Мұнай-газ кенорындағы маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар


КІРІСПЕ
Қазақстандағы мұнай-газды сала мұнай өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан тұрады. Мұнай - және газ құбырлары Қазақстанда Ресейлік мұнай және газ тасымалдау құбырларының жалғасуына ие және Ресей территориясы арқылы экспорттарға шығарылады.
«Қазмұнайгаз» мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Қазақстандағы мұнай қорлары жаңа мұнай кен орындарының арқасында «жоғарғы дәрежеге» өсуі мүмкін. Алдын ала бағалаулар бойынша тек Қашағанның көмірсутек қорлары 7 ден 10 млрд тонна шартты отынға дейін жетуі мүмкін. Шамамен қазақстандық мұнайдың 89 пайызы республиканың батысында өндіріледі және шамамен 11 пайызы республиканың оңтүстігінде. Қазақстандағы мұнай және газоконденсатты өндіріп шетелге шығару 35 млн тоннаға жетті, соның ішінде мұнайдың меншікті үлесі 30 млн тонна. 2002 жылы өндіру көлемі өсуін жалғастырды, ал 2003 жылға деген жоспар 50 млн тонна болды. Қазақстанның мұнайының экспортының шамамен 80 пайызы мұнай құбырлары бойынша жүзеге асырылады, 13 пайызы темір жол көліктерімен тасымалдауға тиесілі және тағы 7 пайызы су көліктерімен тасымалданады. Ресейдегі сияқты Қазақстанда мұнай-құбырлы көлік қызметтерінің монополисті болып «Қазмұнайгаз» мемлекеттік компаниясы саналады, ол үш жеке және практикалы түрдегі өзара бір бірімен байланысты емес бөліктерден тұрады: Батыс (орталық қаласы Ақтау), Шығыс (Павлодар) және Солтүстік (Ақтөбе) .
Тіркеуші рольді мұнай тасымалдау пайдасының шамамен 80 пайызын алып келетін Батыс жүйесі атқарады. Ол Республиканың негізгі экспорттық магистралінен тұрады (мұнай тасымалдау бойынша) : Өзен - Құлсары - Атырау - Самара
Мұнай мен газ саласында Қазақстан экономикасының даму бағытында ерекше орын алатын АҚ “Маңғыстаумұнайгаз” болып келеді.
1 ««МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ МҰНАЙ-ГАЗ КЕНОРНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 2 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ туралы мағлұмат
“Маңғыстаумұнайгаз” Бүкілодақтық Халық шаруашылығы Кеңесінің 1963 жылғы 7 қыркүйектегі № 53-12 және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 5 қарашадағы, сондай-ақ Батыс Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесінің 1963 жылғы қараша айының 27 жаңасындағы № 280 Қаулыларымен мемлекеттік кәсіпорын - өндірістік бірлестік ретінде құрылды.
Маңғыстау мұнайы тұрғын халыққа ерте кезден белгілі болып, зерттеушілердің назарын аударып келгенді. Түбекте мұнай бар екендігін XIX ғасырдың отызыншы жылдарында саяхатшы әрі табиғат зерттеушісі Г. С. Карелин жазды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдыңбасында Маңғыстаудағы мұнайлы орындарды әскери топограф Г. Насибъянц тауып, ғалым-геологтар Н. И. Андрусов, М. В. Баярунас және Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы зерттеулер жүргізді.
Бірақ Батыс Қазақстан мен Маңғыстау байлығын барлап, игеру мәселесімен еліміз Ұлы Отан соғысынан кейін шұғылдана бастады. Осы мақсатта 1949 жылы Гурьев (қазір - Атырау) қаласында академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың басшылығымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының көшпелі сессиясы, 1958 жылы мамыр айында Қазақстан кен барлаушыларының республикалық қеңесі, ал 1959 жылы мамырда Гурьевте Батыс Қазақстан аумағында геологиялық барлау жұмыстарын дамыту жөніндегі Бүкілодақтық ғылыми-техникалық конференция өткізіліп, көп ұзамай Маңғыстауда кең көлемді геологиялық жұмыстар жүргізіле бастады. Жетібай-Өзен аймағында сейсмикалық барлаумен қатар жүргізілген қабат құрылымдарын карталауға арналған бұрғылау жұмыстары арқылы жасалған геологиялық түсірімдер көп нәрсені аңғартты. Сөйтіп, кен орындары туралы мәліметтер толығырақ жинақтала түсті.
“Маңғыстаумұнайгаз” ААҚ қазір бастапқы жалпы мұнай қоры 969 миллион тонна (6783 миллион баррель) құрайтын 15 мұнай, газ кен орындарын пайдаланып отыр. “Маңғыстаумұнайгаз” негізгі өндірістік объектілер Қаламқас пен Жетібай кен орындары.
Қаламқас кен орны 1979 жылдан игеріліп келеді. Оның қойнауларында жалпы мұнай қоры 510 миллион тоннадан астам (3570 миллион баррель) 13 өнімді деңгей бар.
Жетібай кен орны осы топтағы бірнеше серіктес кен орындарымен бірге пайдалануда. Олардың қатарында Асар, Шығыс Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Бектұрлы, Оймаша, Бұрмаша, Солтүстік Қарағия, Алатөбе, Атамбай-Сартөбе, Ащыағар, Солтүстік Аққар, Айрантақыр және Придорожное бар.
Өнімді деңгейлердің тереңдігі Қаламқас кен орнында 505-936 метр, Жетібай кен орындарында 1700-2500 метр аралығында.
Барлық негізгі кен орындары тәулігіне 86 мың текшеметрге дейін теңіз, ағынды және альб-сеноман суларын айдай отырып, қабат қысымын арттыру арқылы пайдаланылады.
Кәсіпорынның географиялық қолайлы орналасуы арқасында оның Батыс Қазақстанның өзге аймақтарындағы осындай мұнай-газ өндіру кәсіпорындарымен салыстырғанда кен орындарын жарақтандырып, пайдалануда және шетелге өнім тасымалдауда бірқатар елеулі артықшылықтар бар. Бұның өзі, сайып келгенде, мұнай тасымалдау бағыттарының саналуандығы, Солтүстік Каспий қайраңының болашақ кен орындарынан мұнай мен газды қабылдап, кешенді дайындалудың және экспортқа шығарудың қолайлы мүмкіндігі болып отыр.
1. 2 «Қаламқас» кенорнының жалпы сипаттамасы
Қаламқас мұнай-газ кені - Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында орналасқан мұнай және газ кен орны.
Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 280 км жерде Бозашы жарты аралында орналасқан. Солтүстік Бозашы мұнай бассейніне жатады.
Кен орынның құрылымы 1974 жылы белгілі болды, іздестіру-бұрғылау жұмыстары 1976 жылы басталып, сол жылы кен орны ашылды. Иә, бұл аймақ - Қаламқас аталады. «Топономика жер тілі, ал жер кітап, сол кітапта адамзат тарихы географиялық атауларда сақталынып, жазылып қалған» - деп Константин Паустовский айтқандай, халқымыздың қоныстарын, өмір сүру дәстүрлерін айна қатесіз дәлелдейтін жер-су атаулары өлкемізде жеткілікті-ақ. Соның бір дәлелі - осы Қаламқас Арудың есімінің тарихтың небір қатпар-қатпар парақтарының астында ұмытылып қалмай бізге жетіп, және бізбен бірге халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқаны. Осындайда «Қаламқас кім?» деген заңды сұрақ туады. Ақсақалдарымыз - көне көз қариялар білгенімен, жастарымыз біле бермеуі мүмкін. Бозашы түбегіндегі ежелгі қорымның бірі - Қаламқас қыздың есімімен аталады. Мұнда бай да, бағылан да, батыр да жатқан болуы керек. Бірақ соның бәрінен де бар болғаны жиырмаға жетер - жетпес жас қана өмір сүрген Қаламқас арудың атының озып тұрғаны неліктен? Қаламқас Маңғыстауға алғаш қоныс аударған адай, беріш, таз, т. б. рубасылары - Атағозы, Шотан, Шақан, Қожамбет, Есболай, Ақпандармен бірге келген ұрпақтың өкілі. Бозашы түбегін алғаш жайлағандар Адай руының жары, жеменей, түрікпенадай Тәңірберген, Беріштің қаратоқай тайпалары болса, Қаламқас ару жарының бектеміс бөлімінен. Ол - жаугершілік заманда ат үстінен түспегей, белінен бесқаруын тастамай, ел қорғаны - ер азаматтармен бірге талай қанды жорықтарға қатыса отырып, Отанын басқыншы жаулардан қорғаған батыр қыздарымыздың бірі. Ал бейбіт күнде ауылды азық -түлікпен қамтамасыз етуге белсене араласқан, аңшы-мерген атанған ару . . . Міне, осы мәдени-тарихи ескерткіштер қатарына жататын «Қаламқас әулие» қорымын «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы әкімшілігі өз қамқорлығана алып, басына сәулетті кесене тұрғызу жөніндегі Қаламқас кенорнының бір топ мұнайшыларының ұсынысын жерге тастамай қолдауды ұйғарған-ды. Соның нәтижесінде вахталық қалашықта Қаламқас арудың бес қаруы бойында ақбоз атпен шауып келе жатқан бейнесі тасқа бедерленіп қашалған ескерткіш және Қаламқастың өзі тыныстап жатқан қорымда алып кесене дүниеге келді.
Бозашы түбегінде Каспий теңізінің жағалауына сұғына орналасқан Қаламқас атты мұнай-газ кенорны бар. Ол өзі қарайтын «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының жалпы мұнайының 70 пайызын өндіретін ірі кенорны. Қаламқас кенорны 1979 жылдың 2 наурызында Қаражанбас кенорнымен бірге өз алдына «Комсомолскнефть» мұнай-газ өндіру басқармасы болып құрылды. Ол атау 1992 жылы, яғни тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңінде-ақ «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасына өзгертіліп, кенорнының өз төл атауын иемденді. Кенорны 1980 жылдың 2-ші қарашасында алғашқы миллион тонна мұнайын өндірсе, одан 25 жыл өткен соң 2005 жылдың 6 маусымында 100 миллионыншы тонна «қара алтынын» өндіруге қол жеткізді. Ал бүгінгі күнге дейін 118 миллион тоннадан астам мұнай өндіріліп, ел байлығын еселеп отыр.
Далалық және камеральдық жұмыстар 2012 жылы ақпан айының 7 жұлдызынан басталды.
Зерттеу аймағы - Қаламқас кен орнының батыс бөлігі, Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы.
Геодезиялық бастапқы нүктелері.
Х У Н
Қаратұрын 24160, 13 91038, 45 -18, 354
7240 24316, 28 87813, 14 -17, 285
Бозащы 20569, 55 109378, 02 -13, 210
Мұнай құбырының профилі мен планы, топографиялық түсіру және байлау: Маңғыстау өңірі Қаламқас кенорнындағы батыс-теңіз Қаратұрын және ГУ-69 ЦППН келу, жұмысты жетекшім В. А. Прихенконың басшылығымен геодезисттер тобы жүргізді.
Іздестіру ауданы: Қаламқас кен орнының батыс бөлігі, Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы.
Далалық және камералдық жұмыстар 2012 жылдың қаңтар -ақпан айларында болды.
Объекттің сипаттамасы
Топографиялық түсіріс жүргізілген ауданның рельефі 0 дан 3 метрге дейін айырмашылықты көрсетеді, өңір ұсақ тасты және батпақты (сор) құм болып келеді, кей жерлері жартылай шөлде шөпті өсіндімен жабылған.
Жұмыс өндірісі
Топографиялық -геодезиялық жұмыстардың құрамына кіреді:
- түсірілетін бедердің қолайлы орналасуын анықтау мақсатымен жергілікті жерді рекогносцировкалау;
-мемлекеттік тордағы триангуляциялық пунктергеіздеу жұмыстарын және пландық -биіктік байлау жүрістері кезіндегі кешенді сызықты, бұрыштық және биіктік өлшеулерін жүргізу;
- атқарылатын түсіріс байланған бұрғыланған ұңғыма бойынша масштабы 1:2000 бедермен 0, 5 м сайын қиылысқан, жалпы алғанда 250 га көлемді территорияда жүргізілді;
- 23 дана көлемінде бұрғыланған ұңғымалар байланды және территория планы жасалған далалық құжаттама өңделді. 1:2000 масштабтағы, сол сияқты электрондық түрде
- техникалық есеп беру жасалынды.
Бұрыштық, сызықтық өлшеулер және «Leica» швейцариялық фирма өндірісі TCR-303 электрондық тахеометрімен топографиялық түсіріс жасалған.
Бұрыштық мөлшерін анықтау орташа квадратты дәлдігі ± 3”, ара қашықтық анықтау дәлдігі 2 мм + 2 ppm.
«Leica» швейцариялық фирма өндірісінің NА728 нивелирімен нивелирлік жүрістермен биіктік өлшеулер жүргізілді. Шекті анықтау дәлдігі екі жүріс 1 км-ге ± 1. 5 мм
Пландық және биіктік негізі үшін бастапқы пункттері болып Қаратұрын №7240, Бозащы мемлекеттік геодезиялық торабының полигонометриялық пункттері қолданылды.
Далалық жұмыстардың ақпараттардың камералдық өңделуі Pentium IV дербес компьютерінде жүргізілді, сонымен қатар «CREDO_DIALOGUE» фирмасының «CREDO_DAT» 3. 06 және «CREDO_TER», AutoCAD R16. 01, 2002 бағдарламалардың қолданылуымен өңделінді.
1. 2. 1 Географиялық жағдайы
Бозашы бөлігінің солтүстік еңісінде орналасқан Қаламқас мұнай-газ кен орны 1976 жылы ашылған. Барлау және жобалау ұңғыларын алғашқы бұрғылауды қосқанда, 1979 жылы қыркүйекте пайдалануға еңгізілді.
Әкімшілік қатынаста Қаламқас кен орны Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бозашы түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаламқас кен орнына жақын елді мекен вахталық кент Қаламқас екі шақырым, Шебер кенті 80 шақырым. Тұшы құдық кеншары 102 шақырым, Ақымырау кеншары 125 шақырым қашықтықта (1-сурет) .
Аудан орталығы және Шетпе темір жол станциясы кен орнынан 190 шақырым қашықтықта, облыс орталығы Ақтау қаласы 280 шақырым қашықтықта орналасқан. Қаламқас кен орнынан оңтүстік батысқа 25 шақырымда Қаражанбас және Солтүстік Бозашы кен орны орналасқан, ал солтүстік шығыста игеріліп жатқан Прорва кен орны орналасқан. Өзен-Атырау-Самара мұнай магистралынан алыстығы 165 шақырымды құрайды.
Кен орын аудандағы рельеф 20-25 м белгідегі теңдікті көрсетеді. Ландшафт ауданындағы негіздемесі үшін автокөліктер жүріп өте алмайтын тоған ойпаттары бар көптеген сорлар болып табылады. Кен орнының солтүстік бөлігі қатты жел әсерінен теңіз астында қалып бұрғылау және пайдалануды күрделендіреді.
1-сурет. Маңғыстау өңіріндегі кенорындардың орналасу картасы
1. 2. 2 Геологиялық жағдайы
Кен ортаңғы юра қабатының беті бойынша амплитудасы 100 м-ге жуық ендік бойымен созылған брахиантиклинальдық қатпардан орын алған. Кеннің мұнай сыйыстырушы қимасы триас, юра және бордың терригендік шөгінділерінен құралған, бұлардың ең қалың тұсы 2395 м. Шөгінділерінде 2 газды қабат, неокомда 6, ортаңғы юра шөгінділерінің қабатында 2 газды-мұнайлы, 5 мұнайлы қабат анықталды.
Өнімді қабаттар 505 - 936 м тереңдікте жатыр. Табиғи сыйымдылықтың түрі жөнінен апт иірімдері, неокомның бір қабаты, юраның бес иірімі қабаттық күмбездік, неокомның бес иірімі қабаттық литол. қалқаланған, юраның үш иірімі қабаттық, тектоник. қалқаланған болып қалыптасқан.
Коллекторларының кеуектілігі 23 - 29%-ға, өткізгіштігі 0, 105-тен 1, 468 мкм2-ге жететін құмтастар мен алевролиттерден құралған. Жаппасы қалыңд. 4 - 53 м-ге дейінгі сазды жыныстардан тұрады. Өнімді қабаттардың жалпы қалыңд. 4 - 28 м, тиімді қалыңд. 4, 2 - 10, 3 м-ге дейінгі шаманы құрайды. Мұнайға қаныққандық коэфф. 0, 66 - 0, 72, газға қаныққандығы 0, 32 - 0, 69. Мұнайдың тығызд. 0, 902 - 0, 914 г/см 3 , күкіртті, парафинді, шайырлылығы жоғары, газға қаныққандығы 25 м3/т.
Қаламқас мұнайы ванадий және никельдің өнеркәсіптік шоғырларымен ерекшеленеді. Бастапқы қабаттық қысым 6, 5 - 9, 6 МПа, температура 39 - 44С, 7 мм-лік штуцерде мұнайдың бастапқы шығымдары 26, 4 - 62, 1 м 3 /тәулік болды. Аз мөлшерде азот пен көмір қышқыл газы кездеседі.
Юраның үш қабатындағы газдар жеңіл, ондағы ауыр көмірсутектердің мөлшері 5, 9 - 9, 9%-ға дейін өзгереді. Юраның бір иірімінде еріген газ құрамы жөнінен «құрғақ», құрамындағы метан 94, 5%-ға жетеді. Төменгі бор иірімдерінің еркін газдары құрамы жағынан метаннан тұрады, оларда ауыр көмірсутектер аз кездеседі (0, 85%), азот мүлдем кездеспейді, көмір қышқыл газының мөлшері 0, 31%-дан аспайды.
Бастапқы қабаттық қысым 9, 5 - 8 МПа, температура 30 - 38С. Кен орны 1979 жылдан бері игерілуде. Ш
1. 2. 3 Климаты
Ауданның климаты жазда 30-45°С, қыста -30°С-ға дейін температураның күрт өзгерісімен сипатталады. Негізінен күз-қыс мерзімдерінде атмосфера төмендейді. Сирек кездесетін аз шығымды құдықтар ішетін су көздері болып табылады. Альбсулы қабатынан бұрғыланған ұңғылар сол жақты Каспий теңізі техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылады. Барлық елді мекендер арасындағы байланыс тас жолдар мен авиа көліктер болып табылады.
2 ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
2. 1 Триангуляциялық тордың жіктемесі және бастапқы мәліметтер
Триангуляция мемлекеттік тірек жобалық торы құрылысының негізгі әдісі болып табылады. Мемлекеттік триангуляциялық торды құру геодезиялық жұмыстарды жүргізетін барлық министрліктер мен мемлекеттік басқару орындары үшін міндетті арнайы жағдаймен қатаң қадағаланады. Триангуляциялық тордың басты мақсаты - түрлі масштабты топографиялық түсірістердің негізі болып қызмет етеді, сондай-ақ инженерлік геодезия және мемлекет қорғанысы саласында есептердің барлық дерлік шешімдерінің негізі болып келеді. [8]
Триангуляция әдісінің мәні - жер бетінің қарапайым геометриялық фигураларды құру, яғни, белгілі бір тәртіпте орналасқан теңбағытты пішінге сай келетін үшбұрыштар құру. Үшбұрыштардың барлық бұрыштары өлшенеді, соның арқасында далалық бұрыштық өлшеулердің сенімді бақылауы жүзеге асырылады. Үшбұрыштар желісінің бір жағын өлшеу үшбұрыштар жағының сызықты өлшемдерін анықтау үшін жеткілікті. Жергілікті жердегі триангуляция үшбұрыштардың төбесін жерге орналатылған арнайы центрлер арқылы орнықтырады. Центр үстіне өсі цилиндр өсімен сәйкес келетін цилиндр орнықтырылған пирамидалық мұнара орналастырылады. Осы цилиндр арқылы басқа нүктелерді бақылау кезінде визирлеу жүргізіледі.
Мемлекеттік триангуляциялық тор төрт, яғни 1, 2, 3, 4 кластарға бөлінеді. Алдыңғы класстың тор фигурасы төменгі классты тор дамуына негіз болады. 2. 1. кестесінде тор сипаттамасы көрсетілген.
1
2
3
4
20-дан кем емес
7-20
5-8
2-5
0. 7”
0. 1”
1. 5”
2. 0”
3”
4”
6”
8”
1:400 000
1:300 000
1:200 000
1:200 000
1:100 000
1:100 000
-
-
2. 1 кестесі - тор сипаттамасы
Кен өндіруші көсіпорындар мұқтаждығы үшін (екінші жоспардағы түсіріс, маркшейдрлік жұмыстыр) мемлекеттік тордың пункттеріне негізделетін өзіндік 1 және 2 разрядты триангуляциялық торлар құруға рұқсат етіледі. Пландық тордың жиілену сипаттамасының негізгі мәліметтері 2. 2 кестесінде көрсетілген.
Үшбұрыш қабырғасының ұз. км.
Базис қабырғаларын өлшеудегі ОКҚ
Үшбұрыштағы шекті мәнді қателік
Бұрыш өлшеудегі орта қателік
Үшбұрыштар тізбегіндегі шекті ұз., км.
0. 5-5. 0
1:500 000
20”
5”
5
0. 25-3. 0
1:20 000
40”
10”
3
2. 2 кесте. Пландық тордың жиілену сипаттамасы
I V III
B2 A2 A3 B3
B1 A1 A4 B4
II VI IV
2. 1-сурет. Триангуляция тор жобасының сұлбасы
2. 1. 2 1 және 2 разрядты триангуляция жобасы
Объектте негіздеу планын оннан әрі келесі түсірісті орындау үшін құру қажет. Негіздеу планы 1 және 2 разрядты триангуляциялық тор түрінде құрылады. Координаттары белгілі 4 класс тордың дамуы үшін негізгі пункттер болып табылады.
2. 1. 3 Жұмыс орындаудың алдын ала есептеу дәлдігі
Дәлдікті бағалау дегенді құрылған геодезиялық тордың шындығында алынған қателері мен жобаланудың әр түрлі элементтерінің орташа квадраттық болатын қателерін есептеуді айтады. Әдетте координат берудің дәлдігі қабырғалардың ұзындығы және азимуттары, диагональдарды геометриялық фигуралар қатарынан бойлық және көлденең ығыстыру немесе жүрістің тұйық бағытының қателері арқылы қарастырылады.
- Триангуляциялық тордың қабырға ұзындықтар қателерін есептеу.
Триангуляцияны тұрғызу салыстырмалы қателікті əлсіз жақта формула бойынша есептейміз. Бұл нұсқада ол V-VI қабырғалары болып келеді, және оны S деп белгілейміз.
Тәжірибе мақсатында геометриялық байланыстың қателігі формуласында табуға болатын тордың қабырға ұзындығының қатенің жуықтау мәнін білу жеткілікті. Бұл S соңғы жақ логарифмінің қате жіберуін көрсетеді. [9]
мұнда, R - үшбұрыштардың геометриялық байланысының қателері, оның А және В бұрыштар байланысы арқылы таңдалады, таблицаға салынған мөлшері 1˚-қа дейін дәлдікте білу қажет. Жақтың ұзындығының анықтау геометриялық байланыстың жиынтық орташа квадраттық күтiлетiн қатесiн I-II және III-IV базистiк бағыттардан табамыз.
I-II базистік жаққа қатысты
,
мұнда R I =1; R II =2;
.
III-IV базистік жаққа қатысты
,
мұнда R III =4; R IV =1;
.
S жағының логарифмының қатесi екi анықтаулардың орташасы сияқты анықталады.
- логарифмның алтыншы таңбасы бiрлiктерiндегi өрнектеледi. Нақты сандардың мәндерiне өту үшiн ондық логарифмдердің модулдерін пайдаланады.
Сонда
Жобаланатын тордың сапасы салыстырмалы қателiк мәнi бойынша бағаланады.
V-VI жақтар ұзындығының күтiлетiн қатесi байланыстар көрiнгендей қажеттi жұмыстардың сапасына қанағаттандырады.
- ОКҚ байланыстыратын қабырғаның дирекциондық бұрышының анықтаулары
Байланыстыратын қабырғаның дирекциондық бұрышының анықтаулары орташа квадраттық күтiлетiн қатенi келесі формула бойынша анықтауға болады:
= ,
мұндағы n - бұрыштың берiлулерiндегi қатысатын бұрыштарының саны. Бұл жағдайда бастапқы мәліметтерден дирекциондық бұрыш табылады. Бұдан келесі формула шығады:
,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz