Гетеротрофты микроорганизмдер


КІРІСПЕ
Жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдер биоценоз құрамында айқын және әмбебап орын алады, олардың әрқайсысының орны бөлек және зерттеуді қажет етеді. Соның ішінде гетеротрофты микроорганизмдердің алатын орны ерекше. Олар энергетикалық, газдық (тіршілік ортасының белгілі химиялық газдық құрамын тұрақты ұстау немесе оны өзгерте алу), тотығу- тотықсыздану, концентрациялық, деструкторлық, транспорттық(бұл ағзалардың активті тіршілігі барысында зат пен энергияның ауысуы), орта қалыптастыру қызметтерін атқарады.
Гетеротрофты микроорганизмдерге әр түрлі таксономикалық топтар: бактериялар, актиномицеттер, микроскопиялық саңырауқұлақтар және ашытқылар жатады. Бұл микроорганизмдер табиғатта, соның ішінде топырақта кең таралған және олар топырақтың негізгі құрам бөлігі болып саналады. Топырақ микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып саналуының басты себебі оның кең масштабтағы гетерогенділігінде.
Жұмыстың мақсаты : Қарағанды облысының шөлдің күлгін қоңыр, шөлдің қоңыр, түйіршікті ашық қызғылт, орташа қызғылт топырақтары; карбонатты қара қоңыр қызғылт (Ақмола облысы, Жарқайын районы), карбонатты қара қоңыр қызғылт (Ақмола облысы, Ерейментау районы), қарапайым қара топырақ (Ақмола облысы, Зеренді районы) үлгілеріндегі гетеротрофты микроорганизмдерді зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
1) Қарағанды және Ақмола облысының топырақ үлгілеріндегі бактериялар санына егу және люминицентті микроскопия әдісін қолдана отырып баға беру;
2) Әртүрлі Қазақстан топырағынан бөлініп алынған бактериялардың түрлерін анықтау.
3) Топырақ түріне байланысты зерттелген бактерия топтарының сандық динамикасының ерекшелігін анықтау.
Жұмыстың өзектілігі мен жаңалығы : Микроорганизмдер топырақтың таптырмас гомеостатикалық компоненті болып табылады. Топырақта органикалық заттардың ыдырауы, зат айналым мен энергия алмасулар, тас көмір, мұнай және өзге де пайдалы қазбалардың түзілуі, қалыптасуы, топырақтың азотпен байытылуы, өсімдіктердің сауықтырылуы мен қоректенуі, топырақтың құнарлылығы мен өнімділігі микроорганизмдерге тікелей қатысты. Осы күнге дейін Қазақстан территориясындағы топырақ микрофлорасының сандық және сапалық құрамы анықталмаған. Қазіргі таңға дейін топырақ микробиотасы жайлы жаңа деректердің жоқ болуының басты себебі оларды зерттейтін жоғарғы информативті әдістердің болмауына байланысты. Осы жұмыста біз люминесцентті микроскопия әдісін қолдана отырып, топырақтағы микроорганизмдер санына нәтижелі есеп бере алдық. Микробтық қауымдастықтың таксономиялық құрамын зерттей отырып олардың экологиялық функциясы жөнінде түсінік қалыптастыра аламыз. Алынған деректер Қазақстан аумағының шөлдің күлгін қоңыр, шөлдің қоңыр, түйңршікті ашық қызғылт, карбонатты қара қоңыр қызғылт, қарапайым қара топырақтарындағы микробиологиялық ерекшеліктері жайлы ақпараттық мағлұматтар аясын кеңейтті. осы мағлұматтарды ауылшаруашылық практикасында, сонымен қоса экологиялық мониторинг жасауда қолданса болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Гетеротрофты микроорганизмдердің ерекшеліктері
Барлық микроорганизмдерде метаболизм процесстерi жүзеге асу үшiн қоректік заттар қажет. Қоректендiргiш заттар ретiнде және энергия көзі ретінде микроорганизмдер әр түрлi органикалық және органикалық емес қосылыстарды қолданады. Микроорганизмдерде қоректік заттарды қабылдайтын арнаулы орган болмайды. Сондықтан олар қоректік заттарды барлық денесі арқылы қабылдайды да, олар клеткадағы керексіз заттарды сыртқа бөліп үлгереді. Бұл екі процестің екеуі де өте тез жүреді [1] . Қоректік заттарды қабылдау осмос құбылысына байланысты. Өйткені бактериялар клеткасының қабығы жартылай өткізгіш келеді де белгілі қоректік заттарды қажетті мөлшерде ғана өткізіп тұрады. Микробтар клеткасында болатын заттар ерітіндісі оған белгілі мөлшерде кысым туғызады. Оны осмос қысымы деп атайды. Оның шамасы клеткадағы еріген заттың концентрациясына тығыз байланысты. Егер еріген заттың концентрациясы неғұрлым артық болса, қысым да соғұрлым арта түседі. Клеткада жүретін биохимиялық процестердің нәтижесінде жиналған заттар осмос қысымының әсерінен клеткадан сыртқа бөлініп шығып отырады. Ортада су көп болғанда цитоплазма ісініп, клетка кабығын кереді. Мұны тургор құбылысы деп атайды. Клетка шамадан тыс ісінсе, жарылып кетуі де ықтимал [2] . Қоректік ортаның концентрациясы артқан сайын, мәселен, ас тұзы немесе қант қосылғанда бактерия клеткалары сусызданады. Цитоплазма бастапқы қалыңдығынан анағұрлым кішірейеді де жиырылып клетканың ішіне қарай тартылады, оны плазмолиз деп атайды. Мұнда бактерия клеткасының тіршілігі жойылады. Көптеген тағамдық заттарды сақтау үшін тұрмыста қант пен ас тұзынын, концентрлі ерітінділерін пайдалану осындай ерекшелігіне негізделген.
Төрт органоген қоректену үшін негізгі элементтер болып саналады - оттегі, сутегі, азот, көміртегі. Оттегі мен сутегінің негізгі көзі - су. Органикалық заттар клеткаға тек еріген күйде түсуіне байланысты су маңызды рөл атқарады. Азот пен көміртегі көзі ретінде әр түрлі химиялық қосылыстарды (органикалық және органикалық емес) пайдаланады. Бактериялардың кейбір түрлері қарапайым азотты ауадан, ал көміртегін көмірқышқыл газынан сіңіре алады. Көміртегінің сіңірілу тәсілдеріне қарай микроорганизмдер үлкен екі топқа бөлінеді [3] .
Автотрофтар (гр. autos - өзім, tropha - тамақтану) қарапайым органикалық қосылыстарды қолдана отырып күрделі органикалық қосылыстарды өздігінен ситездей алатындар. Олар үшін көміртегі мен азот көзі ретінде көмірқышқылы мен көміртегінің өзге де органикалық емес қосылыстары, ауаның молекулярлы азоты, аммоний тұздары жатады. Осындай қарапайым заттарды қолдана отырып олар белок, май, көмірсулар, витаминдер мен ферменттерді синтездейді. Автотрофтардың (прототрофтар) ішінде хемосинтездеуші, яғни фотосинтетикалық пигменттері жоқ, энергияны химиялық реакция нәтижесінде алатындар және фотосинтездеуші, хлорофилтәріздес пигменттері бар, энергияны күн сәулесінен алатындары бар.
Автотрофты микроорганизмдерге С. Н. Виноградский ашқан нитрификациялаушы бактериялар, темір бактериялары, күкірт бактериялары жатады. Бұлардың кейбір тобына - мәселен, күкірт бактерияларына жасыл өсімдіктердегідей фотосинтез құбылысы тән [1; 4] .
Гетеротрофтар (гр heteros - өзге, tropha - тамақтану) көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алатын микроорганизмдер жатады. 1933 ж. изотоптық әдіс көмегімен американдық ғалымдар гетеротрофтар СО 2 газын сіңіре отырып көміртегін қорыта алатынын дәлелдеген. Көміртегінің көзі ретінде гетеротрофты микроорганизмдер көбінесе дайын органикалық заттарды көмірсулар, спирттерді және түрлі органикалық қышқылдарды (сүт, сірке, лимон, пропион т. б. қышқылдарды), балауыз, жасуынық және т. б пайдаланады. Бұларға шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін қоздырушылар және ауру туғызушы микробтар жатады. Сонымен қатар олар зат алмасу процесінде түзілетін көмір қышқылын да пайдалана алады, сөйтіп, бұл микроорганизмдердің табиғаттағы өлі қалдықтарды ыдыратудағы рөлі зор [1; 3; 4; ] .
Гетеротрофты микроорганизмдерге: бактериялар, актиномицеттер, микроскопиялық саңырауқұлақтар және ашытқылар жатады.
Актиномицеттер туралы алғашқы деректер неміс микробиологы Ф. Конның 1874 жылғы еңбектерінде кездеседі. 1878 жылы оның Отандасы Ц. Гарц жануарларға патогенді болып келетін микроорганизм, сәулелі орналасқан жіп тәрізді формалы организді сипаттап, «cәулелі саңырауқұлақтар» - Actinomyces деген атау берді. Содан бастап сәулелі саңырауқұлақтар - актиномицеттер атауы осы микроорганизмдерге негізделді. ҚСРО кезінде актиномицеттер кеңес ғалымдары - Н. А. Красильников, Г. Ф. Гаузе, Т. П. Преображенск, А. А. Прокофьева-Бельговамен зерттелген болатын. Олардың еңбектерімен және шәкірттерінің жұмыстарымен актиномицеттер систематикасының, биологиясының, физиологиясының, цитологиясының және биохимияясының іргелі сұрақтарына жауап алынды, антибиотиктер және басқа да биологиялық белсенді заттардың көптеген продуцент -культуралары табылып, анықталды [4; 50; 48] .
Актиномицеттерді зерттеуде американдық ғалым С. Ваксман және оның шәкірті X. Лешевальенің еңбегі зор. Сәулелі саңырауқұлақтың атаулары актиномицеттердің вегетативті құрылым түзу қабілеттілігін көрсетеді. Гифтердің қалыңдығы әр түрде өзгеше және 0, 1-1, 5 мкм, орташа 1 мкм көлемінде болып келеді [5; 48] .
Актиномицеттер Берджи анықтамасы бойынша Firmicutes бөліміне жатады. Олардың көптеген туыстығы мен түрлері аэробтар, сонымен қатар анаэробты, факультативті анаэробты да кездеседі. Қоректік субстратқа талғампаз емес, тығыз қоректік ортада өскен кезде субстратты және ауалы мицелий түзеді, вегетативті жолмен көбейеді. Бактериялар сияқты актиномицеттерді токсономиялау үшін морфологиялық қасиеттерімен қатар, культуралдық қасиеттері, физиологиялық және биохимиялық белгілері (түрлердің әртүрлі көмірсу және азот көздерін пайданануы, антибиотиктерді, пигменттерді түзуі, клетка құрылысының химиялық құрылымының ерекшелігі т. б. ) кең қолданылады. Актиномицеттерде негізгі морфологиялық талаптары - спора тасушы апаратының құрылысы, спорангийлердің, склероцидтердің түзілуі т. б. болып табылады [6] .
Actinomycetales қатары. Мицелий бұтақтанған, жақсы дамыған. Споралары түзу, бүгілген немесе спиральды спора тасушыларда дамиды. Споратасушыларда споралар 1 ден 50 спораға дейін моншақ түзіп орналасқан. Actinomycetaceae тұқымдасы. Бұл тұқымдастың өкілдерінің споратасушылары жақсы жетілген, экзоспоралары моншақ түзіп орналасады. Споратасушылардың көлемдері әртүрлі болып келеді. Колониялар көбінде пигменттелген болып келеді (көк, қызыл сары, қара т. б. ) . Actinomyces туысы өкілі. Actinopycnidium түрлері қарапайым спора тасушылармен қатар ұрықтық денелер пикнид түзеді. Олар дөңгелек немесе сопақ формаға ие және тығыз құрылым түзетін жұмырланған және тығыздалған гифтен тұрады. Пекнидтердің ішінде пикноспоралар түзіледі, олар ұрықтық денелерде орнналасқан вегетативті гифтер ыдырауы (фрагментация) нәтижесінде түзіледі. Пикнидтерден споралар сыртқа шығады және жетілу кезінде жаңа колониялар түзуі мүмкін. Chainia туысының өкілдерінің мицелийлерінде ерекше денешіктер - склероций дамиды. Олар гифтердің тығыз жұмырлануынан түзіледі және ол біртекті ешқандай бөлшектенбеген дене болып табылады. Белгілі жагдайларда склероций мицелиймен өсіп, колония түзеді. Сонымен қатар, Chainia да қалыпты спора түзу де бар. Proactinomyces және Nocardia туысының мицелийлері жас кезінде жақсы жетілген, бірақ жасы үлкен культураларда ол таяқша тәрізді бөліктерге ыдырап кетеді. Шын споралары жок. Актиномицеттердің арасында адамдар мен жануарларда актиномикоз ауруын туғызатын түрлері де кездеседі ( Actinomyces bovis, Nocardia түрлері және т. б. ) .
Micromonosporaceae тұқымдасы. Мицелийлері жетілген. Бұл тұқымдасқа тән белгі - экзоспораларының қысқа спора тасушыларда дамуы. Micromonospora туысының түрлерінде споратасушының ұшында бір ғана спора, Microbispora түрлерінде екі спора, Micropolyspora бірнеше спора болады. Actinobifida туысының спора тасушысы қарапайым емес, дихотомиялы бұтақталған. Әрбір бұтақтың соңында бір спора түзіледі. Promicromonospora туысының жасы үлкен түрлерінде мицелийлері ыдырап кетеді. Осындай мицелийлердің қысқа бөліктерінде бір спорадан түзіледі.
Streptosporangiaceae тұқымдасы. Бұл тұқымдасқа спорангии түзетін түрлерді жатқызады. Streptosporangium туысы түрлерінде спорангийлері спираль түзе айнала орналасқан гифтерден тұрады. Actinosporangium түрлерінде негізгі спорангий жоқ, оның қызметін жиналатын шырыш атқарады, оларда споралар дамиды. Intrasporangium туысының спорангийлері вегетативті гифтердің үрленуінен туындайды. Бұл үрленген жолақтарда эндоспоралар түзіледі. Осындай спора түзу жолы мукор саңырауқұлақтарынада тән. Elytrosporangium туысының спорангийлері моншақ түзіп орналасады, Amorphosporangium түрлерінде әртүрлі формада болып келеді.
Actinoplanales қатары. Бұл қатарға жылжымалы кезеңі бар (спора немесе мицелий бөліктері) актиномицеттер жатады. Мицелийлері жақсы жетілген, субстратты және ауалы бөліктері бар. Споралар көбінде ұрықтық денелерде - спорангияларда түзіледі. Гиф бөліктері мицелийлердің қалыпты ыдырауы нәтижесінде түзіледі және ұрық денешіктерімен байланыспаған. Actinoplanaceae тұқымдасы. Мицелий жақсы жетілген. Спорангийлер ауалы мицелийлердің гифтарында дамиды. Споралары жылжымалы. Бұл тұқымдасқа Actinoplanes туысы (тұқымдас сияқты құрылымды), Ampullariella туысы (спорангийлері алмұрт немесе колба тәрізді), Pilimelia туысы (спорангийлері бөшке тәрізді) және т. б. Kitasatoa туысың түрлерінде шын спорангийлер жоқ, олардың қызметін спораның айналасында дамитын шырыш капсула атқарады.
Dermatophillaceae тұқымдасы. Осы тұқымдастың негізгі ерекшелігі - споралардың бөлшектену нәтижесінде түзілуі болып табылады. Спорангийлар жоқ, споралар шырышта орналасқан, қозғалмалы. Оларға Dermatophilus, Proactinoplanes туыстарын жатқызады.
Planosporaceae тұқымдасы. Мицелийлері жақсы жетілген, спорангийлері жоқ. Шырышты капсуламен қапталған споралар мицелийлердің қысқа өскіндерінде түзіледі. Planomonospora, Planobispora, Sporichthya, Dactylosporangium туыстары өкілдері болып табылады.
Mycobacteriales қатары. Бұл қатарға шын мицелий түзбейтін түрлер жатқызылады. Кейбір өкілдерінде дамудың алғашқы сатыларында мицелий тәріздес бұтақталған өскін дамуы мүмкін, бірақ өсу барысында олар жеке кішкентай қалыпсыз формалы бөлшектерге ыдырап кетеді. Көптеген түрлері тұрақсыз формалы жеке клетка түрінде өмір сүруі мүмкін. Жылжымалы кезеңі жоқ. Грам оң. Топырақта жиі кездеседі. Мұнайдың күрделі көміртектерін тотықсыздандырады. Ауру туғызушы формалары - туберкулез, дифтерия, проказ қоздырушылары болып табылады. Бұл қатарға Mycobacteriaceae тұқымдасы (өкілдері тұрақсыз таяқшалы бұтақ тәрізді болып келеді), Мусососсассае (дөңгелек клеткалары дұрыс емес формалы), Propionibacteriaceae (пропион қышқылды бактериялар), Corynebacteriaceae (коринебактериялар, ауру тудырушы түрлер) [6] .
Актиномицеттер экожүйенің трофикалық тізбегінің біркелкі тобы болып табылады, яғни микроб-редуценттері қызметін атқарады. Олардың өмір сүру өнімдері құрылым түзуші қасиетке ие, сондай-ақ топырақтың қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсыздану жағдайларын анықтайды. Мицелийлі прокариоттардың негізгі қызметі күрделі полимрлерді шіріту, сонымен қатар гумустық қосылыстарды да. Актиномицеттер топырақта биологиялық белсенді заттардың жинақталуын және азоттық тепе-теңдіктің түзілуін қамтамасыз етеді [7] . Актиномицеттердің биогеоценоздың экологиялық жағдайындағы қызметі қазіргі кездегі маңызды мәселе болып табылады, олар экожүйедегі биологиялық ерекшеліктерін бағалауда, сондай-ақ жаңа биологиялық белсенді қосылыстардың скренингінде де ат салысады [8] .
Көпшілік актиномицеттер - сапрофиттер, кең көлемде топырақта, суда, ауада мекен етіп зат айналымына қатысады. Актиномицеттер метаболиттердің белсенді продуценті болып табылады. Олар антибиотикті түзуші бактериялар қатарыа жатқызылады. Молекулрлық биологияның пайда болуымен биотехнология үшін актиномицеттердің маңызы аса зор болды. Ашылған мыңдаған антибиотиктердің ішінен көпшілігі актиномицеттерге тиесілі. Актиномицеттердің ішінен ең маңызды орын иеленетін Streptomyces туысы болып табылады. Streptomyces griseus түрінің өзі елуде астам антибиотиктерді синтездейді. 1960 жылдардың ортасынан бастап, эффективтілігі жоғары атибиотиктерді алу және көптеген патогенді бактерияларға қарсы қолданылуында киындық тууына байланысты, жаңа антибиотиктерді іздеуге кірісті [9] . Эффективтілігін жоғарылату, препараттардың фармакологиялық қасиетін арттыру негізіде көптеген жұмыстар жүргізілді. «Мерк, Шарп и Доум» фирмасының зерттеушілері b-лактамды антибиотиктердің жаңа класы ойлап тапты; Streptomyces cattleya ситездейтін-тиенамициндер. Тиамицидер грам оң және грам теріс бактерилар үші өте эффективті болып табылады және b-лактамазаларды ингибирлеуге қабілетті, бұл өз тарапында бұл препараттардың жұмысы жақсартып, жоғарылатады [10] .
Антибиотиктер 10-30 ген өнімнің бірге әсер етунен туындайды, сондықтан, жекелей спотанды мутацияларды анықтау мүмкін емес. Осыдай жоғары өнімді штамдар Penicillium chrysogenum немесе Streptomyces auerofaclens (пенициллина немесе тетрациклина продуценті) мутасинтез жәе селекция нәтижесінде алынды. Кейбір мутанттар, яғни идиотрофтар антибиотик молекуласының жартысы синтездеуге қабілетті.
Ісікке қарсы микроб тектес заттардың саны шектеулі. Streptomyces verticilliis штамынан бөлініп алынған блеомицин гликопротеид болып табылады, ол өз тарапында ісік клеткаларының ДНҚсын бұзып, ДНҚ мен РНҚ репликасиясын тежейді [10] .
Антибиотиктер саңырауқұлақтар ме актиномицеттермен қатар қалыпты ортада бәсекелесе тіршілік етеді. Адам бұл қосылыстарды инфекциялық және онкологиялық аурулар терапиясы негізінде қолданып отыр. Бұл микробтық орталардағы эволюциялық өзгерістердің өзіндік дүмпуілі болып табылды және тұрақты бактериялар штамы пайда бола бастады. Осы негізінде жаңа антибиотиктерді жасау мәселесі алдыға шықты. Қазіргі таңда инфекциялық жәе хирургиялық аурулардың негізгі болып атибиотиктер табылады. Үлкен жетістігімен қатар, антибиотиктердің адам ағзасына келтіретін кері жақтары да бар: асқаза-ішек жолдары микрофлорасының өзгеруі, бүйрек және бауыр жұмысының төмедеуі, иммундық жүйенің жұмысы баяулауына алып келеді.
Олар сонымен қатар қалдықты биодеградациялауда маңызды рөл атқарады.
Микроскопиялық саңырауқұлақтар - төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, парасексуальды процесстiң болуы) болуында [9; 13] .
Саңырауқұлақтар - бiрклеткалы (микроскопиялық) немесе көпклеткалы, көлемi мен құрылысы жағынан әртүрлi организмдер: гетеротрофтар, аэробтар. Саңырауқұлақтардың әртүрлi кластары, әртүрлi талшықтылар мен амебатәрiздi организмдерден полифелитикалық жолмен пайда болды деген жорамалдар бар [10] . Вегетативтi дене субстраттың iшiнде немесе сыртында дамитын тарамдалған жiпшелер жүйесiнен тұрады және коректiк заттарды осмос арқылы сiңiру үшiн жанасу ауданы үлкен болып келедi. Саңырауқұлақтар вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолмен көбейедi. Вегетативтi көбею мицелий бөлiмдерi немесе арнайы фрагменттер ашытқылар - бiршiктену арқылы жүредi [11] .
Саңырауқұлақтар дүниесi үш бөлiмнен тұрады: нағыз саңырауқұлақтар - эумикота, оомицеттер және миксомицеттер. Қазiргi уақытта саңырауқұлақтардың 120 мын түрi белгiлi және ғалымдар жыл сайын жаңа түрлердi ашып, сипаттауда [9; 12] .
Ашытқы саңырауқұлақтары - бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда он еседей ірі микроорганизмдер. Табиғатта бұлар кең тараған. Жасуша пішіні әр түрлі: дөңгелек сопақша және таяқша тәрізді болады. Ашықты саңырауқұлақтары жасушасының мөлшері 8-10 микронға тең.
Оларда қозғалу органеллалары болмайды. Клетка сыртында қабығы бар. Цитоплазмада ядро, вакуоля және басқа да (май, гликоген, волютин) заттар кездеседі. Ашытқы саңырауқұлақтарын адам баласы қолдан өсіріп, өз шаруашылығында пайдаланады. Ал, табиғатта жабайы ашытқы саңырауқұлақтар да болады. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін зақымдап әдәуір зиянын тигізеді. Ашытқы саңырауқұлақтарының адам баласына пайда келтіретін түрлерін біз мәдени ашытқы саңырауқұлақтар деп атаймыз. Ашытқы саңырауқұлақтар өнеркәсіпте кең қолданылады. Олар қантты ашытып, көмір қышқыл газы мен спирт түзеді. Олардың бұл қасиеті нан өндірісінде және спирт өндіруде, түрлі шараптарды, сыраларды, сүт тағамдарын даярлауда қолданылады. Ашытқы саңырауқұлақтарында белок және витаминдер (В, Д, Е) көп болады, сондықтан оларды қазір тамақ және мал азықтық мақсатта кеңінен қолданалады. Олардың ертеден келе жатқан клафикациясында нағыз және жалған ашытқы деп бөледі [14] . Нағыз ашытқылар бүршіктелу жолымен көбейеді және олар спора түзеді. Ал жалған ашытқылар көбейгенде тек қана бүршіктенді. Спора түзе алмайды. Кейбір зерттеушілер жалған ашытқыларды жетілмеген саңырауқұлақтарға жатқызады.
Бактериялар ( еubacteria , гр. - «таяқша») тіршілік әрекеттеріне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы өте зор. Сапрофитті бактериялардың көпшілігі өсімдіктер мен өлген жануарлардан, саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратып, шірітеді [11; 15] .
Шіріту бактериялары - біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы (санитары) . Себебі олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады. Тау жыныстарын ыдыратып, жартастар мен сусымалы құмдарды құнарлы топыраққа айналдырады. Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды. Топырақтағы қарашірікті минералды заттарға айналдырады, онымен өсімдіктер қоректенеді. Бактериялар топырақты минералды заттармен байытып қана қоймай, топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ неғұрлым құнарлы болса, онда бактериялар да соғұрлым көп болады.
Топырақ бактериялары өсімдіктің өсуі мен дамуына ықпал жасайды. Өсімдіктің тамырында және оның айналасында көптеген бактериялар дамып, өсімдіктің тіршілігіне септігін тигізеді. Кейбір бактериялар ауадағы азотты өзіне сіңіріп, топырақты азотты қосылыстарымен байытады (оған түйнек бактериялары жатады) .
Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте ертеден-ақ, ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, шарап өндірісінде, тері илеу, сүрлем дайындау үшін қолданған [1; 16] .
Гетеретрофты микроорганизмдерді автотрофтар сияқты хемосинтездеуші, энергияны химиялық реакция нәтижесінде алатын және фотосинтездеушілер, энергияны күн көзінен алатындар деп бөледі. Хемосинтездеуші гетератрофтар қолданатын субстратқа байланысты екі үлкен топқа бөлінеді: метатрофтар (хемолитотрофтар) және паратрофтар (хемоорганотрофтар) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz