Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін құрал ретіндегі жер кадастры



КІРІСПЕ

1 ЖЕР КАДАСТРЫ ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Жер кадастры туралы түсінік және оның пайда болу мен даму тарихы
1.2 Жер кадастрлық құқықтық қатынастары: объектілері мен субъектілері
1.3 Жер кадастрлық құжаттамасы және жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру

2. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН РЕТТЕЙТІН ҚҰРАЛ РЕТІНДЕГІ ЖЕР КАДАСТРЫНА ТАЛДАУ
2.1. Қазақстандағы жер кадастырының құрылымы мен оны пайдалану ерекшеліктері
2.2. Маңғыстау облысының әлеуметтік.экономикалық дамуындағы жер кадастырының рөлі
2.3. Қазақстандағы аграрлық қатынас

3. ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ . ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

3.1. Қазақстандағы жер кадастырын нарықтық экономика жағдайында пайдаланудың негізгі тенденциялары
3.2. Жер нарығының қалыптасуы
3.3. Жер кадастырын тиімді пайдалану стратегиясы


ҚОРЫТЫНЫДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жер ресурстары – бұл кез келген елдің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік-экономикалық қолайлылығының негізі. Оның өзі Қазақстан халқының игілігіне, болашақ ұрпақтарына пайдаланылуы тиіс. Осы қағиданың негізінде, елдің бүкіл жер қорын тиімді, әрі қолайлы пайдалануды және де қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқарудағы мемлекеттің алатын орны мен рөлі туындайды. Бұл ретте еліміздің негізгі заңының 6-бабының 3-тармақшасында«Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» деп аталып кеткен [1]. Нарықтық экономика жағдайында жер тек жылжымайтын мүлік объектісі ғана емес, табиғи ресурсы, өндіріс құралы, кеңістік базисі. Осы орайда жер учаскелерін есепке алып, оларға санақ,яғни жер кадастрын жүргізу жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдаланудың негізі болатындығы сөзсіз. Қазіргі таңда жер кадастрының тиімді және заманауи жүргізілуіне үлкен мән берілуде.
1. Байтілен С.А. Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты: ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990): т.ғ.д... авторефераты. – Алматы, 2003. – 36 б.
2. ОспановМ.Т, Аутов Р.Р.Ертазин Х.Е.Теория и практика агробизнеса.-Алматы:С«Франклин»1997.– с.356.
3. Мемлекеттік бағдарлама және ауыл / Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: сипаты, қозғаушы күштері, сабақтары. Жаңа көзқарас.
4. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті. – Ақтөбе – 2009, 23-24 маусым. - 239-241 - бб.
5. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика. Алматы – 2006. 23-28 б.
6. Экономикалық теорияның негіздері оқулық. Алматы, 2005.– 145 б.
7. Шеденов Ө.К., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория Ақтюбе – 2007 ж. 156 б.
8. Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 27.01.1996 жылғы № 2828 Заңы.
9. Қазақстан Республикасының Жер кодексін іске асырудағы нормативтік- құқықтық актілер жинағы.
10. Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі // Егемен Қазақстан, 2008, 1 ақпан.

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ

1 ЖЕР КАДАСТРЫ ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Жер кадастры туралы түсінік және оның пайда болу мен даму тарихы
1.2 Жер кадастрлық құқықтық қатынастары: объектілері мен субъектілері
1.3 Жер кадастрлық құжаттамасы және жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру

2. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін құрал ретіндегі жер кадастрына талдау
2.1. Қазақстандағы жер кадастырының құрылымы мен оны пайдалану ерекшеліктері
2.2. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жер кадастырының рөлі
2.3. Қазақстандағы аграрлық қатынас

3. Жерді тиімді пайдалану - еңбек өнімділігін арттырудың басты шарты

3.1. Қазақстандағы жер кадастырын нарықтық экономика жағдайында пайдаланудың негізгі тенденциялары
3.2. Жер нарығының қалыптасуы
3.3. Жер кадастырын тиімді пайдалану стратегиясы

ҚОРЫТЫНЫДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Жер ресурстары - бұл кез келген елдің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік-экономикалық қолайлылығының негізі. Оның өзі Қазақстан халқының игілігіне, болашақ ұрпақтарына пайдаланылуы тиіс. Осы қағиданың негізінде, елдің бүкіл жер қорын тиімді, әрі қолайлы пайдалануды және де қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқарудағы мемлекеттің алатын орны мен рөлі туындайды. Бұл ретте еліміздің негізгі заңының 6-бабының 3-тармақшасындаЖер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады деп аталып кеткен [1]. Нарықтық экономика жағдайында жер тек жылжымайтын мүлік объектісі ғана емес, табиғи ресурсы, өндіріс құралы, кеңістік базисі. Осы орайда жер учаскелерін есепке алып, оларға санақ,яғни жер кадастрын жүргізу жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдаланудың негізі болатындығы сөзсіз. Қазіргі таңда жер кадастрының тиімді және заманауи жүргізілуіне үлкен мән берілуде. Себебі ол - Жер кодексінің негізгі ережелерін жүзеге асырудың, жер пайдаланушылардың құқығын қорғау мен жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдаланудың негізі болып табылады. Міне, осы ретте еліміздегі жер кадастрының негізгі құқықтық реттелу және қорғалу мәселелері осы дипломдық жұмыстың негізгі тақырыбы болмақ.
Тақырыптың зерттеу дәрежесі жұмыстың теориялық негізіне құқық теориясы, экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, табиғи ресурстық, азаматтық және жер құқығы мәселесі бойынша жасалған заңгер ғалымдардың еңбектері пайдаланылды: С.Б.Байсалов, А.Е.Бектұрғанов, Д.Л.Байдельдинов, Б.Ж.Әбдрайымов, Н.Б.Мұхитдинов, И.В.Амирханова, А.Е. Еренов, Ж.Х.Қосанов, А.А. Хаджиев, С.Т.Култелеев, Л.К.Еркінбаева, Н.С. Баимбетов, Ш.Б.Серикбаева, т.б. Зерттеу жүргізу барысында табиғи ресурстар кадастры және жер кадастры мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулер қарастырылды. Оның ішінде қазақстандық А.З.Қаскеева, Ресей ғалымдарынан Е.Н.Колотинская, И.В.Дегтярев, Л.И.Осипов, Т.П.Магазинщиков.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері кадастрлық қызметті жүзеге асыру, жалпы теориялық сұрақтарды талдау, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін құрал ретіндегі жер кадастырына талдау жасау, оның кемшіліктерін анықтау, ұсыныстар мен тұжырымдарды дайындау, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат қорларын пайдалану саласындағы кадастрлық қызметті қалыптастыруға бағытталған.
Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеудің міндеттерін мыналар құрайды:
- жер кадастрының түсінігін, мазмұнын, пайда болу мен дамуын анықтау;
- мемлекеттік жер кадастры құқықтық қатынастарының объектілері мен субъектілерін жіктеу және сипаттама беру;
- Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін құрал ретіндегі жер кадастырынын орнын анықтау;
- Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін құрал ретіндегі жер кадастырына талдау жүргізу және ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың қызметін зерттеу және жетілдіру жолдарын ұсыну;
- мемлекеттік жер кадастры қызмет саласындағы халықаралық әріптестікті құқықтық қамтамасыз ету мәселесін талдау.
Зерттеудің ғылыми әдістемелік базасы мемлекет пен құқық туралы ілімдер, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережелері, жер қатынастары саласындағы конституциялық ережелер қызмет етеді. Нәтижеге қол жеткізу үшін ғылыми танымдық сипаттағы, салыстырмалы құқықтық, жүйелік, тарихи және т.б. әдістер қолданылады.
Зерттеудің пәні болып мемлекеттік жер кадастрын жүзеге асыру механизмі, ал объектісі - Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы қамтылған мәліметтерді табиғи ресурстар құқығы, жер құқығы, экологиялық құқық оқу пәндерін оқыту, сондай ақ осы саладағы оқулықтардың, ғылыми басылымдардың тиісті тарауларын дайындау кезінде қолдануға болады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер және оларға негізделген автордың тұжырымдары мен ұсынымдары қоршаған ортаны қорғау және жер заңнамаларын жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің жалпы сипаттамасы мен мақсаттарына негізделген. Кіріспе, 3 тарауды қамтитын негізгі бөлім және қорытындыдан құралады.

1 ЖЕР КАДАСТРЫ ҰҒЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жер кадастры туралы түсінік және оның пайда болу мен даму тарихы
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды [2].
Кадастр табиғи ресурстар туралы толық және жан жақты түсінік береді және мемлекеттің шаруашылық ұлттық қызметінің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Олар ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, тау кен өнеркәсібі, су тасымалы және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты салаларды реттеу үшін маңызды болады [3. С 66].
Тарих сахнасында жер кадастры басқа табиғи ресурстар кадастрынан бұрын пайда болған. Жер кадастры материалдары байлық және салық салу объектісі ретінде жер туралы қажетті мәліметтерді алу үшін пайдаланылды. Жер кадастры алдымен жер байлығын алу, мал бағу және жер жырту үшін пайдаланылған жерді тіркеу бойынша қарапайым әрекеттерді құраған. Кейін өндіріс әдістерінің дамуымен қатар жер туралы мәліметтер енгізілетін арнайы құжаттар ( тізім, реестр, журналдар) пайда болды.
Жалпы кадастр сөзінің мағынасы әр деректерде әрқалай кездеседі. И. С. Кауричев өзінің Почвоведение атты кітабында кадастр сөзі француздың cadastpe тіркеу сөзінен шыққан десе, ал Т.П.Магазинщиков латынның capitastrum, яғни заттар тізімі деген мағына береді деп көрсетеді. Басқа әдебиеттерде кадастр сөзі латынның caput сөзінен шыққан, иемдену заты деген мағына береді делінген. Демек, жер кадастры дегеніміз жердің құқықтық, шаруашылық және табиғи қасиеттері туралы шынайы және қажетті мәліметтердің жиынтығы. Бас кезінде кадастр кітап ретінде болды, оның ішінде (ауданы көрсетілген), салық салынатын жерлер тізімі, жер қыртысының сапасы және жер салығының көлемі көрсетілген. Тарихтың, поэзияның, философияның ежелгі ескерткіштері таксация (латын сөзі taxatio), жанрдың бағалануы б.э.д. көптеген жылдар бұрын болған мәліметтерді сақтады. Қытайда да б.э.д. үш мың жылдықта жер қыртысы тоғыз классқа бөлінген екен.
Жер кадастры туралы жете мәліметтер Ежелгі Мысыр, Греция және Римнің көптеген ескерткіштерінен табылды. Мысырлық папирустар біздің заманымызға дейін Мысырда сапасына тәуелді көптеген жер категорияларының бар болғанын күәландырады. Бірінші мысырлық фараондар кезеңдерінде (төрт мың жыл бұрын) салық салынатын жерлерге, бағалау тізімдері мұқият жүргізілді. Нілдің өзіндік жерлері табыстың бесінші бөлігін алу мақсатында және жер иелігіне құқықты орнатуда, сапалы және сандық қатынастарында есепке алынды. Мұндай есеп-бағалауды жылына екі рет фараонның арнайы таксаторлар-чиновниктер жүргізді.
Гомер поэма эпохасында (б.з.д. 12-8 ғ.) гректер жер қыртысы және жер ұғымдарын айыруды ұғынды, олар жерді космостың элементі, ал жер қыртысын өңделген жердің қасиеті деп қарастырды. Жер сапасын салыстыра бағалау қажеттілігі Ксенофонт шығармаларында және Аристотельдің оқушысы Теофрасттың шығармаларында көрсетілген. Ксенофонт (б.з.д. 430-355ж) экономика шығармасында, шаруашылықты дұрыс жүргізу үшін білу қажет, берілген жерде қандай дақылдарды егу керек, ал бұл үшін жер қыртысының сапасын анықтау керек, яғни басқа учаскелердің егісімен танысу керектігін атап көрсетпек. Теофраст (б.з.д. 372-287ж.) жер қыртысының қасиетін есептеу қажеттілігін сыза көрсетуде, әр түрлі жер қыртыстарына және жердің су өткізгіштілігі, химиялық құрамы, жылуға қатынасы, құнарлы қабаттарының тереңдігі, оның құрылымына жете тоқталады.
Ежелгі Римнің жер кадастры жер меншігінің суреттеуін көрсетеді. Арнайы реестрлерге жер учаскелерінің ауданы, оларды өңдеу әдістері, сапасы және жерлердің табыстылығы туралы мағлұматтар енгізілген. Қола кестелерге жерлердің жоспарлары, олардың атаулары, шекаралары және жер иеліктерінің аудандары жазылып отырған. Соның ішіне жерлердің сапасы және шаруашылық туралы мағлұматтар енгізілген. Рим кадастрының принциптері империяның аудандарында және колонияларында кең тарады, тағы сол сияқты басқа мемлекеттерде қолданылды.
Ортағасырлық кезеңдерде жер кадастрының дамуы туралы византиялық ауыл шаруашылық энциклопедия - Геопоники куәландырады. Онда жердің сапасын жер қыртысының сыртқы түрінен және өсімдіктері, жер қыртысының дәмі және иісінен анықтауға мүмкін болатыны көрсетілген. Көп көңіл өңір рельефіне, бөктер экспозицияларына, тағы сол сияқты жер қыртысының қасиеттеріне, яғни тығыздылығына, құрамына, түсіне аударылды. Жер қыртысының қасиеттеріне байланысты, оның сапасы және орналасу жағдайы және жер қыртысын өңдеу, дақылдар жинағы, әр түрлі қыртысқа жарамдылығы бойынша ұсыныстар жүргізілді.
Мысалы, Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңыншы жылдары топырақтарды 9 класқа бөлген. Мұндай мәліметтер Ежелгі Греция, Египет, Римнің көптеген ескерткіштерінде бар. Ежелгі Римнің жер кадастрінде жер учаскелерінің көлемдері бойынша олардың сапасы, пайдалылығы, қолданатын өңдеу тәсілдері туралы мәліметтері баяндалған. Сонымен қатар жер бетінде дәл өлшеулердің жүргізілгендігі және сапасын анықтау туралы карталардың жасалғандығы келтіріледі. Жер иелері өздерінің жерлері, шаруа жабдықтары туралы толық мәліметтерді беріп отыруға міндетті болған [4. С 72].
Батыс Еуропада Франция королі Ұлы Карл (768-814ж.ж.) ағылшын Эдуард I (1272-1307ж.ж.) кездерінде олардың жерлерінен алынатын табыстарын баяндайтын жер салықтарын, Фридрих II кезінде Сицилияда (1192-1250 ж.ж.), сонымен қатар Калабрияда (1327 ж.), Дофине провинциясында жүргізілген жер кадастрлерін айтуға болады. Жер кадастры арнайы шара ретінде феодалдық өндіріс тәсілі жағдайында әрі қарай дамыды, рәсімделді. Жерге жеке меншіктік күшейген феодалдық қоғамда әр түрлі жер иелеріне салық салу мөлшері бірдей болған жоқ. Ірі жер иелері жер салығын төлеуде көптеген жеңілдіктерді пайдаланған. Дамып келе жатқан капиталистік мемлекеттер өсіп кеткен мемлекеттік аппаратын, армиясын қамтамасыз ету мақсатымен және басқа да мәселелерді шешу үшін қаражат көбейтуге мәжбүр болды. Сондықтан феодалдық-басыбайлы қатынастарының жойылуына, жерді пайдаланушылардың, иеленушілердің салықтанатын санын көбейтуге, пайдаланатын жерлердің бәріне салық салуға мүдделі ретінде жерді есепке алушы, зерттеуші, баяндаушы және бағалаушы жер кадастры қызметі қажет болды.
Батыс Еуропасындағы ортағасырлық кадастрларға франктардың королі Ұлы Карлдың (742-814ж) жер кадастры, Вильгельм Жаулаушының (1066-1087ж) кезіндегі ағылшындық Книга страшного суда кітабында жерлердің саны және сапасы туралы жете мәліметтер келтірілген. Мұнда даттық хат алысу Вольдемар 2 (1231ж) кезінде, 2-Фридрихтің (1194-1250ж) сицилиялық кадастры, ағылшындық хат алысу 1 Эдуард (1239-1307ж) кезінде, Каламбрии (1327ж) кадастры, Дофинел (1369ж) аудандарының кадастры, Бранденбургтың (1375ж) курорюшерлік жерлері бойынша кітабы. Жер кадастры ары қарай дами және қалыптаса алады, феодалдық өндіріс әдістері, онда феодалдардың жерге жеке меншіктілігін нығайту шарттарындағы арнайы шара ретінде жүргізіледі. Феодализм кезінде жер иеленушілерге және жерлерге салық салу тең емес қатынаста жүргізілді [5. С 44].
И.В.Дегтярев пен Л.И.Осипов классикалық жер кадастрының отаны ретінде Солтүстік Италияны есептейді. Толық жер кадастрлық процесс 19 ғасырдың 2-жартысында Австрияда жүргізілді.
18-19 ғасырларда мемлекеттік шығындар және оларға байланысты салық салу жүйесі бөлек батыс еуропалық мемлекеттердің өкіметтерін түбірлі қаржы реформалары және жерлер бойынша кадастр өндіруге мәжбүрледі. Оның ішінде Миландық, Тиролдық және Парцеллярлық кадастр маңызды болды. Миландық кадастр, Италияның солтүстік бөлігінде австриялық өкіметпен жүргізілді, ол жер учаскесінің табыстылығын анықтайтын кадастрлардың бірі болды. Ол үш бөлімнен тұрды - жерлерді өлшеу, олардың классификациясы, таза табыс көлемін анықтау. Жерлер тура өлшеніп құнарлығы бойынша төрт классқа бөлінді: жақсы, орташа, жаман, құнарсыз. Әр классқа орташа таза табыс орнатылды, ол алынатын салық көлемі және оның капиталды өзіндік құнының негізгі көрсеткіші болып табылды. Тиролдық кадастр (1771ж) - баға бойынша кадастр. Онда жер иелерінің айтуы бойынша учаскелер көлемі орнатылады. Жер учаскесінің табысы көлемі орташа нарықтық баға негіздерінде қойылады. Бірақ баға бойынша кадастр әр уақытта нақты нәтиже бере алмады, өйткені нарықтық бағалар және учаскелер табыстылығы сәйкес келмеді және сондықтан ол толығымен провизорлық (азықтық) мінез алды.
Франциядағы жер туралы парцеллярлық кадастр тура мәлімет берді.Таза табыс берілген учаскеде 15 жыл ішінде ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі негізінде анықталды. Есептеулердің жылдық ең өнімді және өнімді емесі алынып тасталынып отырды.
Қоғамның даму кезеңдері басыңда негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілік пайда болды. Содан соң алқаптарды топырақ және құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастры мәліметтерін тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады. Топырақтардың сапасына қарай олар топтарға (кластарға) бөлінді. Оған тарихтың көне ескерткіштері куә. Олар кәзіргі дәуірге дейін көптеген жүздеген жылдан бұрын жер және топырақтарда сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер кадастрінің болғандығын куәләндіреді.
Қазақстандағы жер кадастрының пайда болу тарихы Ресейдегі жер кадастрының дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сол елдің кадастрының пайда болу мен даму тарихына қысқаша тоқталайық. Ресей жер кадастры, батысеуропалық мемлекеттердің кадастры сияқты, ұзақ даму тарихына ие. Ресейдегі бірінші жерлерді тіркеу 9 ғасырда пайда болды. Олар көбінесе монастырь және шіркеу жерлеріне қатысты болды және дін басыларын жылжымайтын мүлікпен, соның ішінде жерлермен қамтамасыз етудің негізі болды.
Біздің заманымызға жеткен көне кадастрлық құжат татарлық иго кезеңіндегі жерлерді сипаттау болып табылады. Бірінші Киевтік жерлердің татарлық санағы 1245ж. өткізілді. Монғол басқыншылары кезеңінде татарлық санақтармен қатар, жерлерге сипаттаманы орыс князьдары да жүргізді. Татарлардың алымының көлемін анықтау үшін, әр князьдің князьдығында арнайы жазу кітабы жүргізілген.
1718ж. Петр 1 жан басына шаққан алым жүргізді. Жерлердің сапалы есебі және олардың бағалануы салық салыну негізі ретінде өзінің мағынасын жоғалтып және ұзақ жылдарға жоғалып кетті. 1861ж. реформадан кейін крепостнойлар құқығын және шаруалар жанының төлемін жерге аударуды алып тастағаннан кейін, жер бағалау жұмыстарында есептеу қажеттілігі туды. Соңынан 1917жылға дейін жүргізілген жер кадастры пайда болды.
Қазақстанның жер орнату қызметінің орнау және даму тарихи процессы ұзақ және күрделі болды. Қазақстанда революцияға дейін жер қатынастары Ресей империясының заңдылықтарымен реттеліп отырды. 1917жылдан кейін жер орнату органдары жер қатынастарын реттеуді, сол заманға сай жер ресурстарын қорғауды жүзеге асырды. Бірінші кезеңде (1917-1980ж) жерлердің өзгеруінің заңдық негіздері ғана өңделді. 1917жылы 26 октябрьде қабылданған Жер туралы Декрет бойынша жерлерді есепке алу аса маңызды шара ретінде қаралмады және помещик жерлерін конфискациялау және фактілік алу актілеріне қосылып отырды.
Бірінші рет, жер кадастры туралы СНК РСФСР-мен қабылданған Лениннің қолы қойылған 25 июль 1918ж., Орталық статистикалық басқару жол-жобасына жазылған. Жерді қолдануға құқықты жерді бөлушілік жазулары бар құжат. Ол губерниялық жер бөлімшелермен бекітілді. Жерді қолданушылық жоспарларда және жерді бөлушілік жазуларда жүргізіліп жатқан жазулар туралы белгілер қойылып отырған. Негізгі тіркеуші бірлік болып бөлек жер учаскесі саналды, оның астарында жердің ауданы, бірнеше жер-сулардан тұратын, бір тұйықталған сызықпен жиектелген, оны басқа қолданушылардан бөліп тұрады.
Қазақстанда жерлердің өзгерісінің екінші этапы (1920-1922ж.) өзінің негізгі міндеті ретінде патша саясатының жер қатынастарындағы ізін жою деп қойды. Түркістан Одағының он бірінші съезінің белгіленіп қойған шараларға қатысты 1920жылы қыркүйекте жергілікті халықты қамтамасыз ететін жер-су реформасын жүргізу туралы шешім қабылдады.
Одан кейін шаруалардың жерді қолданушылығын тәртіпке келтіру және оның кемшіліктерін жою үшін жер есебі жерге орналасушылықпен байланыстырылады, жер есебімен және жер қолданушылығын тіркеу арасында тығыз байланыс орын алды. Еңбекке жер қолданушылығы туралы заң негізінде 1922жылдың 22мамырдан бастап жерлерді ары қарай бөлуді тоқтатып және міндетті бірыңғай жер орналасушылығынан бас тарту жай негізде ұйымдастыруға шарттар жасады.
Жер өзгерісінің үшінші кезеңін (1926-1928ж.) Қазақстандағы Жер туралы декреттің жүзеге асырудың соңы деп қарастыруға болады. Жер кадастрын құрастыру бойынша басқару жұмыстарын НКЗема РСФСР нұсқауларына қатысты 1927жылы 22тамыздан бастап жүзеге асырылды, 1923жылдан бастап сол кезде болған НКЗема жүйесіндегі жерлерді тіркеу және кадастр бөліміне міндет қойылды.
1929жылы басталған ауыл шаруашылықтарын бірыңғай коллективтендіру жер кадастрын жүргізуді шектеп тастады, кадастр бойынша жұмыстар тоқтатылды. 1930жылдан бастап жер орналасушылық толығымен колхоздарға қызмет етуге бағытталды. 1931жылдан бастап жерлерді бөлу жұмыстары комиссиясымен жүргізіле бастады. Оның құрамына жер орналастырушылар, агрономдар, ауыл одағының адамдары, колхоздар кірді. 1933жылы СССР Наркомземді өңдеді, ал СССР ЦУНХИ мемлекеттік жоспар жерлердің есебі бойынша нұсқауды бекітті, ол оның тәртібімен жоспарын жүйелендірді. Есеп бірінші және ағымды болып бөлінді және карточка немесе тізімдік форма бойынша жүргізілді. Оның жүргізілуі райондық жер бөлімшелерінің үлкен жер орналасушыларына міндеттелді, 1934жылы 29 мамырдан бастап Жерлерді жер-сулары және жер қолданылуы бойынша бөлу туралы есептемелері туралы СНК СССР Қаулысында, жерлердің есебін берумен толықтырылды. 1935-1937 жылға дейін колхоздарға мемлекеттік акттер тарату бойынша іс-әрекеттер жүргізді. Жерлердің есебі және жер қолданушы үшін маңызы заң актілері, СНК СССР-ң 1935жылы 7 шілдеде басталған Ауыл шаруашылығына жерлерді мерзімсіз қолдануға актілер беру туралы қаулысы 1939жылы 27мамырдан басталған ЦК ВКП және СНК СССР-ң Колхоздардың қоғамдық жерлерін талан-талаждан қорғау шаралары туралы қаулысы болып табылады.
1946-1950жылдары жер орналасушылығы ауыл шаруашылығының өндірісінің рационалды ұйымдары үшін, қатысты территориалды шарттарды жасауға бағытталды, егіс айналымын енгізу, жер өңдеудің мәдени дақылдарын көтеру. 1954жылы 31 желтоқсаннан басталған СССР Министрлер Одағының Қаулысымен СССР жер қорының бірлескен мемлекеттік есебі туралы, соған қатысты жер пайдаланушыларының және жерлердің мемлекеттік есебіне мемлекеттік тіркеу бірлескен жүйелердің енгізуі болып табылады. Жүйені басқару СССР ауыл шаруашылық министрлігіне міндеттелді. Оның бұл сұрақтарға байланысты нұсқаулары барлық министрліктермен ведомстволарға, т.с.с. кәсіпорындар, ұйымдар үшін міндетті болды.
1959жылы Казгипрозем жобалау институты, ал 1961жылы Целингипрозем институты ұйымдастырылды, олар жер қатынастарын реттеу сферасында, жер ресурстарын қорғауда, жер орналасушылық әрекеттер жасады. Жер кадастрлық жұмыстарын жүргізудің сапалы жаңа кезеңін, 1977жылы СССР Министлер Одағының №501 қаулысымен Жер кадастрын жүргізу тәртібі туралы басталады. Сол уақыттан бастап елде жер кадастры бірлескен жүйесімен жүргізілуде.
80-жылдардың басынан жер ресурстарын басқаруда өзара байланысқан шаралар жиынтығын кіргізді-жер орналастырушылық, жер кадастры, зерттеу және жер ресурстарын картографиялау, жобалау және жоспарлау, жерлерді қолдану және қорғаудың мемлекеттік бақылауы, 90-жылдары басталған СССР-дағы бетбұрыс жер заңдарына және жер қатынастарына жаңа енгізулер енгізуге жете жете малдандырды [6. С 122].
Қазақстандағы жер кадастрының пайда болу және даму процесін Еренов А.Е. былай бөледі: хандық кезең, Қазақстанның Ресейге қосылған кезеңі, Қазақстаннның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңі, 1938-1953 жылғы кезең, халық шаруашылығының даму кезеңі [7. С 89]. Қазіргі таңда бұл кезеңдерді тағы бір тарихи кезеңмен толықтыруға болады: тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең.
Ш.Б.Серікбаеваның диссертациялық зерттеуіндегі жер кадастрының тарихи дамуының талдауы үлкен қызығушылық тудырады. Өз еңбегінде Қазақстанның келесі кезеңдеріндегі жер кадастрын жүргізу әдістерінің қалыптасу процесіе бөледі: Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін; Қазақстандағы революцияға дейін; Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдары; Шетел интервенциясы мен азаматтық соғыс кезеңі; Халық шаруашылығы мен жер реформасының қалыптасу кезеңі; жаппай отырықшыландыру және көшпелі мен жартылай көшпелі шаруашылықтарды ұжымдастыру кезеңі; соғыс алдындағы кезең; тың жерлерді игеру кезеңі. Мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, көлемi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есебi мен жер учаскелерiн бағалау туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады [8]. Бұдан кейін Қазақстанда жер кадастрын жүргізу КСРО мен Кеңестік республикалардың 1971 жылдың 21-шілдесінде қабылданған Жер туралы заңының негіздерімен және 1977 жылдың 10-маусымында қабылданған Қазақ КСР Жер кодексімен және 1990 жылдың 16-қарашасындағы Қазақ КСР Жер кодексімен реттеледі. Тәуелсіз Қазақстанда жер кадастрлық қатынастар 1995 жылдың 22-желтоқсанындағы Жер туралы ҚР Президентінің Жарлығымен, 2004 жылдың 24-қаңтарындағы Жер туралы ҚР Заңы, 1996 жылдың 6-маусымындағы ҚР Үкіметінің Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі туралы жарлығымен, қазіргі таңда 2006 жылдың 20-маусымындағы ҚР Жер кодексімен, 2006 жылғы 20 қыркүйектегі ҚР-да мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысымен реттеледі.
1.2 Жер кадастрлық құқықтық қатынастары: объектілері мен субъектілері
Жер құқық қатынастары қоғамдық қатынастардың ерекше сипатына тән. Олардың негізінде жерге меншік қатынастары жатыр. Жер құқық қатынастары - меншіктің ерекше объектісі ретінде жерді пайдалану саласында экономикалық қатынастардың сипаты мен баяндалығының заңдық нысаны және идеологиялық ерікті қоғамдық қатынастардың ерекше түрі [7. С 7].
Н.И.Красновтың айтуынша жер қатынастары - құқықтың тиісті нормаларымен реттелген, жер жөнінде адамдардың ерікті қадамының қорытындысы. Ол жер құқығы нормаларының ұйғаруына байланысты басталған, жүзеге асырылатын және қысқарылатын қоғамдық жер қатынастары [9. С 9].
Жер құқық қатынастарын Г. А. Аксенок екі топқа бөледі. Біріншісі жерге меншік құқық қатынастары, яғни жерді билеу және басқару қатынастары, екіншісі жерді пайдалану құқық қатынастары. Бірақ бұл екі жер құқық қатынастарының негізінде жерге мемлекеттің меншігі жатыр. Сондықтан жер пайдалану құқықтық қатынастар жерге мемлекет меншігі құқығынан туындайды, әрі оған бағынышты дейді [10. С 23].
Б.В.Ерофеев жер құқық қатынастарын бес топқа бөледі:
- Жерге социалистік меншік қатынастары;
- Кеңес мемлекеті мен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және адамдар арасындағы жер беру және оны пайдалану қатынастары;
- бірінші жер пайдаланушы мен екінші жер пайдаланушылар арасындағы қатынастар;
- әрбір жер пайдаланушылар мен басқа барлық қоғам мүшелері арасында пайда болатын қатынастар;
- көрші жер пайдаланушылар қатынастары [11. С 9].
Жер құқық қатынастарында нарықтық экономикаға байланысты жерге жеке меншік құқығы, мүлік құқығы, жер пайдалану құқығын сату- сатып алу, кепілдікке беру және басқа жер құқық қатынастарының пайда болуыжер құқық қатынастарының кеңеюімен бірге олардың реттелуіне өзгерістер енгізді. Бұрын болмаған жер құқығында жаңа институттар ( жерге жеке меншік институты, жер салығы мен алымдар туралы институт, жер сервитуты және т.б.) және мазмұны өзгерген жер құқық қатынастары пайда болды. Олар жер құқық қатынастарын реттейтін заңдарда тиісінше орын алды.
Қазақстандық ғалым Ә. Е. Бектұрғанов Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары атты еңбегінде мынандай жер құқық қатынастарының түрін ұсынды:
- Жерге меншік және мүлеіктік құқықтар қатынастары
- Жер қорын басқару органдарының құзыретін реттейтін жер құқық қатынастары
- Жерге меншік және мүліктік құқық иелерінің құқықтары мен міндеттері туралы жер құқық қатынастары
- Жер қоры және олардың түрлері туралы жер құқық қатынастары
- Жерді пайдалануға бақылау жасау және жерді қорғау саласындағы жер құқық қатынастары
- Жерге орналастыру, жер мониторингісі және жер кадастры саласындағы жер құқық қатынастары
- Жерге меншік және жер пайдалану құқықтарын қорғау саласындағы жер құқық қатынастары [12. С 18].
Жер кадастрлық құқықтық қатынастар жер құқығының нормаларымен реттелген, жер кадастры негізінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың ерекше құқықтық нысаны [13, 112]. Мазмұнына байланысты жер кадастрлық құқықтық қатынастар мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жер құқықтық қатынастары және оның мәліметтерін пайдалануға байланысты құқықтық қатынастар деп жіктелінеді. Бұл екі қатынас арасында өзара байланыс бар. Кадастрлық мәліметтерді алуды қамтамасыз ететін мемлекеттік жер кадастрын жүргізуші құқықтық қатынастарсыз кадастрлық мәліметтерді пайдалануға байланысты құқықтық қатынастардың болуы мүмкін емес. Кадастрлық мәліметтерді пайдалануға байланысты жер кадастрлық құқықтық қатынастар жер құқықтық қатынастардың жекелеген тобын құра алмайды. Кадастрлық мәліметтерді пайдалану мақсатына сәйкес олар әр түрлі жер қатынастар түрлерін көрсетуі мүмкін: жерге мемлекеттік меншік қатынастарын, жер пайдалану, жер қорын мемлекеттік басқару және т.б. жер кадастрын пайдалану мақсаттары, кадастрлық мәліметтерді пайдалануға байланысты қатынастардың пайда болуы, жер кадастрын жүргізу кезінде анықталынады. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 152- бабына сәйкес, Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтi бағалау және жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу, жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау, жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз болып табылады. Кадастрлық мәліметтерді пайдалануға байланысты жер кадастрлық құқықтық қатынастарға қарағанда, жер кадастрын жүргізуге байланысты жер кадастрлық құқықтық қатынастар жер құқықтық қатынастардың жеке тобын құрайды. Заң әдебиеттерінде алғаш рет жер кадастрлық құқықтық қатынастарды Н.Д.Казанцев жеке бөліп қарастырған.
Бұл құқықтық қатынастарды Н. И. Краснов өзгеше қарастырды. Ол жер қорын мемлекеттік басқару саласындағы барлық құқықтық қатынастарды жеке топ ретінде бөліп алып, оларды бірнеше түрлерге жіктеді. Яғни, жер пайдалануды мемлекеттік тіркеу, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастрын жүргізу саласындағы қатынастарды жер қорын мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық қатынастар тобына кіргізеді.
Жер кадастрлық құқықтық қатынастар жер құқығының нормаларымен реттелген мемлекеттік жер кадастрын жүргізу аясындағы ұйымдастырушылық қатынастар болып танылады. Жер қорын мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық қатынастары сияқты жер кадастрлық құқықтық қатынастар да нысанына қарай әкімшілік, мазмұнына қарай жер құқықтық қатынастар санатына жатады. Жер кадастрлық құқықтық қатынастардың жер құқықтық сипаты оның объектілерінің жер немесе жер учаскесінің болуымен анықталады [9].
Жер кадастрлық құқықтық қатынастар мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты бірқатар ерекшеліктерге ие болады. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу мақсатына байланысты уәкілетті орган немесе тұлға жер туралы кадастрлық мәліметтерді жинау, бекіту, жаңалау және рәсімдеуге байланысты жер құқық нормалар белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болады. Яғни, бір субъект екінші субъектіден белгілі міндеттемелердің орындалуын талап ете алады. Осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру барысында жер кадастрын жүргізуші тұлғалардың арасында белгілі қатынастар қалыптасады және олар процессуалдық жер құқық нормаларымен реттелетіндіктен, процессуалдық жер кадастрлық құқықтық қатынастар нысанына ие болады.
Қазақстандық ғалым Б. Ж. Әбдрайымов Проблемы совершенствования процессуальных форм реализации норм земельного права атты ғылыми еңбегінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің процессуалдық нысанына көп көңіл бөледі. Оның пікірі бойынша: Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметінің мазмұны (әрекеттердің жиынтығы) - жер кадастрлық процесті көрсетеді. Жер кадастрлық процесстің басты және ақырғы мақсаты - аралық мақсатты орындау талабымен сәйкес ақпараттық ресурстар бар болса, мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғаларға жер туралы мәліметтерді беру. Автор мемлекеттік жер кадастры деректерін қалыптастыру және оны заманның талабына сай сол деңгейде ұстап тұру сәйкес заңи қызметтің жеке немесе аралық мақсаты ретінде атайды. Аталған аралық мақсатқа жету үшін автор мемлекеттік жер кадастры деректерін қалыптастыру процесін мынадай кезеңдерге бөледі: алғашқы және кейінгі, ал соңғысын ағымды және мерзімді кезеңдер бөледі. Негізгі кезең жер туралы кадастрлық мәліметтерді алғаш есепке алу кезеңі: 1)дайындау жұмыстары; 2)мәліметтерді жинау және өңдеу; 3)жер кадастрының ақпараттық жүйесін құрудан тұрады. Кейінгі кезең 3 бөлімнен тұрады: 1)орын алған өзгерістер туралы мәліметтер алу; 2)осы мәліметтерді өңдеу; 3) жер кадастрының ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізу [13. С 127-128].
Жалпы алғанда, жер кадастры мынадай құрамдас бөліктерден тұрады: 1) мемлекеттік кадастрлық есеп объектілерін қалыптастыру; 2)объектілердің мемлекеттік кадастрлық есебі; 3)объектілердің мемлекеттік кадастрлық бағалануы; 4) тұтынуышларды мемлекеттік жер кадастры мәліметтерімен ақпарттық қамтамасыз ету. Бұл құрамдас бөліктер мемлекеттік жер кадастрын жүргізгенде туындайтын арнайы жер кадастрлық қатынастармен ерекшеленеді. Ал, жер кадастрлық құқықтық қатынастар дегеніміз жер құқығының нормаларымен реттелген мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібіне байланысты туындайтын, сонымен қатар осы саладағы заңдылықты бұзу үшін құқықтық жауапкершілік шараларын жүзеге асыруда туындайтын қоғамдық қатынастар.
Субъектілер арасында (жер учаскесі туралы кешенді ақпарат жинау, өңдеу, есепке алу, сақтау және пайдалануды жүзеге асыратын уәкілетті органдар, сонымен қатар мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін тұтынушы ретіндегі заңды және жеке жеке тұлғалар және олардың одақтары, өзге де мемлекеттік билік органдары) кадастрлық есеп объектілеріне (ҚРның жер, аумақтық бірліктер, жер учаскелері, осы жер учаскелерімен тығыз байланысты объектілер) байланысты туындайтын жер кадастрлық құқықтық қатынастарды реттеу келесі қағидалар арқылы жүзеге асады:
1) ҚР барлық аумағында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің бірыңғай жүйесі;
2) жер учаскесінде болған өзгерістерді үзбей мемлекеттік жер кадастрына енгізіп отыру;
3) мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерінің жариялылығы;
4) мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерінің басқа мемлекеттік және өзге де кадастрлар және және ақпарттық ресурстарда жинақталған мәліметтермен сәйкестігі.
Мемлекеттік жер кадастры аэрофотографиялық, фотограмметриялық, кадастрлық суреттер арқылы, жобалық-зерттеушілік, картографиялық жұмыстар, топырақ, геоботаникалық, т.б. зерттеулер арқылы, жер мониторингі арқылы, сапалық және сандық барлық жерді есепке алу арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысының 2-бөлімінің 10-тармағынан, яғни жер учаскелерi туралы ақпарат учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелi түрде жаңартылады, Кадастрлық деректерді жүйелі түрде жаңартып отыру қағидасы көрініп тұр. Сол сияқты Ережеде жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылар, тиісті қызмет адамдары мен жергілікті атқару органдары жыл сайын аудандық жер бөліміне жердің жағдайы мен пайдалану туралы мәлімет ұсынып отыруы тиіс [15].
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысының 5-бөлімінде кадастрдың мемлекеттiк құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын мәлiметтерi жалпыға қол жетiмдi болып табылады және мүдделi жеке және заңды тұлғаларға ақылы негiзде берiледi делінген. Бұл - кадастрлық ақпараттың жалпыға ортақ қағидасының көрінісі. Бұл қағида әсіресе Қазақстанның Орхус конвенциясына қосылған кезде аса маңызды құжат. Ол халықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелері бойынша сот билігіне жүгінуге мүмкіндік береді. Тек кадастрлық деректердің бәрі бірдей көпшілікке беріле бермейтіндігін де ұмытпау керек. Бұл жерде шектеу бар. Біз ҚР топографиялық, геодезиялық не картографиялық қызметінің нәтижелерін әшкерелейтін деректер туралы айтып отырмыз (қорғаныс не экономикалық мәні бар) [16].
Зерттеу барысында жүргізудің кейбір қағидалары нормативті актілермен бекітілді, кейбірі заңдық жалпы идеялармен бекітілді. Осы және басқа да қағидаларды заң жүзінде бекіту кадастрлық қызметті тиімді жүргізуге аса қажет.
Сонымен жер кадастрын жүргізуде мынадай қағидаларды сақтау қажет:
- жер кадастрының толықтығы және жан жақтығы;
- кадастр деректерінің осы күнге сай болуы;
- кадастр деректерінің айқындығы;
- кадастрлық ақпараттың сыйымдылығы;
- кадастр жүргізудің міндеттілігі;
- кадастрлық қызметтің ғылыми негізділігі;
- кадастр жүргізудің үздіксіздігі,
- кадастрлық ақпараттың жалпыға бірдейлігі;
- кадастрлық қызметтегі халықаралық ынтымақтастық;
- кадастрлық баға белгілеуге үнемдеу тұрғысынан келу.
Жер кадастрының қағидалары дегенде, қолданыстағы заңмен бекітілген, жер кадастрын жүргізумен байланысты қатынастарды реттеу саласындағы басты бағыт пен құқық нормаларының мәнін білдіретін негідерді түсіну керек. Бұл негіздер (кадастрдың) қоғамның экономикалық шарттарына жатады. ҚР бағдарламасы мен экономикалық саясатына негізделген олар біздің қоғамымыздың дамуының әлеуметтік экономикалық заңдарын бейнелейді және мемлекеттің кадастрға қоятын талаптарын қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді қорыта келе, мынадай тұжырым жасауға болады: жер кадастрлық құқықтық қатынастар дегеніміз жер құқығының нормаларымен реттелген, жер кадастрын жүргізу, яғни жер туралы кадастрлық мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және оларды мүдделі тұлғаларға беру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастардың ерекше құқықтық нысаны.
Бұл қатынастардың объектісі жер болғандықтан мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастары жер құқық қатынастары тобына жатады. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастары жер кадастрлық қатынастра тобын құрайды. Жер кадастрлық қатынастары жер кадастрын жүргізу әрекеттерімен байланысты, яғни жер пайдалану құқығын құқықтық рәсімдеу; жер есептерін құрастыру, қарау және бекіту; жердің кадастрлық құнын бекіту; жердің кадастрлық құнына қатысты мүдделі тұлғалардың арыздарын қарау және т.б. Демек, жер кадастрлық құқықтық қатынастар, жалпы құқықтық қатынастарға тән объектісі, субъектісі, мазмұны бар жер құқықтық қатынастардың жеке тобы болып табылады.
Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі заманғы кезеңі олардың табиғи ресурстар мен қамтамасыз етілуі мен оларды қолданудың барынша ұтымды жолдарын зерттеуге ерекше мән берілуімен ерекшеленеді. Табиғи ресурстарды тиімді басқарудың қамтамасыз етілуі олардың ұтымды пайдалануы және қорғалуының маңызды жолдары шарттарына табиғи ресурстар жайлы толық және негізделген мәліметтердің, яғни кадастрдың болуы жатады.
Жер қоршаған ортаның құрамдас бөлігі, яғни табиғи ресурс болып табылатындықтан, алдымен табиғи ресурстар кадастрының объектілерін қарастырып өтейік. Табиғи ресурстар кадастрының объектілері топтасу кезінде түрлі авторлардың кадастр объектілеріне қатысты әр түрлі пікірлері мен сипаттамалары бар. Мысалы: И. В. Дегтиряев, Л. И. Осинов сияқты ресейлік ғалымдар жер кадастры объектісі ретінде табиғи ресурс және өндіріс құралы болған жердің өзін қарастырады.
Жер кадастрын жүргізудің мазмұны мен әдістемесі төменде аталған негізгі объектісінің ерекшеліктеріне байланысты:
- жер қоғамдық өмірде еңбектің негізгі құралы, яғни өндіруші өнеркәсіп пен құрылыстан бастап, өндірістің басты құралы болып табылады;
- ауыл шаруашылығына дейінгі кез келген өндіріс процесінің қажетті шарты болып табылады;
- жер ауданы бойынша шектеулі және оның орнын өзге еш нәрсе баса алмайды;
- жерді игеру бір орында тұрақтаумен байланысты;
- жердің негізгі ерекшелігі дұрыс қолдануда оның өнімділігі артады, яғни өнімнің мол болуын қамтамасыз етеді;
Өзінің диссертациялық зерттеуінде қазақстандық автор Серикбаева Ш. Б. былай дейді: жер ресурстары мәліметтері жер кадастры объектісі болып табылады. Ал, жер кадастры дегеніміз ҚР жерлерінің табиғи және шаруашылық орналасуы жөнінде мәлімет жүйесі, орнықтыру, мақсатының қолданылуы, ауданы мен жер учаскелерінің шекаралары және сапалық ерекшеліктері, жер учаскелерінің жерді қолдануы және кадастрлық құнын есептеуі, өзге де қажетті мәліметтер жүйесі. Яғни, кадастр нақты мәліметтер. Тиісінше осы жағдайда мәлімет объектісі ретінде табиғи ресурстың өздері болуы мүмкін. Осы жағдайды реттеу үшін, табиғи ресурстар кадастрын жүргізу барысы мен кейіннен мәліметтердің қолданылуында қалыптасқан және құқық нормаларының оларға әсерінен табиғи кадастрлық құқық қатынасына ауысатын қоғамдық кадастрға жататын кадастрлық құқық қатынас объектісін анықтау мәселесін жете зерттеу қажет.
Ғылыми еңбектерінде осы және құқық қатынасы объектісі мәселелері бойынша әр түрлі пікірлер айтады. Кейбір авторлар құқық қатынас объектісі ретінде әрдайым заттар қолданылады десе, келесі авторлар затқа бағытталған адамдардың іс қимылын түсіндіреді. Кейбір қазақстандық мұның құқық қатынасы қатысушыларының іс әрекетінің бағытталған болмысы екендігін айтады. Құқық қатынасының ерекшелігі мен түріне қарай құқық қатынасының объектілері:
- материалдық игіліктер;
- материалдық емес игіліктер;
- субъектілердің іс қимылы, мінез құлықтары, түрлі қызметтері мен нәтижелері;
- рухани шығармашылық өнімдері;
- бағалы қағаздар, ресми құжаттар деп жіктеледі.
Соңғы жылдары мемлекет пен құқықтың ресейлік теориясы бойынша, қолданылуы мен қорғауына субъективтік құқықтар мен заңдық міндеттеріне (құқықтың жауапкершілігі) бағытталған шынайы игілік - құқықтық қатынастың объектісі болып есептеледі. Құқықтық әдебиетте құқықтың қатынас объектісі осы құқықтық қатынастың пайда болу себебі аңғарылатынына сүйене отырып және құқықтық қатынастардың материалдық дүниесінің белгілі объектісі немесе белгілі тәртіп негізінде қалыптасатындығынан, табиғи кадастрлық құқықтық қатынастарда да объектілер екі негізгі түрде болады: Біріншісі, табиғи ресурстар кадастрын жүргізумен тікелей байланысты қатынастар, яғни мәліметтерді жинау, жүйелеу, жаңарту,т.б., ал екіншісі табиғи ресурстар кадастрының мәліметтерін қолдануға байланысты туындайтын қатынастар.
Мысалы, Е. Н. Колотинская да Кеңестік жер кадастры құқықтық негіздеріне арналған өз еңбегінде жер кадастрлық қатынастардың мазмұнын зерттей келе, оларды екі топқа бөледі: жер кадастрын жүргізудің жер кадастрлық қатынастары және жер кадастрының мәліметтерін қолданудың жер кадастрлық қатынастары [13. С 78].
Осы екі топты жеке кадастрлық мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қызметімен байланысты басқару қатынастарының бір бөлігі болуымен қатар, кадастрды жүргізуге қатысты табиғи кадастрлық қатынастар процессуалды ерекшеліктерге ие.
Ш.Серікбаева өз еңбегінде жер кадастрлық құқықтық қатынастар объектісі осы құқықтық қатынастардың субъектілерінің іс қимылдары (мінез құлықтары) ретінде қарастырады. Автор, құқықтық қатынастар сынды жер кадастрын жүргізу объектісінің жердің өзінің емес, ол туралы мәліметтер екендігін жазады. Нақтырақ айтқанда, ҚР жерлерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасу, мақсатына сәйкес қолданылуы, ауданы мен шекаралары, олардың сапалық ерекшеліктері, жерді пайдалану есебі, жер учаскелерін бағалау және т. б. мәліметтер. КСРО да табиғи ресурстар кадастрының құқықтық негіздері мәселелеріне бірнеше еңбегін арнаған Е. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қылмыс
Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы
Жер кадастрының теориялық негізі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КЕҢІСТІКТІК МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Жер ресурстары
Жер кадастры
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау
Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Пәндер