Жабайы жануарларды инфекциялық аурулар кезінде санитариялық сараптау және бағалау


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тексерген:Серікова А. Т.
Орындаған:Каспи Ж. К.
Семей2015
Жоспар:
І. Кіріспе
Жабайы жануарларды инфекциялық аурулар кезінде санитариялық сараптау және бағалау.
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
І. Кіріспе
Ет өңдейтін кәсіпорындарын ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бақылауды және сапалы өнім шығарылуын қалалық, аудандық және ауылдық ветеринариялық инспекция қызметкерлері іске асырады. Оған қоса, сою кезіндегі ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын және сою қасапханаларының санитариялық жағдайын қадағалайды, сойыс өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптауын жүргізеді. Керекті жағдайда сойыс өнімдерін залалсыздандырады және утилизацияға қайта өңдеуге шешім қабылдайды.
Жабайы жануарларды инфекциялық аурулар кезінде санитариялық сараптау және бағалау.
Елімізде жабайы жануарлар етінен бұлан, елік, жабайы солтүстік бұғысы, теңбіл бұғы, марал, кабарга, сайгак, тауешкі, жабайы қой, қабан, аю, борсық, қоян етін жеуге рұқсат етілген.
Табиғи жағдайда жабайы ауланатын құстарды алдын ала тексеру мүмкін емес, оған себеп бұл маңызды шараның ветеринариялық санитариялық сараптаудың диагностикалық кешенінен алынып тасталуы болып табылады. Жергілікті жердің эпизоотиялық жағдайын білу кейбір компенсациялық жағдайлардың орнын толтырады деуге болады. Мұндай жағдайда аңшылар арасында алдын ала сұрақ-жауап пен жабайы жануарларды жүйелі түрде бақылау маңызды рөл атқарады. Осы жағдайларға байланысты жабайы жануарлар мен ауланатын құстардың ет пен органдарының сапасын, ветеринариялық санитариялық жағдайын анықтайтын негізгі әдіс - сойғаннан кейінгі тексеріс. Әкеліеген еттің иесі ветеринариялық санитариялық сараптауға әкелерде осы ұшаға арналған ветеринариялық куәліктіжәне құс немесе жануарлар ауланған аймақтың жұқпалы аурулардан таза екендігі туралы анықтаманы және ветеринариялық тексеру нәтижесін көрсетуі тиіс. Егер аң аулау лицензия бойынша жүргізілсе, аң аулауға берілген лицензияны да көрсетеді.
Жабайы жануарлар мен құстар етін ветеринариялық санитариялық тексеру екі жағдайда жүруі мүмкін: егер атылып алынған ұшалар дайындау органдары немесе аң аулау шаруашылықтарынан болса тексеріс сол жердің өзінде жүргізіледі, ал егер жеке тұлғалармен ауланған ұшаларды базарлар мен жануарлар ауруларымен күрес жүргізетін ветеринариялық станциялардың зертханаларында жүргізіледі.
Ұшаларды ветеринариялық тексеру оларды бөлгеннен кейін жүргізіледі (терісін сыпыру, ішкі органдарынан тазарту) . Ірі жануарлардың ұшалары тексеруге жартылай ұша, ұшаның ¼ түрінде келуі мүмкін және оларды салқындатылған, суытылған және мұздатылған түрде өткізеді. Оны қауырсынмен немесе ішек-қарнынан тазартылған күйінде әкеледі.
Жылы мезгілде атылып алынған құс етін атылғанна кейін 2 сағат ішінде ішек-қарнынан тазарту керек, суық мезгілде атылса 10 сағаттан кешіктірмейді. Суық мезгілде атылып алынған орман құстарын ішек-қарнынан тазартылмаған күйінде әкелуге рұқсат етіледі.
Жабайы жануарлар мен құстар етін сойғаннан кейінгі тексеру ауыл шаруашылық малдарын тексеруге сәйкестендірілген. Сонымен бұлан, елік, бұғы, сайгак, жабайы қой және басқа жұптұяктыларды сойғанан кейінгі тексеру - ауыл шаруашылық малдарын, қоян ұшасы - үй қоянынан еш айырмашылығы болмайды.
Жабайы қабан, аю, борсық еттерін де шошқа етіндегідей трихинеллезға, құс етін үй құстарын тексергендей қарайды. Бірақ сойғаннан кейінгі тексеру кезінде еттің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне және олардың аулану тәсіліне назар аударған жөн.
Жабайы жануарлар етінің түрлік ерекшеліктері.
Жабайы жануарлар еті олардың түріне қарай органолептикалық көрсеткіштері, морфологиялық және химиялық құрамына, дәмі мен аспаздық сапасына байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Жас жануар еті ересек жануарлар етіне қарағанда майы аз, борпылдақ дәнекер ұлпасы көп болады. Жабайы жануарларда май тері астында, жамбас қуысында, бүйрек маңында, белде және тек жоғары қоңдылық жағдайында дененің басқа бөліктерінде жиналады. Бір жануарларда ол аз және оларды арық етке жатқызады, ал кейбіреулерде ол ерекше көрінеді (аю, солтүстік бұғысы және т. б) . ет шоғыры мен бұлшықет арасына май жиналу қте сирек кездеседі, сол себепті еттің көлденең кесіндісінде еттің боялуы біртекті және «мәрмәрлану» байқалады.
Жабайы жануарлардың көпшілігінде ет - теріні сыпырған соң қызыл түсті болады. Бірақ 3-4 сағаттан соң олар миоглобиннің оттегімен тотығуынан қоюланады, беткі қабаты көкшіл немесе көкшіл - күлгін түске айналады.
Бұлан еті қою қызыл түсті, бұлшықет кесіндісі ірі талшықты, түсі біркелкі, тығыз, фасциясы жақсы жетілген, майдың қосымша қабатынсыз (прослой) . Майдың жинақталуы көбінесе, төс, бел аймағы мен жамбас қуысында байқалады.
Солтүстік бұғысының еті әлсіз немесе интенсивті - қызыл түсті, көкшіл дақтары болады. Ет талшықтары жіңішке, нәзік, кескенде ұсақ түйіршікті. Талшықтар арасында қосымша май қабаттары сирек жиналады, май ұлпасы ақ, консистенциясы тығыз.
Сайгак еті ашық қызыл түсті, ауада тез күреңденеді. Еті ірі талшықты, майдың қосымша қабатынсыз. Сайгак ұшаларында аздаған май жинақталады. Еттің түсі мен қансыздану дәрежесі оны аулау тәсіліне байланысты.
Аю еті көкшіл күлгін реңді қою қызыл түсті, бұлшықетаралық дәнекер ұлпасына бай болып келеді. Аю ұшасының беткі қабатын майдың қалың қабаты қаптайды, оның салмағы күзге қарай 30-35 кг жетеді.
Борсық еті әлсіз күлгін-қызыл түсті, өзіндік спецификалық иісі бар, бұлшықеті жіңішке талшықты, бұлшықетаралық дәнекер ұлпасы борпылдақ әрі нәзік болып келеді. Бұлшықет талшықтары арасында көп май жинақталады, ол борсық етінің «мәрмәрлануына» себеп болады.
Су тышқан (Нутрия) еті. Бұлшықет жіңішке талшықты, көбіне майдың жинақталуымен сипатталады. Ол етке нәзіктік, аромат, жағымды дәм сыйлайды. Түсі қоян етінен біраз күреңдеу.
Жабайы қабан еті ашық-қызыл кейде қою қызыл түсті, қатты, тығыз консистенциялы. Ересек ұрғашы қабандарда ет талшығы ірі, өзіндік жағымсыз дәмі мен иісі болады. Бір жасқа дейінгі жас қабанда жіңішке талшықты, еті нәзік, тәтті, ароматты болып келеді. Май, көбінесе, тері астына (шпик), бүйрек маңына жиналады.
Жабайы қой мен ешкінің еті (жайран, муфлон, арқар және т. б) қою қызыл, ұсақ түйіршікті, жіңішке талшықты, шамалы сөлі бар, қатты (жасына байланысты) . Май ұлпасы ет талшықтарының арасында өте жұқа қабат түзеді.
Елік (косуля) еті қою қызыл түсті, ылғалды, сөлді, нәзік, еті жұқа, тығыз аө фасциямен жабылған, ұсақ түйіршікті, кескенде біркелкі және нашар дамыған борпылдақ дәнекер ұлпалы. Май ұлпасы сұрғылт дақты ақ түсті, қоңды жануарларда май белде, бүйректе және сауырда (круп) жинақталады.
Қодас (як) еті көптеген дәнекер ұлпалы, ірі талшықты, майдың қосымша қабатынсыз, қою қызыл түсті болады. Ыстаған соң құрғақ, қатты болады.
Қоян еті көкшіл реңді қою қызыл түсті, қаттылау, құрғақтау, тығыз консистенциялы. Жас қояндарда еті нәзік болып келеді, май ақ түсті, бүйрек маңында жинақталады.
Сойғаннан кейінгі сараптауда жабайы жануарлар мен құстарды аулауға байланысты еттегі ерекшеліктерді ескерген жөн. Ұшадағы ондай ерекшеліктердің бірі - нашар қансыздану. Қансызданудың мұндай түрі қою түс және еттің жоғары ылғалдылығы еттің бракқа шығарылуына негіз бола алмайды, дегенмен жануардың табиғи өліммен немесе аңшылықтың тыйым салынған түрімен ауланғанын шығара білу қажет. (қақпан қолдану, уландыратын заттар, қудалау және т. б) . Мұндай жағдайда өнім адамдарға тағамдық мақсатта пайдалануға келмейді.
Трихинеллез балаң құрттары (личинкалары) шиыршықтанып оралып, қабықшамен (капсула) қоршаған қуыста жатады. Қуыстың ішінде сұйық зат болады. Шошқаның бұлшық етіндегі трихинелл қабықшасының пішіні сопақша лимон тәріздес, ал жабайы аңдардың бұлшық еттерінде (қасқыр, түлкі, т. б. ) домалақ болып келеді.
2. Трихинелла - табылған етті санитарлық тұрғыдан бақылау.
Компресориумдағы 24 кесіндінің біреуінен трихинелла табылса, (өлі не тірі), онда ұшаны тұтасымен, ішкі мүшелері, бас-сирақтарды, тік ішек, өңешті техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді. Тері асты майын (шпиг) алып ерітіп, 100°-қа дейін қайнатып, осы температурада 20-25 минут ұстап тұрады. Іш майы бөгетсіз қолданылады. Ішектерін (тік ішектен басқасын) жақсылап жуғаннан кейін қолдана беруге болады. Терісін етін сылып тастап барып босатады. Теріден сылынған етті техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді.
... жалғасыБруцеллез Қоздырғышы - Brucella атты жалпы атаумен біріктірілген бактериялар туыстығы жекеленген 6 түрге бөлінеді: қой-ешкіде Br. melitensis, ірі қара малында Br. Abortus, егеу құйрықта Br. Neonomae қойларда Br. ovis, итте Br. canis, шошқаларда Br. suis. Бруцеллез ауыруы анықталған жағдайда ұша мен мүшелер қайнатылады. Малдың барлық түрлерінен алынған ішкі мүшелер мен бас клиникалық немесе патологиялық өзгерістер болғанда қайнатылады. Патологиялық өзгеріс болған малдардың ішектер, утилге, бруцеллез сезілгенде 1% тұзда және 0, 5% тұз қышқылында 48 сағаттай 15-25 0 С ұстайды. Майлық коэффициенті 1:2.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz