Тікенек алқа, укекіре, арамсояу


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей Қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Тікенек алқа, Укекіре, Арамсояу

Орындаған: Манашев Серік

Тексерген: Каламов Б. Х

Семей 2015ж

Жоспар

  1. Тікенек алқа биологиялық ерекшеліктерімен күресу шаралары
  2. Укекіре биологиялық ерекшеліктерімен күресу шаралары
  3. Арамсояу биологиялық ерекшеліктерімен күресу шаралары

Тікенек алқа.

Алқа туысына жататын бір жылдық шөп. Тамыры және сабағы тік, тарамдалған, тікенекті, жапырағы кезекпен орналасқан. Жер бетіне сәуір - мамыр айында шығады, тұқымды тамыз - қазан айларында береді.

Химиялық әдістерден бидай егістігінле диален супер, жүгеріде харнес және диален, бюктрил препараттары, картоп, сәбіз егістігінде стомп, рейсер, соя және көкөніс дақылдарында трефлан, стомп препараттарын қолданған жөн.

Тікенек алқаны ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлерде жою үшін қолданылатын тиімді гербицидтер: раундап 36 % с. е. 3-4 л/га немесе пивот 10% э. қ. 1, 0 л/га немесе арсенал, 25 % э. қ. . 3, 0 л/га өсімдіктің 3-4 жапырақ кезінде беру керек.

Карантиндік шөптер табылған шаруашылық және аудан аумағына карантин жарияланады.

Карантиндік шөптердің тұқымы басқа жерлерге тарамау үшін барлық жер иелері төмендегідей карантин тәртібін сақтау керек:

1. Карантиндік шөптердің тұқымы бар жерлерге тұқымдық егістік орналастыруға болмайды.

2. Себуге арналған тұқымды мемлекеттік тұқым инспекциясының куәлігінсіз егуге болмайды.

3. Карантиндік шөптердін тұқымы араласқан материалдарды жеке бөлмелерде сақтау керек және оны басқа шаруашылықтарға беруге қатаң тыйым салынады.

4. Жануарларға тұқым қалдықтарын майдалап, қайнатып беру керек.

5. Жемге жарамайтын қалдықтарды отқа жағып, немесе жерге 1 метр терендікте көміп, актілеу керек. Бұл қалдықтарды далаға, суға тастауға болмайды.

6. Жол жағалауларында, бос жатқан жерлерде, арық жағаларында өсіп тұрған арамшөптерді гүлдену кезінде тұқым беруге жеткізбей жою қажет.

7. Егінді дер кезінде жинап, арамшөптер тұқымымен егістің ластауына жол берілмеу керек.

8. Карантиндік шөптер басқан жерлерден орылған егінді таза жерлерден алынған өніммен араластырмай, бөлек жерде сақтау қажет.

9. Егін жинауға қатысқан техникалардың барлығын және қоймаларды уақытында тазалап отыру керек.

10. Суармалы жерлерде суару жүйелерін карантиндік арамшөптер тұқымынан тазалау үшін қажетті сүзгіштер ұстау қажет.

Укекіре

(Acroptіlon) - күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. 2 түрі: шығыс У-сі (А. au»trale) мен жатаған У. (A. repen») тараған. Олар сор, сортаң топырақты шалғында, өзен-көл жағасында, тау баурайында, жол жиегінде өседі. Биікт. 15 - 60 см. Сабағы қалың жапырақты, бұтақты, сыртын түк жапқан. Жапырағы қандауыр тәрізді, сабаққа кезектесіп орналасады. Ұсақ гұлдері қызғылт түсті, себет гүлшоғырына топталған. Жанама тамырлары арқылы тез көбейетін арамшөп. Мамыр - шілде айларында гүлдеп, тамыз айында жеміс салады. Жемісі - тұқымша. Укекіре - улы өсімдік (гүлдеген кезде), онымен жылқы қатты уланадыкүрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық атпа тамырлы карантиндік аса қауіпті арамшөп. Тамыр жүйесі қуатты, 10 м тереңдікке дейін жетеді. Жатаған у кекіренің ерекшеліктері: ол қордағы ќоректік зат - инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына жинақтап, ќоректік заттарын топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізу арқылы өсіп жер бетіне шығуы әрі фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы. Сол себепті көптеген агротехникалық әдістерге төзімді келіп, қайтадан тез өсіп жетіледі.

У кекіренің егістікті басуы салдарынан Қазақстан жыл сайын 3 млрд. теңге зиян шегіп отыр. Сонымен қатар, егістік өнімінің төмендеуінен басқа, оның сапасы да төмендейді, ұнның дәмі ащы болады, малға арналған сүрлемді жануарлар жемейді, жылқы жануары өте тез уланады, өлген жағдайлар да жиі кездеседі. Сүрі жерлерді, отамалы дақылдарды күтіп-баптау кезінде де кететін шығындарды есептесек, жалпы шығын 3 млрд. теңгеден асады.

Соңғы екі жылдық бақылау нәтижесі бойынша, күзде жыртылған жерді қыршуышпен өңдеу және өсіп шыққан кекіренің көгін гербицидтердің глифосат туындысымен бүрку кезінде препарат ќоректік заттармен бірге кекіре тамырына жайылып, өсу үдерісін бұзу арқылы кекірені ќұртады. Қазіргі кезде кекірені жою және оны карантиннен шығару үшін мынадай шараларды іске асыру керек:

1. Кекіремен күресу үшін аймаќтық интеграциялық жүйе жасау және ұсыныстар беру.

2. Ізденіс жўмыстарын кеңейту, жәндіктерді, фитофагтарды, фитопатогенді бактериялар мен саңырауқұлаќтарды - биологиялыќ әдістер ретінде кекіремен күресудің негізі болу керек. Осы бағытта жұмыс жүргізетін мекемелердің жұмыстарын үйлестіру қажет.

3. Қостанайдың механизация және электрификация институтына топыраќты үш түрлі терендікте өндейтін ќұралдарды жасауға тапсырыс беру.

4. Ауыл шаруашылығы министрлігінде кекіре мәселесіне байланысты ғылыми-техникалыќ кеңес ќұру. Кеңестің міндеті - кекіреге қарсы кең көлемде жоспар, зерттеу әдістемесі және күресу жүйесін ғылым мен өндіріс тәжірибесіне сүйеніп қайта қарау.

5. Өсімдік қорғау және карантин департаментінде механикаландырылған отряд құрып, оларды оқыған, білімді мамандармен қамтамасыз етіп, ғылымның жетістіктерін кең түрде өндіріске енгізу.

Укекірені түгел құрту үшін бірнеше жыл бойы агротехникалық, химиялық және басқа

шараларды кешенді жүргізу керек. Топырақ өңдейтін құралдармен тамырларын бірнеше рет қырқу арқылы ұсақ бөлшектерге бөліп, тамырдағы қоректік көміртектік зат-инулиннің көбеюін азайту арқылы тамырдан қайта өсуіне жол бермеу қажет. Укекіремен күресудің негізгі топырақ өңдеу жұмысы болып табылады. Дәнді дақылдарды жинап алғаннан кейін қопсытқыштармен 2-3 рет 10- 12 см тереңдікте укекіре тамырын кесу арқылы ұсақ тамырлардың өсіп жер бетіне шығуына дейін қоректік заттарды пайдаланып үлгереді де, тамыр жер бетіне шықпай жойылады.

Укекіренің одан әрі таралып кетуіне жол бермеу үшін ауыл шаруашылық дақылдарының жақсы тазартылған тұқымын себудің айрықша маңызы зор. Тамырдан шығатын улы заттар көптеген екпе дақылдарға зиянды әсерін тигізеді, олардың өсу энергиясын төмендетеді. Сондай- ақ укекіре көптеген жануарларға зиянды. Әсіресе, жылқы малына, шөппен араласқан укекіре малдың улануына әсер етеді, бидаймен араласқан тұқымдарынан алынған ұнның ащы дәмітболады, тамақ өнеркәсібінде қолдануға болмайды. Оның көп жайылмауына барлық агротехникалық және химиялық әдістерді қолдана білу керек [4] . Укекіремен күресу шараларының технологиясын анықтайтын негізгі

Арамшөптермен тиімді күресу үшін, олардың негізгі биологиялық ерекшеліктерін білу керек. Укекіре көктеу басында өте баяу өсіп және дамиды сондықтан бастапқы мерзімде жылдам өскіш ауыл шаруашылық дақылдарын ауыспалы егістікке енгізу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карантинді арамшөптер
Жатаған укекіренің тамыр жүйесі
Арамшөптер
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің карантині
Арамшөптердің зиянды шегі
Тәлімі егіншілік аймағындағы арамшөптермен күресу шараларының ерекшеліктері
Жаздық бидай егісінің фитосанитарлық жағдайын тексеру
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Ауыл шаруашылығында кездесетін арамшөптерді жіктеу
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz