Түгендеу


Түгендеу.
Түгендеу - шаруашылық құралдары мен қаржылық міндеттемелердің нақты барын белгілі бір мерзімге бухгалтерлік есеп міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықтау. Тугендеу жүргізудің нәтижесінде нақты мәліметтердің есеп көрсеткіштеріне сәйкестілігі, сонымен қатар кәсіборын мүліктерінің жетіспеушілігі немесе артықшүылығы анықталуы мүмкін. Сондықтан оның көмегімен материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының сақталуы бақылауға алынады, бухгалтерлік есеп беру мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығы көрсетіледі.
Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазу мүмкіндік бола бермейді. Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кему мөлшеріне сәйкес азайып отырады. Сонымен қатар өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа кәсіборындардан алынған заттарды, сондай-ақ басқа да қолда бр құралдарды, мүліктерді тексеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін. Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіборын өзінің қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы басқа мүліктерін есептегімен (құжаттағымен) салыстырып отырады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің құрамында, шаруашылық құралдары мен олардың нәтижелерінде болатын барлық өзгерістерді уақытында және нақты көрсетуге арналған.
Есеп мәліметтері нақты барлық шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздеріне сәйкес келуі керек. Бірақ тәжірбие жүзінде кей кезде есеп мәліметтері мен нақты бар бар мәліметтердің арасында ауытқулар болып тұрады. Ауытқулар табиғи кемулердің (кеуіп кету, ағып кету, жанып кету), тауарлы-материалдық құндылықтрды тасымалдаудың, біртекті өнімдер сорттарының арласып кетуінің, салмақ өлшегіш аспаптарының қате көрсетуінің, әрекеттерді ресімдеу кезінде болатын арифметикалық жауапты және бөтен тұлғалардың (ұрлық салмағын қате өлшеу, дұрыс санамау) салдарынн болуы мүмкін.
Осы жағдайлар кәсіборын басшысының мерзім сайын материалды жауапты тұлғаның міндетті түрде қатысуымен құндылықтардың нақты бар болуы мен есеп айырысулардың мәліметтерін тексеру қажеттілігін тудырады. Мұндай тексеруді түгендеу деп атайды.
Түгендеу - бұл негізгі құралдар, тауарлық материалдық құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, ақша қаражаттары, есеп айырысуларды есеп мәліметтерімен салыстыратын бухгалтерлік есеп әдісі элементтерінің бірі болып табылады. Бухгалтерлік есеп әдісі элементіне қатысты ол тек бухгалтерлік есептің маңыздылығын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар бухгалтер тәжірбие жүзінде өте қажетті болғандықтан, осы сауалға неғұрлым толығырақ толығырақ тоқталайық.
Түгендеуді меншік нысанына, қызмет ету түріне және жұмыс тәртібіне қарамастан барлық кәсіборындарда жүргізеді. Ол құжаттанудың міндетті қосымшасы болып табылады. Барлық
шаруашылық құбылыстарының толық және дұрыс көрсетілуін түгендеуді құжаттандырудың көмегімен ғана қамтамассыз етуге болады. Шаруашылық құралдарын қамту толықтығына байланысты түгендеу толық және ішінара болып болып бөлінеді.
Толық түгендеуді, ереже бойынша, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жүргізіледі, оның мақсаты кәсіборын балансында барлық активтер мен пассивтердің шынайы бейнеленіп көрсетілуін қамтамассыз етеді. Сонымен бірге толық түгендеу бақылау жүргізуші органдардың талап етуі бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Ішінара түгендеу түгенделетін объектінің тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды, яғни шаруашылық құралдарының қандай да бір түрін ғана, мысалы, негізгі құралдар, кассадағы бар ақшалай қаражат. Түгендеу сипатына байланысты былай бөлінеді:
- Жоспарлы, түгендеу жүргізудің мақсаты мен мүмкіндігіне байланысты алдын ала белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын түгендеу;
- Кездейсоқ, кәсіборын басшысының өкімімен, бақылаушы органдардың тапсырысымен, материалды жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде, табиғат апатынан кейін жүргізілетін түгендеу.
Түгендеуді тексерілетін құндылықтарға жауап беретін жауапты тұлға болып тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді. Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу комиссиясының құрамы әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті дайындайтын есеп саясатында бекітіледі. Бухгалтерлік есеп стандартында әр түрлі шаруашылық құралдары мен міндеттемелерге түгендеу жүргізу тәртібі қарастырылған, енді біз оның жүргізілуінің жалпы тәртібіне тоқталайық.
Түгендеу жүргізудің алдыңда түгендеудің жұмыс комиссиясы өз мүшелеріне жұмыстың басталу мен аяқталу мерзімдері бекітілген бұйрық ұсынады.
Нақты қалдықтарын алуды аяқтаған күнге құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша барлық құжаттарды өңдеу аяқталып, талдау есебінің карточкаларында (кітаптарында) сәйкес жазбалар жүргізіліп, түгендеу күніне қалдықтары шығарылып болуы керек.
Тауарлы материалдық құндылықтардың нақты болуын тексеруді бастамас бұрын түгендеудің жұмыс комиссиясы мыналарды жүзеге асыруға міндетті:
- Жеке кіретін және шығатын жерлері бар құндылықтар сақталған барлық сақту орындарын, қосалқы орындарды пломбалау керек;
- Барлық салмақ өлшегіш аспаптарының дұрыстығын тексеру керек;
- Материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы түгендеу жүргізудің алдында соңғы кіріс және шығыс құжаттарының тізімдері мен есеп берулерді алу керек.
Түгендеу комиссиясының төрағасы «түгендеу жүргізгенге дейін . . . күнге» (күні) деген белгімен тізілімдерге тіркелген барлық кіріс және шығыс құжаттарына бұрыштама қояды. Ол бухгалтерияға есеп мәліметтері бойынша түгендеу жүргізудің алдында құндылықтардың қалдығын анықтау үшін негіздеме болып табылады. Құндылықтарға жауапты тұлғалар түгендеу жүргізудің алдында құндылықтарға барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерияға (орталық бухгалтерияға немесе орталық бухгалтерияның есеп-бақылау тобына) тапсырылды және оған жауапкершілікке жүктелген барлық құндылықтар кірістелді, ал шығарылғандары шығындароға жатқызылды деп түгендеу тізіміне қолхат береді. Осыған ұқсас қолхаттарды құндылықтарды алуға берілген есеп беруге тиісті сомалры және сенімхаттары бар тұлғалардан да алады.
Кездейсоқ түгендеу кезінде барлық тауарлы- материалды құндылықтарды түгендеу комиссиясының алдында түгендеуге, ал қалған жағдайларда алдын ала дайындайды. Олар топтастырылған, сортталған және өздерінің атаулары, сорттары, мөлшері бойынша белгілі бір тәртіппен, олардың санын санауға қолайлы жағдайда болуы керек. Негізгі құралдар, шикізат, дайын өнім, тауарлар, ақшалай қаражат және басқа да құндылықтарды түгендеуді олардың орналасу орындары мен осы құндылықтарды сақтауға алған жауапты тұлғалар бойынша жүргізеді.
Құндылықтардың нақты қалдықтарын тексеру материалдық жауапты тұлғалардың (кассир, қойма, дайындау пунктері меңгерушілері және т. б. ) міндетті түрде қатысуымен жүзеге асырылады. Түгендеу кезінде құндылықтардың болуы қайта санау, қайта салмағын өлшеу, қайта ұзындығын өлшеу жолымен анықталады. Түгенделетін құндылықтар мен объектілердің атауларын, олардың санын есепке алатын номенклатура және өлшем бірліктері бойынша тізімде көрсетеді. Түгендеу тізіміне түгендеудің жұмыс комиссиясының барлық мүшелері мен материалды жауапты тұлға қолдарын қояды. Тізімнің соңында материалдық жауапты тұлға комиссиясының көзінше құндылықтарды түгендеуді растайтын қолхат береді. Материалдық жауапты тұлға ауысқан кезде жүргізілетін түгенде кезінде құндылықтардың нақты болуын тексеру кезінде түгендеу тізімінде құндылықтарды қабылдаған туралы, ал тапсырған тұлға оларды тапсырғаны туралы қол қояды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz