Шағын және орта кәсіпкерліктегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және ХҚЕС-қа сәйкестендіру мәселелері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Экономика құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

Есеп және аудит кафедрасы

СӨЖ

Шағын және орта бизнестегі бухгалтерлік есеп

Орындаған Амантаева М Б

Тексерген Серекбаева Б С

Семей 2015

Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз- ұйымның шаруашылық қызметі мен басқа да қызметі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен қаражаттың, шаруашылық үдерістері мен міндеттемелерінің қозғалысын топтастыру, бақылау, есептеу және қорытындылау тәсілі. Бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы экономикалық байланыстардың екі жақты сипатына байланысты жүйелі ауыспалы айналымы және олардан туындайтын шаруашылық операциялар үдерісінде Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты нысан болады. Шоттың сол жағы дебет, оң жағы кредит деп аталады.

Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда басты орын алады.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылатындықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Банктің ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі - бухгалтерлің есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасының тұрақты өсуіне әсер етеді.
Оқу іс-тәжірибесінің өзектілігі соңғы жылдардағы банк саласындағы қарқынды даму, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясына сәйкес қаржы нарығын дамыту, европалық деңгейдегі байланыс қызметін көрсетуге қол жеткізу, сондай-ақ халықтың ақпарат қызмет түрлерін пайдаланудың арта түсуімен байланысты. Банктердің қызметін реттеу мемлекет үшін де, банктің қызметін тұтынушылар үшін де аса қажетті шара.
Банктік қызметті реттеу банктік операциялардың Қазақстан Республикасының заңдары мен Ұлттық Банкттің нормативтік актілерне сәйкес жүргізілуін, банктердің қызметтері мен өнімдерін тұтынушылардың құқықтық нормалары мен мүдделерінің бұзылмауын, банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін және қаржы нарқтарында адал бәсекелестік жүргізуін қамтамасыз етеді.
Оқу іс-тәжірибесінің негізгі мақсаты:
- Банктегі экономикалық көрсеткіштерін зерттеп, талдау жасау;
- Банктегі бухгалтерлік есептің ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;
- Банктегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру;
- Банктегі бухгалтерлік есепке талдау жасау және сыртқы аудитті жүргізуді ұйымдастыру;
- Банктегі басқару есебінің ұйымдастырылуы, талдауы мен аудитінің жүргізілуі;
- Каспий банк АҚ-ғы салық есебінің ұйымдастырылуы.

Шаруашылық тетіктегі өзгерістермен және нарықтық институттардың нақты жұмыс істеуімен байланыссыз бухгалтерлік есепке алудағы өзгерістерді жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын төмендетуге, ХҚЕС-тың беделін түсіруге, сондай-ақ қаржылық тәртіптің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-қа көшу барлық ұйымдарға қатысты, бірақ бұл ретте неғұрлым сарабдалдық ұстаным қажет. Кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты ХҚЕС іс жүзінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жарамсыз. Бұдан басқа, соңғы уақытта өзіміз білетін, осы күнге дейін аяқталмаған стандарттардың өздерін белсенді жетілдіру процесі жүріп жатыр (ХҚЕС-қа тұрақты түрде елеулі өзгерістер енгізілуде, оған шағын компаниялардың қадағалап отыруына жағдайы жоқ) . Осыған байланысты ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есеп беруді ірі кәсіпкерлік субъектілері мен көпшілік мүдделі ұйымдар ғана жасағаны орынды.

Қызметі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар көпшілік мүдделі ұйымдар болып табылады, оларға мыналар жатады:

- қаржылық ұйымдар;

- акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерді қоспағанда) ;

- жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа) ;

- жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар (жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда) .

Мемлекет басы мен ҚР Үкіметі қойған шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмаға сәйкес патент немесе біржолғы талон бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді міндетті түрде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің толығымен босату және қалған кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың түрлі тәртібін қолдануы мақсатында санаттар бойынша бөлуді белгілеу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті ХҚЕС талаптарына сәйкестендіру
Қазақстандағы шағын кәсіпорындарда жеңілдетілген бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оны ХҚЕС талаптарына сәйкестендіру
Шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы: мәселелер мен шешу жолдары
Темір жол көлігіндегі бухгалтерлік есептің ХҚЕС талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы және модернизациясы: Теміржол жөндеу АҚ мысалы
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, қағидалары және нормативтік-құқықтық негіздері
Бухгалтерлік есептің теориясы, әдістері және ұйымдастырылуы
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және шығыстар сметесі
Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен ерекшеліктері
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және есеп айырысулар
KAZ-ROSS GROUP ЖШС бухгалтерлік балансын ХҚЕС пен ҰҚЕС талаптарына сәйкестендіру және банкроттыққа ұшырау мүмкіндігін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz