Нарықтық экономика жағдайында несиелендіру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1 Нарықтық экономика жағдайында несиелендірудің теориялық аспектілері . . . 8
1. 1 Несиенің экономикалық мазмұны . . . 8

1. 2 Несиенің жіктелуі . . . 12

1. 3 Несиелік саясат - несиелендіруді жүзеге асыру құралы . . . 24

2 Қазақстан Республикасындағы халықты несилеудің ұйымдастырылуы ("Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының мысалында) . . . 29

2. 1 Қазақстан Республикасы несие нарығының ағымдағы жағдайын талдау . . . 29

2. 2 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының қаржылық қызметіне жалпы сипаттама . . . 35

2. 3 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының халықты несиелеу бағдарламары . . . 53

3 Қазақстан Республикасындағы несиелендіру нысандарының проблемалары мен даму перспективалары . . . 57

3. 1Қазіргі таңда несиені ұсынудың оптималды базалық шарттары . . . 57

3. 2 Несиені қайта рәсімдеу операциясы (реструктуризация) несиелендірудегі пайда болуы мүмкін қауіпті төмендету шарасы ретінде . . . 59

Қорытынды . . . 69

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 72

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады. Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының несиелік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс деп көрсетілген. Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық несиелерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет. Бұл үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-несие саясатының жаңа жүйесін әзірлеу қажет болатындығы айтылды. Қазірігі кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпінді түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Бұрын қатал түрде реттелетін коммерциялық банктер, бүгін дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.

Кейінгі жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығаюы бұрын болған несие ресурстарының дефицитін қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің конструкциялық саясаты, қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің банк секторының динамикалық дамуына мүмкіншілік туғызды. Несие ресурстары мен бәсеке өсуінің нәтижесінде Қазақстан банктері пайыздық мөлшерлеме және мерзімге байланысты банктік қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылуда.

Банктер өздерінің несие қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.

Бірақ Республикадағы банктердің қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалы, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының дефициті және т. б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие қызметі үшін жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктің несие портфелі құрылымының төмендеуі, жіктелімді активтер бойынша резервтерді қалыптастыруға шығындардың тез өсуі, таза табыстың жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәтті несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т. б. мүмкін тәсілдер механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.

Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында халықты несиелеудің ұйымдастырылуын сараптау негізінде халықты несиелендірудің заманауи нысандарын дамыту бағыттарын анықтау.

Қойылған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыстың міндеттері белгіленді:

  1. Нарықтық экономика жағдайында несиелендірудің теориялық аспектілерін жүйелеу;
  2. Қазақстан Республикасында халықты несиелеудің ұйымдастырылуын «Қазақстан Халық банкі» АҚ мысалында талдау жүргізу;
  3. Қазақстан Республикасында несиелендіру нысандарының даму перспективаларын анықтау.

Зерттеу объектісі ретінде екінші деңгейлі банктердің алды болып саналатын "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайы мен несиелеу бағдарламалары қарастырылып отыр.

Зерттеу көзі ретінде, несиелеуді ұйымдастыру мәселелеріне байланысты отандық және ТМД елдері бойынша ғалымдардың, ізденушілердің ғылыми еңбектері, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияның мақалалары пайдаланылды.

Диплом жұмысының құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етілуі ретінде «Қазақстан Республикасының банктері және банктік қызмет туралы» заңы және "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамы консолидирленген есеп берулері қолданылып отыр.

Диплом жұмысының құрылымы диплом жұмысының тақырып өзектілігі мен негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген кіріспеден, жұмыстың тақырыбына сәйкес Қазақстан Республикасындағы несиелеуді ұйымдастырудың теориялық аспектілерінен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржы-шаруашылық мәліметтерінің негізінде жасалған есеп беруін талдау жағдайынан, сонымен қатар, болашақта халықты несиелендіруді дамыту үшін жасалған перспективті іс-шаралар мен нақты ұсыныстар жасалған қорытындыдан тұрады .

1 Нарықтық экономика жағдайында несиелендірудің теориялық аспектілері
1. 1Несиенің экономикалық мазмұны

Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар. Бірақ несиені зерттеу кезінде мынадай экономикалық түсініктер қалыптасқан: «қарыз», «жалға беру», «несие». Бұл түсініктердің көбісі мағыналары жағынан синоним ретінде қолданылады.

Нарықтық экономикада несие - банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдері жүргізіледі. Ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырып, белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналып отырады. Сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.

Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе теңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несиені пайдалану нәтижелері маңызды және алуан түрлі қаражаттың қайтарылуы үшін қолданылатын несие өндіріс процесіне тауарды өткізу мен тұтымына және ақша айналымының салаына ықпал етеді.

Несиенің рөлі коммерциялық, банктік, мемлекеттік тұтыну және ипотекалық несиелерде пайда болатын несиелік қатынастардың алуан түрлерін іске асыру нәтижесінде анықталады. Әр бағыттағы несиенің әсері неисиелік қатынастардың қандай да бір түрі басты, яғни доминантты орынды алады.

Несиелік қатынастардың жүйесінде несиелеу операцияларын орындау үшін қаражатты тарту өте маңызды. Бірақта ондай әрекет әр түрлі несиелік қатынастар үшін бірдей емес. Мысалы, коммерциялық несие қолданғанда несие алушының басқа жақтан қаражат тарту керегі жоқ. Өткізіліп жатқан тауардың төлеу мерзімін ұзарту үшін қарыз қаражатты ұсыну кезінде несие алушының ресурстары қолданылады. Бұл несие алушының қаржы салымын компенсациялау үшін банктік несиені қолдануды жоққа шығармайды. Банктердің бұндай іс-әрекеті маңызды, себебі тартылған қаражаттың бар болуы қаражат меншіктенушілері оларды тауарды сатып алу үшін жұмсамағанын білдіреді. Басқаша айтқанда, банктік несиені қолдану - нәтижесінде материалдық ресурстарды қайта бөлуге әкеліп соғады. Бұндай нәтиже банктік несиені қолдану - шаруашылықтағы материалды ресурстарды қайта бөлудегі мәнінде мінездеді:

Негізінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мемлекеттік, тұтынушы және жылжымайтын мүлікті залогқа және тұрғын үй сияқты мүлікті құруда ипотекалық несиені қолдану кезінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мүмкін болады.

Бұның бәрі несиенің материалдық ресурстарды қайта бөлу кезінде өте маңызды екенін дәлелдейді. Бірақтан бұл ресурстарды орынды пайдалану дәрежесіне жететін несиелік қатынастарды керек етеді.

Несие өндірістің мерзімділігі мен өнімнің белгілі түрлерін өткізумен шартталған қаражатта уақытша қажеттілігін қанағаттандыруда үлкен роль атқарады. Қарыз қаражаттарын пайдалану мерзімдік қосалқылардың пайда болуына және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық мерзімдік салаларының мерзімдік шығындарды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Ең маңыздысы несиені пайдалану кезінде кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне ғана қолайлы жағдайда жасалып қоймай, ресурстарды экономикада пайдалану үшін де жағдай жасалады, себебі бұл кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын (әрекетін) өзінің қаражатының менималды көлемінің жұмсалуымен іске асыра алады және резервтердің азаюы, соның ішінде ақшалы бөлігін де санағанда.

Сонымен бірге әртүрлі қарызгрлердің арасында қаражаттың қайта бөлудің арқасында қарызгерге берілетін біркелкі қаражаттың көлемінің азаюы туады. Мерзімдік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі үшін берілетін қарыз қаражатты беру кезінде керекті алғышарты болып қаражатта қажеттіліктің көлемі шығында да мезгілдік факторлармен шартталатындығы болып табылады.

Бұндай талаптардың сақталмауы қарыз қаражаттарын шамадан тыс берілуіне және мезгілсіз қайтарылуына әкеліп соқтырады.

Өндірісті кеңейтуде несиенің рөлі үлкен. Өндірісті кеңейту мен өнімді өткізу үшін керек. Қарыз қаражаттарды салыстырмалы қосалқылар аз уақытқа көбейту үшін шығындарды берілуі мүмкін. Сонымен бірге несие негізгі фонды көбейтудің қайнар көзі ретінде пайдалана алады, бұл ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтарды сатып алу және т. б.

Өндірістің үздіксіздігі мен оның дамуына әсер ететін несиенің тұтқа ретінде мінездемесі қарама-қарсы бағытта, себебі өндірістің және өнімді өткізудің жылдамдығының төмендеуіне әсер ете алатын несиені пайдалану мүмкін.

Қаражат айналым саласында несиенің рөлі маңызды. Бұл барлық қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз мемлекеттердің қаржы-несие жүйесінің қатысты. Қазақстанда Қазақстанның Ұлттық банкі қолма-қол ақшаның әмиссиясы мен олардың айналымын ұйымдастыруын жүзеге асырады, яғни банктер арқылы. Соңғысы орындалады, бір жағынан, егер банктер шоттарында қалдықтары бар болса, банк кассаларынан айналымға оларға қолма-қолақшаны шығару кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке азаматтар қолма-қол ақшаны беру кезінде мүмкін. Бұндай қалдықтардың бар болуы несиелік қатынастардың бар болуын білдіреді.

Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие- бұл банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.

Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше белігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдаланылған заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде болады. Материалды қамтамасыз етілген несиеле уобъектісі не өндірістік шикізат қорларын сатып алады. Жартылай өнімдер, азық - түліктер және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады.

Ұзақ мерзімді несиелеу объектісіне:

  • өндіріс объектісінің құрылысы;
  • өндіріс объектісін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
  • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
  • жаңа өнімді шығаруды ұйымдастыру.

Несиелеу принциптері негізінен несиелік процесс, яғни банктік несиенің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижесіндегі және т. б. анықталады.

Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.

Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.

1. 2 Несиенің жіктелуі

Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несие нысаны - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.

Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай . Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық , ал ақша түріндегі несиені - банктік деп атайды.

Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді

Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты - тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:

  • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
  • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Нарықтық экономика жағдайындағы ипотекалық несиелендіру жүйесі
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
Коммерциялық банктерде жылжымайтын мүлікті бағалау
Несиенің негізгі формалары
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері
Несиенің мәні және оның айналым капиталын басқарудағы рөлі
Дамушы елдерді халықаралық несиелендіру және қаржыландыру
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендірудің болашағы
Несие бойынша қарыз үлесі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz