттеулер табиғаттың құрылысқа, тұрғындарға әсерін, және керісінше құрылыстың табиғатқа, тұрғындарға әсерін жан-жақты толық барлап, құрылыс жобасына керекті техникалық мәліметтер жинайды.

Құрылыс салынатын аумақты толық зерттеу мақсатымен мынандай негізгі инженерлік зерттеу жұмыстары орындалады: инженерлік геодезия жұмыстары, инженерлік геология, гидрогеология жұмыстары, гидрометрология, климатология, метеорология, топырақ - геоботаникасы, т. б.

Инженерлік геодезия жұмыстарының нәтижесінде аумақтың топорграфиялық планы сызылады. Топорграфиялық планды инженерлік зерттеу жұмыстарының басқа түрлерін орындауға, құрылыстың жобасын жазуға пайдаланады.

Құрылыс салынатын аумақта геодезиялық белгілер (қазықтар) бекітіледі, бұл қазықтарды сызықты ғиматарттарды жер бетіне сызуға, геологиялық ұңғымаларды планға сызуға, геофизикалық сызықтарды планға түсіруге және т. б. көптеген жұмыстарды планға түсіруде қолданады.

Инженерлік геология және гидрогеология зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жер қыртысының құрамы, топырақтың мықтылығы, физика - геологиялық құбылыстар, жер асты суларының құрамы, қасиеттері анықталады, және тағы басқа құрылыс жобаларына қажет мәліметтер жиналады.

Гидрометеорология зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өзендердің, көлдердің деңгейлерінің өзгеруі жайында, аумақтың ауа райының ерекшеліктері жайында, сулардың ағу жылдамдығы жайында, сулардың ағатын бағыты жайында, ауыз судың күнделікті қажетке жұмсалатын көлемі жайында мәліметтер жиналады. Сондай-ақ сулардың тереңдігі өлшенеді, шөгінділерді есепке алады [6] .

Құрылыстарға арналған инженерлік зерттеу жұмыстарына мынандай жұмыстар да кіреді: геотехникалық тексеру; табиғи және техногендік процесстерге қарсы шаралардың тәуекелділігін сараптау; аумақты қорғау шараларын негіздеу; қоршаған ортаны бақылау; инженерлік зерттеулер мен қатар ғылыми зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижелерінің ескерілгендігін тексеру; кадастірлік және басқа қабаттас жұмыстар; құрылыс барысындағы зерттеулік жұмыстар; ғимараттарды пайдалану және жою жұмыстары.

Инженерлік зерттеу жұмыстарының түрі мен көлемі құрылыс жобаларының көлеміне, құрылыстың аумағына, құрылыс салынатын жерге, құрылыс салынатын аймақтың зерттелгендігіне, құрылыс жобаларының сатысына байланысты болады, құрылысқа керек көлемде, керек әдіспен орындалады. Құрылыстар түрлері, ғимаратты салу әдістерінің және инженерлік зерттеуді орындау әдістерінің ұқсастығына сәйкес екі топқа бөлінеді:

  1. аумақты ғимараттар тобы;
  2. сызықты ғимараттар тобы.

Ені мен ұзындығы шамалас: ауылдар; қалалар; аэропорттар және т. б. аумақты құрылыстар тобына, ал ені ұзындығынан бірнеше есе кіші құрылыстар: жолдар; сым ағаштар тізбегі; құбырлар және т. б. осы құрылыстарға ұқсас сызықты құрылыстар тобына жатады.

Инженерлік зерттеу жұмыстары, құрылыс мәндері мен ережелеріне (ҚНжЕ) 11-02-96 және 11-04-97 (ҚНжЕ), нұсқаудың талаптарына сәйкес орындалады.

Инженерлік зерттеу жұмыстарының көлемі мен мағынасы құрылыс жұмыстарының аумағына, мақсатына сәйкес болады. Кішігірім аумақтарда негізгі инженерлік зерттеу жұмыстары - инженерлік геодезия, инженерлік геология, гидрометеорология жұмыстары орындалады. Аумағы мен көлемі үлкен құрылыстар салынатын аймақта инженерлік зерттеу жұмыстарының барлық түрлері және толық көлемде орындалады: инженерлік геодезия; инженерлік геология; гидрометеорология; топырақтың геоботаникасы; тазалық санитариясы; шаруашылықтар; жерді гүлдендіру; жерді тегістеу; инженерлік тораптар; көлік; құрылыс заттарының қоры және тағы да басқа жұмыстар орындалады.

Құрылыс салынатын алаң техникалық талапқа сәйкес болуы керек, алаңды игеруге көп қаражат жұмсалмағаны жөн. Сондықтан инженерлік зерттеу жұмыстарының мақсаты, құрылысқа бөлінген аймақтың ішінен, техникалық талапқа сәйкес аумақты таңдап алу.

Аумақтың тегіс, ауыл шаруашылығына жарамсыз, геологиялық, гидрогеологиялық жағдайы құрылыс салуға ыңғайлы болғаны жөн. Аумақтың ауданы құрылыс ауданына сәйкес болуы керек, салынатын коммуникациялар құрылысты өркендетуге мүмкіншілік берулері керек. Аумақтың, темір жолдарға, автомашина жолдарына, аэропорттарға жақын болғаны немесе осы құрылыстарға жалғасу үшін көп құрылыс жұмыстары істелмегені жөн.

Жер тегіс, еңістігі бірыңғай немесе екі жақты болғаны жөн. Еңістік жаңбырдың, қардың суларының тез ағып кетуіне мүмкіндік береді. Құрылысты еңістіктің бойына орналастырған жөн, тегістеу, қопару жұмыстарының көлемі аз болады. Еңістіктің азы 0, 003 - 0, 005м, ал көбі 0, 06 - 0, 08м аралығында болғаны тиімді.

Топырақ құрылыстың салмағына төтеп беруі керек, іргетас салу қажетсіз болады. Жер асты суларының төмен болғаны жөн. Жертөлелерді, жердің астына салынатын құрылыстарды су баспайды. Аумақты тасқын су баспайтын болсын.

Өндіріс орындарына, қалаларға, ауылдарға ауыз су өте көп керек болғандықтан, аумақтан су қорын іздейді. Су қорымен байланыс жүйелері - жолдар, тоқ сымдары, газ қосылулары қажет. Пайдаланған суды төгетін шұңқыр қазылуы керек. Алаңның қасында құрылыс шикізаттарының қоры болса, құрылыс жұмыстарын арзандатады, жылдамдатады.

Керекті аумақты таңдау кеңседе шешіледі. Берілген аймақты бөлшектеп, бөлшектерді салыстырып инженерлік зерттеу жұмыстары жүргізілетін аумақты белгілейді [7] .

Белгіленген аумаққа барып аумақтың инженерлік геология, гидрогеология жағдайын анықтайды, алдыңғы орындалған инженерлік зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тексереді, толықтырады. Автомашина, темір жол тораптарына және т. б. тораптарға жалғасу мүмкіндіктерін барлайды. Лас су коллекторларын салатын жерді белгілейді. Құрылыс жұмыстарын бастауға керек қаражаттың мөлшерін есептейді. Аумақты игеруге рұқсат беретін құжат дайындайды немесе құжатты алуға болатындығын шешеді. Жол тораптарына және басқа тораптарға жалғасуға болатындығын, құрылысқа керек сұрақтарды шешеді.

Құрылыс салынатын аумақтың масштабы 1:2000 топографиялық планын сызады. Планға горизонтальдар әрбір бір метр сайын немесе техникалық тапсырмада көрсетілген аралықта сызылады. Осы планға қосымша, қолда бар пландарды, карталарды пайдаланып, анықталған, толықтырылған мәліметтерді пайдаланып, аймақтың масштабы 1:1, 1:25000 жағдайлық картасын сызады. Картаға өндіріс аумақтарының жиегін, тұрғындар ауылының жиегін, су жыйылатын және тазалайтын құрылыстардың жиегін, жердің бетіндегі және астындағы құрылыстарды, кен қорларының орнын, карьерлерді және жобалық құрылыстарды сызады.

Аймақтың топографиялық планымен қатар инженерлік геология зерттеу жұмыстарының планын сызады. Құрылыстарды салуға арналған сызбаларды сызуға арнап, аумақтың масштабы 1:1000, 1:500 топографиялық пландарын сызады. Пландардың горизонтальдарын техникалық тапсырмада көрсетілген аралықта, егерде тапсырмада көрсетілмеген болса, нұсқауға сәйкес сызады. Планда өте мұқият орындалған инженерлік геология, гидрогеология барлау жұмыстарының нәтижелерін көрсетеді. Аумақтың планын топографиялық немесе фотограмметриялық әдіспен сызады. Инженерлік зерттеу жұмыстарының жобаларын жазу, сызу үшін, аймақты ұшақтан, масштабы 1:7000, 1:1 суретке түсірген жөн. Бұл суретті аймақтың масштабы 1:2000 толықтырылған, топографиялық планын сызуға және масштабы: 1:1 картасын сызуға пайдалануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыстың геодезиялық негізі
Интерьер сәулеті
Ғимаратқа қолданылған құрылымдық шешімдер
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Облыс орталықтарының дамуына географиялық талдау
ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНО - МӘДЕНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ
Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала
Облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеу
Жылжымайтын мүлік объектілерінің сипаттамасы және типологиясы
Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz